Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Финляндия Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Финляндия Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2007 жылғы 5 қаңтардағы
N 3 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Финляндия
Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды
көтермелеу және өзара қорғау туралы
келiсiм
Бұдан әрi "Tapaптap" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Финляндия Республикасының Yкiметi,
кемсiтпеушiлiк негiзде бiр Тарап инвесторларының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы инвестицияларын қорғау қажеттiлiгiн тани отырып;
екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы бiр Тарап азаматтары мен компанияларының инвестицияларына байланысты өзара бұдан арғы экономикалық ынтымақтастықты көтермелеуге ниет бiлдiре отырып;
осындай инвестицияларға берілетiн режим туралы келiсiм Тараптардың жеке капиталының ағынын және экономикалық дамуын ынталандыратынын тани отырып;
инвестициялар үшiн тұрақты негiз экономикалық ресурстарды барынша тиiмдi пайдалануға және өмiр сүру деңгейiн арттыруға жәрдемдесетiнiне келiсе отырып;
экономикалық және iскерлiк байланыстарды дамыту халықаралық танылған еңбек құқықтарын құрметтеуге ықпал ететiндiгiн тани отырып;
бұл мақсаттарға денсаулықты, қауiпсiздiктi және қоршаған ортаны қорғауды әлсiрететiн жалпы қолдану шараларынсыз қол жеткiзу мүмкiн еместiгiмен келiсе отырып;
инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келiсiмдi жасауды шеше отырып;
мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Айқындамалар
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
1. "Инвестициялар" терминi екiншi Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес бiр Тараптың инвесторы екiншi Тараптың аумағында iскерлiк және кәсiпкерлiк қызметiне байланысты құрылған немесе алынған кез келген мүлiктi бiлдiредi, атап айтқанда, бiрақ айрықша емес мыналарды:
(а) жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi немесе салу, ұстап қалу құқығы, кепiлге беру, жалдау сияқты кез келген мүлiктiк құқықтарды;
(b) қайта инвестицияланған кiрiстердi;
(с) компанияның үлестерi, акциялары, борыштық мiндеттемелерi немесе компаниялардағы кез келген басқа да қатысу нысандарын;
(d) ақша талаптарын немесе экономикалық құндылығы бар кез келген орындалу талаптарын;
(е) патент, авторлық құқықтар, сауда маркалары, өнеркәсiптiк үлгiлер, iскерлiк атаулар, географиялық нұсқамалар, техникалық процестер, ноу-xaу және гуд-вилл сияқты зияткерлiк меншiк құқығын;
(f) табиғи ресурстарды iздеуге, дамытуға, алуға және әзiрлеуге арналған концессияны қоса алғанда, заңға сәйкес немесе әкiмшiлiк актiге немесе шарттарға сай құзыреттi органдар берген концессияларды қамтуы мүмкiн.
Екiншi Тараптың инвесторларына нақты тиесiлi немесе олар тiкелей немесе жанама бақылайтын сол Тарап заңды тұлғасының бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында жүзеге асырған инвестициялары, егер олар алдыңғы Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылса, соңғы Тарап инвесторларының инвестициялары ретiнде де қаралуы тиiс.
Мүлiк инвестицияланған немесе қайта инвестицияланған нысанындағы кез келген одан кейiнгi өзгерiс инвестициялар ретiндегi олардың бiлiктiлiгiне әсер етпеуi тиiс.
2. "Кiрiстер" терминi атап айтқанда, бiрақ айрықша емес пайданы, дивидендтердi, пайызды, роялтидi, капиталдан түскен кiрiстi немесе инвестициямен байланысты кез келген нысандағы заттай төлемдердi қоса алғанда, инвестициялардан алынған соманы бiлдiредi.
3. "Инвестор" терминi екiншi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына және осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес осы Тарап мемлекетiнiң аумағында инвестициялайтын Тарапқа арналған мынадай субъектiлердi бiлдiредi:
(а) оның заңнамасына сәйкес кез келген Тараптың азаматы болып табылатын кез келген жеке тұлға;
(b) компания, корпорация, фирма, серiктестiк, iскерлiк қауымдастығы, институт сияқты кез келген заңды тұлға немесе осындай Тараптың заңи құзыры шегiнде Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес тiркелген немесе құрылған және тiркелген офисi немесе орталық басқармасы немесе қызметiнiң негiзгi орны бар ұйым.
4. "Аумақ" терминi Тарап мемлекетiнiң құрлықтағы аумағын, iшкi сулары мен аумақтық теңiзiн, осындай кеңiстiктердiң табиғи ресурстарын зерттеу және пайдалану мақсатында оның ұлттық заңдарына және халықаралық құқықтарға сәйкес мұндай Тарап егемендiк және заңи құқығын жүзеге асыратын, сондай-ақ теңiз түбiн және қойнауын қоса алғанда, аумақтық теңiзден тысқары теңiз аймағын бiлдiредi.
2-бап
Инвестицияларды ынталандыру және қорғау
1. Әрбiр Тарап өз аумағында екiншi Тарап инвесторларының инвестицияларын көтермелейдi және өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес мұндай инвестицияларға рұқсат бередi.
2. Әрбiр Тарап өз аумағында екiншi Тараптың инвесторларының инвестицияларына және инвестициядан түсетiн кiрiстерiне әдiл және тең инвестиция режимiн, сондай-ақ толық және тұрақты қорғауды әрi қауiпсiздiктi ұсынады.
3. Тараптардың бiр де бiреуi өз аумағында екiншi Тараптың инвесторларына инвестицияларды сатып алуын, кеңейтуiн, қызметiн, басқаруын, қолдауын, пайдалануын, иеленуiн және сатуын немесе басқа да иелiк етуiн негiзсiз немесе жөнсiз шаралармен нашарлатуы тиiс емес.
3-бап
Инвестициялар режимi
1. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың инвесторлары мен олардың инвестицияларына оны сатып алуға, кеңейтуге, қызметке, басқаруға, қолдауға, пайдалануға, иеленуге және сатуға немесе инвестицияларға басқадай иелiк етуге қатысты өздерiнiң инвесторларына және олардың инвестицияларына беретiн режимiнен қолайлылығы кем емес режим бередi.
2. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың инвесторлары мен олардың инвестицияларына оны құруға, сатып алуға, қызметiне, басқаруға, қолдауға, пайдалануға, сатуға немесе инвестицияларға басқадай иелiк етуге қатысты кез келген үшiншi мемлекеттiң инвесторларына және олардың инвестицияларына беретiн режимiнен қолайлылығы кем емес режим бередi.
3. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың инвесторлары мен олардың инвестицияларына осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген режимдердiң iшiнен инвесторларға немесе инвестицияларға мейлiнше қолайлы болып табылатын үздiк режим бередi.
4. Тараптардың бiр де бiреуi екiншi Тарап инвесторларының материалдарды, өндiрiс құралдарын сатып алуға, қызметiне, тасымалдауға, оның өнiмiнiң маркетингiне немесе кемсiтушiлiк нәтижелерi бар осындай бұйрықтарға қатысты инвестицияларына арналған шараларды өз аумағында мәжбүрлеу тәртiбiмен мiндеттемеуi немесе жүктемеуi тиiс.
4-бап
Босату
Осы Келiсiмнiң ережелерi бiр Тарапты екiншi Тараптың инвесторларына және олардың инвестициялары кез келген қолданыстағы немесе келешектегi:
(а) еркiн сауда, кеден одағы, жалпы нарық, экономикалық немесе валюталық одақ немесе Тараптардың бiрi тарап болатын немесе бола алатын еңбек нарығы туралы өңiрлiк келiсiмдi қоса алғанда, басқа да осындай өңiрлiк экономикалық ықпалдасу келiсiмдерiнiң аймағына, немесе
(b) қосарлы салық салуды немесе толық не негiзгi салық салуға жататын басқа халықаралық келiсiмдi болдырмау туралы келiсiмге, немесе
(с) толық немесе негiзiнен инвестицияларға жататын көп жақты келiсiмге байланысты кез келген режимiнiң пайдасын, басымдығын немесе артықшылығын мiндеттеу ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
5-бап
Экспроприация
1. Екiншi Тарап аумағындағы Тараптар инвесторларының инвестициялары белгiленген заңды рәсiмдерге сәйкес және жылдам, барабар әрi тиiмдi өтемдер төлене отырып, кемсiтпеушiлiк негiзде емес мемлекеттiк мақсатта қабылданатын шаралардан басқа, экспроприацияға немесе мемлекет иелiгiне алуға тең (бұдан әрi - экспроприация) әсерi бар экспроприациялануы немесе мемлекет иелiгiне алынуы тiкелей немесе жанама кез келген басқа да шараларға ұшырамауға тиiс.
2. Мұндай өтем алдағы экспроприация туралы бұдан бұрынғы немесе оның ертерек өтуiне байланысты экспроприация жалпыға белгілi болған, оған дейiнгi өткен сәтте экспроприацияланған инвестициялар құнының сомасына тең болуы тиiс. Құн бағалаудың жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес айқындалуы тиiс.
3. Өтем толық iске асырылатын болуы және қандай да бiр шектеулер мен кедергiлерсiз төленуi, нақты төлем күнiне дейiн меншiктен алу немесе экспроприациялау күнiнен бастап төлем валютасы үшiн нарықтық негiзде белгiленген коммерциялық ставка бойынша пайызды қамтуы тиiс.
4. Тарап оның кез келген бөлiгi аумағындағы қолданыстағы заңға сәйкес тiркелген немесе құрылған компаниялардың және екiншi Тараптың инвесторлары үлестерiне ие активтерiн немесе олардың бөлiктерiн экспроприациялаған кезде ол осындай үлестердiң иесi болып табылатын осындай Тарап инвесторларының инвестицияларына қатысты жедел, барабар және тиiмдi өтемдердi қамтамасыз ету үшiн қажеттi дәрежеде заңмен қолданылатын осы баптың 1-тармағының барлық ережелерiне кепiлдiк беретiн болады.
5. Осы Келісiмнiң 9-бабы ережелерiне залалсыз инвестициялары экспроприацияланған инвестор осы бапта жазылған қағидаттарға сәйкес осындай Тараптардың сот немесе басқа да құзыреттi органдарының оның iсiн жедел қайта қарауға және оның инвестицияларын бағалауға құқығы болуы тиiс.
6-бап
Залалдарды өтеу
1. Бiр Тараптың инвесторларына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы инвестициялары соңғы Тараптың аумағындағы соғыстың немесе басқа да қарулы қақтығыстардың, революцияның, көтерiлiстiң, бүлiншiлiктiң салдарынан шығындарға ұшыраса, соңғы Тарап реституцияға, өтемге, өтемақыға немесе басқа да реттеуге қатысты өз инвесторлары мен инвестор үшiн неғұрлым қолайлы болып табылатын кез келген барынша қолайлы мемлекеттiң инвесторларына ұсынылған қолайлылығы кем емес режимiн бередi.
2. Осы баптың 1-тармағы үшiн залалсыз тармақта айтылған кез келген жағдай нәтижесiнде Тараптың инвесторларына басқа Тараптың аумағындағы мыналардың нәтижесiнде:
(а) қарулы күштерi немесе билiгi оның инвестициясын немесе оның бөлiктерiн реквизициялау, немесе;
(b) жағдайдың қажеттiлiгiмен талап етiлмеген қарулы күштердiң немесе билiктердiң оның инвестицияларын немесе оның бөлiгiн бұзуының салдарынан болатын шығындарды көтередi;
соңғы Тарап кез келген жағдайда жедел, барабар және тиiмдi әрi өтемақыға қатысты 5-баптың 1-3-тармақтарына сәйкес болуы тиiс бұзу реквизициясы күнiнен бастап нақты төлем күнiне дейiн реституция немесе өтемақы ұсынуы тиiс.
7-бап
Еркiн аударымдар
1. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың инвесторларына өз аумағына еркiн аударымды олардың инвестицияларын және инвестициялармен байланысты төлемдер аударымын қамтамасыз етуi тиiс. Мұндай төлемдер атап айтқанда, бiрақ айрықша емес мыналарды:
(а) инвестицияларды қолдау, дамыту немесе ұлғайту үшiн негiзгi және қосымша соманы;
(b) кiрiстердi;
(с) үлестердi сатуды қоса алғанда, инвестицияларды толық немесе iшiнара сатудан немесе инвестицияларға иелiк етуден алынған түсiмдi;
(d) заемдар бойынша төлем, роялти төлемдерi, басқару үшiн төлем, лицензиялық төлемдер сияқты инвестициялар қызметiнен туындаған шығыстарды немесе басқа да осындай шығыстарды төлеу үшiн талап етiлетiн соманы;
(е) 5, 6, 8 және 9-баптарға сәйкес төленетiн өтемдi;
(f) инвестицияларға байланысты шетелде жалға алынған және жұмыс iстейтiн персоналдардың еңбекақылары мен басқа да сыйақыларын қамтиды.
2. Әрбiр Тарап осы баптың 1-тармағына қатысты аударымдарды және аударылатын валюта күнiне қолданылатын басым нарықтық айырбастау бағамы бойынша қандай да бiр еркiн айырбасталымды валютаның шектеусiз немесе кiдiрiссiз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуi тиiс және дереу аударылуы тиiс.
3. Шетел валютасының нарығы болмаған кезде Қарыз алушының Арнайы Құқығындағы валюта айналымдары үшiн ең соңғы айырбас бағамы қолданылуы тиiс.
4. Аударымдағы кiдiрiс болған жағдайда, қабылдаушы Тараптан туындаған аударым сол Тарап төлейтiн аударымды талап ету күнiнен бастап және қазiргi аудару күнiне дейiн осы валюта үшiн нарықтық негiзде белгiленген коммерциялық ставка бойынша пайызды қамтуы тиiс.
5. Тараптар осы баптың 1-4-тармақтарына қарамастан әдiл және кемсiтпеушілік жолмен өз заңдарын қолдана отырып ұстай алады және реттеуге қатысты:
тиiстi салық мiндеттемелерiн орындауға;
кредиторлардың құқығын қорғауға;
қылмыстық немесе жазаланатын бұзушылықтарға;
сот талқылауында бұйрықтардың немесе сот шешiмдерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
мына жағдайда, осы Келiсiм бойынша мұндай заңдар мен ережелердi қолдану мiндеттемелерден жалтару құралы ретiнде пайдаланылмауы тиiс.
8-бап
Суброгация
Егер Тарап немесе оның уәкiлеттi органы екiншi Тараптың аумағындағы инвестордың инвестицияларына қатысты берiлген өтем, кепiлдiк немесе сақтандыру келiсiм-шартына сәйкес төлемдердi жүзеге асырса, соңғы Тарап бiрiншi Тарапқа немесе ол уәкілеттiк берген органға кез келген құқықтардың немесе мұндай инвестордың талаптарының өтуiн және бiрiншi Тараптың немесе уәкiлеттiк берген органның кез келген мұндай құқыққа немесе талапты оның iзашары жүзеге асырған шамадағы жүзеге асыру суброгацияға байланысты құқығын тануы тиiс.
9-бап
Инвестор мен Тарап арасындағы даулар
1. Бiр Тарап және екiншi Тараптың инвесторы арасындағы тiкелей инвестициялардан туындаған кез келген дау екi тарап арасында достық рәмiзде шешiлуi тиiс.
2. Егер дау ол жазбаша нысанда туындаған күнiнен бастап 3 ай iшiнде шешілмесе, дау инвестордың таңдауы бойынша мыналардың қарауына:
(а) аумағында инвестиция жүзеге асырылатын Тараптардың құзыреттi соттарына, немесе
(b) егер орталыққа қол жетiмдi болса, Вашингтон қаласында 1965 жылғы 18 наурызда қол қою үшiн ашылған Мемлекеттiк және жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы Инвестициялық дауларды реттеудiң тәртiбi туралы Конвенцияға сәйкес құрылған инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталықтың (бұдан әрi - Орталық) төрелiгiне, немесе
(с) егер тек бiр Тарап осы тармақтың (b) тармақшасында көрсетiлген Конвенцияға қатысушы болып табылса, Орталықтың қосымша ережелерiне сай төрелiкке; немесе
(d) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының төрелiк (ЮНСИТРАЛ) ережелерiне сәйкес құрылған кез келген "ad hoc" төрелiк сотына,
(е) кез келген басқа бұрын келiсiлген "ad hoc" төрелiк сотына жiберiлуi мүмкін.
3. Дауды ұлттық соттың қарауына жiберген инвестор, егер ұлттық соттың қарау мәнi бойынша шешiм шығарғанға дейiн инвестор ұлттық сот рәсiмдерi арқылы iстi одан әрi жалғастырмайтынын жарияласа және iстi қайтарса осы баптың 2-тармағы (b) тармақшасында немесе 2-тармақтың (e) тармақшасында айтылған төрелiк соттардың бiрiне жүгiне алады.
4. Кез келген Төрелiк осы бапқа сәйкес даудағы кез келген Тараптың өтiнiшi бойынша Нью-Йоркте 1958 жылғы 10 маусымда қол қоюға ашық шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және орындауға келтiру туралы Конвенцияның (бұдан әрi - Нью-Йорк Конвенциясы) қатысушы болып табылатын мемлекетте жүргiзілу тиiс. Осы бапқа сай төрелiкте ұсынылған талаптар Нью-Йорк Конвенциясының 1-бабының мақсаттары үшiн коммерциялық қатынастардан немесе мәмiлелерден туындаған ретiнде қарастыруы тиiс.
5. Әрбiр Тарап осы бапқа сәйкес төрелiкте олар мен басқа Тараптың инвесторы арасындағы дауды ұсынуға өзiнiң сөзсiз келiсiмiн бередi.
6. Даудың қатысушысы болып табылатын Тараптардың бiрде бipeуi төрелiк рәсiмнiң кез келген сатысына немесе төрелiк шешiмдерiн орындауға қарсылық бiлдiре алмайды немесе дауда тарап болып табылатын, фактiге қатысты, инвестор сақтандыру күшiнiң бөлiгiн немесе барлық шығындарын жабатын өтемдi көрсете алмайды.
7. Шешiм даудағы тараптар үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болуы тиiс және шешiмде көрсетiлген күннен бастап шешiмдi Тараптардың құзыреттi органы орындайтын аумақтағы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес орындалуы тиiс.
10-бап
Тараптар арасындағы даулар
1. Осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мүмкiндiгiнше дипломатиялық арналар арқылы шешiледi.
2. Егер дау мұндай келiссөздердi кез келген Тарап жазбаша нысанда сұратқан күннен бастап алты (6) ай iшiнде осындай түрде шешiлмесе, ол кез келген Тараптың өтiнiшi бойынша төрелiк соттың қарауына ұсынылуы тиiс.
