Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында
Қытай Халық Республикасының Бас консулдығын ашу туралы ноталармен
алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің
атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Қытай Халық
Республикасының Бас консулдығын ашу туралы ноталармен алмасу
нысанындағы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер
министрлігі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және 2007 жылдың 13 тамызындағы N 217/2007 келесі мазмұндағы нотаны алғандығын растауды өзіне мәртебе санайды:
"Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және 2005 жылғы 25 наурыздағы Шанхай қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын құру туралы қытай-қазақстан үкіметаралық келісіміне сәйкес, Алматы қаласында Бас консулдық құру құқығын Қытай Халық Республикасының Үкіметі өзінде қалдыратындығын хабарлауды мәртебе санайды. Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі (Бұдан әрі - "Тараптар" деп аталатын) достық консультациялар нәтижесінде Алматы қаласында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығын құру келісіміне қол жеткізді және төмендегілер туралы уағдаласты.
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі консулдық округы Алматы қаласын, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын қамтитын Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығын құруға келісім береді.
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
Пекин қаласы
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясын және өз мемлекетінің заңнамасын негізге ала отырып, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығын құру мен консулдық функцияларын орындау үшін қажетті жәрдем көрсетеді және жағдай жасайды.
3. Тараптар екі мемлекет арасындағы консулдық мәселелерді өзаралық рухында халықаралық құқық пен тәжірибенің, соның ішінде 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының негізінде достық консультациялар жолымен шешеді.
Егер Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда баяндалған мазмұнды растайтын болса, онда осы нота және Қазақстан Республикасы СІМ-нің жауап нотасы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жеке Келісімді құрайды, ол Қазақстан Республикасы СІМ-нің жауап нотасын тапсырған күннен бастап күшіне енді.
Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің жоғары ілтипатын білдіретіндігіне тағы да сендіреді".
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасының Үкіметі Қытай Халық Республикасы Үкіметінің ұсынысымен келісетіндігін және Қытай халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің нотасы мен осы нота Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы келісімді құрайтынын және ол Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында осы нотаны алған күннен бастап күшіне енетіндігін хабарлауды өзіне мәртебе санайды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы мүмкіндікті пайдаланып, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің жоғары ілтипат білдіретіндігіне тағы да сендіреді.
Астана қаласы, 2007 жылғы "___"__________