"Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Рспубликасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 608 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес және Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2017 жылғы 1 наурызға дейінгі кезеңге "Бурабай" арнайы
экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған АЭА туралы ереже бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА-ның қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2007 жылғы N Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН   

"Бурабай" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Ақмола облысы Щучье ауданының аумағында орналасқан.
      АЭА аумағы 370 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
      2. АЭА мынадай мақсаттарда құрылады:
      қолайлы инвестициялық климат құру, отандық және шетелдік инвестициялар тарту;
      "серпінді" инвестициялық жобаларды іске асыру;
      көліктік-логистикалық, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құру;
      ақпараттық, қаржылық, сақтандыру және басқа да қызмет көрсету түрлерін дамыту;
      қазіргі заманғы туристік инфрақұрылымды дамыту және оны инвестициялауға қолайлы жағдайлар жасау;
      табиғи, мәдени-тарихи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау.
      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен,
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы"
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңымен, осы
Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерімен реттеледі.
      4. АЭА аумағындағы негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кең көлемдегі қызмет көрсетуді ұсынатын қазіргі заманғы туристік орталық салу;
      бизнес-жоспарларды әзірлеу мен іске асыруды, жобалық-сметалық құжаттаманы, құрылыс-монтаж жұмыстарын, АЭА аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды қамтитын АЭА-ның қазіргі заманғы туристік инфрақұрылымын құру;
      3) туристік индустрияны қамтамасыз ететін:
      туристерді орналастыру құралдарын;
      қоғамдық тамақтану объектілерін;
      сауықтыру объектілері мен құралдарын (ойын залдары, аквапарктер, ашық спорт алаңдары, аттракциондар, жалға беру пункттері және т.б.);
      танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттардағы объектілерді жобалау, салу.
      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасындағыдан өзге ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2. АЭА-ны басқару және атқарушы органның құзыреті

      6. АЭА-ны басқаруды Ақмола облысының әкімдігі атқарушы орган құру жолымен жүзеге асырады.
      7. Атқарушы орган мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі болады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелене алады, сотта қуынушы және жауап беруші бола алады, сондай-ақ өз атауы мен басқа қажетті деректемелері жазылған елтаңбалық мөрі болады.
      8. Атқарушы орган:
      өзінің құзыреті шегінде АЭА-ның аумағында жалпыға міндетті күші бар актілер шығарады;
      АЭА-ны дамыту стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асырады;
      АЭА-ның аумағындағы мемлекеттік және өзге де органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
      АЭА-ны дамыту мен оны құру мақсаттарына жету үшін отандық және шетелдік инвестициялар, сондай-ақ кредиттік қаражат тартуды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      9. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      10. АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ерікті кеден аймағының кедендік режимі қолданылатын Қазақстан Республикасы кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады. АЭА шекарасының периметрі бойынша арнайы қоршау орнатылады. АЭА-ның периметрлері Қазақстан Республикасының кеден шекарасы болып табылады.
      11. АЭА-ның аумағында кедендік ресімдеу мен бақылау Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Еркін кеден аймағының кедендік режимі ретінде АЭА-ның аумағына мынадай тауарларды орналастыруға жол беріледі:
      1) АЭА-ның аумағында салынатын құрылыс объектілерін қамтамасыз ету үшін қажетті машиналар, тетіктер мен жабдықтар;
      2) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес АЭА-ның аумағында объектілерді салуға және пайдалануға беруге қажетті машиналар, жабдықтар, тауарлар мен материалдар.
      Еркін кеден аймағының кедендік режиміне АЭА-ның аумағында орналастырылған тауарлармен:
      тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
      тауарларды тасымалдауға дайындау (партияны бөлу, сұрыптау, тиеу, түсіру, қайта тиеу) және құрылыс салу процесінде құрылыс салуға бөлінген учаскенің аясында ұтымды орналастыру және тұтыну мақсатында тауарлар мен көлік құралдарын өткізу (кеден органдарының рұқсатымен);
      ғимараттар, имараттар мен құрылыстар салу кезінде құрылыс өндірісі технологиясының талаптарын орындау жөніндегі операцияларды жасауға жол беріледі.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      12. АЭА-ның қызметін жүзеге асыру өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілері теңгерімінің негізінде қоршаған ортаны тұрақты дамытуға және қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделген.

6. Шетелдіктердің АЭА-ның аумағында болу тәртібі

      13. АЭА-ның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіру, шығу, транзиті және болу тәртібі қолданылады.
      7. Қорытынды ережелер
      14. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгертілуі мүмкін.
      АЭА "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.
      АЭА-ны тарату рәсімін атқарушы орган жүзеге асырады.
      17. АЭА-ны құрылған мерзімі аяқталуына байланысты таратқан кезде атқарушы орган:
      көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде АЭА-ның алдағы таратылатындығы, оның таратылуына байланысты өтініштер мен талаптарды қабылдау тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру жариялайды;
      АЭА-ның аумағында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік режимге қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;
      АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.
      18. АЭА-ны Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мерзімінен бұрын тарату осы Ереженің 15-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып алты ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс.
      19. АЭА-ның осы Ережеде реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О создании специальной экономической зоны "Бурабай"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2007 года N 608

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О создании специальной экономической зоны "Бурабай".

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

  О создании специальной экономической зоны "Бурабай"

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 26 января 1996 года "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" и в целях развития Щучинско-Боровской курортной зоны  ПОСТАНОВЛЯЮ :
      1. Создать специальную экономическую зону "Бурабай" (далее - СЭЗ) на период до 1 марта 2017 года.
      2. Утвердить прилагаемое положение о СЭЗ.
      3. Правительству Республики Казахстан принять меры по обеспечению деятельности СЭЗ.
      4. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
      Республики Казахстан

УТВЕРЖДЕНО        
Указом Президента    
Республики Казахстан   
от ______ 2007 года N__  

  Положение
о специальной экономической зоне "Бурабай"

  1. Общие положения

      1. Специальная экономическая зона "Бурабай" (далее - СЭЗ) расположена на территории Щучинского района Акмолинской области.
      Территория СЭЗ составляет 370 га и является неотъемлемой частью территории Республики Казахстан.
      2. СЭЗ создается в целях:
      создания благоприятного инвестиционного климата, привлечения отечественных и зарубежных инвестиций;
      реализации "прорывных" инвестиционных проектов;
      создания транспортно-логистической, инженерно-коммуникационной инфраструктуры;
      развития сферы информационных, финансовых, страховых и других видов услуг;
      развития современной туристской инфраструктуры и создания благоприятных условий для ее инвестирования;
      рационального использования природных, культурно-исторических ресурсов и охраны окружающей среды.
      3. Деятельность СЭЗ регулируется  Конституцией  Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан от 26 января 1996 года "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан", настоящим Положением и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      4. Основными видами деятельности на территории СЭЗ являются:
      1) строительство современного туристского центра, предоставляющего широкий спектр услуг, соответствующих международным стандартам;
      2) создание современной туристской инфраструктуры СЭЗ, включающее разработку и реализацию бизнес-планов, проектно-сметной документации, строительно-монтажные работы, работы по благоустройству территории СЭЗ;
      3) проектирование, строительство объектов, обеспечивающих туристскую индустрию:
      средств размещения туристов;
      объектов общественного питания;
      объектов и средств развлечения (игровых залов, аквапарков, открытых спортивных площадок, аттракционов, прокатных пунктов и др.);
      объектов познавательного, оздоровительного, делового, спортивного и иного назначения.
      5. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в законодательстве Республики Казахстан о специальных экономических зонах, то применяются правила международного договора.

  2. Управление СЭЗ и полномочия исполнительного органа

      6. Управление СЭЗ осуществляется акиматом Акмолинской области путем создания исполнительного органа.
      7. Исполнительный орган является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, обладает обособленным имуществом, может от своего имени приобретать имущественные и личные неимущественные права, быть истцом и ответчиком в суде, а также имеет гербовую печать со своим наименованием и другие необходимые реквизиты.
      8. Исполнительный орган:
      издает акты в пределах своей компетенции, имеющие общеобязательную силу на территории СЭЗ;
      осуществляет разработку и реализацию стратегии и программы развития СЭЗ;
      обеспечивает взаимодействие государственных и иных органов на территории СЭЗ;
      осуществляет привлечение отечественных и иностранных инвестиций, а также кредитных средств для развития СЭЗ и достижения целей ее создания;
      осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

  3. Налогообложение на территории СЭЗ

      9. Налогообложение на территории СЭЗ регулируется налоговым законодательством Республики Казахстан.

  4. Таможенное регулирование

      10. Территория СЭЗ является частью таможенной территории Республики Казахстан, на которой действует таможенный режим свободной таможенной зоны в соответствии с таможенным законодательством Республики Казахстан. Границы СЭЗ по ее периметру оборудуются специальным ограждением. Периметры СЭЗ являются таможенной границей Республики Казахстан.
      11. Таможенное оформление и контроль на территории СЭЗ осуществляются в порядке, определенном таможенным законодательствам Республики Казахстан.
      Нa территории СЭЗ под таможенный режим свободной таможенной зоны допускается помещение следующих товаров:
      1) машины, механизмы и оборудование, необходимые для обеспечения строительства объектов, возводимых на территории СЭЗ;
      2) машины и оборудование, товары и материалы, необходимые для строительства и ввода объектов в эксплуатацию на территории СЭЗ в соответствии с проектно-сметной документацией.
      На территории СЭЗ с товарами, помещенными под таможенный режим свободной таможенной зоны, допускается совершение операций по:
      1) обеспечению сохранности товаров;
      2) подготовке товаров к транспортировке (дробление партий, сортировка, погрузка, выгрузка, перегрузка) и перемещение товаров и транспортных средств (с разрешения таможенного органа) в пределах выделенных участков застроек с целью рационального размещения и потребления в процессе строительства;
      3) выполнению требований технологии строительного производства при возведении зданий, строений и сооружений.

  5. Охрана окружающей среды

      12. Осуществление деятельности в СЭЗ основано на рациональном и эффективном использовании природных ресурсов посредством создания условий для перехода к устойчивому развитию и охране окружающей среды на основе баланса экономических, социальных и экологических аспектов повышения качества жизни.

  6. Порядок пребывания иностранцев на территории СЭЗ

      13. На территории СЭЗ действует порядок въезда, выезда, транзита и пребывания иностранцев и лиц без гражданства, а также их транспортных средств, установленный законодательством Республики Казахстан и международными договорами, участником которых является Республика Казахстан.

  7. Заключительные положения

      14. Условия, установленные в настоящем Положении, могут изменяться Указом Президента Республики Казахстан.
      15. СЭЗ упраздняется по основаниям, предусмотренным  Законом  Республики Казахстан от 26 января 1996 года "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан".
      16. Процедура упразднения СЭЗ осуществляется исполнительным органом.
      17. При упразднении СЭЗ в связи с истечением срока, на который она создавалась, исполнительный орган:
      не позднее, чем за три месяца до истечения указанного срока публикует в средствах массовой информации объявление на государственном и русском языках о предстоящем упразднении СЭЗ, порядке и сроках приема заявлений и претензий, связанных с ее упразднением;
      обеспечивает разъяснение физическим и юридическим лицам, осуществляющим деятельность на территории СЭЗ, порядка переоформления находящихся на ее территории товаров в иной таможенный режим;
      в месячный срок после упразднения СЭЗ представляет Президенту Республики Казахстан и Правительству Республики Казахстан отчет о результатах деятельности СЭЗ.
      18. Досрочное упразднение СЭЗ Указом Президента Республики Казахстан должно быть завершено не позднее чем в шестимесячный срок с соблюдением процедур, предусмотренных пунктом 15 настоящего Положения.
      19. Деятельность СЭЗ, не урегулированная настоящим Положением, осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.