"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне "Reed Smith Richards Butler LLP" компаниясының (Лондон, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) қызметтеріне ақы төлеу үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 380000000 (үш жүз сексен миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулының 1-тармағында көзделген қаражат шегінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
осы қаулыға сәйкес заң қызметтерін мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты мақсатты және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
21-бабының
3, 4-тармақтарын орындауды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.