Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Поляк Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Поляк Республикасының
Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді
ратификациялау туралы
Варшавада 1997 жылғы 27 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Поляк Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ПОЛЯК РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Поляк Республикасының Үкіметі,
Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшін ашылған Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияның қатысушылары бола отырып,
олардың мемлекеттерінің тиісті аумақтарының арасында және олардан тыс әуе қатынасын орнату және пайдалану мақсатында аталған Конвенцияға қосымша Келісім жасасуға тілек білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-БАП
АНЫҚТАМАЛАР
1. Егер мәтінде өзгеше айтылмаса, осы Келісімнің мақсаттары үшін:
а) "Конвенция" термині Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшін ашылған Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияны білдіреді және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған кез келген Қосымшаны және егер осы Қосымшалар мен түзетулерді Уағдаласушы Тараптардың екеуі де қабылдаса, Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес қабылданған Қосымшаларға немесе Конвенцияға кез келген түзетуді қамтиды;
б) "авиациялық билік орындары" термині Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысты Көлік және коммуникация министрлігін және Поляк Республикасының Үкіметіне қатысты - Көлік және теңіз шаруашылығы министрлігін немесе қазіргі кезде көрсетілген органдар орындайтын функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген басқа тұлғаны немесе ұйымды білдіреді;
в) "тағайындалған авиакәсіпорын" термині осы Келісімнің 3-бабына сәйкес тағайындалған және уәкілеттендірілген авиакәсіпорынды білдіреді;
г) "тарифтер" термині агенттік қызметтер немесе көлік құжаттарын сату үшін комиссиялық алымдарды және басқа да
қосымша төлемдерді қоса алғанда, бірақ почта тасымалы үшін
төлемдер мен шарттарды қоспағанда, жолаушылар, багаж және
жүк тасымалы үшін төленетін бағаларды және осы бағалар
қолданатын шарттарды білдіреді;
д) "Келісім" термині осы Келісімді, оның Қосымшасын және
Келісімге немесе Қосымшаға кез келген түзетулерді білдіреді.
2-БАП
ТАСЫМАЛДАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН БЕРУ
1. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тарапқа оның тұрақты халықаралық әуе желілеріне қатысты мынадай құқықтарды береді:
а) олардың мемлекетінің аумағы арқылы қонбастан ұшып
өту құқығын;
б) олардың мемлекеттерінің аумақтарына халықаралық ұшуларға жіберілген пункттерде коммерциялық емес мақсатпен қону құқығын;
в) екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағындағы пунктке баратын немесе пункттен шығатын жолаушыларды, багаж және почтаны жоғарыда аталған аумақтарда осы Келісімнің Қосымшасында көрсетілген пункттерде тиеу және түсіру құқығын.
Қосымшада көрсетілген бағыттар бұдан әрі "белгіленген бағыттар", ал бұл бағыттар бойынша халықаралық әуе желілері "келісілген желілер" деп аталады.
2. Осы бапта ештеңе де бір Уағдаласушы Тараптың авиакәсіпорнына екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында осы екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағындағы басқа пунктке тасымалдауға арналған жолаушыларды, жүкті және почтаны жалдау шартымен немесе сыйақы үшін бортқа алу құқығын беру ретінде қаралмайды.
3-БАП
АВИАКӘСІПОРЫНДЫ ТАҒАЙЫНДАУ
1. Әрбір Уағдаласушы Тарап белгіленген бағыттар бойынша келісілген желілерді пайдалану үшін бұл туралы екінші Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарлап, бір авиакәсіпорынды тағайындауға құқылы.
2. Осындай хабарламаны алғаннан кейін екінші Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындары осы Баптың 4 және 5-тармақтарының ережелеріне сәйкес әрбір тағайындалған авиакәсіпорынға ұшуларды орындауға тиісті рұқсатты кідіріссіз береді.
3. Әрбір Уағдаласушы Тарап бұл туралы екінші Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарлап, осындай авиакәсіпорынды ауыстыруға және басқасын тағайындауға құқылы. Жаңадан тағайындалған авиакәсіпорын өзі орнын басқан кәсіпорын сияқты құқықтарға ие болады және осындай міндеттемелерді алады.
4. Әрбір Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындары екінші Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындары тағайындаған авиакәсіпорыннан халықаралық әуе желілерін пайдалану кезінде Конвенцияның ережелеріне сәйкес осы Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындары әдетте және негізді түрде қолданатын заңдар мен ережелерде нұсқалған шарттарды орындауға қабілетті екендігіне дәлелдемелер талап ете алады.
5. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Баптың 2-тармағында айтылған ұшуларға рұқсат беруден бас тартуға немесе осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген құқықтарды тағайындалған авиакәсіпорынның пайдалануы кезінде осы авиакәсіпорынды иеленудің басым құқығы мен нақты бақылау осы авиакәсіпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тарапқа немесе оның азаматтарына тиесілігі екендігі туралы аталған Уағдаласушы Тараптың дәлелдемесі болмаған кез келген жағдайда, қажетті деп есептеуі мүмкін шарттарды орындауды талап етуге құқылы.
6. Осылайша тағайындалған және рұқсат алған авиакәсіпорын осы Келісімнің 11-бабының ережелеріне сәйкес белгіленген тарифтер осы келісілген желілерде қолданысқа енгізілген жағдайда кез келген уақытта келісілген желілерді пайдалануды бастауы мүмкін.
4-БАП
БЕРІЛГЕН ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ТОҚТАТА ТҰРУ
1. Әрбір Уағдаласушы Тарап пайдалануға арналған рұқсатты жоюға немесе осы Келісімнің 2-бабында көзделген екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнына ұсынылған құқықтарды уақытша тоқтатуға немесе мынадай жағдайларда:
а) егер осы авиакәсіпорынды басым иелену және нақты бақылау осы авиакәсіпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тарапқа немесе оның азаматтарына тиесілі екендігіне сенімді болмаған жағдайда;
б) егер осы авиакәсіпорын оған осы құқықтарды беретін Уағдаласушы Тарап мемлекетінің заңдары мен ережелерін сақтамаған жағдайда;
в) егер авиакәсіпорын қандай да бір өзге түрде осы Келісімде көзделген шарттарды сақтамаған жағдайда осы құқықтарды пайдалану кезінде ол қажет деп тапқан шарттардың орындалуын талап етуге құқылы.
2. Егер дереу күшін жою, уақытша тоқтату немесе осы Баптың 1-тармағында көрсетілген шарттардың орындалуын талап ету заңдар мен ережелердің одан әрі де бұзылуын болдырмау үшін қажет болып табылмаса, мұндай құқық екінші Уағдаласушы Тараппен жүргізілген консультациялардан кейін ғана қолданылатын болады. Осындай консультациялар, егер Уағдаласушы Тараптардың арасында өзгеше келісілмесе, сұрау салу алынған күннен бастап отыз (30) күн ішінде басталуы тиіс.
5-БАП
ЗАҢДАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1. Бір Уағдаласушы Тарап мемлекетінің халықаралық ұшуды
орындайтын әуе кемелерінің оның мемлекетінің аумағына ұшып келуін, аумағында болуын және одан ұшып кетуін немесе осы әуе кемелерінің оның аумақ шегінде болуы кезінде пайдаланылуын және навигациясын реттейтін заңдары мен ережелері екінші Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсіпорынның әуе кемелеріне де қолданылатын болады.
2. Бір Уағдаласушы Тарап мемлекетінің өз аумағынан жолаушылардың, экипаждың, багаждың, жүктің және почтаның келуін,
уақытша болуын және кетуін реттейтін заңдары, ережелері және рәсімдері, мысалы кіруге, шығуға, эмиграция мен иммиграцияға қатысты нысандылықтар сияқты, сондай-ақ кедендік ережелері және санитарлық шаралары екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының әуе кемесімен тасымалданатын жолаушыларға, экипажға, багажға және почтаға олар аталмыш аумақта болуы кезінде қолданылатын болады.
3. Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы өзінің тағайындалған авиакәсіпорнына осы бапта көзделген заңдар мен ережелерді қолдануда екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнына қатысты бергенінен артық құқық бермейді.
6-БАП
ТАСЫМАЛДАР КӨЛЕМІН РЕТТЕУ
Келісілген желілерде орындалатын тасымалдардың көлемі мынадай жағдайларға сәйкес болуы тиіс:
1. Уағдаласушы Тараптар келісілген желілерді пайдалану үшін тағайындаған авиакәсіпорындар осы келісілген желілердегі халықаралық тасымалдарға бар және орынды көзделген қажеттіліктерді қанағаттандыратындай сыйымдылықтарды ұсынуы тиіс.
2. Уағдаласушы Тараптың әрқайсысының тағайындалған авиакәсіпорнына олардың мемлекеттерінің тиісті аумақтары арасында белгіленген бағыттар бойынша келісілген желілерді пайдалануда қолайлы және тең жағдайлар жасалатын болады.
3. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың авиакәсіпорнының жағдайына теріс әсер ететін кемсітушіліктің және жосықсыз бәсекелестіктің барлық нысандарын болдырмау үшін өз заңдық иелік шегінде барлық тиісті шараларды қабылдайтын болады.
4. Бұл Уағдаласушы Тараптардың бірінің ішкі ережелерінде талап етілген жағдайда, тағайындалған авиакәсіпорындардың арасында келісілген желілерді пайдалануға қатысты жасалуы мүмкін келісімдер осы Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындарының оларды бекітуін талап ететін болады.
7-БАП
КУӘЛІКТЕРДІ ТАНУ
1. Уағдаласушы Тараптардың бірі берген немесе күші бар деп таныған ұшуға жарамдылығы туралы куәліктерді, біліктілігі туралы куәліктерді осындай куәліктер берілген немесе күші бар деп танылған талаптар Конвенцияға сәйкес белгіленген немесе мезгіл-мезгіл сайын белгіленуі мүмкін талаптарға сәйкес немесе ең төменгі нормалардан асып түскен жағдайда, олардың қолданылу мерзімі ішінде екінші Уағдаласушы Тарап та күші бар деп таниды.
2. Әрбір Уағдаласушы Тараптардың, алайда, өз мемлекеті аумағының үстінен ұшуға қатысты өз азаматтарына берілген немесе басқа мемлекет күші бар деп таныған біліктілік куәліктерін танудан бас тартуына құқығы сақталады.
8-БАП
КЕДЕНДІК БАЖДАР МЕН БАСҚА ДА АЛЫМДАРДАН БОСАТУ
1. Әрбір Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының халықаралық тасымалдар үшін пайдаланылатын әуе кемесі, сол әуе кемесінің бортындағы отын қоры, жағармай материалдары және борттық қорлар (кәдесыйларды, азық-түлікті, сусындарды қоса алғанда, дайын бұйымдар) екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына келгеннен кейін, егер осы жабдықтар мен қорлар кері әкетілген мерзімге дейін әуе кемесінің бортында қалатын болса, барлық кедендік алымдардан босатылатын болады.
2. Сондай-ақ ұсынылған қызметтер үшін алынатын алымдарды қоспағанда, осындай салықтардан, алымдар мен баждардан мыналар да босатылады:
а) бір Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында осы Уағдаласушы Тараптың тиісті билік орындары белгілеген көлемде, екінші Уағдаласушы Тараптың белгіленген бағыт бойынша ұшуды орындайтын әуе кемесінде пайдалану үшін бортқа алынған борттық қорлар;
б) бір Уағдаласушы Тарап аумағына екінші Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсіпорын белгіленген бағытта пайдаланатын әуе кемесіне техникалық қызметтен өткен немесе жөндеу үшін әкелінетін қосалқы бөлшектер және қажетті жабдықтар;
в) бір Уағдаласушы Тараптың аумағында халықаралық ұшуды орындайтын екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған кәсіпорындарының әуе кемесіне құю үшін берілетін отын мен жағармай материалдары, тіпті егер бұл қорлар олар бортқа алынатын Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағы шегінде өтетін бағыт учаскесінде пайдаланылатын болса да;
г) тағайындалған авиакәсіпорын коммерциялық және
пайдаланымдық мақсаттар үшін қолданылуы мүмкін көліктік құжаттаманы және авиажүкқұжатты қоса алғанда, Уағдаласушы Тараптардың бірінің тағайындалған авиакәсіпорны пайдаланатын қажетті құжаттар;
д) екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында тағайындалған авиакәсіпорын пайдаланатын коммерциялық құндылығы жоқ жарнама материалдары;
е) егер Уағдаласушы Тараптың бірінің мемлекетінің аумағына екінші Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсіпорын агенттіктерінің офистерінде пайдалану мақсатында әкелінген жиһаз, офистік жабдықтар мен материалдар, осы аумаққа әкелінген сәттен бастап 3 жыл ішінде, агенттіктің иелігінде болса және осы қағидатты тепе-теңдік негізінде Уағдаласушы Тараптың екеуі де қолданса, осы жиһаз, жабдық және материалдар салықтардан босатылады.
Осы Баптың а), б), в), г), д) және е) тармақшаларында көрсетілген материалдар талап бойынша кедендік билік орындарының бақылауына немесе қадағалауына ұсынылуы мүмкін.
3. Бір Уағдаласушы Тараптың әуе кемесінің бортындағы табельдік борт жабдықтары, сондай-ақ материалдар және қорлар екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына осы Уағдаласушы Тараптың кедендік билік орындарының келісімімен ғана түсірілуі мүмкін. Бұл жағдайда, олар кері бағытта әкетілгенге дейін немесе кедендік ережелерге сәйкес басқадай қолданыс тапқанға дейін айтылған билік орындарының бақылауында болуы мүмкін.
9-БАП
ТІКЕЛЕЙ ТРАНЗИТТІК ТАСЫМАЛДАР
1. Бір Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағы арқылы тікелей транзитпен ұшып баратын және осы мақсат үшін бөлінген әуежайдың ауданынан кетпейтін жолаушылар, багаж, жүк және почта күш көрсету әрекеттеріне, әуе қарақшылығына және есірткі заттарын тасуға қарсы қауіпсіздік шараларын қолдану қажет болған жағдайларды қоспағанда, тек оңайлатылған бақылаудан өтеді.
2. Тікелей транзитпен өтетін багаж және жүктер кедендік алымдар және осы сияқты басқа салықтар салудан босатылады.
10-БАП
АВИАЦИЯ ҚАУІПСІЗДІГІ
1. Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтан туындайтын өздерінің құқықтары мен міндеттеріне сәйкес, олардың бір біріне қатысты қабылдаған азаматтық авиация Қауіпсіздігін заңсыз араласу іс-әрекеттерінен қорғау міндеттемесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатындығын растайды. Халықаралық құқық бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерінің жалпы қолданысын шектеместен, Уағдаласушы Тараптар Токио қаласында 1963 жылғы 14 қыркүйекте қол қойылған Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбір басқа да іс-әрекеттер туралы конвенцияның, Гаага қаласында 1970 жылғы 16 желтоқсанда қол қойылған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвециянның және Монреаль қаласында 1971 жылғы 23 қыркүйектегі қол қойылған Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы конвецияның,
оның Монреальда 1988 жылғы 24 ақпанда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайларда заңсыз зорлық жасау іс-әрекеттеріне қарсы күрес туралы қосымша хаттамасының ережелеріне сәйкес іс-қимыл жасайтын болады.
2. Уағдаласушы Тараптар өтініш бойынша бір-біріне әуе кемелерін заңсыз басып алу іс-әрекеттерін және осындай әуе кемелерінің,
олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауіпсіздігіне қарсы аталған басқа да заңсыз іс-әрекеттерді, сондай-ақ азаматтық авиация қауіпсіздігіне кез келген басқа да қауіп-қатерлі болдырмау жөнінде барлық қажетті көмекті көрсететін болады.
3. Уағдаласушы Тараптар өз қарым-қатынастарында Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы белгілеген және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға Қосымша деп аталатын авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелерге сәйкес осындай қауіпсіздік жөніндегі ережелер Уағдаласушы Тараптарға қолданылатындай дәрежеде іс-қимыл жасайды; олар негізгі қызмет орны немесе тұрақты болу орны осы мемлекеттердің аумағында орналасқан әуе кемелеріне қызмет көрсетуші персонал мен олардың мемлекеттерінің аумақтарында орналасқан әуежайлардың қызмет көрсетуші персоналдары авиациялық қауіпсіздік жөніндегі осындай ережелерге сәйкес іс-қимыл жасауды талап етеді.
4. Әрбір Уағдаласушы Тарап әуе кемелеріне қызмет көрсетуші персоналдан олардың мемлекеттерінің аумағына келу, кету және оның шегінде болу үшін екінші Уағдаласушы Тарап көздейтін, осы баптың 3-тармағында айтылған авиация қауіпсіздігі жөніндегі ережелердің сақталуын екінші Уағдаласушы Тарап талап ете алатынына келіседі. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің аумағы шегінде әуе кемелерін қорғау және жолаушыларды, экипажды, қол жүгін, багажды және борттық қорларды қону немесе тиеу кезінде және оған дейін тексеру үшін тиісті шараларды тиімді қолдануды қамтамсыз ететін болады. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың нақты қатерге байланысты арнай: қауіпсіздік шараларын қабылдауы туралы кез келген өтініші тілектестікпен қарайды.
5. Азаматтық әуе кемесін заңсыз басып алуға немесе әуе кемелерінің, оның жолаушылары мен экипажының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған басқа да заңсыз іс-әрекеттерге байланысты қақтығыс немесе қақтығыс қатері туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар байланысты жеңілдету және осындай қақтығыстың немесе олардың қатерінің жылдам әрі қауіпсіз түрде жолын кесу мақсатында тиісті шаралар қолдану арқылы бір біріне көмектесетін болады.
6. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі осы Бапта көрсетілген авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелерді орындамаса, онда екінші Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындары осы Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындарынан дереу консультациялар өткізуді талап етуі мүмкін.
11-БАП
ТАРИФТЕР
1. Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің мемлекет аумағына немесе аумағынан тасымалдау тарифтері пайдаланымдық шығындарды, орынды пайданы, авиажелінің сипаттамасын және тұтынушының мүддесін қоса алғанда, барлық тиісті факторларды ескере отырып, ақылға қонымды мөлшерде белгіленетін болады.
2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетілген тарифтер барлық бағыттарды немесе үшінші елдерге бағыттың бір бөлігін пайдаланатын басқа авиакәсіпорындармен консультациядан кейін екі Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарының арасында келісілетін болады.
3. Осы Баптың 2-тармағында айтылған келісімге, мүмкіндігінше, Халықаралық Әуе Көлігі Қауымдастығында қолданылатын белгіленген ставкалар тетігін пайдалану арқылы қол жеткізілетін болады.
4. Осылайша келісілген тарифтер оларды енгізудің болжамды күнінен кемінде отыз (30) күн бұрын Уағдаласушы Тараптардың авиациялық билік орындарына бекітуге берілетін болады; жекелеген жағдайларда бұл мерзім аталған билік орындарының келісімі бойынша қысқартылуы мүмкін.
5. Егер тағайындалған авиакәсіпорындар қандай да болмасын тарифті бекіту мәселесі бойынша келісімге қол жеткізе алмаса немесе егер қандай да болмасын басқа себептер бойынша тарифтер осы баптың 2-тармағына сәйкес белгілене алмайтын болса, немесе отыз (30) күндік кезеңнің алғашқы он бес (15) күні ішінде осы Баптың 4-тармағына сәйкес бір Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындары екінші Уағдаласушы Тараптың билік орындарына олардың осы Баптың 2-тармағына сәйкес келісілген тарифтердің бірімен келіспейтіндігі туралы хабарлама берсе, екі Уағдаласушы Тараптың да авиациялық билік орындары осы тарифтер бойынша келісімге келуге тырысатын болады.
6. Егер авиациялық билік орындары осы баптың 4-тармағына сәйкес қарауға ұсынылған кез келген тарифті бекіту бойынша немесе 5-тармағына сәйкес қандай да болмасын тарифті белгілеу бойынша келісімге келе алмаса, онда дау осы Келісімнің 18-бабының ережелеріне сәйкес шешілетін болады.
7. Тарифтер Уағдаласушы Тараптың әрқайсысының билік орындары оларды бекіткенге дейін пәрменді бола алмайды.
8. Осы Баптың ережелеріне сәйкес белгіленген тарифтер осы баптың ережелеріне сәйкес жаңа тарифтер белгіленгенге дейін күшін сақтайды, бірақ Уағдаласушы Тараптардың бірінің авиациялық билік орындары олармен келіспеген күннен бастап он екі айдан аспауы тиіс.
9. Әрбір Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындары Уағдаласушы Тараптардың авиациялық билік орындары бекіткен тарифтерді тағайындалған авиакәсіпорындардың қолдануын және бір де бір авиакәсіпорын заңсыз қандай да бір дәрежеде және қандай да бір тікелей немесе жанама жолдармен тарифтерді төмендетпеуін қамтамсыз ету үшін бар күшін салатын болады.
12-БАП
ТАБЫСТАРДЫ АУДАРУ
1. Әрбір Уағдаласушы Тарап қазіргі бар мемлекетішілік ережелерге сәйкес екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнына оның мемлекетінің аумағында екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорны жолаушыларды, багажды, почтаны және жүкті тасымалдау барысында алған түсімдер мен шығындардың арасындағы айырманы, аудару күніне қолданылған ресми айырбастау бағамының негізінде еркін айналыстағы валютамен аудару құқығын береді. Аудару өтінім берілген күннен кейін алпыс (60) күннен кешіктірмей кідіріссіз жүргізіледі.
