Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1374 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 7-бөлімде:
реттік нөмірлері 15, 29, 30-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі