Білім алушы тұлғаның қонақ үйде тұруына және тамақтануына арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 338 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1333 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1333 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 100-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1-қосымшаға сәйкес мамандар даярлау Қазақстан Республикасында жүзеге асырылмайтын, өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын білім алушы қызметкердің және (немесе) жеке тұлғаның қонақ үйде тұруына және тамақтануына, салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылуы тиіс салық төлеуші шығыстарының нормалары;
      2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының шегінде өндірістік қызметпен байланысты мамандық бойынша салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын білім алушы қызметкердің және (немесе) жеке тұлғаның қонақ үйде тұруына және тамақтануына, салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылуы тиіс салық төлеуші шығыстарының нормалары белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2007 жылғы 27 сәуірдегі
                                                N 338 қаулысына
                                                   1-қосымша

Мамандар даярлау Қазақстан Республикасында жүзеге асырылмайтын, өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын білім алушы қызметкердің және (немесе) жеке тұлғаның қонақ үйде тұруына және тамақтануына арналған, салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылуы тиіс салық төлеуші шығыстарының нормалары

Елдер

Күндік шығыстар
(АҚШ долларымен)

тамақтану

тұру

1. Америка Құрама Штаттары,
Канада, Жапония, Қытай Халық
Республикасы, Батыс және Шығыс
Еуропа

80-ге
дейін

30-ға
дейін

2. Сингапур, Оңтүстік Корея,
Малайзия, Израиль, Сауд Аравиясы,
Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней,
Оман, Кипр, Австралия, Египет,
Тайланд, Біріккен Араб
Әмірліктері, Оңтүстік Африка
Республикасы, Филиппин

70-ке
дейін

25-ке
дейін

3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
елдері

50-ге
дейін

10-ға
дейін

4. Басқа да елдер

60-қа
дейін

15-ке
дейін

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2007 жылғы 27 сәуірдегі
                                                N 338 қаулысына
                                                   2-қосымша

Қазақстан Республикасының шегінде өндірістік қызметпен байланысты мамандық бойынша салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын білім алушы қызметкердің және (немесе) жеке тұлғаның қонақ үйде тұруына және тамақтануына арналған, салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылуы тиіс салық төлеуші шығыстарының нормалары

Оқу орны

Күндік шығыстар (айлық есептік
көрсеткіш)

тамақтану

тұру

1. Облыс, аудан орталық-
тары

нақты шығындар
бойынша (бірақ
6 АЕК-тен
артық емес)

нақты шығындар
бойынша (бірақ
4 АЕК-тен артық
емес)

2. Астана, Алматы, Атырау
қалалары

нақты шығындар
бойынша (бірақ
6 АЕК-тен
артық емес)

нақты шығындар
бойынша (бірақ
5 АЕК-тен артық
емес)

Об установлении норм расходов на проживание и питание обучаемого лица

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2007 года N 338. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1333 (вводится в действие с 1.01.2009 г.)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1333 (вводится в действие с 1.01.2009 г.).

      

      В соответствии со статьей 100 Кодекса Республики Казахстан от 12 июня 2001 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Установить прилагаемые:
      1) нормы расходов налогоплательщика, подлежащих отнесению на вычеты при определении налогооблагаемого дохода, на проживание и питание обучаемого работника и (или) физического лица, не состоящего с ним в трудовых отношениях, по специальности, связанной с производственной деятельностью, подготовка специалистов по которой в Республике Казахстан не осуществляется, согласно приложению 1 ;
      2) нормы расходов налогоплательщика, подлежащих отнесению на вычеты при определении налогооблагаемого дохода, на проживание и питание обучаемого работника и (или) физического лица, не состоящего с ним в трудовых отношениях, по специальности, связанной с производственной деятельностью, в пределах Республики Казахстан, согласно приложению 2 .

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан

Приложение 1     
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 27 апреля 2007 года N 338

    Нормы расходов налогоплательщика, подлежащих отнесению
     на вычеты при определении налогооблагаемого дохода,
    на проживание и питание обучаемого работника и (или)
      физического лица, не состоящего с ним в трудовых
         отношениях, по специальности, связанной с
   производственной деятельностью, подготовка специалистов
     по которой в Республике Казахстан не осуществляется

Страны

Расходы в день
(в долларах США)

питание

проживание

1. Соединенные Штаты Америки,
Канада, Япония, Китайская
Народная Республика, Западная
и Восточная Европа

до 80

до 30

2. Сингапур, Южная Корея,
Малайзия, Израиль, Саудовская
Аравия, Кувейт, Катар, Бахрейн,
Бруней, Оман, Кипр, Австралия,
Египет, Таиланд, Объединенные
Арабские Эмираты,
Южно-Африканская Республика,
Филиппины

до 70

до 25

3. Страны Содружества
Независимых Государств

до 50

до 10

4. Другие страны

до 60

до 15

Приложение 2      
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 27 апреля 2007 года N 338

     Нормы расходов налогоплательщика, подлежащих отнесению
      на вычеты при определении налогооблагаемого дохода,
     на проживание и питание обучаемого работника и (или)
       физического лица, не состоящего с ним в трудовых
          отношениях, по специальности, связанной с
          производственной деятельностью, в пределах
                      Республики Казахстан

Место обучения

Расходы в день
(месячный расчетный показатель)

питание

проживание

1. Областные,
районные центры

по
фактическим
затратам
(но не
более 6 МРП)

по
фактическим
затратам
(но не более
4-х МРП)

2. Города Астана,
Алматы, Атырау

по
фактическим
затратам
(но не более
6 МРП)

по
фактическим
затратам
(но не более
5-ти МРП)