Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы
N 645 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күшi бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
кiрiспедегi, 3-тармақтың бiрiншi абзацындағы, 13-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентi "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күшi бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күшi бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығымен", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күшi бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығында" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына", "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңымен", "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңында" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екiншi абзацындағы "1566,3" деген цифрлар "4842,3" деген цифрлармен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. АЭА аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркiн кеден аймағының кедендiк режимi қолданылатын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының бiр бөлiгi болып табылады. АЭА-ның шекарасы оның периметрi бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады. АЭА-ның периметрлерi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2-тармақтармен толықтырылсын:
"9-1. АЭА құру мақсатына қол жеткiзу үшiн қажеттi тауарлардың тiзбесi:
1) АЭА аумағында салынатын объектiлердiң құрылысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi машиналар, тетiктер мен жабдық;
2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектiлердi АЭА аумағында салу және пайдалануға беру үшiн қажеттi машиналар мен жабдық, тауарлар мен материалдар.
9-2. АЭА аумағында еркiн кеден аймағының кедендiк режимiне орналастырылған тауарлармен:
1) тауарларды сақтауды қамтамасыз ету;
2) тауарларды тасымалдауға дайындау (легiн бөлшектеу, сұрыптау, тиеу, түсiру, қайта тиеу) және тауарлар мен көлiк құралдарын оңтайлы орналастыру және құрылыс үдерiсiнде тұтыну мақсатында бөлiнген құрылыс учаскелерi шегiнде орналастыру (кеден органының рұқсатымен);
3) ғимараттар, құрылыстар мен құрылымдар салу кезiнде құрылыс өндiрiсi технологиясының талаптарын орындау жөнiнде операциялар жасауға рұқсат берiледi.";
10-тармақтағы "бақылау" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге жоспар осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 2007 жылғы
N____
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы
N 645 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заңына сәйкес";
жоғарыда көрсетiлген Жарлықпен бекiтiлген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
кiрiспеде, 3-тармақтың бiрiншi абзацындағы, 13-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 заң күшi бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екiншi абзацындағы "1566,3" деген сандар "4842,3" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге арналған жоспар осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2-тармақшалармен толықтырылсын:
"9-1. "Астана - жаңа қала" AЭA аумағында еркiн кедендiк аймақ кедендiк режимiнде мынадай:
1) құрылысқа арналған машиналар мен жабдық үшiн;
2) АЭА аумағында құрылыс процесiнде толық қолданылатын тауарлар үшін;
3) жобалық-сметалық құжаттама негiзiнде жасалған материалдар қажеттiлiгi ведомiсiне сәйкес объектiлердi салу және пайдалануға енгiзу үшiн қажеттi тауарлар мен жабдық үшiн ғимараттарды орналастыруға рұқсат берiледi.";
"9-2. "Астана - жаңа қала" АЭА аумағында: операциялар жасауға рұқсат етiледi:
1) тауарларды сақтауды қамтамасыз ету жөнiнде;
2) тауарларды тасымалдауға дайындау бойынша: партияларды бөлшектеу, сұрыптау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, сондай-ақ құрылыс процесiнде тауарлар мен көлiк құралдарын тиiмдi орналастыру және тұтыну мақсатында құрылыс салуға бөлiнген учаскелер шегiнде олардың орнын ауыстыру (кеден органының рұқсатымен) жөнiнде;
3) ғимараттар мен құрылыстар салу негiзiнде құрылыс өндiрiсi технологиясының талаптарын орындау жөнiнде операциялар жасауға рұқсат берiледi.";
10-тармақ "бақылау" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы Президентiнің
2007 жылғы______________N___________
Жарлығына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2001 жылғы 29 маусымдағы N 645
Жарлығымен бекiтiлген "Астана-жаңа қала"
арнайы экономикалық аймағы туралы"
ережеге жоспар
(Суретін қағаздағы мәтіннен қараңыз)