"Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi мүлiктiк кешен ретiнде Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және Алматы қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мекеменi қабылдап алу-беру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.2) күші жойылды – ҚР Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 2008.04.15 N 339; 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.
4. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің | |
міндетін атқарушы |