Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды және жеке тұлғалардың әскери нысанды киімді пайдалануын (киюін) шектеу мәселесі бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды және жеке тұлғалардың әскери нысанды киімді пайдалануын (киюін) шектеу мәселесі бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат, N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-4, 37-құжат):
531-бапта:
тақырыпта:
"заңсыз" деген сөзден кейін "пайдалану немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
"немесе" деген сөз "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацында "немесе" деген сөз "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік жаңа редакцияда жазылсын:
"Айырым белгілері, мемлекеттік әскерилендірілген ұйымдардың, құқық қорғау және (немесе) бақылаушы органдардың рәміздері бар нысанды киімді жеке детективтік немесе күзет қызметін жүзеге асыруға арнайы рұқсаты (лицензиясы) бар заңды немесе жеке тұлғаның осы қызметті жүзеге асыруға байланысты заңсыз пайдалануы немесе киюі -
жеке адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, - оннан он беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, - жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".
2. "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жеке күзетшілер, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің қызметкерлері күзет қызметін олардың күзет қызметі субъектілеріне тиесілігін көрсететін арнайы киімде жүзеге асырады. Арнайы киімнің үлгілері мен оны кию тәртібін Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президенті