Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1319 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 6, 49-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      кiрiспеде "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысын" деген сөздер "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  15-бабын " деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн, 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңiнде радиациялық қатер аймақтарында және жеңiлдетiлген әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұратын және тұрған азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) төлеудi қамтамасыз етсiн.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiнде (бұдан әрi - Ереже):

      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Eгep жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдары арнайы комиссиялардың жұмыс органы болып белгiленген жағдайда, зейнеткерлердiң (жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоса алғанда), мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушылардың, жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн азаматтардың iс қағаздарының макеттерiн тiркеу 4-қосымшаға сәйкес Бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алу үшiн азаматтарды тiркеу журналында жүзеге асырылады.
      Азаматтардың өтемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш беруге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде өтемақы тағайындау туралы өтiнiшпен және қажеттi құжаттармен өтiнiш беру үшiн басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.";

      4-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  Заңында  (бұдан әрi - Заң) белгiленген тәртiппен берiлген, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiнiң жеңiлдiктер және өтемақы алу құқығын растайтын куәлiкпен қатар, мыналар тиiстi радиациялық қатер аймақтарында тұру фактiсiн және кезеңiн растайтын құжаттар болып табылуы мүмкiн:";
      6) тармақша алынып тасталсын;

      10-тармақтың екiншi, үшiншi, төртiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтың өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмағандықтан, ол бойынша өтемақыны есептеу жүргiзiлмеген теңгерiмнен тыс арнайы шоты болған кезде арнайы комиссия шешiмде банктегi мұндай шотты жабу қажеттiгi туралы көрсетедi және бұл мәлiметтердi банкке тiзiм бойынша бередi.";

      16-тармақта:
      "Өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларында теңгерiмнен тыс арнайы шотқа есептелген сома ескерiле отырып, төленетiн өтемақы сомасы көрсетiледi." деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Ic қағазының макетiн дайындау барысында теңгерiмнен тыс арнайы шотта есепте тұрған не нақты төленген өтемақы сомасы анықталған жағдайда, өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобасында анықталған өтемақы сомасын қоспағанда, (теңгерiмнен тыс шотта нақты есепте тұрған не төленген) төленетiн сома көрсетiледi, бұл ретте:
      1) төленетiн өтемақының есебi былайша жүргiзiледi:
      аударылған соманың күнi бойынша теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылған өтемақы сомасының есебi не өтемақы төлеу жүргiзiлген айлық есептiк көрсеткiш анықталады;
      теңгерiмнен тыс арнайы шотқа бұрын аударылған не нақты төленген өтемақы сомасы бұрын есептеу жүргiзiлген айлық есептiк көрсеткiш санына ауыстырылады;
      төлеу сәтiнде қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң шамасын негiзге ала отырып есептелген өтемақы сомасы мен оны төлеу (аудару) сәтiнде қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң санына ауыстырылған, нақты аударылған (төленген) өтемақы арасындағы айырма түрiнде есептелген өтемақы төленуге қойылады;
      2) өтемақыны немесе оның бұрын Банкке нақты аударылған бөлiгiн төлеудi Банк тiкелей жүзеге асырады.";

      17-тармақта:
      "радиациялық қатер аймақтары" деген сөздерден кейiн ", жеңiлдетiлген әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталсын және "Заңында" деген сөз "Заңда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Ережеге 4, 5, 7-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн aтқарушы

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң           
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1319 қаулысына     
1-қосымша      

Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан  
зардап шеккен азаматтарды тiркеу,
оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне     
4-қосымша            

Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін азаматтарды тіркеу журналы

Р/с N

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Өтініш берушінің туған жылы

Өтініш берушінің санаты
(жұмыс істейді, жұмыс істемейді, зейнеткер, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы)

Өтініш қабылданған күн

Радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны

Ұсынылған құжаттар тізбесі
(нөмірін, күнін және беруді жүзеге асырған орган)

Іс макетін ұсынған ұйымның, кәсіпорынның және мекеменің атауы

Арнайы комиссияның шешімі

жылдар

аймақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1319 қаулысына      
2-қосымша     

Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан 
зардап шеккен азаматтарды тiркеу,
оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне     
5-қосымша           

_____________________________ ауданы (қаласы) әкiмiнiң жанындағы
___________________ арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының
азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешiмi
 
N ____хаттамаға, күнi _______________
Азамат ____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы
          алушы / жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)

      1. Азамат ________________
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында
тұрған кезең үшiн Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi деп саналсын.

      2. Өтiнiш берушiнiң өтемақы төлемдерi туралы деректерiн "Қазақстан Халық Банкi" АҚ-ның (бұдан әрi - Банк), "Қазпочта" АҚ-ның деректерiмен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар анықталды:
      Азамат: ____________________________________________________
      1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңге өтемақы төлеу жүргiзiлген жоқ/жүргiзiлген (қажеттiсiнiң асты сызылсын);
_______(күнi көрсетілсiн)_______ теңге___ тиын сомасында жүргiзiлдi.
 
      2) теңгерiмнен тыс арнайы шотқа (шоттың күнiмен N көрсетiлсiн) жалпы сомасы _______теңге______ тиын нақты аударылды.

      3) _______________________ теңгерiмнен тыс арнайы шот ашылды.
      (шоттың N мен түрi көрсетiлсiн)

Банктiң деректерiне сәйкес, ол бойынша қаржыландыру жүргiзiлмеген,
өйткенi өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмаған. 

      3. Банкпен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар қажет деп санаймыз:
      1) 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезеңде қаражатты қаржыландыру жүргiзiлмеген және теңгерiмнен тыс арнайы шотында көрсетiлген өтемақы сомасы бюджет қаражатымен расталмаған 
_______ (күнi көрсетiлсiн) ашылған N______ теңгерiмнен тыс арнайы
шот жабылсын.
      2) Банк N________ теңгерiмнен тыс арнайы шотқа _________(күнi
көрсетiлсiн) бұрын нақты аударылған өтемақы төлеудi жүзеге асырсын.

      4. Азамат _________________ Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi ретiнде тiркеуден бас
тартылсын.

      5. Қабылданған шешім туралы өтініш беруші хабардар етілсін.

      Комиссияның төрағасы _________________
      Комиссияның мүшелері _________________
      Мөрдің орны 

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1319 қаулысына     
3-қосымша       

Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан  
зардап шеккен азаматтарды тiркеу, 
оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне      
7-қосымша           

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм
200 ж. "____"_______ N ______

ҚР Еңбекминiнiң _____________ облысы бойынша департаментi,
өтемақы алушының іс-қағаз N _______

Азамат ____________________________________________________________
  (тегi, аты, әкесiнiң аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы
          алушы / жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)

Жынысы _______ Туған күнi 19___жылғы "______"____________

      1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының 1992 ж. 18.12. Заңының  12-бабына  сәйкес:
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған
кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19 __ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған
кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____ АЕК-де) 
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19__ ж. дейiн тұрған
кезең үшін _________ теңге сомасында (______ АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19___ ж. дейiн тұрған
кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____ АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн__________ теңге сомасында (_____ АЕК-де) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) тағайындалсын.

      Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (АЕК-де)

      2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылғаны)
      жылы ___________ теңге (АЕК-де________)
      жылы ___________ теңге (АЕК-де _______)

      3. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақы алынып тасталсын).
__________________________________________________________________
                     (сомасы жазумен, теңге)

      жылы ____________ теңге (АЕК-де_________)

      4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                       (бac тарту негiздемесi)

Тексерiлдi және бекiтiлдi:

M.O. Департамент директоры    ____________      ______________
                                 (қолы)              (тегi)
Зейнетақы және жәрдемақы
тағайындау жөнiндегi бөлiмнiң
бастығы                       ____________      ______________
                               (қолы)                (тегi)

Тағайындау жөнiндегi маман    ____________      ______________
                                 (қолы)             (тегi)

Шешiм жобасы дайындалды:

М.О. ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы  ___________     ______________
                                  (қолы)            (тегi)

ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы        ____________    ______________
                                  (қолы)            (тегi)

