Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мынадай салаларда зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін:
1) экономика;
2) (құпия);
3) мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.19 N 544 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 535 Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қоғам жарғысын бекiтудi;
2) қоғамның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
3) қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне берудi;
4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қоса берiлiп отырған Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 26 қаңтардағы
N 61 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-110-жолмен толықтырылсын:
"123-110. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ".
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-4-жолмен толықтырылсын:
"268-4. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ".
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.