"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 989 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Астананың сәулет кеңесі туралы

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Астананың сәулет кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Кеңестің құрамы;
      2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2007 жылғы N Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН    

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Астананың сәулет кеңесінің
ҚҰРАМЫ

Назарбаев                  - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан Әбішұлы            төраға

Мәсімов                    - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы            Премьер-Министрі, төрағаның орынбасары

Мамин                      - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Асқар Ұзақбайұлы             орынбасары

Жүнісов                    - "Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсенбек Ендібайұлы         құрылысы департаменті" мемлекеттік
                             мекемесінің директоры (Астана
                             қаласының бас сәулетшісі), хатшы

Шөкеев                     - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы             Премьер-Министрінің орынбасары

Досмағамбетов              - "Астана қаласы бас жоспарының
Баир Фарденұлы               ғылыми-зерттеу жобалау институты"
                             мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
                             директоры

Омаров                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Қайсар Оспанұлы              сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын
                             үй-коммуналдық шаруашылық істері
                             комитетінің төрағасы

Чиканаев                   - профессор, Астана қаласының еңбек
Аманжол Шаймерденұлы         сіңірген сәулетшісі

Габриель Таглиавенти       - сәулетші және жобалаушы, Уэльс
                             ханзадасы атындағы Сәулет өнері
                             мектебінің профессоры, Италия
                             (келісім бойынша)

Рикардо Бофилл             - сәулетші, Испания (келісім бойынша)

Фостер Норманн             - сәулетші, Ұлыбритания (келісім бойынша)

Хиджас бин Кастури         - сәулетші және қала салушы, Малайзия
                             (келісім бойынша)

Эрик Кун                   - сәулет магистрі, Америка Құрама
                             Штаттары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2007 жылғы N Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Астананың сәулет кеңесі туралы
ереже 1. Жалпы ережелер

      1.   Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) астананың аумағын дамыту мен құрылысын салу бас жоспарының мәселелерін жалпы үйлестіру үшін тұрақты жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмысшы органы жүзеге асырады.
      4. Астана қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) астананың аумағын дамыту мен құрылысын салу бас жоспарының мәселелерін жалпы үйлестіру, қала құрылысы кеңістігін дамыту нақты кезеңдерінің тұжырымдамалық міндеттерін қарау;
      2) астананың құрылысын салу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және қала құрылысы қызметін дамыту мен астананың аумағында құрылысы салу бағыттары жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) сәулет және қала құрылыс саласындағы соңғы жылдардағы әлемдік жетістіктер ұстанымын ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және астананы салу саласындағы бағдарламаларды әзірлеу, Астана қаласын салудың уақтылы тәжірибесін енгізу жөнінде ұсынымдар дайындау.

3. Кеңестің құқықтары

      6. Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін:
      1) Кеңестің міндеттерін іске асыруға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
      2) консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға;
      3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін тиісті мамандар мен ғалымдарды тартуға құқығы бар.

4. Кеңестің құрамы және оның қызметін ұйымдастыру

      7. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес төрағасы болып табылады.
      8. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
      2) Астана қаласының әкімі Кеңес төрағасының орынбасарлары болып табылады.
      9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, астана әкімдігінің өкілдері, отандық және шетелдік сәулетшілер Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.
      10. Кеңестің жоспарлы отырыстары жыл сайын қыркүйек айында өтеді.
      11. Кеңестің кезектен тыс отырысы қарауға ұсынылатын мәселелердің тізбесін көрсете отырып, Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша шақырылады.
      12. Кеңес шешімдері отырысқа қатысқан оның мүшелеріне жазбаша сауал қою жолымен олардың көпшілік даусымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.
      13. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.

5. Кеңестің жұмыс органы

      14. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңестің отырыстарының өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      2) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде Кеңес отырысы күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
      3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
      4) Кеңес мүшелерін Кеңес отырысы өтетін орын, уақыт және оның күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      5) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап үш күн ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді;
      6) Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің құрамы жөнінде ұсыныстар қалыптастырады.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Об Архитектурном совете столицы при Президенте Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2007 года N 989

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "Об Архитектурном совете столицы при Президенте Республики Казахстан".

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

Об Архитектурном совете столицы при Президенте Республики Казахстан

      В соответствии с  пунктом 2  статьи 12 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О статусе столицы Республики Казахстан"  ПОСТАНОВЛЯЮ :
      1. Образовать Архитектурный совет столицы при Президенте Республики Казахстан (далее - Совет).
      2. Утвердить прилагаемые:
      1) состав Совета;
      2) Положение о Совете.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
       Республики Казахстан

УТВЕРЖДЕН         
Указом Президента      
Республики Казахстан    
от "__" _______ 2007 года N__

Состав
Архитектурного совета столицы при Президенте Республики Казахстан

Назарбаев                 - Президент Республики Казахстан,
Нурсултан Абишевич          председатель

Масимов                   - Премьер-Министр Республики Казахстан,
Карим Кажиканович           заместитель председателя

Мамин                     - аким города Астаны, заместитель
Аскар Узакпаевич            председателя

Жунусов                   - директор Государственного учреждения
Сарсембек Ендибаевич        "Департамент архитектуры и
                            градостроительства города Астаны"
                            (главный архитектор города Астаны),
                            секретарь

Шукеев                    - Заместитель Премьер-Министра
Умирзак Естаевич            Республики Казахстан

Досмагамбетов             - директор Государственного коммунального
Баир Фарденулы              предприятия "Научно-исследовательский
                            проектный институт генерального плана
                            города Астаны"

Омаров                    - председатель Комитета по делам
Кайсар Оспанович            строительства и жилищно-коммунального
                            хозяйства Министерства индустрии и
                            торговли Республики Казахстан

Чиканаев                  - профессор, заслуженный архитектор
Аманжол Шаймерденович       города Астаны

Габриель Таглиавенти      - архитектор и проектировщик, профессор
                            школы архитектуры имени Принца Уэльского,
                            Италия (по согласованию)

Рикардо Бофилл            - архитектор, Испания (по согласованию)

Фостер Норманн            - архитектор, Великобритания
                            (по согласованию)

Хиджас бин Кастури        - архитектор и градостроитель, Малайзия
                            (по согласованию)

Эрик Кун                  - магистр архитектуры, Соединенные
                            Штаты Америки (по согласованию)

УТВЕРЖДЕНО        
Указом Президента     
Республики Казахстан    
от "__" _______ 2007 года N__

Положение
об Архитектурном совете столицы при Президенте Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Архитектурный совет столицы при Президенте Республики Казахстан (далее - Совет) является постоянно действующим консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан для общей координации вопросов генерального плана развития и застройки территории столицы.
      2. Совет в своей деятельности руководствуется  Конституцией  Республики Казахстан,   Законом  Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О статусе столицы Республики Казахстан", иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      3. Обеспечение деятельности Совета осуществляется рабочим органом Совета.
      4. Рабочим органом Совета является местный исполнительный орган города Астаны (далее - рабочий орган Совета).

2. Основные задачи Совета

      5. Основными задачами Совета являются:
      1) общая координация вопросов генерального плана развития и застройки территории столицы, рассмотрение концептуальных задач конкретных этапов развития градостроительного пространства;
      2) выработка предложений по совершенствованию нормативной правовой базы по вопросам застройки столицы и направлениям развития градостроительной деятельности и застройки территории столицы;
      3) выработка рекомендаций по разработке программ в области архитектуры, градостроительства и строительства столицы, внедрению своевременной практики строительства города Астаны с учетом позиции последних мировых достижений в сфере архитектуры и градостроительства.

3. Права Совета

      6. Совет для реализации возложенных на него задач имеет право:
      1) вносить предложения и рекомендации по вопросам, связанным с реализацией задач Совета;
      2) проводить консультации, запрашивать и получать информацию от государственных органов и организаций;
      3) привлекать для участия в обсуждении проблемных вопросов соответствующих специалистов и ученых.

4. Состав и организация деятельности Совета

      7. Председателем Совета является Президент Республики Казахстан.
      8. Заместителями председателя Совета являются:
      1) Премьер-Министр Республики Казахстан;
      2) аким города Астаны.
      9. Постоянными членами Совета являются представители Правительства Республики Казахстан, акимата столицы, отечественные и зарубежные архитекторы.
      10. Плановые заседания Совета проводятся ежегодно в сентябре месяце.
      11. Внеочередное заседание Совета созывается по поручению председателя Совета с указанием перечня предлагаемых для рассмотрения вопросов.
      12. Решения Совета принимаются большинством голосов присутствующих на заседании его членов путем их письменного опроса. В случае равенства голосов по обсуждаемому вопросу голос председателя совета или лица, его замещающего, является решающим.
      13. По итогам заседаний Совета принимаются решения, оформляемые протоколом.

5. Рабочий орган Совета

      14. Рабочий орган Совета:
      1) обеспечивает организацию проведения заседаний Совета;
      2) формирует проект повестки дня заседания Совета на основе предложений членов Совета и ранее принятых им решений;
      3) осуществляет мониторинг исполнения протокольных решений Совета;
      4) оповещает членов Совета о месте, времени проведения и повестке дня заседания Совета и своевременно обеспечивает их необходимыми материалами;
      5) в течение трех дней со дня принятия решений Совета направляет копию протокола и иные необходимые материалы членам Совета и другим заинтересованным лицам;
      6) формирует предложения Президенту Республики Казахстан по составу Совета.