Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 1184 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 852 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шілдедегi N 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
      10-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасының мына азаматтарына ресiмделедi:
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқандарға;
      шет мемлекеттердiң аумағында орналасқан оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында бiлiм алушыларға;
      шет мемлекеттерде кемiнде бiр жыл мерзiмге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқандарға;
      көрсетілген адамдардың олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне;
      шетелде дипломатиялық қызметтiң персоналымен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломатиялық немесе қызметтiк паспортты алуға құқығы жоқ дипломатиялық қызмет персоналының туысқандарына.";
      11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Ереженiң 10-тармағының үшiншi абзацында көрсетiлген адамдар жоғарыда көрсетiлген құжаттардан бөлек, сондай-ақ олардың тұру; оқу; жұмыс iстеу отбасылық жағдайы фактiсiн; растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.".
      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2006 года № 1184. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 852

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.08.2013 № 852 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года N 1063 "Об утверждении Правил документирования и регистрации населения Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 29, ст. 359) следующее изменение и дополнение:
      в  Правилах документирования и регистрации населения Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      абзац третий пункта 10 изложить в следующей редакции:
      "Паспорт гражданина Республики Казахстан оформляется через загранучреждения Республики Казахстан гражданам Республики Казахстан:
      постоянно проживающим за пределами Республики Казахстан;
      получающим образование по очной форме обучения в учебных заведениях, расположенных на территории иностранных государств;
      работающим в иностранных государствах по трудовому договору, заключенному на срок не менее одного года;
      членам семьи указанных лиц, проживающим вместе с ними;
      родственникам персонала дипломатической службы, проживающим вместе с персоналом дипломатической службы за рубежом, и не имеющим права на получение дипломатического или служебного паспорта в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";
      пункт 11 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Лица, указанные в абзаце третьем пункта 10 настоящих Правил, помимо вышеуказанных документов представляют также копии документов, подтверждающих факт проживания; обучения; работы; семейного положения.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

       Премьер-Министр
    Республики Казахстан