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2006 года N 110

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2006 года N 1319

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2006 года N 110 "О некоторых вопросах выплаты единовременной государственной денежной компенсации гражданам, пострадавшим вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 6, ст. 49) следующие изменения и дополнения:
      в преамбуле слова "постановления Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года  N 1228  "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2006 год" заменить словами " статьи 15  Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2006 года "О республиканском бюджете на 2007 год";
      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "2) работающим и неработающим гражданам, проживающим и проживавшим с 1949 по 1990 годы в зонах радиационного риска и на территории с льготным социально-экономическим статусом.";
      в Правилах регистрации граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне, выплаты им единовременной государственной денежной компенсации, утвержденных указанным постановлением (далее - Правила):
      пункт 3 дополнить абзацами следующего содержания:
      "В случае, если рабочим органом специальных комиссий определены органы занятости и социальных программ, регистрация макетов дел пенсионеров (включая работающих пенсионеров), получателей государственных социальных пособий, работающих и неработающих граждан осуществляется в журнале регистрации граждан для получения единовременной государственной денежной компенсации согласно приложению 4.
      В случае невозможности личного обращения граждан о назначении компенсации, они вправе уполномочить других лиц на обращение с заявлением и необходимыми документами о назначении компенсации на основании доверенности, выданной в установленном порядке.";
      в пункте 4:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "4. Документами, подтверждающими факт и период проживания в соответствующих зонах радиационного риска, наряду с удостоверением, подтверждающим право на льготы и компенсации пострадавшего (ей) вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне, выданным в порядке, установленном  Законом  Республики Казахстан от 18 декабря 1992 года "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне" (далее - Закон), могут являться:";
      подпункт 6) исключить;
      абзацы второй, третий, четвертый пункта 10 изложить в следующей редакции:
      "При наличии у гражданина внебалансового специального счета, по которому зачисление компенсации не производилось, так как суммы компенсации не были подтверждены бюджетными средствами, специальная комиссия в решении указывает о необходимости закрытия такого счета в банке и передает эти сведения банку по списку.";
      в пункте 15 слово "от" заменить словом "вследствие";
      в пункте 16:
      слова "В проектах решений о назначении компенсации указывается сумма компенсации к выплате с учетом зачисленной суммы на внебалансовый специальный счет." исключить;
      дополнить абзацами следующего содержания:
      "В случае выявления в ходе подготовки макета дела суммы компенсации, числящейся на внебалансовом специальном счете, либо фактически выплаченной, в проекте решений о назначении компенсации указывается сумма к выплате, за исключением выявленной суммы компенсации (фактически числящейся на внебалансовом счете либо выплаченной), при этом:
      1) расчет компенсации к выплате производится:
      по дате перечисленной суммы определяется месячный расчетный показатель, из которого произведен расчет перечисленной суммы компенсации на внебалансовый специальный счет, либо выплата компенсации;
      сумма ранее перечисленной на внебалансовый специальный счет, либо фактически выплаченной компенсации переводится в количество месячных расчетных показателей, из которых ранее был произведен расчет;
      к выплате выставляется компенсация, рассчитанная в виде разницы между суммой компенсации, рассчитанной исходя из величины месячного расчетного показателя, действующего на момент выплаты, и фактически перечисленной (выплаченной) компенсации, переведенной в количество месячных расчетных показателей, действовавших на момент ее выплаты (перечисления);
      2) выплата компенсации или ее части, ранее фактически перечисленной Банку, осуществляется непосредственно Банком.";
      в пункте 17:
      после слов "радиационного риска," дополнить словами "территории с льготным социально-экономическим статусом,";
      слова "Республики Казахстан "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне" исключить;
      приложения 4, 5, 7 к Правилам изложить в новой редакции согласно приложениям 1, 2, 3 к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2007 года и подлежит официальному опубликованию.

       Исполняющий обязанности
        Премьер-Министра
      Республики Казахстан

Приложение 1                    
к постановлению Правительства   
Республики Казахстан            
от 29 декабря 2006 года N 1319  

Приложение 4                    
к Правилам регистрации граждан, 
пострадавших вследствие ядерных 
испытаний на Семипалатинском    
испытательном ядерном полигоне, 
выплаты им единовременной       
государственной денежной        
компенсации                     

Журнал
регистрации граждан для получения единовременной государственной
денежной компенсации

N
п/п

Ф.И.0
заяви-
теля

Год
рож-
дения
заяви-
теля

Кате-
гория
заяви-
теля
(рабо-
тающий,
нерабо-
тающий,
пенсио-
нер,
получа-
тель
госу-
дарст-
венного
социа-
льного
посо-
бия)

Дата
приня-
тия
заяв-
ления

Проживание в
зонах радиа-
ционного
риска

Пере-
чень
пред-
став-
ленных
доку-
ментов

указа-
нием
номе-
ра,
даты и
орга-
на,
осуще-
ствив-
шего
выда-
чу)

Наиме-
нова-
ние
орга-
низа-
ции,
пред-
прия-
тия и
учреж-
дения,
пред-
ста-
вивше-
го
макет
дела

Реше-
ние
спец-
иаль-
ной
комис-
сии

годы

зоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Приложение 2                  
к постановлению Правительства 
Республики Казахстан          
от 29 декабря 2006 года N 1319

Приложение 5                  
к Правилам регистрации        
граждан, пострадавших         
вследствие ядерных            
испытаний на Семипалатинском  
испытательном ядерном         
полигоне, выплаты им          
единовременной государственной
денежной компенсации          

