Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі N 847 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»"Қарағанды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қарағанды орман мекемесі) орман қоры жерінен алаңы 60 гектар жер учаскесі (бұдан әрі - жер учаскесі) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Қарағанды облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскесін металдық кремний өндіру бойынша металлургия зауытын салуға "Silicium Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және жер учаскесіндегі жас ағаштарды Қарағанды орман мекемесінің орман қоры жерінің аумағына қайта отырғызуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О переводе отдельного участка земель лесного фонда в земли другой категории

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2007 года N 847

      В соответствии со статьями  130 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года и  51 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Перевести земельный участок площадью 60 гектаров (далее - земельный участок) из земель лесного фонда государственного учреждения "Карагандинское хозяйство по охране лесов и животного мира" управления природных ресурсов и регулирования природопользования Карагандинской области (далее - Карагандинское лесное учреждение) в категорию земель промышленности, транспорта, связи, обороны и иного несельскохозяйственного назначения.

      2. Акиму Карагандинской области в установленном законодательством порядке обеспечить предоставление земельного участка товариществу с ограниченной ответственностью "Silicium Kazakhstan" (далее - товарищество) под строительство металлургического завода по производству металлического кремния.

      3. Товариществу в соответствии с действующим законодательством возместить в доход республиканского бюджета потери лесохозяйственного производства, вызванные изъятием лесных угодий для использования их в целях, несвязанных с ведением лесного хозяйства и обеспечить пересадку молодых деревьев, находящихся на земельном участке, на территорию земель лесного фонда Карагандинского лесного учреждения.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан