Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Бірлік" тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорынды қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 39-жол алынып тасталсын;
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі