"Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының теңгерiмiндегi Шымкент қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 3, мекен-жайында орналасқан N 6 оқу корпусының ғимаратын республикалық меншiктен Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен объектiнi қабылдап алу-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі