Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
2006 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы саяси, әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық немесе өзге де ынтымақтастық барысында онымен алмасу жүзеге асырылатын құпия ақпаратты, сондай-ақ осындай ынтымақтастық процесінде пайда болған құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету ниетін ескере отырып,
Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуде өз мемлекеттерінің өзара мүдделерін ескере отырып,
1993 жылғы 22 қаңтардағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің мемлекетаралық құпияларының сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді іске асырудағы өзара мүдделілікті ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Терминдердің айқындамасы
Осы Келісімде қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
"құпия ақпарат" - Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қорғалатын, осы Келісімде белгіленген тәртіппен берілген, сондай-ақ Тараптардың ынтымақтастығы процесінде қайда болған, оларды заңсыз тарату Тараптардың ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделеріне залал келтіруі мүмкін кез келген нысанда келтірілген мәліметтер;
"құпия ақпаратты жеткізгіштер" - қорғалатын құпия ақпарат нышандар, бейнелер, дабылдар, техникалық шешімдер мен процестер түрінде өз көрінісін табатын материалдық объектілер, соның ішінде физикалық өрістер;
"құпиялылық белгісі" - құпия ақпаратты жеткізгішке қойылатын немесе оған ілеспе құжаттамада көрсетілетін, олардың жеткізгіштегі мәліметтердің құпиялылық дәрежесі туралы куәландыратын деректемелер;
"құпия ақпаратқа рұқсат беру" - жеке адамдардың құпия ақпаратқа қол жеткізу, ал уәкілетті органдардың осындай ақпаратты пайдалана отырып, жұмыстар жүргізу құқығын ресімдеу рәсімі;
"құпия ақпаратқа қол жеткізу" - құпия ақпаратқа рұқсаты бар жеке адамды құпия ақпаратпен таныстыру процесі;
"шарт" - Тараптардың уәкілетті органдарының арасында жасалатын, құпия ақпараттың берілуін немесе пайда болуын көздейтін өнімді жеткізуге немесе бірлескен жұмыстар жүргізуге арналған шарт немесе келісім-шарт;
"уәкілетті орган" - Тараптардың ынтымақтастығы процесінде берілетін және (немесе) пайда болған құпия ақпаратты алуға, сақтауға, қорғауға
және пайдалануға Тараптар уәкілеттік берген мемлекеттік орган немесе ұйым;
"үйлестіруші орган" - Тараптардың осы Келісімді іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру үшін жауапты мемлекеттік органдары.
2-бап
Құпия ақпараттар айқындамасы
Мыналар құпия ақпарат болып табылады:
Қазақстан Республикасында:
жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатында таралуын мемлекет шектейтін мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын, мемлекет қорғайтын мәліметтер.
Құпия ақпаратты рұқсатсыз тарату салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне немесе ел экономикасы саласына келтірілуі мүмкін залалға қарай құпия ақпаратты жеткізгіштер үшін оларға тиісті құпиялылық белгілері белгіленеді:
"аса маңызды" - олардың таралуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне санамаланған салалардың бірінде немесе бірнешеуінде залал келтіруі мүмкін әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру қызметі саласындағы мәліметтерге;
"өте құпия" - олардың таралуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттік органның мүдделеріне немесе мемлекет экономикасы саласына санамаланған салалардың бірінде немесе бірнешеуінде залал келтіруі мүмкін әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру қызметі саласындағы мәліметтерге;
"құпия" - жеке деректер сипатындағы, мемлекеттік құпияның құрамына кіруі мүмкін, олардың жария етілуі немесе жоғалуы әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру қызметі саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерге.
"Аса маңызды" және "өте құпия" деген белгілері бар құпия ақпарат мемлекеттік құпияға, "құпия" деген белгісі барлар қызметтік құпияға жатады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер мемлекеттік құпияларға жатады.
Қырғыз Республикасында:
жеткізгіштердің кез келген түрінде сақталатын және алып жүрілетін, Қырғыз Республикасының қорғаныс қабілеттілігін, қауіпсіздігін, экономикалық және саяси мүдделерін қозғайтын, мемлекет бақылайтын және Қырғыз Республикасы Конституциясының негізінде әрі соны орындау үшін әзірленген арнайы тізбелермен және ережелермен шектелетін, мемлекет қорғайтын ақпарат.
Қырғыз Республикасының мемлекеттік құпиялары мемлекеттік, әскери және қызметтік құпияларға бөлінеді.
Таралуы Қырғыз Республикасының қорғаныс қабілеттілігі, қауіпсіздігі, экономикалық және саяси мүдделері үшін ауыр салдарларға әкеліп соғуы мүмкін ақпарат мемлекеттік құпияға жатады.
Таралуы Қырғыз Республикасының Қарулы Күштеріне және мүдделеріне залал тигізуі мүмкін әскери сипаттағы мәліметтер әскери құпияны құрайды.
Таралуы Қырғыз Республикасының қорғаныс қабілеттілігіне, қауіпсіздігіне, экономикалық және саяси мүдделеріне теріс әсер етуі мүмкін ақпарат қызметтік құпияға жатады. Мұндай ақпарат мемлекеттік немесе әскери құпияға жататын және оларды толықтай ашпайтын жекелеген мәліметтер сипатында болады.
Құпия ақпаратты рұқсатсыз тарату салдарынан Қырғыз Республикасының қорғаныс қабілеттілігіне, қауіпсіздігіне, экономикалық және саяси мүдделеріне тигізілуі мүмкін залалға қарай құпия ақпаратты жеткізгіштер үшін құпиялылықтың мынадай шектеуші белгілері беріледі:
"аса маңызды" - таралуы Қырғыз Республикасының қорғаныс қабілеттілігі, қауіпсіздігі, экономикалық және саяси мүдделері үшін ауыр салдарларға әкеліп соғуы мүмкін мемлекеттік құпия санатындағы ақпарат;
"өте құпия" - таралуы Қырғыз Республикасының қорғаныс қабілеттілігі, қауіпсіздігі, экономикалық және саяси мүдделері үшін ауыр салдарларға әкеліп соғуы мүмкін мемлекеттік құпия санатындағы ақпарат, сондай-ақ таралуы Қырғыз Республикасының Қарулы Күштеріне залал келтіруі мүмкін әскери құпияны құрайтын әскери сипаттағы мәліметтер;
"құпия" - таралуы Қырғыз Республикасының Қарулы Күштеріне және мүдделеріне залал келтіруі мүмкін әскери құпияны құрайтын әскери сипаттағы мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік немесе әскери құпияға жататын жекелеген мәліметтер сипатындағы, бұл ретте оларды толықтай ашпайтын, таралуы Қырғыз Республикасының қорғаныс қабілеттілігіне, қауіпсіздігіне, экономикалық және саяси мүдделеріне теріс әсер етуі мүмкін мемлекеттік құпияны құрайтын ақпарат.
Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес "аса маңызды", "өте құпия" және "құпия" белгілері бар құпия ақпарат мемлекеттік құпияларға жатады.
3-бап
Құпиялылық дәрежелерінің салыстырмалылығы
1. Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес құпиялылық дәрежелері мен оларға сәйкес келетін құпиялылық белгілерді мынадай үлгіде салыстырылатындығын белгілейді:.
Қазақстан Қырғыз
Республикасында Республикасында
"Аса маңызды" "Өзгөчө маанилүү"
"Особой важности" "Особой важности"
"Өте құпия" "Абдан жашыруун"
"Совершенно секретно" "Совершенно секретно"
"Құпия" "Жашыруун"
"Секретно" "Секретно"
4-бап
Құпия ақпаратты қорғау жөніндегі шаралар
1. Тараптар:
1) екінші Тарап берген немесе Тараптардың ынтымақтастығы
процесінде пайда болған құпия ақпаратты қорғауға;
2) берген Тарап қойған құпиялылық белгісін оның жазбаша келісімінсіз өзгертпеуге;
3) құпия ақпараттың осы Келісімнің 3-бабына сәйкес салыстырылатын өзінің құпия ақпаратына қатысты пайдаланылатын дәл сондай қорғау шараларын қолдануға;
4) екінші Тараптың уәкілетті органынан алынған құпия ақпаратты тек оны беру кезінде көзделген мақсаттарда пайдалануға;
5) берген Тараптың алдын ала жазбаша келісімісіз үшінші Тарапқа құпия ақпаратты алуға рұқсат бермеуге міндеттенеді.