      Решение специальной комиссии_______________  _________________
при акиме района (города) __________________________________________
о признании (отказе в признании) граждан Республики Казахстан
пострадавшими вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном
ядерном полигоне к протоколу N ___, дата _______
Гр. _________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество, категория (пенсионер, получатель госсоцпособия/
работающий, неработающий))
      1. (Считать гр. ____ пострадавшим(ей) вследствие ядерных испытаний
на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне за период проживания
с _____________ по _____________ в зоне _____________________________
радиационного риска;
с _____________ по _____________ в зоне _____________________________
радиационного риска;
с _____________ по _____________ в зоне _____________________________
радиационного риска.
      2. По итогам сверки данных заявителя о выплате компенсации
с данными АО "Народный Банк Казахстана" (далее - Банк), АО "Казпочта"
выявлено:
      Гр.: __________________________________________________________:
      1) за период с 1993 года по настоящее время выплата компенсации
не производилась/производилась (нужное подчеркнуть);
      Произведена (указать дату) ______ в сумме________тенге_____тиын.
      2) фактически перечислена на внебалансовый специальный счет
(указать дату и N счета) ____ ______________ в общей сумме___________
тенге____тиын.
      3) открыт внебалансовый счет___________________________________
                                   (указать N и вид счета_____)
по которому, согласно данным Банка финансирование не производилось,
так как суммы компенсации не были подтверждены бюджетными средствами.
      3. По итогам сверки с Банком считаем необходимым:
      1) внебалансовый специальный счет N___, открытый (указать дату)____,
по которому финансирование средств за период с 1993 года до момента
выплаты не производилось, и сумма компенсации, отраженная на внебалансовом
специальном счете, не подтверждена бюджетными средствами, закрыть.
      2) Банку осуществить выплату компенсации, ранее фактически
перечисленной ___________ (указать дату) на внебалансовый специальный
счет N __________________;
      4. Отказать гр. ____________________ в регистрации как пострадавшего
вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном
полигоне.
      5. О принятом решении уведомить заявителя.

      Председатель комиссии: ___________________
      Члены комиссии: __________________________
      Место печати

Приложение 3                  
к постановлению Правительства 
Республики Казахстан          
от 29 декабря 2006 года N 1319

Приложение 7                  
к Правилам регистрации        
граждан, пострадавших         
вследствие ядерных            
испытаний на Семипалатинском  
испытательном ядерном         
полигоне, выплаты им          
единовременной государственной
денежной компенсации          

Решение о назначении единовременной государственной
денежной компенсации гражданам, пострадавшим вследствие ядерных испытаний на
Семипалатинском испытательном ядерном полигоне
N _____от ___ ______________ 200___г.

      Департамента МТСЗН РК по ______ области, N ______ дела получателя
компенсации

Гр. ____________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество, категория (пенсионер, получатель госсоцпособия/
работающий, неработающий))
Пол ______________                Дата рождения "___" ____________19__г.

      1. Назначить единовременную государственную денежную компенсацию
(далее компенсацию) в соответствии со  ст. 12  Закона РК от 18.12.1992 г.
"О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний
на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне" за время проживания:

В сумме ____________ тенге (в МРП__________) за период проживания в зоне
_______радиационного риска с _______ 19__по___________19____
В сумме ____________ тенге (в МРП__________) за период проживания в зоне
_______радиационного риска с _______ 19__по___________19____
В сумме ____________ тенге (в МРП__________) за период проживания в зоне
_______радиационного риска с _______ 19__по___________19____
В сумме ____________ тенге (в МРП__________) за период проживания в зоне
_______радиационного риска с _______ 19__по___________19____
В сумме ____________ тенге (в МРП__________) за период проживания в зоне
_______радиационного риска с _______ 19__по___________19____

Итого назначенная сумма компенсации__________тенге _____________ (в МРП)
      2. Выплаченная сумма компенсации (в т.ч. фактически перечисленная
на внебалансовый специальный счет)

_______________тенге (в МРП_______) в     году
_______________тенге (в МРП_______) в     году
      3. Оставшаяся сумма компенсации к выплате (за минусом выплаченной
(фактически перечисленной на внебалансовый специальный счет) компенсации)
________________________________________________________________________
                           (сумма прописью, тенге)
(в МРП_______) в году
      4. Отказать в назначении компенсации
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
                            (основание отказа)
Проверено и утверждено:

М.П. Директор департамента         ______________ ________________
                                     (подпись)       (фамилия)
Начальник отдела по                ______________ ________________
назначению пенсий и пособий          (подпись)       (фамилия)
Специалист по назначению           ______________ ________________
                                     (подпись)       (фамилия)

Проект решения подготовлен:

М.Ш. Начальник отделения ГЦВП      ______________ ________________
                                     (подпись)       (фамилия)
Специалист отделения ГЦВП          ______________ ________________
                                     (подпись)       (фамилия)