Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың
2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, жаңа бiлiмдердi тиiмдi жасауды, қолдауды және пайдалануды қамтамасыз ететiн бәсекеге қабiлеттi ғылыми-технологиялық жүйенi дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi 2007 - 2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын (І кезең) әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Yкiметiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2007-2012 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Ғылымды дамытудың қазiргi жай-күйiн талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
5.1. Бағдарламаның негiзгi бағыттары
5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiгi
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан
атауы Республикасында ғылымды дамытудың мемлекеттiк
бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы
негiздеме Қазақстан халқына "Қазақстанның әлемдегi
бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң
қатарына кiру стратегиясы" Жолдауын iске
асыру жөнiндегi Жалпы ұлттық iс-шаралар
жоспарының Желiлiк кестесiн орындау
шараларының 40-бабы және Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 31
наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген
2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң бағдарламасы;
2006 жылғы 4 шiлдедегi N 10 Қазақстан
Республикасы Үкiметi отырысы хаттамасының
4.3-тармағы.
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгi
Бағдарламаның Жаңа бiлiмдер алуды, оларды қолдауды және
мақсаты тиiмдiлiкпен пайдалануды қамтамасыз ететiн
бәсекеге қабiлеттi ғылыми-технологиялық
жүйенi дамыту, ғылыми-техникалық қызметтi
инновациялық сипаттағы серпiндi жобаларды
әзiрлеуге және iске асыруға шоғырландыру
Бағдарламаның Ғылымды басқаруды ұйымдастыру мен құрылымын
мiндеттерi жетiлдiру;
ғылыми зерттеулердiң сапасын арттыру;
ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру
және бiлiм мен ғылымның бiрлесуi үшiн
жағдайлар жасау;
Қазақстанның әлемдiк ғылыммен бiрiгуi үшiн
жағдайлар жасау;
ғылымды дамытуға жеке меншiк кәсiпкерлiктiң
қатысуын ынталандыру.
Бағдарламаны iске 2007-2012 жылдар
асыру мерзiмi 1-кезең: 2007-2009 жылдар
2-кезең: 2010-2012 жылдар
Қажеттi ресурстар 2007-2012 жылдары Бағдарламаны iске асыруға
және республикалық бюджет қаражаты жұмсалады.
қаржыландыру Бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржы
көздерi шығыстарының барлығы 43386,1 млн. теңгенi
құрайды, оның iшiнде 1-кезеңге -
24133,7 млн. теңге, 2-кезеңге 19252,4 млн.
теңгенi құрайды.
2007 жылы шығыстар 8268,7 млн. теңге, 2008
жылы - 9447,5 млн. теңге, 2009 жылы -
6417,5 млн. теңгенi құрайды.
Республикалық бюджет қаражаты
есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар
бойынша шығыстар көлемдерi тиiстi қаржылық
жылға арналған республикалық бюджеттік
қалыптастыру кезiнде әр жылсайын
нақтыланатын болады.
Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру
нәтижесiнде: 2007-2009 жылдары:
1) ғылымды басқаруды ұйымдастыру
және құрылымы мынадай жолдармен
жетiлдiрiледi: басым бағдарламаларды
("серпiндi" технологиялар) таңдап алу
тәртiбiн әзiрлеу және iске асыру;
тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердi
(бұдан әрi - ТКӘ) қаржыландыру және
үйлестiру үшiн жағдайлар жасау;
мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама
(бұдан әрi - МҒТС) жүргiзу қағидаттарын
жетiлдiру;
ғылыми-зерттеу және
тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды
(бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржыландырудың
жетiлдiрiлген тетiктерiн қабылдау;
2) ғылыми зерттеулер сапасын арттыру
мынадай жолдармен қамтамасыз етiледi:
ҒЗТКЖ-ны жүргiзу үшiн ғылыми
инфрақұрылым құру және дамыту;
ғылымды дамытуды ақпараттық қамтамасыз етудi
жетiлдiру;
ғылыми зерттеулер сапасының менеджментi жүйесiн жетiлдiру;
3) мынадай жолдармен бiлiм мен ғылымның
бiрiгуi және ғылыми кадрларды даярлау
сапасын жақсарту үшiн жағдайлар жасалады:
тұрақты негiзде шетелдегi жетекшi ғылыми
орталықтарда қазақстандық ғалымдардың
қысқа мерзiмдi тағылымдамадан өтуiн
жүргiзу;
4) Қазақстандық ғылымның әлемдiк ғылыммен
бiрiгуi үшiн мыналарды қамтамасыз ету
жолдары арқылы жағдай жасалады:
отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң дамуын
бағалау жүйесiн жасау және оның қызмет етуi;
ғылыми және ғылыми-техникалық дамуды болжау
әдiстемесi мен практикасын енгiзу;
қазақстандық ғалымдар мен ұйымдардың
халықаралық жобаларды iске асыруға қатысуы;
қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми
форумдарға және аймақтық ғылыми
конференцияларға қатысуы;
Қазақстандағы ғылыми-технологиялық даму
туралы және оның ғылыми-техникалық
жетiстiктерiн насихаттайтын
ақпараттық-талдау мақалаларын халықаралық
басылымдарда жариялау;
5) ғылымды дамытуға жеке меншiк
кәсiпкерлiктiң қатысуын мынадай жолдармен
ынталандыру:
зерттеулер мен әзiрлемелердi мемлекет пен
бизнестiң тең қаржыландыруы шараларын
қабылдау;
олардың негiзгi қызметiмен байланысты
болжамды перспективтiк проблемаларды шешуге
бағытталған арнайы ғылыми-техникалық
бағдарламаларды ұлттық компаниялармен бiрлесе әзiрлеу.
2010-2012 жылдары:
ғылыми орталықтардың жұмыс практикасына
ғылыми-зерттеу қызметiн ұйымдастырудың және
басқарудың халықаралық стандарттары
енгiзiлетiн болады;
алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтар жанында
ашық түрдегi ғылыми зертханалар қызмет ете
бастайды және ғылыми-зерттеу қызметiне
қызмет көрсететiн өндiрiстiк-сервистiк
кешендер құрылатын болады;
зерттеулер мен әзiрлемелер нәтижелерiн
патенттеудi жеңiлдету үшiн жағдайлар
жасалатын болады;
шетелдiк ғылыми тағылымдамаларды
бағдарламалармен қамту қамтамасыз етiлетiн
болады;
қазiргi заманғы және дамыған
ғылыми-инновациялық инфрақұрылым құру
есебiнен, ғылыми жетiстiктермен алмасу үшiн
Қазақстанның тартымдылық дәрежесiн көтеру
көзделедi;
Қазақстан аумағындағы ұлттық компаниялар
зерттеулер мен ғылыми-техникалық
әзiрлемелерге қатысу үлесiн сатып ала
алатындай жағдайлар жасалатын болады.
2. Кiрiспе
2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы" Жолдауын iске асыру жөнiндегi Жалпы ұлттық iс-шаралар жоспарының Желiлiк кестесiн орындау шараларының 40-бабын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бағдарламасын, 2006 жылғы 4 шiлдедегi N 10 Қазақстан Республикасы Үкiметi отырысы хаттамасының 4.3-тармағын iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Бағдарлама ғылыми-техникалық саланың халықаралық алдыңғы қатарлы тұғырларға серпiнуiне мүмкiндiк беретiн жаңа сапалық деңгейге өтуiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар мен қолайлы орта жасауға бағытталған.
3. Ғылымды дамытудың қазiргi жай-күйiн талдау
Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында ұлттық ғылыми жүйелердiң даму деңгейi болып табылатын анықтаушы критерийлердiң бiрi - экономикалық дамуды басқарудың дамыған жүйесiн иемденген Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiруi жөнiндегi стратегиялық мiндет қойылған.
Бұл елдерде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) тартылған ресурстардың ауқымдылығы ғылыми жаңалықтар, өрлеулер мен техникалық жетiстiктер үшiн алдын-ала анықтаушы факторлардың қызметiн атқарады. ҒЗТКЖ-ға тартылған ресурстардың абсолюттiк көрсеткiштерi бойынша әлемнiң жетекшi мемлекеттерi ғылыми бiлiмдердi жеткiзушiлер, ғылыми-техникалық прогресстiң "моторы" болып табылады. Олардың ғылыми жүйелерi - әлемде ең озық, бұл туралы зерделенетiн проблемаларының ауқымдылығы, техникалық жабдықталуы, сондай-ақ ғылымның қоғамдық санадағы мәртебесi куәлiк етедi. Ғылымның жоғары тиiмдiлiгiн жеке меншiк капитал мен мемлекеттiң iргелi зерттеулердi, қолданбалы және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердi мақсатты бағытталған қаржыландыруы қамтамасыз етедi.
Дамыған елдерде соңғы онжылдықтар бойында ғылымды қолдауға IЖӨ-нiң 1-ден 3%-ға дейiн құрайтын белгiлi бiр үлесiн бөледi. Мысалы, 2005 жылы: АҚШ - 2,84; Ұлыбритания - 1,83; Германия - 2,29; Франция - 2,18; Швеция - 3,7; Жапония - 3,06; Оңтүстiк Корея - 2,52. Ресейде бұл көрсеткiш заңды түрде IЖӨ-нің 2,0% деңгейiнде бекiтiлген, ал басқа жақын шет елдерде 1% дейiнгi шекте.
Сонымен қатар, қазiргi уақытта, тiптi озық, жоғары дамыған мемлекеттер барлық ғылыми-техникалық бағыттар бойынша зерттеулердi ұйымдастыруды және жүргiзудi қамтамасыз ете алмайды, олар 5-7 басым ғылыми бағыттарды дамытуға тiрек жасап отыр.
Осылайша, Қазақстанның әлемдiк ғылыми қоғамдастықпен бiрiгу процесi нақты ғылыми-техникалық басымдықтарды айқындау, нәтижелерге, ғылыми кадрларды даярлау, зерттеу жұмыстары мен жарияланымдар сапасын арттыруға, озық ғылыми инфрақұрылым жасауға және қазiргi заманғы зертханалық жабдықтармен үнемi қамтамасыз етуге бағдарланған ғылыми, зерттеу және технологиялық бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру шартында жүруi тиiс.
Бәсекеге барынша қабiлеттi елдердiң (АҚШ, Оңтүстiк Корея, Финляндия) тәжiрибесiн ескере отырып, басым ресурстық қолдауды талап ететiн, мемлекеттiң стратегиялық мүдделерi мен басымдықтарын сақтауды және ғылыми еңбектi әлемдiк бөлудегi өз орнын алуын қамтамасыз ететiн Қазақстан ғылымы дамуының негiзгi бағыттарын айқындау мақсатқа сай болады.
Егер дамыған елдердегi ғылымды қажетсiнетiн салалардың тiзбесiне көңiл бөлсек, республикада бiрнеше жыл бойы осы бағыттардың көп саны бойынша зерттеулер жүргiзiлгенiн және жүргiзiлiп отырғанын, практикалық бағыттылығы мен белгiлi инновациялық әлеуетi бар ғылыми нәтижелер алынғандығын айтуға болады.
Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты iске асырудың негiзгi тетiгi бағдарламалық-мақсатты әдiс негiзiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын республикалық мақсатты, салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар, iргелi және қолданбалы зерттеулер бағдарламалары болып табылады.
Мұнымен бiрге, перспективтi бағыттарды қаржыландыру үшiн бюджеттен тыс қосымша қаражаттарды тарту тетiктерiн әзiрлеу мақсатқа сай болады.
Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру және iске асыру процесiнiң ажырамас бөлiгi және негiзгi құрауыштарының бiрi МҒТС болып табылады. Ғылыми зерттеулердi бағалау сапасы мен объективтiлiгi тек мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы жетiлдiргенде ғана мүмкiн болады. Бұл бiрiншi кезекте, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет объектiлерiн бағалауда МҒТС жүргiзуге отандық, сондай-ақ, шетелдiк, тәуелсiз сарапшылар қатысуы қажет.
Сараптамалық қызметтiң дамуы оның маңызды мемлекеттiк жобаларға қатысты сараптамалық қызметтiң маңыздылығын арттыруға, тиiмдiлiгiн мониторингтеу және бағалау жүйесiн әзiрлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың олардың ведомстволық бағыныстылығына тәуелсiз нәтижелiлiгiне және оларда қаржылық, инновациялық және ғылыми менеджменттiң қазiргi заман үлгiлерiн әзiрлеу және iске асыруға бағытталатын болады.
Сонымен қатар, бүгiнгi күнге дейiн алынған ғылыми нәтижелердi өндiрiске енгiзудiң, ғылымды қажетсiнетiн технологиялар мен өндiрiстер жасаудың тиiмдi жүйесi жасалмаған. Мұның басты себебi "ғылым-өндiрiс" тiкелей байланысының, ғылыми жетiстiктердi экономиканың нақты секторына тапсыру тетiктерi мен инфрақұрылымының жоқтығы. Осыған ғылыми әзiрлемелердiң көбiнiң нарықтық тауар деңгейiне дейiн жеткiзiлмегендiгін, коммерциялық аяқталмағандығын жатқызуға болады.
Соңғы жылдары талдау, зертханалық және компьютерлiк және т.б. қамтамасыз ету саласында институттардың материалдық-техникалық базасының ескiруi анық болып отыр, бұл мәселе отандық ғалымдар мен инженерлердiң бәсекелi, нарықтық кеңiстiкте жұмыс жасауына мүмкiндiк бермей отыр. Ғылыми өнiм сапасының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келмеуi орын алады. Ғылыми ұйымдар мен олардың эксперименттiк базаларының техникалық жабдықталуының қазiргi деңгейi әлемдiк деңгейдегi зерттеулердi орындау мүмкiндiгiн шектейтiнi күмәнсiз.
Оқу орындарындағы эксперименттiк база, оқу-зерттеулiк жабдықтар, аппараттар және аспаптар 20-30 жылға, ал үздiк, ең алдыңғы қатарлы университтер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында - 8-11 жылға физикалық және моральдық ескiрдi. Егер дамыған елдерде ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерде технологиялар бiр-бiрiн әр 6 ай - 2 жыл сайын ауыстырып отыратынын ескерсек, мұндай артта қалуды қайтару мүмкiн болмайды.
Сонымен бiрге, ғылыми жабдықтарға қазiргi уақытта бөлiнетiн қаржы көлемi ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының қажеттерiн толық қанағаттандыра алмайды.
Қазiргi кезде ғылыми әлеуеттi қайта қалпына келтiру үшiн жағдай айтарлықтай қиындады. Жүргiзiлген талдау соңғы онжылдықта отандық ғылыми әлеуеттегi мейлiнше сыни өзгерiстер ғылымның дербестендiрiлген шығармашылық бастамасын алып жүретiн кадрлық құрамда орын алғанына куәлiк етедi.
Ғылыми-техникалық саланың кадрлық әлеуетiн сипаттау үшiн мамандар санын ғылым секторлары бойынша бөлу аса маңызды:
Ғылым сектор (мың адам) |
жылдар |
|||||
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
|
Барлығы |
14,8 |
15,3 |
16,0 |
16,6 |
17,3 |
18,9 |
оның ішінде: академиялық |
6,1 |
2,4 |
1,6 |
0,8 |
1,2 |
0,8 |
жоғары оқу орнында |
4,3 |
6,9 |
7,5 |
6,1 |
3,8 |
4,0 |
салалық |
1,5 |
2,6 |
5,9 |
8,2 |
10,7 |
12,9 |
өнеркәсіптік |
0,4 |
0,3 |
0,5 |
0,3 |
0,4 |
0,3 |
басқалар |
... |
3,2 |
0,5 |
1,1 |
1,2 |
0,9 |
Таблицадан 2000 жылмен салыстырғанда 2005 жылы академиялық секторда ғылыми қызметкерлер санының 8 еседей азайғаны және салалық ғылымда олардың санының 8 еседен астам ұлғайғанын көрiп отырмыз.
Қазақстан ғылымын қаржыландыру мәселесiнде 2000 жылдан бастап бөлiнетiн бюджеттiк қаражат көлемiнiң ұлғаю үрдiсi байқалады. IЖӨ-ге қатысты ғылымға бөлiнетiн шығындардың үлесi 2000 жылы 0,11%-дан (2,8 млрд. теңге) 2006 жылы 0,15%-ғa дейiн (14,18 млрд. теңге) ұлғайды.
Республикалық бюджеттен iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландыру мөлшерiнiң соңғы жылдардың динамикасы кестеде көрсетiлген:
жылдар |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
жалпы, млрд. теңге |
2,8 |
3,8 |
4,5 |
5,3 |
7,9 |
12,4 |
14,2 |
Ғарыш бағдарламасына (2,2 млрд. теңге шамасында) бөлiнген қаражатпен байланысты ғылымды жалпы қаржыландыру көлемiнiң 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы (кесте бойынша) 36% астам ұлғаюына қарамастан салалық министрлiктердiң қолданбалы бағдарламаларын, әсiресе, iргелi зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру деңгейi бұрыңғы дәрежесiнде қалды.
Олардың iшiнде барлық iргелi және қолданбалы зерттеулердi Бiлiм және ғылым министрлiгімен қаржыландыру үлесi 2005 жылы 52,7%, салалық министрлiктермен - 47,3% құрады.
2003-2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясында (бұдан әрi - Стратегия): "IЖӨ-нiң 2010 жылға қарай 2% және 2015 жылы 2,5-3% деңгейiне дейiн ғылымды қаржыландырудың кезеңдiк ауысуын жүзеге асыру" көзделген (7.3.1-тармақ). Ғылымға бөлiнетiн қаржы көлемiнiң жалпы өсуiнде ғылыми-техникалық жұмыстардың негiзгi түрлерi бойынша шығыстарды бөлуде үйлесiмсiздiк сақталып отырғанын атап өтуге болады. Әлемдiк практикада зерттеулер мен әзiрлемелердiң түрлерi бойынша арақатынас әдетте мынадай: iргелi зерттеулер 13-15%, қолданбалы зерттеулер - 25-30 және әзiрлемелер - 55-60%. Қазақстандық ғылымда қаржыландырудың зор үлесi (71%) қолданбалы зерттеулерге жұмсалады, ал тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға 8% ғана бөлiнедi. Iргелi ғылым 15% шамасында қаржыландырылады және бұл жалпы әлемдiк орта деңгейге сәйкес келедi.
Осы деректердi салыстыра отырып, республикада тәжiрибелiк- конструкторлық әзiрлемелердiң (ТКӘ) жеткiлiксiз үлестiк салмағында қолданбалы зерттеулерге бөлiнетiн қомақты шығындармен ҒЗТКЖ-ға бөлiнетiн шығыстардың ертеректе қалыптасқан тиiмсiз құрылымы өзгерiссiз қалып отырғаны туралы қорытынды шығаруға болады.
Отандық ғылымның бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi факторлардың бiрi ғылымның ғылыми-техникалық қызметтiң және экономика салаларының дамуын ақпараттық сүйемелдеу болып табылады.
Ғылыми-техникалық өнiмдi мемлекеттiк тiркеудiң қазiргi заманғы технологиялық жүйесiн, ғылыми-техникалық ақпараттардың үздiксiз ағындарын өңдеу бойынша ақпараттық коммуникациялар инфрақұрылымын және басқаларды пайдалану негiзiнде жоғарыда аталған Стратегияны қамтамасыз ету жоспарында ақпараттық жүйенi жетiлдiру үшiн 2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы (ҰҒТАО) құрылды.
Отандық ғылымның әлемдiк ғылыми кеңiстiкпен бiрiгуiн қамтамасыз ету үшiн бiздiң елiмiздегi ғылыми зерттеулердi ұйымдастырудың және жүргiзудiң халықаралық стандарттарға сәйкес болуы қажет, оларға қол жеткiзу бiрiншi кезекте мынадай факторларға тәуелдi:
ғылыми-техникалық саланы басқарудың тиiмдi жүйесi, стратегиялық маңызды бағыттарды анықтай отырып ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламалардың жиынтығына ауысқан нақты мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат;
қазiргi заманғы ғылыми инфрақұрылымның болуы және оның техникалық жабдықталуы;
бiлiктiлiгi жоғары ғылыми кадрлардың болуы, ғылым мен бiлiмнiң нақты бiрiгуi;
халықаралық ғылыми байланыстардың даму деңгейi.
