Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 473 , 474-баптарына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) түбірімен босатылатын сүрек төлемақысының базалық ставкалары;
2) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысын есептеу ережесі мен оны бюджетке енгізу мерзімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Өсіп тұрған сүрек үшін төлемнің базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшін төлемді есептеу және бюджетке енгізу ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 431
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 11, 110-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы N 695 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 328-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қазандағы
N 950 қаулысымен
бекітілген
Түбірімен босатылатын сүрек төлемақысының базалық ставкалары
1. Түбірімен босатылатын сүрек төлемақысының базалық ставкалары осы ставкалардың 2-тармағында көзделген коэффициенттерді ескере отырып, 1 м 3 үшін төлем ставкасының (бұдан әрі - ставка) мөлшерімен белгіленеді.
Айлық есептік көрсеткіштермен 1 м
3
үшін төлем
ставкаларының мөлшері
Р/с
|
Ағаш-бұта
|
Жоғарғы бөлігіндегі дің
|
Қабықты
|
||
ірі (25
|
орташа
|
ұсақ
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Қарағай |
1,48 |
1,05 |
0,52 |
0,21 |
2 |
Шренке шыршасы |
1,93 |
1,37 |
0,68 |
0,27 |
3 |
Сібір шыршасы,
|
1,34 |
0,95 |
0,48 |
0,16 |
4 |
Самырсын |
1,19 |
0,85 |
0,41 |
0,15 |
5 |
Балқарағай |
2,67 |
1,91 |
0,93 |
0,23 |
6 |
Ағаш тектес арша |
1,79 |
1,26 |
0,63 |
0,27 |
7 |
Емен, шаған |
2,67 |
1,91 |
0,93 |
0,41 |
8 |
Жабысқақ қара
|
0,60 |
0,42 |
0,21 |
0,14 |
9 |
Сексеуіл |
|
|
|
0,60 |
10 |
Қайың |
0,69 |
0,48 |
0,23 |
0,16 |
11 |
Көктерек, ағаш
|
0,52 |
0,37 |
0,18 |
0,11 |
12 |
Грек жаңғағы,
|
3,24 |
2,32 |
1,15 |
0,35 |
13 |
Өрік, аққараған,
|
1,90 |
1,35 |
0,68 |
0,23 |
14 |
Ағаш тектес арша,
|
|
|
0,34 |
0,18 |
15 |
Сары қараған,
|
|
|
0,19 |
0,12 |
2. Осы ставкаларға мынадай көтеріңкі және азайту коэффициенттері қолданылады:
1) кеспеағаштардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан
қашықтығына қарай:
10 км-ге дейін - 1,30; 10,1 - 25 км - 1,20; 25,1 - 40 км - 1,00;
40,1 - 60 км - 0,75; 60,1 - 80 км - 0,55; 80,1 - 100 км - 0,40;
100 км-дан астам - 0,30.
Кеспеағаштың жалпыға ортақ пайдаланатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш орталығынан жолға дейінгі ең қысқа қашықтық бойынша картографиялық материалдар бойынша анықталады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзетіледі:
жазық бедер - 1,1;
жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;
таулы бедер - 1,5;
2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;
3) басты мақсатта пайдалануға іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;
4) сүректі тау жоталарындағы 20 градустан жоғары ылдидан босату кезінде - 0,7;
5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделген коэффициенттер алдыңғы коэффициентті қолданғаннан кейін алынған ставкадан әрқайсысы есептеп шығарылады.
3. Қалған кесінділер қайта өңдеу үшін немесе отынға пайдалану үшін сүректі түбірімен босату кезінде өткізілетін ұшар басынан жойғаны үшін 40 пайыз мөлшерінде, ал қалған бұтақшалар үшін тиісті ағаш тұқымының отындық сүрегі ставкасынан 20 пайыз мөлшерінде төлем алынады.
4. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарының»"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 473-бабының 2-тармағына сәйкес осы ставкалардың мөлшерін екі есеге дейін арттыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қазандағы
N 950 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысын есептеу ережесі мен оны бюджетке енгізу мерзімі
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысын есептеу ережесі мен оны бюджетке енгізу мерзімі (бұдан әрі - Ереже) орманды пайдаланудың мынадай түрлері үшін төлемді есептеу тәртібін және оны бюджетке енгізу мерзімін айқындайды:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр мен ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбірлер, тамырлар, жапырақтар, ағаш бүршіктері және бұталар) дайындау;
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал өсіру, аң өсіру, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалануға және бір жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді орман пайдалануға беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланудың мына түрлері ғана жүзеге асырылуы мүмкін:
1) жанама орман пайдалану;
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану рұқсаттама құжаттарының: Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман иеленушілер беретін ағаш кесу билеті мен орман билетінің негізінде жүзеге асырылады.
4. Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға сүрек, шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және тасып әкетуге құқық беретін құжат болып табылады.
Ағаш кесу билетінде сүрек дайындау және тасып әкету мерзімдері көрсетіледі. Бұл ретте сүректі дайындау мерзімі кеспеағаштарды кесу белгіленген жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін, ал әкету мерзімі келесі жылдың 1 мамырына дейін белгіленеді.
5. Орман билеті жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады.
2. Орманды пайдаланғаны үшін төлемді есептеу тәртібі және оны бюджетке енгізу мерзімі
6. Орманды пайдаланғаны үшін төлем мерзімін мемлекеттік орман иеленушілер сүректі түбірімен босату кезінде кеспеағаштарды материалдық-ақшалай бағалау және орман пайдалану көлемі мен түбірімен босатылатын сүрек үшін осы ставкаларды және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейтін орман пайдаланудың өзге түрлері үшін төлем ставкаларын ескере отырып, орман пайдаланудың өзге түрлері үшін есеп-қисаптар негізінде айқындайды.
7. Орманды пайдаланғаны үшін төлем облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджет кірістері жіктемесінің тиісті кодына енгізіледі.
8. Орманды ұзақ мерзімді пайдаланған кезде төлемді бюджетке енгізу орманды пайдалануға арналған шартты мемлекеттік тіркеген күннен бастап орманды пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасынан тең үлестермен төленетін тоқсан сайынғы төлем түрінде келесі тоқсандағы айдың 15-күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
9. Орманды қысқа мерзімді пайдаланған кезде төлемді бюджетке енгізу оларда төлем құжатының деректемелерін көрсете отырып, жасалған ақы төлеу туралы белгі қойылатын рұқсат құжаттарын алғанға дейін жүргізіледі.
10. Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу орман пайдалану орны бойынша банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аударып не қатаң есептілік бланкілері негізінде тиісті органда ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргізіледі.
Қатаң есептілік бланкілерінің нысанын және қолма-қол ақшамен енгізілген төлемақы сомаларын бюджетке есептеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілейді.
11. Орман пайдаланушылар түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақыны бюджетке енгізуді жазып берілген ағаш кесу билеттері бойынша сүрек құнының жалпы сомасының тең үлестерімен төленетін тоқсан сайынғы төлем түрінде ағаш кесу билетін алғаннан кейін ағаш кесу билеті жазып берілген жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей толық төлеуді аяқтай отырып, келесі тоқсандағы айдың 15-күнінен кешіктірмей жүргізеді.
12. Сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман материалдарын (шамамен саны бойынша немесе алаңы бойынша ескере отырып, сондай-ақ қателерді анықтаған кезде) босатқан кезде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман материалдарының жалпы саны ағаш кесу билетінде (егер дайындау оларда көрсетілген орындардың шегінде жүргізілген кезде) көзделген санына (алаңына) сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік орман иеленушілер орман пайдаланушылардың төлемді кезекті төлеу мерзімінде қайта есептесу кезінде белгіленген нақты дайындалған көлем үшін төлемнің толық сомасын төлеуін қамтамасыз етеді.
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ормандардың қурауы немесе құрып кетуі қатері төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдауын қоспағанда, төленген соманы қайтару жүргізілмейді.
Бұл ретте төлеуші орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган берген ағаш кесуге рұқсат билетін, орман пайдалануға орман билетін пайдаланбағанын растайтын құжатты бергеннен кейін қайтару жүргізіледі.
14. Кезекті мерзімге кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ кесу басталмаған өткен жылғы кеспеағаштар үшін осы Ережеде белгіленген тәртіппен қайталап төлем алу жүргізіледі.
15. Осы Ереженің 4-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзімде ағаш кесу басталып, оларды кесу аяқталмаған кезде, сондай-ақ орманда сүректер дайындалып, бірақ мерзімінде әкетілмей қалған кезде орман пайдаланушы 5 айдан аспайтын мерзімге осы жұмыстарды жүргізу үшін мерзімді ұзарта алады.
Мемлекеттік орман иеленуші орман пайдаланушының сүректерді дайындауды немесе оларды әкетуді аяқтаудың белгіленген мерзімінен кешіктірмей беруге тиіс жазбаша өтініші бойынша мерзімін ұзартуды жүргізеді.
Мерзімі ұзартылған ағаш кесу үшін қайтадан төлемақы алынбайды.
16. Бюджетке төлем сомасын уақтылы енгізбегені үшін орман пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімақы есептеледі.
17. Мемлекеттік орман иеленушілер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей өздері орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша мәліметтер береді.
18. Салық қызметі органдары орманды пайдаланғаны үшін төлемнің дұрыс есептелуін, толық алынуы мен уақтылы бюджетке аударылуын бақылауды жүзеге асырады.