Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 983 Қаулысы

      2007-2008 жылғы күзгі-қысқы кезеңде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Шығыс Қазақстан облысының әкіміне аудару үшін 2007-2008 жылғы жылыту кезеңіне Семей қаласына отынның нормативтік бір айлық қорын жасауға 297500000 (екі жүз тоқсан жеті миллион бес жүз мың) теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2007 года N 983

      В целях обеспечения устойчивой работы объектов жизнеобеспечения города Семей Восточно-Казахстанской области в осеннее-зимний Республики Казахстан период 2007-2008 годов Правительство  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Выделить Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2007 год, на неотложные затраты, целевые текущие трансферты для перечисления акиму Восточно-Казахстанской области на создание нормативного месячного запаса топлива к отопительному периоду 2007-2008 годов для города Семей в сумме 297500000 (двести девяносто семь миллионов пятьсот тысяч) тенге.

      2. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан