"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңына
, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шәріп Омаровтың денесін жеткізу үшін Прага - Алматы бағыты бойынша чартерлік авиарейске ақы төлеуге 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берілетін күнге белгілеген бағам бойынша 115400 (бір жүз он бес мың төрт жүз) еуроға баламалы сомада ақшалай қаражат бөлінсін.