Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 977 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "67. Түсімдерді бөлуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін»"Бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шоты арасындағы түсімдер сыныптамасының түсімдерін бөлу" кестесінің, мұнай операцияларын жүргізу, келісім-шарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган тоқсан сайын беретін мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнайды және газ конденсатын іске асыратын заңды тұлғалардың тізбесінің және облыс мәслихатының шешімімен белгіленетін облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті және оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлу нормативтерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2007 года N 977. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.02.2009 № 220 (вводится в действие с 01.01.2009).

      В целях совершенствования исполнения республиканского и местных бюджетов Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225 "Об утверждении Правил исполнения республиканского и местных бюджетов" следующее изменение:
      в Правилах исполнения республиканского и местных бюджетов, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 67 изложить в следующей редакции:
      "67. Распределение поступлений осуществляется центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета на основании таблицы "Распределение поступлений классификации поступлений между уровнями бюджета и контрольным счетом наличности Национального фонда Республики Казахстан по Единой бюджетной классификации", утверждаемой приказом центрального уполномоченного органа по бюджетному планированию, перечня юридических лиц, занимающихся нефтяными операциями, а также реализующих сырую нефть и газовый конденсат, ежеквартально представляемого государственным органом, осуществляющим государственное регулирование в области проведения нефтяных операций, заключения и исполнения контрактов и нормативов распределения поступлений между областным бюджетом, бюджетом города республиканского значения, столицы и его районными (городов областного значения) бюджетами, устанавливаемых решением маслихата области.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2007 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан