Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
"Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақтан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
конвенциясын ратификациялау туралы
2003 жылғы 31 қазандағы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы мынадай хабарламалармен және ескертпемен ратификациялансын:
1) Конвенцияның 44-бабы 6-тармағының а) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияны адамды ұстап беру мәселелері бойынша Конвенцияның басқа қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастық үшін құқықтық негіз ретінде пайдаланады;
2) Конвенцияның 46-бабының 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына жіберілетін құқықтық көмек туралы өтініштер және оған қоса берілетін материалдар қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармалары мен бірге жүруге тиіс;
3) Конвенцияның 66-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін Конвенцияның 66-бабы 2-тармағының ережелеріне байланыстымын деп есептемейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОНВЕНЦИЯСЫ
(2003 ж.)
Кіріспе
Осы конвенцияға қатысушы - мемлекеттер,
демократиялық институттар мен құндылықтарды, әдептік құндылықтар мен әділеттілікті бұзатын және тұрақты даму мен құқық тәртібіне нұқсан келтіретін қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сыбайлас жемқорлық туғызатын проблемалар мен елеулі қауіп-қатерге алаңдаушылық білдіре отырып,
сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен қылмысын басқа да түрлері, атап айтқанда, ақша қаражаттарының жылыстатылуын қоса алғанда, ұйымдасқан қылмыс пен экономикалық қылмыс арасындағы байланыстарға алаңдаушылық білдіре отырып,
мемлекет ресурстарының елеулі үлесін құрауы және осы мемлекеттердің саяси тұрақтылығы мен тұрақты дамуына қатер төндіруі мүмкін активтердің көп көлемімен байланысты сыбайлас жемқорлықтың жағдайларына алаңдаушылық білдіре отырып,
ендігі жерде сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып, керісінше ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғанына, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғанына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы тек қана халықаралық ынтымақтастықтың және оған қарсы күрестің зор маңызына байланысты екеніне көз жеткізе отырып,
сонымен бірге кең көлемді көп тәртіпті көзқарас сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу үшін қажет екеніне көз жеткізе отырып,
одан әрі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу саласында техникалық көмекке ие болу, оның ішінде әлуетті күшейту мен институттар құру мемлекеттер мүмкіндіктерін ұлғайтуда маңызды рөл атқаратынына көз жеткізе отырып,
жеке өзінің әл-ауқатына заңсыз жолмен ие болу демократиялық институттарға, ұлт экономикасы мен құқық тәртібіне елеулі нұқсан келтіретініне көз жеткізе отырып,
заңсыз жолмен ие болған активтердің халықаралық аударымының неғұрлым тиімді түрде алдын алуға, оларды анықтау мен жолын кесуге және активтерді қайтару жөнінде шаралар қолдануда халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға батыл бағыт ұстай отырып,
мүліктік құқықтарды анықтау үшін қылмыстық іс жүргізу барысында тиісті заң қолданудың негізгі принциптерін растай отырып,
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою - бұл барлық мемлекеттердің міндеті және осы саладағы өздерінің күш-жігері тиімділігін қамтамасыз ету үшін олар жекелеген адамдар мен азаматтық қоғам, мемлекеттік емес ұйымдар мен қауымдастықтар негізінде қызмет атқаратын ұйымдар сияқты топтардың жария сектордың шектерінен тыс қолдау көрсету жағдайында бір-бірімен ынтымақтасуға тиіс екенін ескере отырып,
сондай-ақ көпшілік істері мен көпшілік мүлкін басқаруға заң алдындағы әділеттік, жауапкершілік пен теңдік, адалдық пен пара алмаушылықты қамтамасыз ету, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесу принциптерін ескере отырып,
Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссияның және Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес саласындағы есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасының жұмысын жоғары бағалай отырып,
осы саладағы халықаралық және аймақтық ұйымдардың жұмысына, Африка одағының, Еуропалық одақтың, Араб мемлекеттері Лигасының, Америка мемлекеттері ұйымының, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының, Еуропа Кеңесі мен (сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымы ретінде белгілі) Кеден ынтымақтастығы жөніндегі кеңестің қызметіне сілтеме жасай отырып,
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі көпжақты құжаттарды, атап айтқанда, 1986 жылғы 30 наурызда Америка мемлекеттері ұйымы қабылдаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Америкааралық конвенциясы, Еуропа қауымдастығының лауазымды адамдарын немесе 1997 жылғы 26 мамырда Еуропа Кеңесі қабылдаған Еуропа одағына мүше мемлекеттер лауазымды адамдарын қамтитын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы конвенцияны, 1997 жылғы 21 қарашада Экономикалық ынтымақтастық пен дамыту Ұйымы қабылдаған Халықаралық коммерциялық мәмілелердегі лауазымды адамды да параға сатып алуға қарсы күрес конвенциясын, 1999 жылғы 27 қаңтарда Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті қабылдаған Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияны, 1999 жылғы 4 қарашадағы Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті қабылдаған Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенцияны және 2003 жылғы 12 шілдеде Африка одағы мемлекеттері мен үкіметтері басшылары қабылдаған Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы Африка одағының Конвенциясын қоса алғанда, сенім білдірумен назарға ала отырып,
2003 жылғы 29 қыркүйекте күшіне енген Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық шекарадан тыс ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияның күшіне енуімен құттықтай отырып, төмендегі баяндалғандар туралы келісті:
I тарау
Жалпы ережелер
1-бап
Мақсаттары
Мыналар:
а) сыбайлас жемқорлықтың неғұрлым тиімді және әрекетті алдын алуға және оған қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдау мен нығайтуға жәрдемдесу;
b) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда және оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру, жеңілдету мен қолдау және техникалық көмек көрсету, оның ішінде активтерді қайтару жөнінде шаралар қабылдау;
с) адалдық пен параға сатылмаушылықты, жауапкершілікті, сондай-ақ көпшілік істер мен көпшілік мүлікті тиісті басқаруды көтермелеу осы Конвенцияның мақсаттары болып табылады.
2- бап
Терминдар
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
а)»"жария лауазымды тұлға" дегеніміз:
і) Қатысушы мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік немесе сот органында тұрақты немесе уақытша негізде еңбекке ақылы немесе ақысыз, осы тұлғаның лауазым дәрежесіне қарамастан, қандай да бір қызмет атқаратын кез келген тағайындалатын немесе сайланатын тұлғаны білдіреді;
іі) қандай да бір көпшілікке арналған міндетті орындайтын, мұның өзі Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасында анықталатындай және осы Қатысушы мемлекеттің құқықтық істі реттеу саласында қолданатындай, оның ішінде көпшілікке арналған ведомство немесе көпшілікке арналған кәсіпорында, немесе қандай да бір көпшілікке арналған қызмет атқаратын кез келген басқа тұлғаны;
ііі) Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасында»"жария лауазымды тұлға" ретінде анықталатын кез келген басқа тұлғаны білдіреді. Соған қарамастан осы Конвенцияның II тарауында көзделген кейбір нақты шараларды қабылдау мақсаттары үшін»"лауазымды адам" дегеніміз Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасында анықталатындай және осы Қатысушы мемлекеттің құқықтық тиісті реттеу саласында қолданатындай қандай да бір жария міндетті орындайтын немесе қандай да бір көпшілікке арналған қызметті беретін кез келген басқа тұлғаны;
b)»шетелдік жария "лауазымды тұлға" дегеніміз шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік немесе сот органында қызмет атқаратын кез келген тағайындалатын немесе сайланатын тұлғаны, шет мемлекет үшін қандай да бір көпшілікке арналған міндетті, оның ішінде қандай да бір көпшілікке арналған ведомство немесе көпшілікке арналған кәсіпорында қандай да бір жария міндетті орындайтын кез келген басқа тұлғаны білдіреді;
с)»"бұқаралық халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғалары" дегеніміз халықаралық азаматтық қызметшіні немесе осындай ұйым өз атынан әрекет етуге уәкілдік еткен кез келген тұлғаны білдіреді;
d)»"мүлік" дегеніміз заттай немесе құқық түріндегі материалдық немесе материалдық емес, жылжымалы немесе жылжымайтын кез келген активтерді, сондай-ақ осындай активтерге немесе олардағы мүдделерге меншік құқығын растайтын заңдық құжаттарды немесе актілерді білдіреді;
е)»"қылмыстан түсетін табыстар" дегеніміз қандай бір қылмыс жасау нәтижесінде тікелей немесе жанама сатып алынған немесе алынған кез келген мүлікті білдіреді;
f)»"операцияларды тоқтата тұру (бөгеп тастау)" немесе»"тыйым салу" дегеніміз мүлікті беруге, қайта құруға, иеліктен алуға немесе оның орнын ауыстыруға уақытша тыйым салу, немесе осындай мүлікке уақытша ие болуды, немесе соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысы бойынша оған уақытша бақылауды жүзеге асыруды білдіреді;
g) "тәркілеу" дегеніміз соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысы бойынша мүліктен түбегейлі айыруды білдіреді;
һ)»"негізгі құқық бұзушылық" дегеніміз кез келген құқық бұзушылықты білдіреді, оның нәтижесінде табыстар алынады, бұл табыстарға қатысты осы Конвенцияның 23-бабында көрсетілген қылмыс құрамын құрайтын әрекеттер жасалуы мүмкін;
і)»"бақылау жеткізілімі" дегеніміз әдісті білдіреді, бұл ретте қандай да бір қылмысты тергеу және осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау мақсаттарында бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағынан олардың құзыретті органдарының еркімен және қадағалауымен заңсыз немесе күдік туғызатын жүктің топтарын әкетуге, тасымалдауға немесе әкелуге жол беріледі.
3-бап
Қолданылу саласы
1. Осы Конвенция оның ережелеріне сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оны тексеріп тергеуге және қылмыстық ізге түсу және операцияларды тоқтата тұруға (бөгеп тастауға), тыйым салуға, тәркілеуге және осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыс ретінде танылған қылмыстардан алынатын табыстарды қайтаруға қолданылады.
2. Егер онда өзгеше көзделмейтін болса, осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсаттары үшін онда көрсетілген қылмыстар нәтижесінде зиян немесе мемлекеттік мүлікке залал келтіруі міндетті емес.
4-бап
Егемендікті қорғау
1. Қатысушы мемлекеттер мемлекеттің егеменді теңдігі мен аймақтық тұтастығы принциптеріне және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық принципіне сәйкес осы Конвенцияға орай өздерінің міндеттемелерін жүзеге асырады.
2. Осы Конвенцияда өзінің ішкі заңнамасына сәйкес Қатысушы мемлекетке басқа мемлекеттің аумағында осы басқа мемлекет органдарының ғана құзыретіне жататын заңдық іс жүргізу билігі мен функциясын жүзеге асыруға құқық бере алмайды.
II тарау
Сыбайлас жемкорлыктың алдын алу жөніндегі шаралар
5-бап
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған
қарсы іс-әрекеттің саясаты мен практикасы
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес қоғамның қатысуына жәрдемдесетін және құқық тәртібі принциптерін, көпшілікке арналған істер мен көпшілікке арналған мүлікті басқаруды, адалдықты және параға сатып алмаушылықты, ашықтық пен жауапкершілікті бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің тиімді және үйлесімді саясатын жасайды және жүзеге асырады немесе жүргізеді.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тәжірибенің тиімді түрлерін орнықтыруға және көтермелеуге ұмтылады.
3. Әрбір Қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес тұрғысында олардың тепе-теңдігін анықтау мақсатында тиісті құқықтық құжаттар мен әкімшілік шараларды бағалауды мезгілді жүргізуге ұмтылады.
4. Қатысушы мемлекеттер тиісті жағдайларда және өздерінің құқықтық жүйелерінің негізгі принциптеріне сәйкес бір-бірімен және тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен осы бапта көрсетілген шараларды жасауда және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде өзара іс-қимыл жасайды. Бұл өзара іс-қимылға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысуды қамтиды.
6-бап
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы
іс-қимыл жөніндегі орган немесе органдар
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес мынадай шаралардың көмегімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жүзеге асыратын органының немесе тиісті жағдайларда органдарының болуын қамтамасыз етеді, ол:
а) осы Конвенцияның 5-бабында айтылған саясатты жүргізу, тиісті жағдайларда осы саясатты жүргізуді қадағалау мен үйлестіру;
b) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша білімдерін кеңейту мен тарату шаралары.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағында айтылған органға немесе органдарға осындай орган немесе органдардың өздерінің міндеттерін және кез келген тиісті ықпалдан еркін жағдайларда тиімді орындау үшін өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес қажетті дербестікті қамтамасыз етеді. Қажетті материалдық ресурстар мен маманданған қызметкерлер құрамын, сондай-ақ қызметкерлер құрамын даярлауды қамтамасыз еткені жөн, ондай даярлау оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажет болуы мүмкін.
3. Әрбір Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына басқа Қатысушы мемлекеттерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі нақты шаралар жасау және жүзеге асыруда көмектесетін органның немесе органдардың атын және мекенжайын хабарлайды.
7-бап
Жариялы сектор
1. Әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес азаматтық қызметшілердің және тиісті жағдайларда сайланып қойылмайтын жария лауазымды адамдарды жұмысқа қабылдау, іріктеу, қызмет өткеруі, қызметі жағынан өсуі және өз еркімен орнынан түсу сияқты жүйені құруға, қолдауға және нығайтуға ұмтылады, олар мыналар:
а) тиімділік пен ашықтық принциптеріне және мүлтіксіз жұмыс, әділеттілік пен қабілеттілік сияқты объективті мөлшерлемелерге негізделеді;
b) бұған сыбайлас жемқорлық тұрғысынан алғанда ерекше осал саналатын көпшілікке арналған лауазымды атқару үшін кадрларды іріктеу мен даярлаудың тиісінше рәсімдері және тиісті жағдайларда, осындай лауазымдардағы осындай кадрлардың алмасылуы жатады;
с) Қатысушы мемлекеттің экономикалық жағынан даму деңгейін ескере отырып тиісінше сыйақылар төлеуге және әділетті айлық ақылар белгілеуге жәрдемдеседі;
d) ондай адамдардың көпшілікке арналған міндеттерді дұрыс, адал және тиісті орындау талаптарын қанағаттандыра алатын білім беру мен оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ұшырасатын қауіп-қатерлерді ұғынуын тереңдету үшін оларға мамандандырылған және тиісті даярлықты қамтамасыз етеді. Мұндай бағдарламалар мазмұнында кодекстерге сілтемелер немесе қолданылатын салаларында мінез-құлық стандарттары болуы мүмкін.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет сонымен бірге осы Конвенцияның мақсаттарына орай және өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес кандидаттарға және жария лауазымдарға-сайлауға қатысты өлшемдерді белгілеу үшін тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
3. Әрбір Қатысушы мемлекет сонымен қатар осы Конвенцияның мақсаттарына және өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес оны қолданатын жерлерде көпшілікке арналған лауазымдарға кандидатураларды қаржыландырудың, саяси партияларды, қаржыландыру ашықтығын күшейту үшін тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
4. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес ашықтыққа жәрдемдесетін және мүдделер қарама-қайшылығы туындауының алдын алатын жүйелерді құруға, қолдауға және нығайтуға ұмтылады.
8-бап
Жария лауазымды тұлғалардың мінез-құлық кодексі
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсаттарында әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес басқаларымен қатар өздерінің жария лауазымды тұлғаларының параға сатылмаушылығын, адалдығы пен жауапкершілігін көтермелейді.
2. Атап айтқанда, әрбір Қатысушы мемлекет өздерінің институциялық және құқықтық жүйелері ауқымында жария міндеттерін дұрыс, адал және тиісті орындауы үшін мінез-құлық кодекстерін немесе стандарттарын қолдануға ұмтылады.
3. Осы баптың ережелерін жүзеге асыру мақсаттары үшін әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес аймақаралық және көп жақты ұйымдардың, мысалы 1996 жылғы 12 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның 51/59 қарарының қосымшасында мазмұндалған мемлекеттік лауазымды адамдардың мінез-құлық кодексін назарға алады.
4. Әрбір Қатысушы мемлекет, сонымен қатар өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес жария лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін атқару кезінде ол жөнінде белгілі болған сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы тиісті органдарға хабарлауы үшін жәрдемдесетін шаралар мен жүйелерді анықтау мүмкіндігін қарастырады.
5. Әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда және өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес жария лауазымды тұлғаларды тиісті органдарға декларациялар, басқаларымен қатар қызметінен тыс әрекеті, айналысатын жұмысы, инвестициялар, активтер туралы және жария лауазымды тұлғалар ретінде олардың міндеттеріне қатысты мүдделерінің қарама-қайшылығы туындауы мүмкін елеулі сыйлықтар немесе пайдалары туралы декларацияларды тиісті органдарға беруге ұмтылады.
6. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес осы бапқа орай белгіленген кодекстерді немесе стандарттарды бұзатын жария лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік немесе басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
9-бап
Жариялы сатып алулар мен жариялы қаржыларды басқару
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес ашықтыққа, бәсекеге және шешімдер қабылдаудың объективті өлшемдеріне негізделген тиісті сатып алу жүйелерін құру үшін қажетті шаралар қолданады және басқаларымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысында бұл шаралар тиімді болады, мұндай жүйелер оларды қолдану жағдайында тиісінше алдағы көрсеткіштерді көздеуі мүмкін, олар басқаларымен қатар мыналарға да қатысты болады:
а) потенциалды қатысушыларға олардың дайындалуы және тендер тапсырыстарын беруге уақытының болуы үшін саудаласуға қатысуға шақырулар туралы хабарламаны және келісім шарттар жасасу туралы тиісінше немесе лайықты хабарламаны қоса алғанда, сатып алу рәсімдеріне және сатып алуға арналған келісім шарттарға қатысты хабарламаны жариялы тарату;
b) келісім шарттарды, сондай-ақ сауда өткізу ережелерін жасасу туралы өлшемдерін іріктеп алу мен шешімдер және оларды жариялау өлшемдерін қоса алғанда, қатысудың шарттарын күні бұрын анықтау;
с) ережелер мен рәсімдердің дұрыс қолданылуын кейінгі тексеруде көмектесу мақсаттарында жария сатып алулар туралы шешімдер қабылдауға қатысты бұдан бұрын белгіленген және объективті өлшемдерді қолдану;
d)
шағымданудың тиімді жүйесін, осы тармаққа сәйкес ережелер немесе рәсімдер сақталмаған жағдайда, белгіленген дау айтудың заңдық және құқықтық қорғау құралдарын қоса алғанда, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін;
е) реттеу шараларын, тиісті жағдайларда, сатып алу үшін жауапты қызметкерлер құрамына қатысты мәселелерді, мысалы, нақты жариялы сатып алулар мүдделерін білдіру туралы талапты, рәсімдерді тексеру мен кәсіби даярлыққа қойылатын талаптарды қозғайды.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес жария қаржыларды басқаруда ашықтыққа және есеп берулерге көмектесу жөнінде тиісті шаралар қолданады. Мұндай шаралар, басқаларымен қатар, мыналарды қамтиды:
а) ұлттық бюджетті бекіту рәсімдерін;
b) түсім қаражаттары мен шығыстар туралы есептерді уақтылы беруді;
с) бухгалтерлік есеп пен аудит және онымен байланысты ішкі қадағалаудың жүйелі стандарттарын;
d) тәуекелді басқару және ішкі бақылаудың тиімді және әрекетті жүйелерін;
е) тиісті жағдайларда, осы тармақта белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайларда түзетуді.
3. Әрбір Қатысушы мемлекет бухгалтерлік кітаптардың, жазбалардың, қаржы ведомстволарының немесе жария шығыстар мен табыстарға қатысты басқа да құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес қажет етілуі мүмкін және осы құжаттамаларды бұрмалауына кедергі жасайтын азаматтық-құқықтық және әкімшілік шараларды қолданады.
10-бап
Жария есептілік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қажеттілігін есепке ала отырып, әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес өзінің жария әкімшілігінің, оның ішінде оны ұйымдастыруға, қызмет атқаруына қатысты, тиісті жағдайларда ашықтықты күшейту үшін қажет болатын шаралар қолданады. Мұндай шараларға, басқаларымен қатар, мыналар жатады:
а) тиісті жағдайларда, жеке өмірін және жеке адам деректерін қорғау пайымдарын тиісінше ескере отырып жария әкімшіліктің, оның ішінде ұйымдастыру, қызмет атқару және шешімдер қабылдау процестері туралы және халық мүдделерін қозғайтын шешімдер мен заң актілері туралы халықтың ақпарат алуына мүмкіндік беретін рәсімдер немесе ережелер қабылдау;
b) тиісті жағдайларда, шешім қабылдайтын құзыретті органдарға жария рұқсат етуді жеңілдету үшін әкімшілік рәсімдерді оңайлату; және
с) жария әкімшілікте сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі туралы мезгілді есеп беруін енгізуі мүмкін ақпаратты басып шығару.
11-бап
Сот органдары мен прокуратура органдарына қатысты шаралар
1. Сот билігінің тәуелсіздігін және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі шешуші рөлін ескере отырып, әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес және сот органдарының тәуелсіздігіне залал келтірместен, соттар мен сот органдары қызметкерлерінің адалдығы мен параға сатылмаушылығын және олардың арасында сыбайлас жемқорлық үшін кез келген мүмкіндіктерге жол бермеуді нығайту жөнінде шаралар қолданады.
2. Мұндай шараларға соттар мен сот органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданатын ұқсас шаралар өздері сот билігінің құрамына кірмейтін Қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдарында енгізілуі және қолданылуы мүмкін, бірақ сот органдары сияқты тәуелсіздікпен пайдаланады.
12-бап
Жеке сектор
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес жеке секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бухгалтерлік есеп пен аудит стандарттарын күшейту және осындай шараларды сақтамағаны үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік немесе қылмыстық санкциялардың, тиісті жағдайларда, тиімді, мөлшерлес және тежемелі ықпалын белгілеу жөнінде шаралар қолданады.
2. Осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шаралар, басқаларымен қатар, мыналар:
а) құқық қорғау органдары мен тиісті жеке ұйымдар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
b) кәсіпкерлердің және барлық тиісті кәсіптер өкілдерінің қызметін дұрыс, адал және тиісті жүзеге асыру үшін мінез-құлық кодексін қоса алғанда, тиісті жеке ұйымдардың жұмысында адалдықты қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен рәсімдерді жасауға жәрдемдесу және мүдделер қарама-қайшылығы туындауының алдын алу, сондай-ақ коммерциялық кәсіпорындар мен олардың және мемлекеттің арасындағы шарт қатынастарында адал коммерциялық тәжірибені пайдалануды көтермелеу үшін жәрдемдесу;
с) тиісті жағдайларда, корпорация ұйымдарын құруға және оларды басқаруға қатысты заңды және жеке тұлғаларды бірегейлеу шараларын қоса алғанда, жеке ұйымдардың қызметіндегі ашықтыққа жәрдемдесу;
d) коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін жария ұйымдар беретін субсидиялар мен лицензияларға қатысты рәсімдерді қоса алғанда, жеке ұйымдар қызметін реттейтін рәсімдермен қиянат жасаулардың алдын алу;
е) шектеулерді белгілеу арқылы мүдделер қарама-қайшылығы туындауының, тиісінше жағдайларда, бұрынғы лауазымды адамдардың кәсіби қызметіне қатысты немесе жеке сектордағы олардың өз еркімен қызметінен түсуінен немесе зейнеткерлікке шығуынан кейін жария лауазымды адамдардың қызметіне қатысты ақылға қонымды мерзімге алдын алу, мұндай қызмет немесе жұмыс мұндай жария лауазымды тұлғаларды олардың қызметте болған кезіндегі міндеттерімен немесе оларды орындауға қадағалауды жүзеге асыруымен тікелей байланысты болады;
f) жеке ұйымдар өздерінің құрылымы мен мөлшерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуда және анықтауда көмек көрсетуге ішкі аудиторлық бақылаудың жеткілікті тетіктерін меңгеруін және осындай жеке ұйымдардың шоттары мен қажетті қаржы ведомстволары аудит пен сертификаттаудың тиісті рәсімдерін қолдануға тиіс болуын қамтамасыз ету.
3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне және бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржы есептілігін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен аудиттің стандарттарын беруді реттейтін ережелерге сәйкес, осы кез келгенін жасау мақсатында жүзеге асырылатын мынадай әрекеттерге тыйым салу үшін қажет болатын шараларды қолданады:
а) ресми емес есептілікті жасау;
b) ескерілмеген немесе дұрыс тіркелмеген операцияларды жүргізу;
с) болмаған шығыстардың есебін жүргізу;
d) объектісі дұрыс сәйкестендірілмеген міндеттемелердің көрсетілуі;
е) жалған құжаттарды пайдалану; және
f) бухгалтерлік құжаттаманы заңмен көзделген мерзімдерінен бұрын қасақана жою. Әрбір Қатысушы мемлекет пара болып табылатын шығындарға қатысты салық салудан босатудан бас тартады, бұл паралар осы Конвенцияның 15 және 16-баптарына сәйкес және тиісті жағдайларда, сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жәрдемдесу мақсатында келтірілген басқа шығындарға қатысты осындай деп танылған қылмыстар элементтерінің бірі болып табылады.
13-бап
Қоғамның қатысуы
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өздерінің мүмкіндіктері шектерінде және өзінің ішкі заңнамасында негізгі принциптеріне сәйкес қауымдастықтар негізінде міндет атқаратын азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар мен ұйымдар сияқты жария сектордың шегінен тыс жекелеген адамдар мен топтардың белсенді түрде қатысуларына жәрдемдесу үшін, сыбайлас жемқорлық пен оған қарсы күрестің алдын алуда және қоғамның сыбайлас жемқорлықтың болуы, себептері мен қауіпті сипатын, сондай-ақ ол төндіретін қауіп-қатерлерді ұғынуын тереңдету үшін тиісті шаралар қолданады. Бұл қатысуды мынадай шаралар көмегімен нығайтқан жөн:
а) ашықтықты күшейту мен халықты шешімдер қабылдау процесіне тартуға жәрдемдесу;
b) халықтың ақпаратқа тиімді қол жеткізуін қамтамасыз ету;
c) сыбайлас жемқорлыққа қатысты төзімсіздік ахуалын жасауға көмектесетін халықтың ақпараттандырылуы жөніндегі шараларды жүргізу, сондай-ақ мектептер мен университеттердегі оқу бағдарламаларын қоса алғанда, көпшілікке арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
d) сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты іздестіру, алу, жариялау мен тарату бостандығын құрметтеу, көтермелеу мен қорғау, осы бостандықты шектеудің белгілі бір шектеулері белгіленуі мүмкін, бірақ заңмен көзделген мұндай шектеулер:
і) басқа адамдардың құқықтары мен беделін құрметтеу үшін;
іі) ұлттық қауіпсіздікті немесе көпшілікке арналған тәртіпті қорғау, немесе халықтың денсаулығын немесе адамгершілігін сақтау үшін қажет болып табылады.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияда айтылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі тиісті органдар халыққа белгілі болуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданады және осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың бірі ретінде қаралуы мүмкін кез келген жағдайлар туралы оларға хабарламалар, оның ішінде домалақ арыз беру үшін осындай органдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
14-бап
Ақша қаражаттарын жылыстатудың алдын алу жөніндегі шаралар
1. Әрбір Қатысушы мемлекет:
а) банктер мен банктік емес қаржы мекемелеріне, оның ішінде ақша қаражаттарын немесе құндылықтарды аударуға байланысты ресми немесе ресми емес қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлғаларға, сондай-ақ, тиісті жағдайларда, өзінің құзыреті шегінде ақша қаражаттарының жылыстату тұрғысында ерекше осал жерлері болып табылатын басқа органдарға қатысты, ақша қаражаттарын жылыстатудың барлық нысандарына жол бермеу және оларды анықтау мақсатында реттеу мен қадағалаудың барынша ауқымды түрде ішкі режимін белгілейді, сонымен қатар мұндай режим бірінші кезекте клиенттің, тиісті жағдайларда, меншік иесі-бенефициардың жеке басын бірегейлеуге қатысты талаптарға, есептілікті жүргізуге және күдікті мәмілелер туралы хабарламалар беруге негізделеді;
b) Конвенцияның 46-бабы үшін нұқсан келтірместен ақша қаражаттарын жылыстатуға қарсы күрес жүргізетін (оның ішінде мұның өзі ішкі заңға сәйкес келген кезде сот органдары да) әкімшілік, реттеуші, құқық қорғау және басқа органдар оның ішкі заңнамасымен белгіленетін шарттарда ұлттық және халықаралық деңгейде ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға қабілетті болуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге осы мақсатта жедел қаржы ақпараты жөніндегі бөлімшені құру туралы мәселені қарайды, бұл бөлімше ақша қаражаттарын жылыстатудың ықтимал жағдайларына қатысты ақпаратты жинау, таңдау мен тарату үшін ұлттық орталық ретінде іс-қимыл жасайды.
2. Қатысушы мемлекеттер олардың шекаралары арқылы қолма-қол ақша қаражаттары мен тиісті айналым құралдарының орын ауыстыруын анықтау жөніндегі және ақпаратты тиісті пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған кепілдіктерді сақтау мен заңды капиталдың орын ауыстыруына қандай да бір кедергілер жасамау жағдайында осындай орын ауыстыруды бақылау жөнінде іс жүзінде мүмкін болатын шараларды қолдану туралы мәселені қарайды. Мұндай шараларға жеке тұлғалар мен коммерциялық кәсіпорындардың қолма-қол ақша қаражаттарының елеулі көлемінің ұлттық шекарадан тыс жерлерге аударымдары мен тиісті айналым құралдарын беру туралы талабы енгізілуі.
3. Қатысушы мемлекеттер, ақша қаражаттарын аудару жөніндегі мекемелерді қоса алғанда, қаржы мекемелерінің талаптарын анықтау үшін тиісті және іс жүзіндегі мүмкін болатын шараларды қолдану туралы мәселені қарайды:
а) қаражаттарды электронды аударуға арналған формуларға және олармен байланысты жөнелтуші туралы дәлме-дәл хабарламаларды және мазмұнды ақпаратты енгізуі керек;
b) мұндай хабарламаны төлемді жүзеге асырудың бүкіл тізбегінде сақтауы керек;
с) жөнелту туралы толық ақпарат болмаған жағдайда қаражаттар аударымдарына терең тексеру жүргізілуі қажет.
1. Осы баптың ережелеріне сәйкес реттеу мен қадағалаудың ішкі режимін анықтаған кезде және осы Конвенцияның кез келген басқа бабына нұқсан келтірместен Қатысушы мемлекеттерге ақша қаражаттарының сыртқа кетуіне қарсы бағытталған аймақтық, аймақаралық және көп жақты ұйымдардың тиісті бастамаларын басшылыққа алу ұсынылады.
2. Қатысушы мемлекеттер ақша қаражаттарын жылыстатуға қарсы күрес мақсатында сот және құқық қорғау органдары, сондай-ақ қаржыны реттеу органдары арасындағы ғаламдық, аймақтық, кіші аймақтық және екі жақты ынтымақтастықты дамытуға және ынталандыруға ұмтылады.
III тарау
Қылмыстың белең алуы және құқық қорғау қызметі
15-бап
Ұлттық жария лауазымды тұлғаларды параға сатып алу
Әрбір Қатысушы мемлекет қасақана жасалатын мынадай әрекеттерді қылмыстық жазалау ретінде тану үшін қажет болатын заңдық және басқа да шаралар қолданады:
а) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде осы лауазымды адамның қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен тікелей өзі немесе делдалдар арқылы жария лауазымды адамға қандай да бір лауазымды адамның өзіне немесе өзге де жеке немесе заңды тұлға үшін қандай да бір заңсыз артықшылыққа уәде беру, осы артықшылықты ұсыну немесе беру;
b) жария лауазымды тұлғаның тікелей өзі немесе делдалдар арқылы лауазымды тұлғаның өзі немесе өзге де жеке немесе заңды тұлға үшін осы лауазымды адамның өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен қорқытуы немесе қандай да бір заңсыз артықшылықты қабылдауы.
16-бап
Шетелдік жария лауазымды тұлғаларды және жария халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларын параға сатып алу
1. Әрбір Қатысушы мемлекет халықаралық істерді жүргізуге байланысты коммерциялық немесе өзге де заңсыз артықшылықтарды алу немесе сақтау үшін өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде осы лауазымды адамның қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен осы қылмыстар қасақана жасалған кезде шетелдік лауазымды тұлғаға немесе жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасына тікелей өзі немесе делдалдар арқылы лауазымды тұлғаның өзі немесе өзге де жеке немесе заңды тұлға үшін қандай да бір артықшылыққа уәде беру, осы артықшылықты ұсынуын немесе беруін қылмыстық жазалау әрекеттері ретінде тану үшін қажет болатын заңдық және басқа да шараларды қолданады.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыс қасақана жасалған кезде шетелдік лауазымды тұлғаның немесе жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасының тікелей өзі немесе делдалдар арқылы лауазымды тұлғасының өзі немесе өзге де жеке немесе заңды тұлға үшін қорқытып алуы немесе қандай да бір артықшылықты қабылдауы өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде осы лауазымды адамның қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен қылмыстық жазалау әрекеттері ретінде тану үшін қажет болатын осындай заңдық және басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
17-бап
Жария лауазымды тұлғаның мүлікті талан-таражға салуы, заңсыз иемденуі немесе өзге де мақсатсыз пайдалануы
Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыстарды қасақана жасауын, лауазымды тұлға өзі үшін немесе басқа жеке немесе заңды тұлға үшін пайда табу мақсаттарында осы жария лауазымды адамның қызмет бабына қарай қандай да бір мүлікті, көпшілікке арналған немесе жеке қаражаттарды, немесе бағалы қағаздарды, немесе кез келген басқа да құнды затты талан-таражға салуын, заңсыз иемденуін немесе өзге де мақсатсыз пайдалануын қылмыстық жазалау әрекеттері ретінде тану үшін қажет болатын осындай заңдық және басқа да шараларды қабылдайды.
18-бап
Пайдакүнемдік мақсатта әсер ету арқылы теріс қылық жасау
Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыстарды қасақана жасаған кезде осы әрекеттерді қылмыстық жазалау әрекеттері ретінде тану үшін қажет болатын мынадай заңдық және басқа да шараларды қабылдайды:
а) осы жария лауазымды тұлға немесе осындай басқа адамға әкімшіліктен немесе Қатысушы мемлекеттің бұқаралық органынан заңсыз мүлікті осындай әрекеттердің бастапқы бастамашысы немесе кез келген адам үшін алу мақсатында өзінің шын мәніндегі немесе көздеген ықпалымен қиянат жасауымен жария лауазымды тұлғаға немесе кез келген басқа адамға өзі тікелей немесе делдалдар арқылы заңсыз басымдылыққа уәде беру, осы басымдылықты ұсыну немесе беру;
b) әкімшіліктен немесе Қатысушы мемлекеттің бұқаралық органынан заңсыз мүлікті алу мақсатында өзінің шын мәніндегі немесе болжаған ықпалымен осы көпшілік адам немесе кез келген басқа адам теріс қылық жасауымен тікелей өзі үшін немесе басқа адам үшін қандай да бір заңсыз артықшылықты тікелей өзі немесе делдалдар арқылы жария лауазымды адамның қорқытуы немесе қабылдауы.
19-бап
Қызмет бабын теріс пайдалану
Әрбір Қатысушы мемлекет қылмысты қасақана жасаған кезде оны қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қызметтік өкілеттерін немесе қызмет бабын теріс пайдалану, яғни жария лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде өзі немесе өзге де жеке немесе заңды тұлға үшін қандай да бір заңсыз басымдылық алу мақсатында заңды бұза отырып, қандай да бір әрекетті немесе әрекетсіздікті жасауы қажет болатын осындай заңнамалық және басқа да шараларды қабылдауын қарастырады.
20-бап
Заңсыз баю
Өзінің конституциясын және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптерін сақтаған жағдайда әрбір Қатысушы мемлекет жария лауазымды адамның заңсыз баюын, яғни оның заңды табыстарынан елеулі түрде артып кетуін, ол ақылға қонымды ретпен негіздей алмаған қылмысты қасақана жасаған кезде оны қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қажет болатын осындай заңдық және басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
21-бап
Жеке сектордағы параға сатып алу
Әрбір Қатысушы мемлекет экономикалық, қаржы немесе коммерциялық қызметтің барысында қылмыстарды қасақана жасаған кезде оны қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қажет болатын мынадай заңнамалық және басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады:
а) жеке секторды ұйымдастыру жұмысына басшылық ететін немесе кез келген сапада, осындай ұйымда, осындай адам немесе басқа адам үшін жұмыс істейтін адам өзінің міндеттерін бұза отырып қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен тікелей өзі немесе делдалдар арқылы қандай да бір заңсыз басымдылыққа уәде беру, оны ұсыну немесе беру;
b) жеке секторды ұйымдастыру жұмысына басшылық ететін немесе кез келген сапада, осындай ұйымда, осындай адам немесе басқа адам үшін жұмыс істейтін адам өзінің міндеттерін бұза отырып қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауымен тікелей өзі немесе делдалдар арқылы қандай да бір заңсыз басымдылықты қорқытып алу немесе қабылдау.
22-бап
Жеке секторда мүлікті талан-таражға салу
Әрбір Қатысушы мемлекет экономикалық, қаржы немесе коммерциялық қызметтің барысында қылмыстарды қасақана жасаған кезде оны қылмыстық жазалау әрекеті ретінде, жеке секторды ұйымдастыру жұмысына басшылық ететін немесе кез келген сапада, осындай ұйымда, осындай адам немесе басқа адам үшін жұмыс істейтін адамның қандай да бір мүлікті, жеке қаражаттарды, немесе бағалы қағаздарды, немесе осы адамның қызмет бабына қарай иелігіндегі кез келген құнды затты талан-таражға салуы ретінде тану үшін қажет болатын осындай заңнамалық және басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
23-бап
Қылмыстардан түсетін табыстарды жылыстату
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес қылмыстарды қасақана жасаған кезде мынадай әрекеттерді қылмыстық жазалау ретінде тану үшін қажет болатын заңнамалық және басқа да шараларды қолданады:
а) і) егер мұндай мүлік өзінің әрекеттері үшін жауапкершіліктен жалтаруы үшін негізгі құқық бұзушылықты жасауға қатысқан кез келген адамға көмек көрсету мақсатында осы мүліктің қылмыс көзін жасыру немесе бүркемелеу мақсатында немесе қылмыс жасаудан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, мүлікті конверсиялау немесе көшіру;
іі) егер мұндай мүлік қылмыс жасаудан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, мүліктің шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, билік ету әдісін орнын ауыстыруды, мүлікке құқықты немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырын меншіктену;
b) өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптерін сақтаған жағдайда:
і) егер оны алу кезінде мұндай мүлік қылмыс жасаудан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, мүлікті сатып алу, иелену немесе пайдалану;
іі) осы бапқа сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың кез келгенін жасау мақсатында қатысу, оған қатыстылығы немесе сөз байласу, оны жасауға оқталу, сондай-ақ оны жасау кезіндегі еліктендірушілік, айдап салушылық, жәрдемдесу немесе кеңестер беру.
2. Осы баптың 1-тармағын жүзеге асыру немесе қолдану мақсаты үшін:
а) әрбір Қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағын негізгі құқық бұзушылықтардың кең ауқымына қолдануға ұмтылады;
b) әрбір Қатысушы мемлекет негізгі құқық бұзушылықтар қатарына ең аз дегенде, осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыстар деп танылған қылмыстардың кең ауқымын жатқызады;
с) (b) тармақшасының мақсаттары үшін (жоғарыда қараңыз) негізгі қылмыстарға Қатысушы мемлекеттің тиісті іс жүргізу шектерінде, сондай-ақ шектерінен тыс жасалған қылмыстар жатады. Алайда, қандай да бір Қатысушы мемлекеттің іс жүргізу шектерінен тыс жасалған қылмыстар тек мынадай жағдайда ғана негізгі құқық бұзушылықтар болып табылады: тиісті әрекет осы қылмыс жасалған мемлекеттің ішкі заңына сәйкес қылмыстық жазаланатын қылмыс болып табылады және, егер осы қылмыс сол мемлекетте жасалған болса, Қатысушы мемлекеттің ішкі заңына сәйкес қылмыстық жазалатын қылмыс болар еді, бұл мемлекетте осы бап жүзеге асырылады немесе қолданылады;
d) әрбір Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы баптың ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін өз заңдарының мәтіндерін, сондай-ақ осындай заңдарға кейіннен енгізілген кез келген өзгертулердің мәтіндерін немесе олардың сипаттамаларын береді;
е) егер оны Қатысушы мемлекеттің ішкі заңының негізгі принциптері талап ететін болса, онда мынаны қарастыруға болады: осы баптың І-тармағында көрсетілген қылмыстар негізгі құқық бұзушылықты жасаған адамдарға қатысты болмайды.
24-бап
Жасыру
Осы Конвенцияның 23-бабының ережелеріне нұқсан келтірместен әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес мұндай қылмыстарды жасауға қатыспастан, мүлікті жасыру немесе үздіксіз ұстап отыру, егер тиісті адамға мұндай мүліктің осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыстар деп танылған қылмыстың кез келгені нәтижесінде алынған болса, осындай деп танылған кез келген қылмысты жасағаннан кейін оларды қасақана жасалған кезде қылмыстық жазаланатын әрекеттер деп тану үшін қажет болатын осындай заңнамалық және басқа да шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
25-бап
Сот билігін жүзеге асыруға кедергі келтіру
Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыстар қасақана жасалған кезде мына әрекеттерді қылмыстық жазалау ретінде тану үшін қажет болатын осындай заңнамалық және басқа да шаралар қолданады:
а) осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыстар деп танылған қылмыстарды жасаумен байланысты іс жүргізу барысында жалған айғақтар беруге көндіру немесе айғақтар беру немесе дәлелдер беру процесіне араласу мақсатында күш көрсету, қауіп төндіру немесе қорқыту әрекеттерін қолдану, немесе заңсыз басымдылыққа уәде беру, оны ұсыну немесе беру;
b) осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыстар деп танылған қылмыстарды жасаумен байланысты іс жүргізу барысында лауазымды тұлғаның немесе құқық қорғау органдарының қызметтік міндеттерін орындауға араласу мақсатында күш көрсету, қауіп төндіру немесе қорқыту әрекеттерін қолдану қолдану. Осы тармақшада жария лауазымды тұлғалардың басқа санаттарын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамаға ие болуы Қатысушы мемлекеттердің құқығына ешқандай нұқсан келтірмейді.
26-бап
Заңды тұлғалардың жауапкершілігі
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық принциптерін ескере отырып, осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыстар деп танылған қылмыстарға қатысқаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін анықтау үшін талап етілуі мүмкін шаралар қолданады.
2. Қатысушы мемлекеттің құқықтық принциптерін сақтаған жағдайда заңды тұлғалардың жауапкершілігі қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік жауапкершілік болуы мүмкін.
3. Ондай жауапкершілікті жүктеу қылмыс жасаған жеке тұлғалардың жауапкершілігіне нұқсан келтірмейді.
4. Әрбір Қатысушы мемлекет, атап айтқанда, осы бапқа сәйкес жауапкершілікке тартылатын заңды тұлғаларға қатысты, ақша санкцияларын қоса алғанда, қылмыстық немесе қылмыстық емес тиімді, мөлшерлес және тежейтін ықпал ететін санкцияларды қолдануды қамтамасыз етеді.
27-бап
Қатысу және қастандық жасау
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес кез келген жағдайда қатысуын, мысалы, сыбайлас, еліктетуші немесе айдап салушы ретінде қатысуын, осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасауын қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қажет болатын заңнамалық және басқа да шараларды қолданады.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмысты жасауға кез келген оқталуын қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қажет болатын заңнамалық және басқа да шараларды қолдана алады.
3. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне орай осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмысты жасауға дайындалуды қылмыстық жазалау әрекеті ретінде тану үшін қажет болатын заңнамалық және басқа да шараларды қолдана алады.
28-бап
Ұғыну, ниет ету және тікелей ниеттену - қылмыс элементтері
Осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс элементтері ретінде қажетті ұғыну, ниет ету немесе тікелей ниеттену істің объективті нақты мән-жайларымен анықталуы мүмкін.
29-бап
Ескіру мерзімі
Әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда өзінің ішкі заңнамасына орай осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған кез келген қылмысқа қатысты іс жүргізуді қозғау үшін ұзақ ескіру мерзімін белгілейді және неғұрлым ұзақ ескіру мерзімін немесе қылмыс жасады деп күдік туғызған адам сот билігінен жалтарған жағдайларда ескіру мерзімінің өтуін тоқтата түру мүмкіндігін анықтайды.
30-бап
Ізге түсу, сот шешімін шығару және санкциялар
1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмысты жасағаны үшін осы қылмыстың қауіптілік деңгейі ескерілетін қылмыстық санкциялар қолдануды көздейді.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесіне және конституциялық принциптеріне сәйкес олардың өздерінің міндеттерін орындаумен және мүмкіндіктеріне байланысты жария лауазымды тұлғаларға берілген кез келген иммуниттері мен заңдық іс жүргізу басымдылықтары арасында сенімді тепе-теңдікті анықтау немесе қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда, тиімді тергеу мен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру, осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған кез келген қылмыстармен байланысты сот шешімін шығару үшін қажетті шараларды қолданады.
3. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс үшін осы қылмыстарға қатысты құқық қорғау шараларының барынша тиімділігіне қол жеткізу және осындай қылмыстарды жасауға кедергі келтіру қажеттігін тиісінше ескере отырып, оның ішкі заңнамасында көзделген қылмыстық ізге түсуге қатысты кез келген заңдық сенімсіздік білдіру өкілеттіктерін пайдалануды қамтамасыз етуге ұмтылады.
4. Осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заң заңнамасына сәйкес және қорғау құқықтарын тиісті түрде ескере отырып, сотқа дейін немесе кассациялық шағымдану немесе наразылық бойынша босату туралы шешімдерімен байланысты белгіленген жағдайлар кейінгі іс жүргізу барысында айыпталушының қатысуы қажеттігін ескеру үшін тиісті шаралар қолданады.
5. Әрбір Қатысушы мемлекет осындай қылмыстар үшін сотталған адамдарды мерзімінен бұрын немесе шартты түрде босату туралы мәселе қараған кезде тиісті қылмыстардың қауіптілік деңгейін ескереді.
6. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес рәсімдерді белгілеу мүмкіндіктерін қарастырады, олардың көмегімен жария лауазымды тұлға осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыс жасағаны үшін айыпты адамды тиісті жағдайларда уақытша қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі немесе кінәсіздік презумциясы принципін құрметтеу қажеттігін ескере отырып, тиісті органмен басқа қызметке ауыстыру мүмкін.
7. Бұл қылмыстың қауіптілік деңгейін ескере отырып, негізделген кезде әрбір Қатысушы мемлекет құқықтық жүйенің негізгі принциптеріне қандай дәрежеде сай келуі жағдайында оның ішкі заңнамасымен белгіленген осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыс үшін сотталған адамдарды соттың шешімімен немесе кез келген басқа да тиісті құралдар көмегімен оны белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру үшін рәсімдерін белгілеу мүмкіндігін қарастырады:
а) жария қызметпен айналысу; және
b) толық немесе ішінара мемлекет меншігіндегі қандай да бір кәсіпорында лауазыммен айналысу құқығынан толық немесе ішінара айыру.
8. Осы баптың 1-тармағы құзыретті органдардың азаматтық қызметшілерге қатысты тәртіптік өкілеттіктерін жүзеге асыруға нұқсан келтірмейді.
9. Конвенцияға кіретін принцип ештеңені де қозғамайды, бұл принципке орай осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды және қолданылатын заңды наразылықтарды немесе әрекеттердің заңдылығын анықтайтын басқа да құқықтық принциптерді анықтау әрбір Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасы саласына жатады, ал осындай қылмыстар үшін қылмыстық ізге түсу мен жазалау осы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстары үшін сотталған адамдардың қоғамға оралуына жәрдемдесуге ұмтылады.
31-бап
Операцияларды тоқтата тұру (бөгеп тастау), тыйым салу мен тәркілеу
1. Әрбір Қатысушы мемлекет, ең көп дәрежеде, оның ішкі құқықтық жүйесі ауқымында тәркілеудің мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет болатын шараларды қолданады:
а) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстарды немесе құны осындай табыстардың құнына сәйкес келетін мүлікті;
b) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау кезінде пайдаланылған немесе пайдалануға арналған мүлікті, жабдықты немесе басқа да құралдарды.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет кейіннен тәркілеу мақсатында осы баптың 1-тармағында аталған кез келгенін анықтау, ізге түсу, бөгеп тастау немесе тыйым салу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет болатын шараларды қолданады.
3. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген бөгеп тастауға, тыйым салынған немесе тәркіленген мүлікті құзыретті органдардың басқаруын реттеу үшін қажет болатын заңды және басқа да шараларды қолданады.
4. Егер қылмыс жасаудан түскен мұндай табыстар толықтай немесе ішінара басқа мүлікке айналдырылатын немесе өзгертілетін болса, онда осы бапта көрсетілген шаралар осындай мүлікке қатысты қолданылады.
5. Егер қылмыс жасаудан түскен мұндай табыстар заңды көздерден алынған мүлікке қоса берілген болса, онда бөгеп тастауға немесе тыйым салуға қатысты кез келген өкілеттіктерге нұқсан келтірмей тәркілеуге қосылып берілген табыстардың бағалау құнына сәйкес келетін мүліктің бөлігі тәркілеуге жатады.
6. Қылмыстардан түскен осындай табыстардан, мүліктен алынған, қылмыстардан немесе мүлікке айналдырылған немесе өзгерген мүліктен түскен осындай табыстардан алынған пайда мен басқа да тиімділікке, қылмыстардан түскен осындай табыстар сол мүлікке қоса берілген қылмыстардан түскен осындай табыстарға осы бапта көрсетілген қылмыстардан түскен табыстарға қатысты шаралар сияқты осылайша және сол деңгейде қолданылады.
7. Осы баптың және осы Конвенцияның 55-бабының мақсаты үшін әрбір Қатысушы мемлекет өздерінің соттарына және басқа да органдарға банк, қаржы немесе коммерциялық құжаттарын беру мен тыйым салу туралы қаулы шығаруға уәкілдік береді. Қатысушы мемлекет банк құпиясын сақтау қажеттігіне сілтеме жасай отырып, осы тармақтың ережелеріне сәйкес шаралар қолданудан жалтармайды.
8. Қатысушы мемлекет тәркіленуге жататын қылмыс жасаған адам қылмыстан немесе басқа мүліктен түскен осындай болжалды табыстардың заңды шығу көзін мұндай талаптың оның ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне және соттың және өзге де іс қарауының сипатына қандай деңгейде сәйкес келуін дәлелдеу үшін осындай талапты белгілеудің мүмкіндігін қарастыруы мүмкін.
9. Осы баптың ережелері адал үшінші тараптың құқықтарына нұқсан келтірмес үшін осылайша түсіндірілмейді.
10. Осы бапқа кіретіндер онда айтылатын шаралар туралы принципті еш қозғамайды, бұл шаралар Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының ережелеріне сәйкес және оларды түсіндірген жағдайда анықталып, жүзеге асырылады.
32-бап
Куәларды, сарапшылар мен жәбірленушілерді қорғау
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқықтық жүйесіне сәйкес және өздерінің мүмкіндіктері шектерінде осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстармен байланысты айғақтар беретін куәларға және сарапшыларға қатысты тиісті жағдайларда, олардың туыстары мен басқа да жақын адамдарына қатысты ықтимал кек алудан немесе қорқытудан тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларға, айыпталушының құқықтары үшін, оның ішінде тиісінше істі қарау құқығы үшін нұқсан келтірмей, басқаларымен қатар мыналар:
а) осындай адамдарды күш қолданудан қорғау, мысалы - мұның қандай дәрежеде қажеттігі мен оны нақты жүзеге асыруына қарай, - оларды басқа жерге көшіру үшін рәсімдерді белгілеу, рұқсат етілетін ережелерді қабылдау, тиісті жағдайларда, осындай адамдардың жеке басына және олар орналасқан жерге қатысты хабарламаны жария етпеуге, немесе хабарламаны осылайша жария етуге шектеулерді белгілейді;
b) куәлар мен сарапшыларға мысалы, айғақты көрініс жазбалары немесе басқа да тиісті құралдар сияқты байланыс құралдарының көмегімен рұқсат берілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей айғақтар беруге мүмкіндік беретін дәлелдеу ережелерін қабылдау кіру мүмкін.
3. Қатысушы мемлекеттер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың қоныс аударуына қатысты басқа мемлекеттермен келісімдер немесе уағдаластықтар жасау мүмкіндігін қарастырады.
4. Осы баптың ережелері олардың куәлар болып табылатындай дәрежеде жәбірленушілерге қатысты да қолданылады.
5. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасын сақтаған жағдайда қылмыстық іс жүргізудің тиісті сатыларында мұның өзі қорғау құқықтарына нұқсан келтірмес үшін қылмыс жасаған адамдарға қатысты жәбірленушілердің пікірлері мен қауіптенулерін айтуы мен қарауы үшін мүмкіндіктер туғызады.
33-бап
Ақпарат хабарлайтын адамдарды қорғау
Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқықтық жүйесіне осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстармен байланысты кез келген фактілер туралы құзыретті органдарға адал және ақылға қонымды негіздерде хабарлайтын кез келген адамды кез келген әділетсіз жүгінулерден қорғауды қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды енгізу мүмкіндігін қарастырады.
34-бап
Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің салдарлары
Үшінші тараптардың адал иеленген құқықтарын тиісті есепке ала отырып, әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес сыбайлас жемқорлықтың салдарлары туралы мәселені реттеу үшін шаралар қолданады. Бұл тұрғыда Қатысушы мемлекеттер сыбайлас жемқорлықты келісім-шарттарды жою немесе бұзу, немесе концессияларды немесе басқада осыған ұқсас тетіктерді кері қайтарып алу, немесе туындаған жағдайды түзету жөнінде өзге де шаралар қолдану үшін іс жүргізуде маңызды фактор ретінде қарастырылуы мүмкін.
35-бап
Залалдың өтемақысы
Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес қандай да бір сыбайлас жемқорлық әрекеттің нәтижесінде залал шеккен заңды немесе жеке тұлғаның осы залал үшін жауапты адамдарға қатысты іс қозғауға, өтемақы алуға құқығы болуы үшін қажет болатын шараларды қолданады.
36-бап
Мамандырылған органдар
Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес құқық қорғау шараларының көмегімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске маманданған органының немесе органдарының немесе адамдарының болуын қамтамасыз етеді. Ондай органға немесе органдарына немесе адамдарына Қатысушы мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес өздерінің міндеттерін тиімді орындау және қандай да бір тиісінше ықпал жасамай орындау үшін қажетті дербестікті қамтамасыз етеді. Осындай органның немесе органдардың мұндай адамдары мен қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару үшін тиісінше біліктілік пен ресурстарға ие болуға тиіс.
37-бап
Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық
1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасауға, тергеу мен дәлелдеу мақсатында құзыретті органдар үшін пайдалы хабарлама беруге, қылмыскерлерді қылмыстардан түскен табыстардан айыруға көмектесуі мүмкін құзыретті органдарға іс жүзінде нақты көмек беруге және осындай табыстарды қайтару жөнінде шаралар қолдануға қатысатын немесе қатысқан адамды көтермелеу үшін тиісті шаралар қолданады.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет тиісінше жағдайларда осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасаумен байланысты тергеуде немесе ізге түсуде елеулі түрде ынтымақтасқан айыпталушы адамның жазасын жеңілдету мүмкіндігін көздейтін мәселені қарастырады.
3. Әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасаумен байланысты тергеуде немесе ізге түсуде елеулі түрде ынтымақтасқан адамға иммунитет мүмкіндігін көздейтін мәселені қарастырады.
4. Бұндай адамдарды қорғау, mutatis mutandis осы Конвенцияның 32-бабында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
5. Осы баптың 1-тармағында айтылған адам бір Қатысушы мемлекетте болған жағдайларда басқа Қатысушы мемлекеттің құзыретті органдарымен елеулі түрде ынтымақтасуы мүмкін, мүдделі Қатысушы мемлекеттер өздерінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу, басқа Қатысушы мемлекеттің ондай адамына осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген режимнің ықтимал берілуіне қатысты мүмкіндіктерін қарастыруы мүмкін.
38-бап
Ұлттық органдар арасындағы ынтымақтастық
Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес ынталандыру үшін, бір жағынан, оның көпшілікке арналған органдарымен, сондай-ақ жария лауазымды тұлғалармен, екінші жағынан, қылмыстармен байланысты тергеу мен ізге түсу үшін жауапты органдарымен ынтымақтасу үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолданады. Мұндай ынтымақтастыққа мыналар жатады:
а) осындай жауапты органдарға, егер осы Конвенцияның 15, 21 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған кез келген қылмыс жасады деп ойлау үшін ақылға қонымды негіз болса, өзінің тікелей бастамасы бойынша хабарлама беру; немесе
b) осындай жауапты органдарға тиісті өтініш бойынша барлық қажетті хабарламаны беру.
39-бап
Ұлттық органдар мен жеке сектор арасындағы ынтымақтастық
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес осы Конвенцияға орай осындай деп танылған қылмыстар жасаумен байланысты ұлттық тергеу органдары мен прокуратура органдары жеке сектордың ұйымдары, атап айтқанда қаржы мекемелері арасындағы ынтымақтастық үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет, әдетте оның аумағында тұратын азаматтар мен адамдарды ынталандыру, ұлттық тергеу органдары мен прокуратура органдарына осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасағаны жөнінде хабарлау туралы мәселесін қарастырады.
40-бап
Банк құпиясы
Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға орай осындай деп танылған қылмыстармен байланысты ішкі қылмыстық тергеу жағдайында банк құпиясы туралы заңнаманы қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін кедергілерді жеңу үшін өзінің ішкі құқықтық жүйесі ауқымында тиісінше тетіктердің болуын қамтамасыз етеді.
41-бап
Соттылығы туралы мәліметтер
Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстармен байланысты қылмыстық іс жүргізу барысында осындай хабарламаны пайдалану үшін тергелетін қылмысты жасауда сезікті адамға қарсы басқа мемлекетте бұрын шығарылған кез келген айыптау үкімін, есепке алу үшін қажетті, ол тиісінше деп есептейтін жағдайларда және мақсаттарда осындай заңдық немесе басқа да шараларды қабылдауы мүмкін.
42-бап
Юрисдикция
1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты өзінің юрисдикциясын анықтау үшін мынадай кезде:
а) қылмыс осы Қатысушы мемлекеттің аумағында жасалған болса; немесе
b) қылмыс жасалған кезде осы Қатысушы мемлекеттің жалауы ілінген кеме қорабында немесе әуе кемесінде жасалған кезде, ол кеме осы Қатысушы мемлекет заңнамасына сәйкес осы мезгілде тіркегенде қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.
2. Осы Конвенцияның 4-бабын сақтаған жағдайда Қатысушы мемлекет сонымен бірге мына кездерде кез келген қылмысқа қатысты өзінің юрисдикциясын:
а) қылмыс осы Қатысушы мемлекеттің азаматына қарсы жасалған; немесе
b) қылмысты осы Қатысушы мемлекеттің азаматы немесе әдетте оның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адам жасаған кезде; немесе
с) қылмыс осы Конвенцияның 23-бабы 1-тармағының (b) (іі) тармақшаларына сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың бірі болып табылады және осы Конвенцияның 23-бабы 1-тармағының (b) (іі) тармағына немесе (b) (і) тармақшаларына сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасау мақсатында одан тыс жерде жасалған; немесе
d) қылмыс осы Қатысушы мемлекетке қарсы жасалған кезде белгілей алады.
3. Осы Конвенцияның 44-бабының мақсаттары үшін әрбір Қатысушы мемлекет қылмыс жасады деп күдік туғызған адам оның аумағында болып, оны оның азаматтарының бірі болып табылатыны негізінде бермеген кезде осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты өзінің юрисдикциясын белгілеу үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.
4. Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыс жасады деп күдік туғызатын адам оның аумағында болып, бұл адамды бермеген кезде, осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты өзінің юрисдикциясын үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолдана алады.
5. Егер осы баптың 1 немесе 2-тармақтарына сәйкес юрисдикциясын жүзеге асыратын Қатысушы мемлекет кез келген басқа Қатысушы мемлекеттер мыналар жөнінде жазбаша ақпарат алады немесе басқа жолмен біледі: осы басқа мемлекеттер осы әрекеттерімен байланысты тергеуді, қылмыстық ізге түсуді немесе сот тергеуін жүзеге асырады, тиісті жағдайларда осы Қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары өздерінің іс-әрекеттерін үйлестіру үшін бір-бірімен кеңестер алысады.
6. Халықаралық құқықтың жалпы нормаларына нұқсан келтірмей, осы Конвенция Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес белгіленген кез келген қылмыстық юрисдикциясын жоққа шығармайды.
ІV тарау
Халықаралық ынтымақтастық
43-бап
Халықаралық ынтымақтастық
1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның 44 - 50-баптарына сәйкес қылмыстық-құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтасады. Мұның өзі тиімді және олардың ішкі құқықтық жүйесіне сәйкес келген кезде Қатысушы мемлекеттер сыбайлас жемқорлықпен байланысты азаматтық-құқықтық және әкімшілік мәселелері бойынша бір-біріне көмек көрсету мүмкіндігін қарастырады.
2. Халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты қылмыстық тиісті әрекетті қылмыс деп өзара мойындау принципі қажет болған кезде сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің заңы тиісті әрекетті қылмыстардың сол санатына жатқызуына немесе егер қылмысқа байланысты сұралатын көмекке байланысты қылмыс құрамы болып табылатын әрекет екі Қатысушы мемлекеттің заңына сәйкес қылмыстық жазаланатын қылмыс деп танылатын болса, сұралатын Қатысушы мемлекет сияқты терминдерінің көмегімен сипатталуына қарамастан бұл принцип сақталған деп есептеледі.
44-бап
Тапсыру
1. Осы Бап, егер өзіне қатысты тапсырылуы сұралатын адам сұрау салған Қатысушы мемлекеттің аумағында болса, осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға мына жағдайда қолданылады: адамды беру сұралуымен байланысты әрекет сұрау салынған Қатысушы мемлекеттің, сондай-ақ сұрау салатын Қатысушы мемлекеттің де ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық жазалау әрекеті болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, заңнамасы бұған жол беретін Қатысушы мемлекет осы Конвенциямен қамтылған кез келген қылмысқа байланысты қандай да бір адамды тапсыруы мүмкін, ол қылмыстар оның өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық жазалау қылмыстары болып табылмайды.
3. Егер беру туралы өтініш бірнеше жекелеген қылмыстарға қатысты болса, кем дегенде олардың біреуі осы бапқа сәйкес тапсыруға әкеп соқтыруы мүмкін, ал басқалары олар үшін жазаның мерзімі себепті беруге әкеп соқтырмауы мүмкін, бірақ осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылатын қылмыстарға жатады, сұралатын Қатысушы мемлекет осы қылмыстарға қатысты да бұл бапты қолдануы мүмкін.
4. Осы бап қолданылатын қылмыстардың әрқайсысы тапсыруға әкеп соқтыруы мүмкін қылмыс ретінде Қатысушы мемлекеттер арасында тапсыру туралы қазіргі кез келген шартқа жатады деп есептеледі. Қатысушы мемлекеттер мұндай тапсыруға әкеп соқтыруы мүмкін қылмыстар ретінде олардың арасында жасалатын тапсыру туралы кез келген шартқа енгізуге міндеттенеді. Заңнамасы Конвенцияны тапсыру үшін негіздеме ретінде пайдаланған кезде осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстың кез келгенін саяси қылмыс деп есептемейді.
5. Егер тапсыруы шарттың болуымен байланыстыратын Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттен беру туралы өтініш алады, бұл мемлекеттің онымен тапсыру туралы шарты болмайды, ол осы бап қолданылатын кез келген қылмыспен байланысты осы Конвенцияны құқықтық негіз ретінде қарастыра алады.
6. Тапсырылуы шарттың болуымен байланыстыратын Қатысушы мемлекет:
а) өзінің грамотасын немесе осы Конвенцияны қабылдау немесе бекіту немесе оған қосылу туралы құжатын сақтауға өткізген кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына ол осы Конвенцияны беру мәселелерінде басқа Қатысушы мемлекеттермен ынтымақтасу үшін құқықтық негіз ретінде пайдаланатыны жөнінде хабарлайды; және
b) егер ол осы Конвенцияны беру мәселелерінде ынтымақтастық үшін құқықтық негіз ретінде пайдаланбайтын болса, тиісінше жағдайларда, осы бапты пайдалану мақсатында осы Конвенцияның басқа да Қатысушы мемлекеттерімен тапсыру туралы шарттар жасасуға ұмтылады.
7. Тапсыруды шарттың болуымен байланыстырмайтын Қатысушы мемлекеттер өзара қатынастарында осы бап қолданылатын қылмыстарды тапсыруға әкеп соқтыратын қылмыстар ретінде таниды.
8. Беру сұралатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасымен көзделген шарттарына, немесе, басқаларымен қатар, беруге қатысты ең төмен жазалау туралы талаптармен байланысты шартты және сұралатын Қатысушы мемлекет тапсырудан бас тартатын негіздерді қоса алғанда, беру туралы қолданылатын шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
9. Осы бап қолданылатын кез келген қылмысқа қатысты Қатысушы мемлекеттер өздерінің ішкі заңнамасын сақтаған жағдайда тапсыру рәсімін жеделдетуге және дәлелдемелер беру туралы онымен байланысты талаптарды жеңілдетуге күш-жігер жұмсады.
10. Өзінің ішкі заңнамасының және тапсыру туралы шарттарының ережелерін сақтаған жағдайда Қатысушы мемлекет мән-жайлар осыны қажет ететініне және шұғыл сипаты бар екеніне көз жеткізе отырып, сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша тапсыру сұралатын адамды оның аумағында күзетке алуы немесе беру рәсімі барысында оның қатысуын қамтамасыз ету үшін басқа да тиісті шаралар қолдануы мүмкін.
11. Аумағында қылмыс жасағаны үшін күдікті адам болатын Қатысушы мемлекет, егер осы бап қолданылатын қылмыспен байланысты осындай адамды ол азаматтардың бірі болып табылады деген негізде ғана тапсырмайтын болса, тапсыруға сұрау салған Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша істі кешіктірмей қылмыстық ізге түсу мақсаты үшін өзінің құзыретті органдарына тапсырады. Бұл органдар өзінің шешімін қабылдайды және өндірісті осы Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес қауіпті сипаттағы кез келген қылмыс жағдайы сияқты жүзеге асырады. Мүдделі Қатысушы мемлекеттер осындай тиімді ізге түсуді қамтамасыз ету үшін, атап айтқанда іс жүргізу мәселелері мен дәлелдеу мәселелері бойынша бір-бірімен ынтымақтасады.
12. Барлық жағдайда да, Қатысушы мемлекетке, оның ішкі заңнамасына сәйкес мынадай шарттармен азаматтарының біреуін тапсыруға немесе өзгеше жолмен өткізуге рұқсат етіледі. Бұл адам осы Қатысушы мемлекетке сотта қарау немесе өндіріс нәтижесінде тағайындалған жазасын өтеу үшін қайтарылатын болады, осылармен байланысты осы адамды беру мен өткізу сұралған да болатын және осы адамды тапсыруға сұрау салған Қатысушы мемлекет пен Қатысушы мемлекет мұндай тәртіппен және тиісті есептесуі мүмкін басқа да шарттармен келіседі, мұндай шартты түрдегі беру мен өткізу осы баптың 11-тармағындағы міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті болып табылады.
13. Егер үкімді орындау мақсатында сұрау салынған тапсырудан бас азаматы болып табылса, егер бұған оның ішкі заңнамасы жол беретін болса және бұл осындай заңнаманың талаптарына сәйкес келетін болса, сұрайтын Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес шығарылған үкімді немесе үкімнің қалған бөлігін орындау туралы мәселені қарайды.
14. Осы бап қолданылатын кез келген қылмыспен байланысты іс бойынша өндіріспен жүзеге асырылатын кез келген адамға, осы адам аумағында болатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасымен көзделген барлық құқықтар мен кепілдіктерді жүзеге асыруды қоса алғанда, өндірістің барлық сатыларында әділ жүгінуді қамтамасыз етіледі.
15. Егер сұрау салынған Қатысушы мемлекеттің тапсыру туралы өтініші адамның жынысы, нәсілі, діни нанымы, азаматтығы, этникалық шығу тегі немесе саяси сенімі себепті қандай да бір адамның ізіне түсу немесе жазалау мақсаты немесе бұл өтінішті қанағаттандыру осы себептердің кез келгені бойынша осы адамның жағдайына нұқсан келтіреді деп ойлаудың елеулі негіздері болса, осы Конвенцияда ештеңе де берудің анықтау міндеттемесі ретінде түсіндірілмейді.
16. Қатысушы мемлекеттер қылмыс сонымен бірге салық мәселелерімен байланысты деп есептелуі негізінде ғана беру туралы өтінішті орындаудан бас тарта алмайды.
17. Беруден бас тартқанға дейін сұрау салынатын Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда, оның пікірлерін айту және оның өтінішінде айтылған фактілерге қатысы бар хабарламаны беру үшін оған жеткілікті мүмкіндіктер беру үшін сұрайтын Қатысушы мемлекетпен кеңес жүргізеді.
18. Қатысушы мемлекеттер беруді жүзеге асыру немесе тиімділігін арттыру мақсатында екі жақты және көп жақты келісімдер немесе уағдаластықтар жасауға ұмтылады.
45-бап
Сотталған адамдарды тапсыру
Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстар үшін олардың жаза мерзімін өздерінің аумағында өткізу үшін түрмеге қамауға немесе бас бостандығынан айырудың басқа да түрлеріне сотталған адамдарды өткізу туралы екі жақты немесе уағдаластықтар жасау мүмкіндігін қарауы мүмкін.
46-бап
Өзара құқықтық көмек
1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенциямен қамтылатын қылмыстармен байланысты тергеуде, қылмыстық ізге түсуде және сотта істі қарауда бір-біріне аса кең көлемді өзара құқықтық көмек көрсетеді.
2. Өзара құқықтық көмек мүмкіндігі болатын көлемде, тиісті заңдарға, халықаралық шарттарға, сұрау салынған Қатысушы мемлекеттің келісімдері мен уағдаластықтарына сәйкес беріледі, сұрайтын Қатысушы мемлекетте жасалған қылмыстармен байланысты тергеуге, ізге түсуге және сотта іс қарауға қатысты осы Конвенцияның 26-бабына сәйкес заңды тұлға жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
3. Осы бапқа сәйкес берілетін өзара құқықтық көмек мына мақсаттардың кез келген үшін сұрау салынуы мүмкін:
а) жекелеген адамдардан куәнің айғақтарын немесе арыздарын алу;
b) сот құжаттарын тапсыру;
c) тінту, тыйым салуды жүргізу, сондай-ақ операцияларды тоқтата тұру (бөгеп тастау);
d) объектілер мен жер учаскілерін қарау;
e) ақпаратты, заттай дәлелдемелер мен сарапшылар бағалауларын беру;
f) үкіметтік, банк, қаржы, корпорациялық немесе коммерциялық құжаттарды қоса алғанда, тиісті құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларын немесе куәландырған көшірмелерін беру;
g) дәлелдеу мақсаттары үшін қылмыстардан түсетін табыстарды, мүлікті, қылмыстар жасау құралдарын және басқа да заттарды анықтау немесе қадағалау;
h) сұрау салушы Қатысушы мемлекет органдарының тиісті адамдардың ерікті түрде келуіне көмектесу;
i) сұралатын қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына қайшы келмейтін көмектің кез келген түрін көрсету;
j) осы Конвенцияның V тарауының тиісті ережелеріне сәйкес қылмыстардан түсетін табыстарды анықтау, қозғалысын тоқтату мен қадағалау;
k) осы Конвенцияның V тарауының ережелеріне сәйкес активтерді алып қою.
4. Ішкі заңнамаға нұқсан келтірмей, Қатысушы мемлекеттің құзыретті органдары басқа Қатысушы мемлекеттегі қылмыстық-құқықтық мәселелерге қатысты ақпаратты алдын ала өтініш жасамастан олар мұндай хабарлама тергеу мен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға немесе оны табысты аяқтауға көмек көрсетеді немесе осы Конвенцияға сәйкес осы Қатысушы мемлекет жасаған өтінішке әкеп соғады деп есептеп ақпаратты бере алады.
5. Ақпаратты тапсыру осы баптың 4-тармағына сәйкес оны беретін мемлекеттегі құзыретті органдардың тергеуіне және қылмыстық іс жүргізуіне нұқсан келтірместен жүзеге асырылады. Ақпаратты алған құзыретті органдар осы ақпараттың құпиялық сипатын, тіпті уақытша негізде де, сақтау туралы өтінішті орындайды, немесе оны пайдалануға шектеулерді сақтайды. Ақпаратты алған Қатысушы мемлекетке ондағы өндіріс барысында айыпталушыны ақтайтын хабарламаны ашуға кедергі келтірмейді. Мұндай жағдайда хабарламаны ашқанға дейін хабарламаны алған Қатысушы мемлекет хабарлама берген Қатысушы мемлекетке, егер ол туралы өтініш алынса, хабарлама берген Қатысушы мемлекетпен кеңес жүргізеді. Егер, ерекше жағдайларда, уақтылы жазбаша ақпарат беру мүмкін болмаса, онда ақпаратты алған Қатысушы мемлекет ақпаратты берген Қатысушы мемлекетке осындай ашу туралы хабарлайды.
6. Осы баптың ережелері, екі жақты немесе көп жақты болса да, өзара құқықтық көмекті толық немесе ішінара реттейтін немесе реттейтін болатын қандай да бір басқа шарт бойынша міндеттемелерді қозғамайды.