Осылайша, экономикалық дамуды басқарудың дамыған жүйесiн иемденген әлемнiң бәсекеге барынша қабiлеттi елдерiнiң қатарына Қазақстанның кiруi жөнiндегi стратегиялық мiндеттi iске асыру адекватты ғылыми жүйенi дамыту жөнiндегi нақты жолдар мен шараларды көздейтiн ұзақ мерзiмдi Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеудi және орындауды талап етедi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi мақсаты - жаңа бiлiмдер алуды, оларды қолдауды және тиiмдiлiкпен пайдалануды қамтамасыз ететiн бәсекеге қабiлеттi ғылыми-технологиялық жүйенi дамыту, ғылыми-техникалық қызметтi инновациялық сипаттағы серпiндi жобаларды әзiрлеуге және iске асыруға шоғырландыру.
Көрсетiлген мақсатты iске асыру үшiн мынадай мiндеттердiң орындалуы қажет:
ғылымды басқаруды ұйымдастыру мен құрылымын жетiлдiру;
ғылыми зерттеулердiң сапасын арттыру;
ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру және бiлiм мен ғылымның бiрлесуi үшiн жағдай жасау;
Қазақстанның әлемдiк ғылыммен бiрiгуi үшiн жағдай жасау;
ғылымды дамытуға жеке меншiк кәсiпкерлiктiң қатысуын ынталандыру.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
5.1. Бағдарламаның негiзгi бағыттары
Бағдарламаны iске асыру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
5.1.1. Ғылымды басқаруды ұйымдастыру мен құрылымын жетiлдiру:
а) басым бағдарламаларды ("серпiндi" технологиялар) таңдап алудың әзiрленген тәртiбiн iске асыру:
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - ЖҒТК) Премьер-Министрдің төрағалық етуiмен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн және келесi үш жылға негiзгi бағдар ретiнде ұлттық ғылыми қоғамдастыққа қызмет ететiн елдiң ғылыми-техникалық басымдықтарын реттейтiн болады.
Халықаралық сараптамалық кеңес айқындаған басымдықтар мен ұсынымдар негiзiнде ЖҒТК 10-15-тен артық емес негiзгi ғылыми-технологиялық бағыттарды (сыни технологиялар) белгiлейдi.
Бiлiм және ғылым министрлiгi мен салалық министрлiктер 2007 жылдан бастап осы мейлiнше перспективтi бағыттар (технологиялар) шеңберiнде ғылыми-технологиялық бағдарламалар (ҒТБ) жобаларын әзiрлейтiн және оларды ЖҒТК қарауына енгiзетiн болады. Осы бағдарламалардың жобалары алдын-ала мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптамадан (МҒТС) өтетiн болады;
б) "Ғылым қоры" акционерлiк қоғамы арқылы ТКӘ-нi қаржыландыру және үйлестiру үшiн жағдайлар жасау;
в) МҒТС жүргiзу қағидаттарын жетiлдiру.
МҒТС әлемдiк жетiстiктер деңгейiндегi практикалық нәтижелер алуға бағытталған басым зерттеулердi дамытуға (ұзақ мерзiмдi қаржыландыруды ескере отырып) қолғабыс етуi қажет.
Ғылыми-технологиялық бағдарламаның әрбiр жобасында (3-5 жыл мерзiмге арналған ҒТБ, iргелi зерттеулер 5 жылға дейiн, қолданбалы зерттеулер 3 жылға дейiн) мақсаттары, мiндеттерi, қажеттi қаржыландыру мен күтiлетiн нәтиженi, сондай-ақ олардың жаңашылдығы мен өзектiлiгi ("әлемде алғаш рет") жайында MFTC қорытындысының суреттемесi болуы керек.
Ғылыми-техникалық бағдарлама, нәтижесiнде әрқайсысы жұмыс түрiне байланысты - ғылыми есеп, диссертация, патент, жаңалық ашуды тiркеу туралы куәлiк, конструкторлық-технологиялық құжаттама немесе лицензиялық келiсiм болып табылатын нақты өнiммен аяқталатын жобалардан тұратын болады.
5.1.2. Ғылыми зерттеулер сапасын арттыру мыналарды көздейдi:
а) ҒЗТКЖ жүргiзу үшiн ғылыми инфрақұрылым жасау және жетiлдiру.
Мемлекет басшысының жолдауында Қазақстанда халықаралық қатысумен қазiргі заманғы ғылыми орталықтарды құру және дамыту, жаңа технологияларды игеру процесiн қолдау және кадрлардың қайта бiлiктiлiктендiрiлуiнiң икемдi жүйесiн қалыптастыру жөнiнде нақты мiндет қойылған. Қазақстандық ғылымды дамыту үшiн ғылыми ұйымдар мен мекемелердiң әлеуетiн толық және тиiмдi пайдалану ғалымдардың орталықтардағы жабдықтар мен өзге де ғылыми ресурстарға қол жеткiзу мүмкiндiктерi кеңейтiлгенде ғана мүмкiн болады.
Осы мақсаттарды Бағдарламада ғылыми-технологиялық дамудың әрбiр басым бағыты бойынша бiрқатар ашық түрдегi ұлттық ғылыми зертханалар құру көзделген.
Ұлттық ғылыми зертханаларды құру материалдық-техникалық базаны қайта жабдықтау, олардың қызметiн ұйымдастыру деңгейiн жоғарылату мөлшерi бойынша жасалатын болады. Ол ғылыми және технологиялық дамудың жекелеген бағыттары бойынша динамикалық жылжуына, яғни, жаңа ғылыми және бәсекеге қабiлеттi өнiмдер өндiрiсiн игеру үшiн жағдайлар жасауға бағдарланған ғылыми ұйымдар мен мекемелер жұмыстарының үш жылдық жоспарымен байланыстырылатын болады.
Мынадай мiндеттер ұлттық зертханалар үшiн басымдықтар болуы керек:
ғылыми-технологиялық дамудың мемлекет үшiн басым бағыттарын ғылыми қамтамасыз ету;
ғаламдық нарықта бәсекеге қабiлеттi болатын ғылыми өнiмдер мен "серпiндi" технологиялар әзiрлеу;
зерттеулер мен әзiрлемелер секторын әлемдiк жүйемен бiрiктiрудiң белсендi стратегиясы бойынша ұсыныстар жасау;
б) соңғы әлемдiк ғылыми әзiрлемелерге қол жеткiзу және ғылымды дамытудың әлемдiк үрдiстерiн қадағалау мүмкiндiгi бар ақпараттық ғылыми кеңiстiк құратын ұлттық ғылыми-ақпарат жүйесiн құру жолымен ғылымды дамытуды ақпараттық қамтамасыз етудi жетiлдiру;
в) ғылыми зерттеулер сапасы менеджментi жүйесiн жетiлдiру.
Ғылыми-зерттеу процесiн жүргiзудi анықтауға байланысты халықаралық практикада қолданылатын ғылыми зерттеулердi орындау стандарттары (Good Scientific Practice) ҒЗТКЖ нәтижелерiн бұрмалауға (жалған жасауға); плагиатқа, өзге зерттеушiлердiң жұмысын заңсыз иемденуге жол бермеуге бағытталған.
ҒЗТКЖ жүргiзудегi маңызды элемент - әрбiр ғылыми ұйым немесе жеке зерттеушi тиiстi ғылыми практика стандарттарын және ҒЗТКЖ жүргiзу этикасын қолдауға кепiл болуы тиiс.
Одан басқа, 2009 жылдан бастап ғылыми құрал-жабдықтарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу қызметi менеджментiнiң халықаралық стандарттары (Good Laboratory Practice - тиiстi зертханалық практика) енгiзiлетiн болады.
5.1.3. Ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру және бiлiм мен ғылымның бiрлесуi үшiн жағдайлар жасау мыналарды көздейдi:
Елдiң жетекшi ғылыми ұйымдары мен университеттерi базасында бiлiм беру мен ғылыми зерттеулердiң озық деңгейiн қамтамасыз етуге қабiлеттi, интеграциялық процестермен бiрiктiрiлген, әлемдiк деңгейдегi iргелi зерттеулер жүргiзетiн және жоғары деңгейде коммерцияландырылатын ғылым, технология және техниканы дамытудың басым бағыттары бойынша қолданбалы әзiрлемелер жасайтын бiлiктi кадрлармен iрiктелген ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын (ұлттық зертханалар) жасау көзделуде.
Ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн ынталандыру және тұрақты дамыту мақсатында мынадай шарттардың орындалуы қажет: дарынды жас ғалымдардың шетелдiк жетекшi ғылыми орталықтарында оқуына, тағылымдамадан өтуiне көмектесу;
ғалымдарды шығармашылық және материалдық ынталандыру жүйесi (үздiк ғылыми жұмыстар авторлары үшiн сыйақылар).
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде қазақстандық ғалымдардың шетелде қысқа мерзiмдi тағылымдамадан өтуi ұйымдастырылатын болады.
5.1.4. Қазақстанның әлемдiк ғылыммен бiрiгуi үшiн жағдайлар жасау мыналарды көздейдi:
а) отандық ғылыми-техникалық әлеуеттi дамытуды бағалау жүйесiн жасау және оның қызмет етуi.
Бағалау жүйесiн әзiрлеу қазақстандық ғылымның әлемдiк ғылыммен бiрлесуiнiң маңызды бiр бағыты болып табылады. Бағалау, адами және инфрақұрылымдық ресурстарды қоса алғандағы отандық ғылымды дамыту саласының ағымдағы жай-күйiн, бiлiм беру мен ғылыми-зерттеу мүмкiндiктерiн талдауға бағытталған:
соңғы жылдардағы отандық зерттеу қызметiн сапалық және сандық дамуын зерделеу;
отандық зерттеу қызметi мен ғылыми жүйесiнiң "күштi" және "әлсiз" жақтарын айқындау және талдау;
зерттеулердiң қоғам мен әлеуметтiк дамуға әсер ететiн тетiктерiн зерделеу;
ғылыми-зерттеу бағдарламаларының тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiн бағалау жүйесiн жетiлдiру.
Халықаралық сарапшыларды тарту арқылы ғылыми әлеуеттiң жай-күйiн талдау бойынша бiрлескен зерттеулердi iске асыру алға жылжу бағдарын дәлiрек айқындауға мүмкiндiк бередi.
б) ғылыми және ғылыми-техникалық дамуды болжау.
Әлемдiк практикада "форсайт" деген атау алған ғылыми болжама жөнiнде жоспарланған жұмыс ғылым саласындағы мемлекеттiк саясат бағыттарын әзiрлеу үшiн негiз жасайды. 2008 жылдан бастап форсайттық зерттеулер жүргiзу жүйесi жасалатын болады, олар мыналарға бағытталады:
әлемдiк нарықта елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң жоғары деңгейiн, халықтың өмiр сүру сапасын, жақын 10-20 жыл аралығында күтiлетiн әлемдегi даму жағдайының шарттарында тұрақты экономикалық дамуды мейлiнше жоғары мүмкiндiкпен қамтамасыз ететiн ғылыми-техникалық дамудың ұлттық басымдықтарын айқындау;
Қазақстанда және шетелде ғылыми зерттеулер нәтижелерiнiң қажеттiлiгiн айқындау;
кәсiпкерлiк үшiн ғылыммен өзара қарым-қатынас саласында бағдарлар қалыптастыру;
Қазақстан ғылымының даму тетiктерiн әзiрлеу.
Осыған байланысты, 2007 жылдан бастап форсайттың ұлттық әдiстемесiн қалыптастыру, зерттеулердiң даярлық кезеңдерiн ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажет, бұл 2008 жылы Бағдарламаның екiншi кезеңiнiң негiзгi екпiндерiн айқындауда ғылыми және ғылыми-техникалық даму саласында талдау материалдарын алу, ал 2009 жылы оны пайдалану үшін қажет.
в) ТМД елдерiнiң және алыс шетелдердiң ғылыми мекемелерi және жоғары оқу орындарымен мемлекетаралық бiрiгудi iске асыру, оның iшiнде:
қазақстандық ғылыми жобаларды шетелдiк ғалымдарды, ұйымдарды және халықаралық бағдарламалар мен жобаларды, оның iшiнде шетелдегi қазақ диаспорасы өкiлдерiн тарту арқылы iске асыру.
5.1.5. Ғылымды дамытуға жеке меншiк кәсiпкерлiктiң қатысуын ынталандыру мыналарды көздейдi:
а) бизнестiң зерттеулер мен әзiрлемелердi тең қаржыландыруы шараларын қабылдау.
Бюджеттiк қаражатты бөлу зерттеулер мен әзiрлемелердi мемлекет пен бизнестiң тең қаржыландыруының икемдi тетiктерiмен толықтырылуы қажет. Мемлекет, жеке меншiк бизнес үшiн тәуекелдiгi бар ғылыми жобалардың бастапқы кезеңдерiн қаржыландыруды өзiне алады. Бұл жағдайда жеке меншiк бизнес жобаға қосылады және оны соңына дейiн өз күшiмен жеткiзедi. Мысалы, Ғылым қорының ТКӘ жобаларын iске асыруға бизнес-құрылымдар салымының мөлшерiне тәуелдi Ғылым қоры тарабынан да жобаны қаржыландыру көлемi пропорционалды ұлғаятын болады.
б) олардың негiзгi қызметiне серiктес жүретiн болжамды перспективтi проблемаларды шешуге бағытталған арнайы ғылыми-техникалық бағдарламаларды ұлттық компаниялармен бiрлесе әзiрлеу және қаржыландыру.
Бұл мақсаттар үшiн "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" АҚ, "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ мемлекеттiк даму институттарының мүмкiндiктерiн пайдаланған жөн.
5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiгi
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi тетiктерi мыналар болады.
ЖҒТК алдағы жылдарға ғылыми және инновациялық субъектiлерге негiзгi бағдар ретiнде қызмет ететiн елдiң ғылыми-техникалық басымдықтарын реттейтiн болады.
ЖҒТК жанындағы Халықаралық сараптамалық кеңес ғылымды дамытудың әлемдiк трендтерiне талдау жасауды, елде бар әлеуеттi ескере отырып басымдықтарды айқындауды жүзеге асыратын болады.
Жобаларды орындаушылар нәтижелiлiк, тиiмдiлiк, өзектiлiк, бiлiктiлiк, жабдықтау деңгейi және т.б. критерийлерi бойынша елдегi және шетелдегi ғылыми ұжымдар санынан конкурстық негiзде iрiктеп алынатын болады.
Жоғарыда айтылғандай, 2007 жылдан бастап айқындалған 10-15 мейлiнше перспективтi бағыттар шеңберiнде Бiлiм және ғылым министрлiгi мен салалық министрлiктер ғылыми жобалар арқылы iске асырылатын 10-15 ғылыми-технологиялық бағдарламалар (шеңберлiк бағдарламалар) әзiрлейдi.
Әрбiр ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберiнде 15-20-ғылыми және 15-20 тәжiрибелiк-конструкторлық жобалар қалыптастырылатын болады. Олар бiр мезгiлде, сондай-ақ жүйелi түрде (алғашқы 2-3 жылда ҒЗЖ, кейiннен 1-2 жыл ТКЖ) жүзеге асырыла алады.
Қаржыландыруды жетiлдiру тетiктерi мақсатты бағдарламалар тетiктерiн пайдалану арқылы жобалық қаржыландыруды кеңейтуге, зерттеулердiң басым бағыттары бойынша ұзақ мерзiмдi ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге бағытталатын болады. Бюджет есебiнен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларды конкурстық iрiктеп алу процедурасын жүйелi түрде жетiлдiру қажет.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
2007-2012 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджет қаражаты жұмсалады. Бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржы шығыстарының барлығы 43386,1 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде 1-кезеңге - 24133,7 млн. теңге, 2-кезеңге - 19252,4 млн. теңгенi құрайды.
2007 жылы шығыстар 8268,7 млн. теңге, 2008 жылы - 9447,5 млн. теңге, 2009 жылы - 6417,5 млн. теңгенi құрайды.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша шығыстар көлемдерi тиiстi қаржылық жылға арналған республикалық бюджеттi бекiту кезiнде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуына мүмкiндiк етедi.
Жалпы Бағдарламаны жүзеге асыру екi кезеңде iске асырылады: бiрiншi кезең: 2007-2009 жылдар, екiншi кезең: 2010-2012 жылдар.
Бiрiншi кезеңде Бағдарламаны iске асыру:
Үкiмет басшысының төрағалық етуiмен ғылыми-технологиялық дамудың ұлттық басымдықтарын айқындайтын Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) қызмет етуiн қамтамасыз етуге (2007-2009 жылдар);
ЖҒТК жанындағы Халықаралық сараптамалық кеңестiң қызмет етуiн қамтамасыз етуге (2007 жыл);
басым ғылыми бағыттарды iрiктеп алу критерийлерiн әзiрлеуге (2007 жыл);
басым ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қалыптастыруға және қабылдауға (2007-2008 жылдар);
"Ғылым қоры" АҚ-ның оларды практикалық iске асыру мақсатында жыл сайын тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жобаларын iрiктеп алу және қаржыландыру бойынша конкурстар жүргiзуiне;
объективтi бағалау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн және тұрақты төлемақы негiзiнде шетелдiк жетекшi ғалымдар санынан (ғылыми-техникалық бағдарламалар деңгейiнде) 50%-дан кем емес тәуелсiз сарапшылардың қатысуын көздейтiн МҒТС процедурасын жетiлдiруге;
ҒЗИ мен жоғары оқу орындарында "серпiндi" технологиялар бойынша зерттеулер жүргiзу үшiн материалдық-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды жақсартуға;
басым ғылыми бағыттар бойынша ұжымдық пайдаланылатын 5 ұлттық ғылыми зертханалар (2008 жыл) және жоғары оқу орындары жанынан 15 инженерлiк бейiндегi зертханаларды жабдықтауға (2007-2008 жылдар);
5 ұлттық ғылыми зертханалар мен жоғары оқу орындары жанындағы 15 инженерлiк бейiндегi зертханалардың 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарларын әзiрлеуге;
шетелдiк жетекшi ғылыми орталықтарда қазақстандық ғалымдардың қысқа мерзiмдi тағылымдамадан өтуiн жүзеге асыруға;
халықаралық талаптарға сай келетiн Ғылыми-зерттеу қызметi менеджментiнiң халықаралық стандарттарын енгiзу тұжырымдамасын әзiрлеу және ғылыми-зерттеу қызметi менеджментiнiң отандық стандарттарын қабылдауға;
"Еуразиялық биiк таулы ғарыш сәулелерi орталығы" Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығын құруға;
Ғылым қоры арқылы ТКӘ жобаларын бизнес-құрылымдардың тең қаржыландыруын қамтамасыз етуге;
олардың негiзгi қызметiне серiктес жүретiн болжамды перспективтi проблемаларды шешуге бағытталған арнайы ғылыми-техникалық бағдарламаларды ұлттық компаниялармен бiрлесе әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
Екiншi кезеңде мыналар күтiледi:
ғылыми-зерттеу есептерi халықаралық басқармашылық және ғылыми практикамен сәйкестiкке келтiрiледi;
iске асырылған ғылыми жобаның нәтижелiлiгiнiң негiзгi критерийi, қорытындысында нақты өнiм - монографиялар, патенттер, ғылыми мақалалар, диссертациялар, жаңалық ашуды тiркеу туралы куәлiктер, конструкторлық-технологиялық құжаттама немесе лицензиялық келiсiм, ғылыми зерттеулер бағытына байланысты енгiзiлген әзiрлемелер болуы қажет;
ғылыми ұйымдардың техникалық қайта жарақтануы (жабдықтар және құралдармен жабдықтау) жүзеге асырылатын болады;
ғылыми ұйымдар жұмысының практикасына ғылыми-зерттеу қызметiн ұйымдастыру мен басқарудың халықаралық стандарттары енгiзiлетiн болады;
қазiргi заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылым құру есебiнен, ғылыми жетiстiктермен алмасу үшiн Қазақстанның тартымдылық дәрежесі көтерілетін болады;
Қазақстан аумағындағы ұлттық компаниялар зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзiрлемелердiң 50%-нан кем емес қатысу үлесiн сатып ала алатындай жағдайлар жасалатын болады;
"Ғылым қоры" акционерлiк қоғамы арқылы тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар үлесi мемлекеттiң ғылымға арналған жалпы шығыстарының 25%-на дейiн ұлғаяды.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде, Қазақстандағы ұлттық ғылыми-техникалық кешеннiң күштi жақтарының санатында шешiмдер қабылдаудың, қаржыландырудың, ғылыми-техникалық процестi мониторингтеу және ақпараттық қамтамасыз етудiң, объективтi бағалаудың, зерттеулердiң әлемдiк стандарттарға сәйкестiгiне қол жеткiзудiң, шығармашылық бостандығы мен ғылымның жалпы ұлттық мүдделерге бағыныстылығымен қолайлы үйлесуi үшiн жағдайлар жасаудың жақсы жолға қойылған жүйесi болуы қажет.