2. Құпия ақпаратқа қол жеткізу осы ақпаратпен танысу оны беру кезінде көзделген мақсаттарда қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті адамдарға ғана рұқсат етіледі. Құпия ақпаратқа қол жеткізу тиісті рұқсаты бар адамдарға ғана беріледі.
3. Онда құпия ақпаратпен жұмыс істеу жөніндегі міндеттемелер және оны қорғау жөніндегі шаралар толығымен жазылатын құпия ақпаратты қорғау жөніндегі қосымша талаптар уәкілетті органдар жасасатын келісім-шарттарда көзделуі мүмкін.
1. Тараптардың бірінің үйлестіруші органы екінші Тараптың үйлестіруші органынан екінші Тараптың уәкілетті органында құпия ақпаратқа тиісті рұқсатының, сондай-ақ оны тиісінше қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті мүмкіндігінің бар-жоқтығын жазбаша растауды сұратады.
2. Нақты құпия ақпаратты беру туралы шешімді Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес әрбір жеке жағдайда Тараптар қабылдайды.
3. Бір мемлекеттен екіншісіне құпия ақпаратты беру дипломатиялық арналар бойынша, шифрланған құжаттық байланыс арналары, фельдъегерлік қызмет немесе әскери-курьерлік қызмет бойынша Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Тиісті уәкілетті орган құпия ақпаратты алғандығын растайды.
4. Құпия ақпараттың ірі көлемді жеткізгіштерін беру үшін тиісті уәкілетті органдар осы Келісімге сәйкес әрбір жеке жағдайда тасымалдау тәсілдерін, бағытын және алып жүру нысанын белгілейді.
Тараптардың уәкілетті органдар осындай әр тасымалдау жағдайы туралы тиісті ақпаратпен алмасады.
6-бап
Құпия ақпаратпен жұмыс істеу
1. Берілген құпия ақпарат жеткізгіштеріне оны алуға жауапты
уәкілетті орган осы Келісімнің 3-бабына сәйкес салыстырылатын
құпиялылық белгілерін қосымша қояды.
Құпиялылық белгісін қоюдың міндеттілігі Тараптардың ынтымақтастығы процесінде, аудару, көшіру немесе тираждау нәтижесінде пайда болған құпия ақпаратқа қолданылады.
Берілген құпия ақпарат негізінде пайда болған құпия ақпаратқа берілген құпия ақпараттың құпиялылық белгісінен кем болмайтын құпиялылық белгісі қойылады.
2. Құпия ақпарат өзінің құпия ақпаратына қатысты қолданылатын талаптарға сәйкес есепке алынады және сақталады.
3. Алынған құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесін уәкілетті орган оны берген Тараптың тиісті уәкілетті органының жазбаша рұқсаты бойынша ғана өзгерте немесе алып тастай алады.
Тараптардың бірінің уәкілетті органы осындай хабарламаны алғаннан кейін 30 күн ішінде екінші Тараптың уәкілетті органынан алған құпия ақпараттың жеткізгіштеріндегі құпиялылық белгісін өзгерту жөнінде шаралар қабылдауға міндеттенеді.
Тараптардың ынтымақтастығы процесінде пайда болған құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесі Тараптардың уәкілетті органдарының өзара келісімі бойынша анықталады, өзгертіледі немесе алынып тасталады.
4. Құпия ақпараттың жеткізгіштері оны берген Тараптың уәкілетті органының жазбаша хабарламасы бойынша қайтарылады немесе жойылады.
Құпия ақпаратты және оның жеткізгіштерін көбейту (тираждау) оны берген Тараптың уәкілетті органының жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
Құпия ақпаратты жою құжатталады, ал жою процесі оның кейіннен қайта шығарылмауына кепілдік беруге тиіс.
Уәкілетті органдар жасасатын шарттарға жеке бөлім қосылады, онда:
құпия ақпараттың тізбесі және оның құпиялылық дәрежелері;
құпия ақпаратты қорғау ерекшеліктері;
даулы мәселелерді шешу және құпия ақпаратты рұқсатсыз таратудан болуы мүмкін залалды өтеу тәртібі айқындалады.
1. Тараптардың үйлестіруші органдары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
Қырғыз Республикасында - Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік қызметі.
2. Осы Келісімді іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіруге жауапты мемлекеттік орган өзгерген жағдайда, Тараптар бір-бірін осындай өзгерістер туралы уақтылы хабардар етеді.
1. Үйлестіруші органдар осы Келісімді орындау үшін қажетті құпия ақпаратты қорғау саласындағы өз мемлекеттерінің тиісті нормативтік құқықтық кесімдерімен алмасады.
2. Осы Келісімді орындау кезінде ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың үйлестіруші органдары олардың бірінің өтініші бойынша бірлескен консультациялар өткізеді.
1. Бір Тараптың уәкілетті органдары өкілдерінің екінші Тараптың құпия ақпаратына олардың қол жеткізуін көздейтін сапарлары қабылдайтын Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Мұндай сапарларға рұқсат осы Келісімнің 4-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдарға ғана беріледі.
2. Осындай сапарлардың мүмкіндігі туралы өтінішті жіберетін Тараптың үйлестіруші органы қабылдайтын Тараптың үйлестіруші органына болжалды сапарға дейін 4 (төрт) аптадан кешіктірмей жібереді.
Осындай сапарлардың мүмкіндігі туралы өтініш қабылдайтын Тарап мемлекетінде қабылданған рәсімге сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
уәкілетті орган өкілінің тегі мен аты, туған күні мен жері, азаматтығы және паспортының нөмірі;
уәкілетті орган өкілінің мамандығы мен лауазымы, ол жұмыс істейтін уәкілетті органның атауы;
тиісті құпиялылық дәрежесіндегі құпия ақпаратқа рұқсатының болуы;
сапарға барудың ұсынылып отырған күні және жоспарланып отырған ұзақтығы, оларда болу жоспарланып отырған уәкілетті органдардың атаулары, сапардың мақсаты және талқыланатын мәселелерге қатысты барлық пайдалы нұсқаулар, сондай-ақ танысу болжанатын құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесі;
олармен кездесу болжанатын адамдардың лауазымдары, тектері мен аттары.
3. Бір Тараптың уәкілетті органдарының осы Келісімнің шеңберінде екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген өкілдері қабылдайтын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.
4. Бір Тараптың уәкілетті органдары өкілдерінің екінші Тарап мемлекетінің құпия ақпаратына тікелей қол жеткізуі қабылдайтын Тараптың ұлттық заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
11-бап
Құпия ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге арналған шығыстар
Тараптардың әрқайсысының уәкілетті органдарының осы Келісімнің шеңберінде туындайтын құпия ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды жүргізумен байланысты шаралары дербес жүзеге асырылады және екінші Тараптың уәкілетті органдарының өтеуіне жатпайды.
12-бап
Құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды бұзу және залалды өтеу
1. Құпия ақпараттың рұқсатсыз таралуына әкелген құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптар бұзылған жағдайда аумағында бұзушылық орын алған Тарап мемлекетінің Ұлттық заңнамасына сәйкес тексеру жүргізіледі, ол туралы тиісті Тараптың үйлестіруші немесе уәкілетті органы екінші Тараптың үйлестіруші немесе уәкілетті органына оқиғаның мән-жайы, оның салдары және қабылданған шаралар туралы дереу хабарлайды.
2. Құпия ақпаратты рұқсатсыз таратудан келген ықтимал залалдың мөлшері құпия ақпараты рұқсатсыз таратылған Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты даулар Тараптардың арасында келіссөздер немесе консультациялар жүргізу жолымен шешіледі.
14-бап
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді.
15-бап
Келісімнің күшіне енуі, қолданылу мерзімі және қолданысын тоқтату
1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті
мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы соңғы жазбаша
хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі екінші Тараптың оның күшіне тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады.
3. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда Тараптардың
ынтымақтастығы процесінде берілген немесе пайда болған құпия ақпаратқа қатысты құпиялылық белгісі алынбайынша, осы Келісімнің 4-бабында көзделген оны қорғау жөніндегі шаралар қолданыла береді.
2006 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін