"Алматы қаласының өңiрлiқ қаржы орталығы" ақционерлiк қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы N 65 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) құрылсын.

      2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының инфрақұрылымын құру болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы  орталығының қызметiн реттеу агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен қоғамның жарғылық капиталын 1500000000 (бiр миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) қоғамның Жарғысын бекiтудi және қоғамның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiне берсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-106-жолмен толықтырылсын:
      "123-106. "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы" АҚ";

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 301-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiне
      301. "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы" АҚ".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О создании акционерного общества "Региональный финансовый центр города Алматы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2007 года N 65

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать акционерное общество "Региональный финансовый центр города Алматы" (далее - общество) со стопроцентным участием государства в уставном капитале.

      2. Определить основным предметом деятельности общества создание инфраструктуры регионального финансового центра города Алматы.

      3. Агентству Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы совместно с Министерством финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить формирование уставного капитала общества в размере 1500000000 (один миллиард пятьсот миллионов) тенге за счет средств республиканского бюджета.

      4. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) обеспечить утверждение Устава общества и государственную регистрацию общества в органах юстиции Республики Казахстан;
      2) передать Агентству Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы права владения и пользования государственным пакетом акций общества;
      3) принять иные меры, вытекающие из данного постановления.

      5. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      1) в  постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в  перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "г. Алматы" дополнить строкой, порядковый номер 123-106, следующего содержания:
      "123-106. АО "Региональный финансовый центр города Алматы";
      2) в  постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      приложение к указанному постановлению дополнить разделом и строкой, порядковый номер 301, следующего содержания:
      "Агентству Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы
      301. АО "Региональный финансовый центр города Алматы".

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан