Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 1301 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 681  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда:
      "Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған тауарлар" деген 1-бөлiм мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
      "3-3. Рулi оң жақтан басқарылатын автокөлiк құралдары.
      Ескертпе. Осы тармақ "тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару" және "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" кедендiк режимдерiнде тауарлар мен көлiк құралдарын әкелуге қолданылады".
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бiр ай мерзiмде рулi оң жақтан басқарылатын автокөлiк құралдарын одан әрi пайдалану мәселелерiн реттеуге бағытталған заң жобасын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Индустрия және сауда, Көлiк және коммуникация министрлiктерi 2007 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде автокөлiк құралдарына қауiпсiздiк талаптарын белгiлейтiн техникалық регламенттiң жобасын әзiрлесiн.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі осы қаулының 1-тармағына сәйкес белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасының автокөлiк құралдарын әкелуге шектеулер енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

О дополнительных мерах по обеспечению безопасности дорожного движения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2006 года N 1301. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2011 года № 272

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.03.2011 № 272.

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года  N 681 "Об утверждении запретов на ввоз в Республику Казахстан и вывоз из Республики Казахстан товаров и транспортных средств, перечней товаров, запрещенных к помещению под некоторые таможенные режимы, а также запретов и ограничений на проведение операций с товарами, помещенными под отдельные таможенные режимы" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 29, ст. 284) следующее дополнение:
      в запретах на ввоз в Республику Казахстан и вывоз из Республики Казахстан товаров и транспортных средств, утвержденных указанным постановлением:
      раздел 1 "Товары, запрещенные к ввозу в Республику Казахстан" дополнить пунктом 3-3 следующего содержания:
      "3-3. Автотранспортные средства с правосторонним рулевым управлением.
      Примечание. Настоящий пункт распространяется на ввоз товаров и транспортных средств в таможенных режимах "выпуск товаров для свободного обращения" и "временный ввоз товаров и транспортных средств".

      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан в месячный срок разработать и в установленном порядке внести в Правительство Республики Казахстан законопроект, направленный на урегулирование вопросов дальнейшей эксплуатации автотранспортных средств с правосторонним рулевым управлением.

      3. Министерствам внутренних дел, индустрии и торговли, транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в срок до 1 ноября 2007 года разработать проект технического регламента, устанавливающего требования безопасности к автотранспортным средствам.

      4. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить в установленном порядке Интеграционный комитет Евразийского экономического сообщества о введении Республикой Казахстан ограничений на ввоз автотранспортных средств в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении тридцати календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
        Премьер-Министра
      Республики Казахстан