Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына және»"Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының және Маңғыстау облысы
әкімдігінің Мұнайлы ауданының әкімшілік шекарасын Ақтау қаласының
Маңғыстау, Баянды, Қызылтөбе ауылдары және Өмірзақ ауылы жерлерінің
бір бөлігін, сондай-ақ Маңғыстау облысы Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының жалпы алаңы 492189 гектар жері бөлігін қоса отырып, белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі