"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 14 сәуірдегі N 283 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасының экономикасын
жаңғырту жөніндегі шаралар туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 20-тармақшасына сәйкес ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия)
құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
      2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы IV тоқсанда "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізсін.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президент

                                             Қазақстан Республикасы 
                                                   Президентінің
                                                    2007 жылғы
                                                   N Жарлығымен
                                                    БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту   мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия)
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші
орган болып табылады.
      2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
      3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасарлары мен
комиссия мүшелерінен тұрады.
      4. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері мен функциялары

      5. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде шешімдерді тұжырымдау мен қабылдау Мемлекеттік комиссияның міндеттері болып табылады.
      6. Мемлекеттік комиссия осы міндеттерді орындау үшін:
      1) Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру жөнінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қабылдайтын шараларға мониторинг жүргізеді және тиімділігін бағалайды;
      2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының
есептерін қарайды;
      3) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық органдардың және облыстардың
(республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан
сұратады.

3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай
өткізіледі.
      8. Мемлекеттік комиссия отырыстарының оның мүшелерінің жалпы
санының үштен екісі қатысқан кезде заңдық құқығы болады. Мемлекеттік
комиссияның мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
      9. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысушы
мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия
мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы
шешуші болып табылады.
      10. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына оның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
      11. Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасауды және
оның отырыстарына төрағалық етуді Мемлекеттік комиссияның төрағасы
жүзеге асырады.
      12. Төраға орнында болмағанда оның міндеттерін оның тапсырмасы
бойынша төраға орынбасарларының бірі атқарады.
      13. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2007 жылғы      
N Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН       

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ

Назарбаев                - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан Әбішұлы          төраға

Мәсімов                  - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы          Премьер-Министрі, төрағаның орынбасары

Жақсыбеков               - Қазақстан Республикасы Президенті
Әділбек Рыскелдіұлы        Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның
                           орынбасары

Комиссия мүшелері:

Келімбетов               - "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ
Қайрат Нематұлы            басқармасының төрағасы

Мирчев Александр         - Қазақстан Республикасы
                           Премьер-Министрінің кеңесшісі

Мусин                    - Қазақстан Республикасы
Аслан Есболайұлы           Премьер-Министрінің орынбасары -
                           Экономика және бюджеттік
                           жоспарлау министрі

Мыңбаев                  - "Самұрық" мемлекеттік активтерді
Сауат Мұхаметбайұлы        басқару жөніндегі қазақстандық холдингі"
                           АҚ басқармасының төрағасы

Эванс Ричард             - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
                           жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ
                           директорлар кеңесінің төрағасы

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по модернизации экономики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 апреля 2007 года N 283

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по модернизации экономики Республики Казахстан".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

  О мерах по модернизации экономики Республики Казахстан

      В соответствии с подпунктом 20)  статьи 44  Конституции Республики Казахстану целях повышения конкурентоспособности и эффективности экономики страны  ПОСТАНОВЛЯЮ :
      1. Образовать Государственную комиссию по вопросам модернизации экономики Республики Казахстан (далее - Государственная комиссия).
      2. Утвердить прилагаемые:
      1) положение о Государственной комиссии;
      2) состав Государственной комиссии.
      3. Правительству Республики Казахстан разработать и внести на утверждение Президенту Республики Казахстан проект Государственной программы "30 корпоративных лидеров Казахстана" (далее - Государственная программа) в IV квартале 2007 года.
      4. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
      Республики Казахстан

УТВЕРЖДЕНО          
Указом Президента   
Республики Казахстан
от _____ 2007 года  
N ____              

  ПОЛОЖЕНИЕ
о Государственной комиссии по вопросам модернизации экономики
Республики Казахстан

  1. Общие положения

      1. Государственная комиссия по вопросам модернизации экономики Республики Казахстан (далее - Государственная комиссия) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.
      2. Государственная комиссия руководствуется в своей деятельности Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Главы государства и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим положением.
      3. Государственная комиссия состоит из председателя, его заместителей и членов Комиссии.
      4. Персональный состав Государственной комиссии утверждается Президентом Республики Казахстан.

  2. Задачи и функции Государственной комиссии

      5. Задачами Государственной комиссии являются выработка и принятие решений по вопросам повышения конкурентоспособности и эффективности экономики Казахстана.
      6. Для выполнения этих задач Государственная комиссия:
      1) проводит мониторинг и дает оценку эффективности мер, предпринимаемых государственными органами и иными организациями по повышению конкурентоспособности и эффективности экономики Казахстана;
      2) рассматривает отчеты государственных органов и их должностных лиц;
      3) запрашивает от центральных и местных исполнительных органов областей (городов республиканского значения, столицы), районов (городов областного значения) информацию, документы и материалы, необходимые для выполнения возложенных на нее задач.

  3. Организация деятельности Государственной комиссии

      7. Заседания Государственной комиссии проводятся по мере необходимости.
      8. Заседания Государственной комиссии правомочны при наличии двух третей от общего числа ее членов. Члены Государственной комиссии участвуют в ее заседаниях без права замены.
      9. Решения Государственной комиссии принимаются большинством голосов от общего числа ее членов, присутствующих на заседании. При равенстве голосов членов Комиссии голос председательствующего является решающим.
      10. На заседания Государственной комиссии могут приглашаться должностные лица, не являющиеся членами Государственной комиссии, а также представители средств массовой информации.
      11. Руководство деятельностью Государственной комиссии и председательствование на ее заседаниях осуществляет председатель Государственной комиссии.
      12. В отсутствие председателя его обязанности исполняет по его поручению один из заместителей председателя.
      13. Рабочим органом Государственной комиссии является Министерство экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан.

УТВЕРЖДЕН           
Указом Президента   
Республики Казахстан
от_____ 2007 года   
N____               

  СОСТАВ
Государственной комиссии по вопросам модернизации экономики
Республики Казахстан

Назарбаев              - Президент Республики Казахстан,
Нурсултан Абишевич       председатель

Масимов                - Премьер-Министр Республики Казахстан,
Карим Кажимканович       заместитель председателя

Джаксыбеков            - Руководитель Администрации Президента
Адильбек Рыскельдинович  Республики Казахстан, заместитель
                         председателя

                 члены Комиссии:

Келимбетов             - председатель правления
Кайрат Нематович         АО "Фонд устойчивого развития "Қазына"

Мирчев Александр       - советник Премьер-Министра
                         Республики Казахстан

Мусин                  - Заместитель Премьер-Министра Республики
Аслан Еспулаевич         Казахстан - Министр экономики и
                         бюджетного планирования

Мынбаев                - председатель правления АО "Казахстанский
Сауат Мухаметбаевич      холдинг по управлению государственными
                         активами "Самрук"

Эванс Ричард           - председатель совета директоров
                         АО "Казахстанский холдинг по управлению
                         государственными активами "Самрук"