2. Егер Уағдаласушы Тараптардың арасында арнайы төлем келісімі болса, аудару осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
13-БАП
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
1. Әрбір Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің заңдары мен ережелеріне сәйкес екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында қажетті әкімшілік, техникалық, коммерциялық және операциялық персоналы бар өз өкілдіктерін белгіленген тәртіппен ашуға және тіркеуге бірдей мүмкіндіктері болады.
2. Өзара тілектестік қағидатына негізделе отырып, бір Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорны екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында тиісті рұқсаттарға сай және ұлттық заңдар мен ережелерге сәйкес өзінің авиакөлік қызметтерін тікелей де, агенттер арқылы да жергілікті валютаға немесе айналыстағы кез келген валютаға еркін сататын болады.
14-БАП
АЛЫМДАР СТАВКАЛАРЫ
Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнынан қызметтер үшін алынатын немесе бірінші Уағдаласушы Тараптың құзыретті билік орындары алуға рұқсат еткен алымдардың әділ және негізді болуын қамтамсыз ету үшін барынша күш салатын болады. Олар бірыңғай қағидаттарға сәйкес алынатын болады.
15-БАП
КЕСТЕЛЕРДІ БЕРУ
1. Келісілген желілердегі ұшу кестелері оларды енгізудің болжамды күнінен кемінде отыз (30) күн бұрын екі Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындарына бекітуге берілетін болады.
Ерекше жағдайларда, бұл мерзім аталған билік орындарының келісімімен қысқартылуы мүмкін.
2. Қосымша ұшуды орындау рұқсатына сұрауларды тағайындалған авиакәсіпорын екінші Уағдаласушы Тараптың авиациялық билік орындарына бекітуге тікелей бере алады.
16-БАП
САЛЫҚ САЛУ
1. Келісілген желілерде әуе кемелерін пайдаланудан түскен кірістер мен табысқа авиакәсіпорынның қызметтегі басқармасы орналасқан Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында ғана салық салынатын болады.
2. Келісілген желілерді пайдаланатын әуе кемелерімен
және осындай әуе кемелерін пайдалануға қатысты қозғалмайтын
мүлікпен ұсынылатын капиталға кәсіпорынның қызметтегі басқармасы орналасқан Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында ғана салық салынатын болады.
3. Егер Уағдаласушы Тараптардың арасында табыс салығына және капитал салығына қатысты қосарланған салық салуды болдырмау үшін арнайы келісім бар болса, онда оның ережелері басым болады.
17-БАП
КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕРІСТЕР
1. Осы Келісімнің ережелерін орындауға қатысты барлық мәселелер бойынша Уағдаласушы Тараптардың авиациялық билік орындарының арасында тығыз ынтымақтастық рухта мезгіл-мезгіл консультациялар жүргізілетін болады. Мұндай консультациялар, егер Уағдаласушы Тараптар осы мерзімді ұзартуға келіспесе, сұрау салынған күннен бастап 60 күн ішінде басталуы тиіс.
2. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі осы Келісімнің қандай да болмасын ережесін өзгертуді дұрыс деп есептесе ол екінші Уағдаласушы Тараптан консультация сұрай алады. Осылай келісілген өзгерістерді Уағдаласушы Тарап олардың мемлекетішілік рәсімдеріне сәйкес бекітетін болады.
3. Қосымшаға енгізілетін өзгерістер Уағдаласушы Тараптардың тиісті авиациялық билік орындарының арасында келісілетін болады және дипломатиялық арналар бойынша ноталармен алмасқаннан кейін кідіріссіз күшіне енетін болады.
18-БАП
ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ
1. Уағдаласушы Тараптардың арасында осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындайтын кез келген дау бірінші кезекте тікелей келіссөздер арқылы шешілетін болады.
2. Егер Уағдаласушы Тараптар келіссөздерде келісімге келмесе, олар дауды қандай да болмасын құзыретті тұлғаға немесе ұйымға қарауға бере алады; егер олар осымен келіспесе, онда Уағдаласушы Тараптың бірінің өтініші бойынша дау Төрелік соттың қарауына беріледі, бұл үшін Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы өз Тарапынан төреші тағайындайды. Тағайындалған төрешілер Төрелік сот Төрағасының міндеттері жүктелетін үшінші төрешіні анықтайды. Тараптар дипломатиялық арналар бойынша даулы мәселелерді Төрелік сот арқылы шешу туралы хабарлама алған сәттен бастап 60 тәулік ішінде өз төрешісін тағайындауы тиіс. Төрелік соттың Төрағасы келесі 60 тәулік ішінде тағайындалады. Егер бір Уағдаласушы Тарап өз төрешісін тағайындамаса немесе Төрелік соттың ушінші мүшесі белгіленген уақытта тағайындалмаса, Уағдаласушы Тараптар Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы Кеңесінің Төрағасынан төрешілерді немесе Төрелік соттың Төрағасын тағайындауды сұрай алады. Кез келген жағдайда үшінші төреші үшінші елдің азаматы болып табылады және Төрелік соттың Төрағасы болады.
3. Уағдаласушы Тараптар осы Баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешімдерді орындауға міндеттенеді.
4. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі Төрелік соттың шешімін орындамаса, екінші Уағдаласушы Тарап осы Келісіммен екінші Уағдаласушы Тарапқа ұсынылған кез келген құқықтарды және артықшылықтарды шектеуге, тоқтата тұруға немесе жоюға құқылы.
5. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзі тағайындаған төрешінің жұмысына байланысты шығыстар мен төлемдерді өзіне алады.
Төрелік сот Төрағасының қаламақысы мен шығыстарын, сондай-ақ Төрелік сотқа байланысты шығыстарды Уағдаласушы Тараптар тең бөліп төлейді.
19-БАП
КЕЛІСІМНІҢ КҮШІН ТОҚТАТУ
1. Кез келген Уағдаласушы Тарап кез келген уақытта екінші Уағдаласушы Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша осы Келісімнің күшін тоқтату туралы өзінің ниетін хабарлай алады; мұндай хабарлама кідіріссіз Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы Кеңесіне беріледі.
2. Бұл жағдайда, егер тоқтату туралы хабарлама осы кезең біткенге дейін келісім бойынша қайтарылып алынбаса, осындай хабарламаны екінші Уағдаласушы Тарап алған күннен бастап 12 айдан кейін Келісім күшін тоқтатады. Екінші Уағдаласушы Тарап хабарламаны алғанын растамаса, хабарламаны Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы алғаннан кейін он төрт (14) күннен соң хабарлама алған болып есептеледі.
20-БАП
ТІРКЕУ
Осы Келісім және оған кез келген түзетулер Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымында тіркелетін болады.
21-БАП
КҮШІНЕ ЕНУІ
Осы Келісім екі Уағдаласушы Тарап та дипломатиялық арналар бойынша, олардың тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаны алған сәттен бастап күшіне енеді.
Жазылғандардың дәлелдемесі ретінде өзінің тиісті Үкіметтері осыған тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қояды.
Варшава қаласында 1997 жылғы 27 қарашада әрқайсысы қазақ, поляк және орыс тілдерінде 2 түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімді түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін негізге алынады.
Қазақстан Республикасының Поляк Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
ҚОСЫМША
1. Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакәсіпорны төменде көрсетілген бағыт бойынша және қарай әуе қатынасын пайдалануға құқылы:
Қазақстандағы Аралық пункттер Польшадағы Тыс жерлердегі
пункттер пункттер пункттер
Алматы 2 пункт Варшава 2 пункт
2. Поляк Республикасының тағайындалған авиакәсіпорны төменде көрсетілген бағыт бойынша және кері қарай әуе қатынасын пайдалануға құқылы:
Польшадағы Аралық пункттер Қазақстандағы Тыс жерлердегі
пункттер пункттер пункттер
Варшава 2 пункт Алматы 2 пункт
3. Келісілген желі авиакәсіпорынды Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында басталған жағдайда белгіленген бағыттың кез келген немесе барлық пункттері әрбір тағайындаған авиакәсіпорынның қарауы бойынша ұшудың кез келген учаскесінде немесе бүкіл бағытында қалдырылуы мүмкін.
4. Аралық пункттер мен тыс жерлердегі пункттер, сондай-ақ осы пункттерге/ден Бесінші еркіндік құқығын беру Уағдаласушы Тараптардың тағайындаған авиакәсіпорындарының арасындағы жеке уағдаластықтың және авиациялық билік орындары бекітуінің мәселесі болып табылады.