3. Мұндай төрелiк сот әрбiр жеке iс үшiн мынадай түрде құрылуы тиiс. Төрелiк туралы өтiнiштi алғаннан кейiн екi (2) ай iшiнде әрбiр Тарап Соттың бiр мүшесiн тағайындайды. Содан соң осы екi мүше үшiншi елдiң азаматы болып табылатын Төрағаны Тараптар мақұлдағаннан кейiн сот Төрағасы етiп таңдауы тиiс. Екi басқа мүшенi тағайындаған күннен бастап төрт (4) ай iшiнде Төраға тағайындалады.
4. Егер қажеттi тағайындаулар осы баптың 3-тармағында айқындалған кезең iшiнде жасалмаса, кез келген Тарап Халықаралық сот төрағасын қажеттi тағайындау жасауға шақырады. Егер Төраға кез келген Тараптың азаматы болып табылса немесе өзге де мiндеттер көрсетiлген функцияны орындауға кедергi болса, онда кез келген Тараптың азаматы болып табылмайтын немесе өзге де мiндеттер көрсетілген функцияны орындауға кедергi келтiрмесе БҰҰ-ның Халықаралық сотының аға лауазымы бойынша мүшесi қажеттi тағайындау жасауға шақырылатын болады.
5. Төрелiк сот шешiмiн басым дауыспен қабылдайды. Сот шешiмi екi Тараптар үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болуы тиiс. Әрбiр Тарап өзi тағайындаған мүшелер мен төрелiк процестегi өзiнiң өкілдiгiнiң шығыстарын өтейдi. Екi Тарап Төрағаның шығыстарын, сондай-ақ төрелiк рәсiмдермен байланысты басқа да шығыстарды тең бөлiкте мойнына алады. Сот шығыстарды бөлуге қатысты басқа да шешiм қабылдауы мүмкiн. Төрелiк сот барлық қалған қатынастарда өз тәртiбiнiң төрелiк рәсiмдерiн айқындайды.
6. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген дауларға қатысты даулы мәселелер осы Келiсiмнiң ережелерiне және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттарына сәйкес шешiлуi тиiс.
11-бап
Рұқсат беру
1. Әрбiр Тарап өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес инвестицияларға қатысты қолайлы қолдануды ұсынады және екiншi Тараптың инвесторлардың инвестицияларына байланысты оның аумағында шұғыл рұқсаттарды берудi ұсынады.
2. Әрбiр Тарап өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес уақытша келу мен болуды ұсынады және басқа Тарап инвесторларының инвестицияларына байланысты және осы тұлғалар сол уақытқа дейiн осы тармақтың талаптарына сәйкес кәсiпорындар үшiн мәндi болып табылатын орындаушылар, менеджерлер, мамандар немесе техникалық персоналдар ретiнде шетелде жалға алынған жеке тұлғаларға қажеттi кез келген құжаттамаларды растауды қамтамасыз етедi. Осындай персоналдың тiкелей отбасы мүшелерiне қабылдаушы тараптар аумағынан келу және уақытша болуға қатысты осындай режим ұсынылуы тиiс.
12-бап
Басқа да ережелердi қолдану
1. Егер кез келген Тарап мемлекетi ұлттық заңнама ережелерiнде немесе халықаралық құқыққа келiсiлген мiндеттемелер, қазiргi уақытта қолданыстағы әрi қарай Тараптар арасындағы осы келiсiмге толықтыру барынша қолайлы режимнен гөрi басқа Тараптардың инвесторлары жүзеге асыратын инвестицияларға құқық беретiн жалпы немесе ерекше ережелерi бар.
2. Әрбiр тарап басқа Тарап инвесторының белгiлi бiр инвестициясына қатысты бола алатын кез келген мiндеттеменi сақтауы тиiс.
13-бап
Келiсiмдi қолдану
Осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн және одан кейiн екiншi Тараптың аумағында кез келген Тараптың инвесторлары жүзеге асыратын барлық инвестицияларға қолданылады, бiрақ осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн туындаған және (немесе) реттелген инвестицияларға қатысты кез келген дау немесе талапқа қолданылмауы тиiс.
14-бап
Жалпы ерекшелiктер
1. Тараптың өз бетiнше немесе ақталмайтын кемсiтушiлiгiн не инвестициялардың жасырын шектеуiн бiлдiретiн мұндай шаралар мұндай түрде қолданылмайтын жағдай кезiнде осы Келiсiмде ештеңе де Тараптың бiрiнiң жария тәртiптi ұстауға қажеттi ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiн немесе шараларын қорғау үшiн қажеттi кез келген iс-қимылын қабылдауға кедергi ретiнде түсiндiрiлуi тиiс емес.
2. Осы баптың ережесi осы Келiсiмнiң 7-бабы 1-тармағының (е) тармақшасына қолданылмауы тиiс.
15-бап
Ашықтық
1. Әрбiр Тарап өзiнiң заңдарын, ережелерiн, рәсiмдерi мен әкiмшiлiк ұйғарымдарын және жалпы қолданыстағы сот шешiмдерiн, сондай-ақ бiрiншi Тарап мемлекетi аумағындағы екiншi Тарап инвесторларының инвестицияларына қатысы болуы мүмкiн халықаралық келiсiмдердi дереу жариялауға немесе өзгеше түрде жалпыға қол жетерлiк етуi тиiс.
2. Ашылуы онымен құқығын қолдануды немесе құпиялықты қорғау құқығына кедергi немесе жекелеген инвесторлардың заңды коммерциялық мүдделерiне зиян келтiрудi қоса алғанда, осы Келiсiмде ештеңе де Тараптардан жеке меншiк болып табылатын кез келген құпия ақпаратқа қол жеткiзудi ұсынуды немесе рұқсат берудi талап ете алмайды.
16-бап
Консультация
Тараптар кез келген Тараптың өтiнiшi бойынша осы Келiсiмнiң қолданысқа енгiзілгенiн қайта қарау мақсаты және осы Келiсiмнен туындауы мүмкiн кез келген мәселенi зерттеу үшiн консультациялар өткiзедi. Мұндай консультациялар Тараптардың құзыреттi мемлекеттiк органдары арасында жүргiзiледi, оның орны мен уақыты дипломатиялық арналар арқылы келiсiледi.
17-бап
Өзгерiстер енгiзу, күшiне ену, ұзақтығы және тоқтату
1. Тараптар осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн олар мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағанын бiр-бiрiне жазбаша хабарлайды. Келiсiм дипломатиялық арналар арқылы соңғысы хабарламаны алған күнiнен бастап екiншi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн 1992 жылғы 29 қыркүйекте Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Финляндия Республикасының Yкiметi арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiм тоқтатылған болып саналады.
3. Осы Келiсiм 10 жыл мерзiмде күшiнде қалады және осыдан кейiн кез келген Тараптың 12 айдан кейiн осы Келiсiмнiң қолданылуын өзiнiң тоқтату ниетi туралы екiншiсiн жазбаша хабарлағанға дейiн күшiнде қалады.
4. Осы Келiсiмдi тоқтату күнiне дейiн жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты 1-16-баптардың ережелерi осы Келiсiм тоқтатылған күнiнен бастап кейiнгi 20 жыл кезеңде күшiнде қалады.
5. Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмдерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Мұндай өзгерiстер мен толықтырулар хаттамалармен рәсiмделедi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады. Олар осы Келiсiм сияқты тәртiппен күшiне енедi.
Осыны растау үшiн тиiстi түрде оған төменде қол қоюға уәкiлеттi өкiлдер, осы келiсiмге қол қойды.
200 жылғы "___" _______________ _______________ қаласында екi данада әрқайсысы қазақ, фин, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндер дәлме-дәл болып табылады. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде қайшылықтар туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Финляндия
Республикасының Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
РҚАО-ескертуі: Осы келісімнің ағылшын тіліндегі мәтінін қағаз нұсқасынан қараңыз.