7. Осы баптың 9-29-тармақтары, егер тиісті Қатысушы мемлекеттер өзара құқықтық көмек туралы қандай да бір шартпен байланысты болмаса, осы баптың негізінде жіберілген өтініштерге қолданылады. Егер осы Қатысушы мемлекеттер мұндай шартпен байланысты болса, егер тек қана олармен бірге осы баптың 9-29-тармақтарын қолданумен Қатысушы мемлекеттер келіспейтін болса, онда осы шарттың тиісті шарттары қолданылады. Егер бұл ынтымақтастыққа көмектесетін болса, Қатысушы мемлекеттерге осы тармақтарды қолдану табандылықпен ұсынылады.
8. Қатысушы мемлекеттер банк құпиясы негізінде осы бапқа сәйкес өзара құқықтық көмек беруден бас тартпайды.
9. а) Сұрау салынған Қатысушы мемлекет көмек беру туралы өтінішке жауап қайтара отырып, осы бапқа сәйкес тиісті әрекетті қылмыс деп танудың екі жақты болмауы жағдайында 1-бапта көрсетілген осы Конвенцияның мақсаттарын назарға алады.
b) Қатысушы мемлекеттер осы бапқа сәйкес тиісті әрекетті қылмыс деп танудың екі жақты болмауы негізінде көмек беруден бас тартуы мүмкін. Сонымен бірге сұрау салынған Қатысушы мемлекет, бұл оның құқықтық жүйесінің негізгі тұжырымдарына сәйкес келген кезде, егер мұндай көмек мәжбүрлеу шараларымен байланысты болмаса, көмек береді. Өтініштер de minimis сипатындағы мәселелермен немесе сұрау салынатын ынтымақтастық немесе көмек осы Конвенцияның басқа ережелеріне сәйкес қамтамасыз етілетін мәселелермен ұштасқан кезде, бұндай көмектен бас тартылуы мүмкін.
с) әрбір Қатысушы мемлекет ол тиісті әрекетті қылмыс деп танудың екі жақты болмауы жағдайында осы бапқа сәйкес көп көлемде беру жай-күйінде болуы үшін қажетті мүмкін болатын шаралар қолдану мүмкіндігін қарастырады.
10. Бір Қатысушы мемлекеттің аумағында күзетте ұсталатын немесе түрмеге ұстау мерзімін өтейтін және басқа Қатысушы мемлекетте болатын адам осы Конвенциямен қамтылатын қылмыстармен байланысты дәлелдемелер алуда оның жеке басын анықтау, айғақтар беру немесе тергеу, қылмыстық ізге түсу немесе сотта тергеу немесе өзге де көмек көрсету мақсаттары үшін талап етіліп, мына шарттарды сақтаған жағдайда өткізілуі мүмкін:
а) бұл адам саналы ерікті түрде бұған өзінің келісімін береді;
b) екі Қатысушы мемлекеттің құзыретті органдары осы Қатысушы мемлекеттер тиісті деп есептейтін шарттар негізінде келісімге қол жеткізеді.
11. Осы баптың 10-тармақтың мақсаттары үшін:
а) адам тапсырылған Қатысушы мемлекет, егер тек осы адамды өткізген Қатысушы мемлекет өзге шартты өтінбесе немесе өзгеше санкция бермейтін болса, адамды күзетте ұстауға құқылы және міндетті болады;
b) адам тапсырылған Қатысушы мемлекет бұрын келіскеніндей немесе екі Қатысушы мемлекеттің өзгеше келіскеніндей, осы адамды берген Қатысушы мемлекеттің билігіне қайтару жөніндегі өзінің міндеттемесін дереу орындайды;
с) осы адам тапсырылған Қатысушы мемлекет бұл адамды өткізген Қатысушы мемлекеттен оны қайтарып берудің рәсімін қозғауды талап етпейді;
d) тапсырылған адамға оны тапсырған мемлекетте өтейтін жаза мерзіміне ол тапсырылған Қатысушы мемлекетте күзетте ұсталған мерзімі есептеледі.
12. Осы баптың 10 және 11-тармағына сәйкес осы адамды тапсыруға тиісті Қатысушы мемлекеттің келісімінсіз оның азаматтығына қарамастан осы адам өткізілген мемлекет аумағында жазасын өтеу кезеңіне қатысты әрекетімен, әрекетсіздігімен немесе сотталуымен байланысты осы адам өткізілген мемлекет аумағында қылмыстық ізге түсуге, күзетте ұстауға, жазалауға немесе оның жеке бостандығын қандай да бір басқаша шектеуге жатқызылмайды.
13. Әрбір Қатысушы мемлекет орталық органды тағайындайды, олар құзыретті органдарға орындау үшін өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштер алу үшін және не олардың орындалуы үшін, оларды алып жүру үшін жауапты болады және тиісінше өкілеттіктерге ие болады. Егер Қатысушы мемлекеттер өзара құқықтық көмек көрсететін арнаулы аймақ немесе аумақ болса, ол осы аймақ немесе аумаққа қатысты осындай міндет атқаратын ерекше орталық орган тағайындайды. Орталық органдар алынған өтініштердің жедел және тиісті орындалуын немесе олардың жеткізілуін қамтамасыз етеді. Егер орталық орган орындау үшін өтінішті құзыретті органға жеткізетін болса, осы өтініштің құзыретті органға жедел және тиісті түрде орындалуына көмектеседі. Әрбір Қатысушы мемлекетке оның осы Конвенцияны қабылдау немесе бекіту туралы бекітілген грамотасын немесе құжатты сақтауға өткізген немесе оған қосылу кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы мақсатта тағайындалған орталық орган туралы жазбаша хабарландырылады. Өзара құқықтық көмек көрсету және оған қатысты кез келген хабарлар туралы өтініштер Қатысушы мемлекеттер тағайындайтын орталық органға жеткізіледі. Бұл талап мұндай өтініш пен хабардың оған дипломатиялық арналар арқылы ерекше мән-жайлар жағдайында бұл туралы уағдаласқан кезде, егер бұл мүмкін болса, Қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы арқылы жіберілуі Қатысушы мемлекеттер талабына нұқсан келтірмейді.
14. Өтініштер жазбаша түрде жіберіледі немесе, егер, бұл мүмкін болса, осы Қатысушы мемлекетке түпнұсқалығын анықтау мүмкін болған жағдайда сұрау салынатын Қатысушы мемлекет үшін қолайлы тілде жазбаша жасау мүмкіндігі берілетін кез келген құралдар көмегімен жіберіледі. Осы Конвенцияны қабылдау немесе бекіту туралы бекітілген грамотасын немесе құжатын сақтауға өткізген немесе оған қосылу кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы тілдер немесе әрбір Қатысушы мемлекет үшін қолайлы тілдер туралы жазбаша хабарланады. Төтенше жағдайлар кезінде және осы Қатысушы мемлекеттермен келіскен жағдайда өтініштер ауызша нысанда жіберілуі мүмкін, алайда дерек жазбаша нысанда расталады.
15. Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініште мыналар көрсетіледі:
а) өтініш жасаған органның атауы;
b) өтінішке қатысты мәселелердің мәні және тергеу, қылмыстық ізге түсу немесе сотта іс қарау сипаты, сондай-ақ осы тергеуді, қылмыстық ізге түсуді немесе сотта іс қарауды жүзеге асыратын органның атауы;
c) сот құжаттарын тапсыруға қатысты өтініштерді қоспағанда, тиісті фактілердің қысқаша мазмұны;
d) сұралатын көмектің сипаттамасы және кез келген нақты рәсім туралы егжей-тегжейлі хабарлама, оның сақталуын сұралатын Қатысушы мемлекет қамтамасыз еткен болар еді;
e) мүмкіндігінше, тиісті адамның жеке басы, болатын орны мен азаматтығы туралы деректер;
f) сұрау салынған дәлелдемелердің, хабарламаның және шаралардың мақсаты.
16. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет, егер бұл хабарлама оның ішкі заңнамасына сәйкес өтінішті орындау үшін қажетті болып табылса немесе бұл ақпарат осындай өтінішті орындауды қамтамасыз ететін болса, қосымша хабарлама сұрай алады.
17. Өтініш сұрау салатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес сұралатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына қайшы келмейтін дәрежеде, ақпаратты немесе дәлелдемені, мүмкіндігінше, өтініште көрсетілген рәсімдерге сәйкес орындайды.
18. Егер қандай да бір адам Қатысушы мемлекеттің аумағында болып басқа Қатысушы мемлекеттің куәгері немесе сарапшысы және сот органдарының сарапшысы ретінде тыңдалатын болса, бұның мүмкін ішкі заңның негізгі принциптеріне қаншалықты сәйкес келуіне қарай бірінші Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша егер сұрау салатын Қатысушы мемлекеттің аумағында тиісті адамның болуы мүмкін және қажет болмаса, бейне байланыстың көмегімен өткізуге рұқсат етуі мүмкін. Қатысушы мемлекеттер сұрау салынған Қатысушы мемлекеттің сот органы өкілдерінің қатысуымен сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің сот органы өткізетіні туралы уағдаласуы мүмкін.
19. Сұрау салушы Қатысушы мемлекет сұрау салынған Қатысушы мемлекеттің тергеуді, қылмыстық ізге түсуді немесе сотта іс қарауды жүзеге асыру үшін берген хабарламаны немесе дәлелдемелерді, өтініште көрсетілген өзге сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің бұған алдын ала келісімінсіз бермейді және пайдаланбайды. Сұрау салынған ақпаратты немесе дәлелдемені осы тармақтағы онда өткізілген өндіріс барысында айыпталушыны ақтайтын ақпаратты немесе дәлелдемені ашуға ештеңе де кедергі келтірмейді. Бұл жағдайда хабарламаны немесе дәлелдемені ашқанға дейін сұрау салушы Қатысушы мемлекет сұрау салынған Қатысушы мемлекетті хабардар етеді және, егер осы жөнінде өтініш алынатын болса, сұрау салынған Қатысушы мемлекетпен кеңес өткізеді. Егер, ерекше жағдайларда, уақтылы хабардар ету мүмкін болмаса, онда сұрау салушы Қатысушы мемлекет сұралатын Қатысушы мемлекетке шұғыл хабарлайды.
20. Сұрау салушы Қатысушы мемлекет, сұрау салынған Қатысушы мемлекеттің, өтініштің өзін орындау үшін қажеттісін қоспағанда, өтініштің бар болуы мен мәнінің құпиялылығын сақталуын талап ете алады. Егер сұрау салынған Қатысушы мемлекет құпиялылық туралы талапты орындамайтын болса, ол бұл туралы сұрау салушы Қатысушы мемлекетке шұғыл хабарлайды.
21. Өзара құқықтық көмек көрсетуден мына ретте бас тартылуы мүмкін:
а) егер өтініш осы баптың ережелеріне сәйкес берілмесе;
b) сұрау салынған Қатысушы мемлекет өтінішті орындау оның егемендігіне, қауіпсіздігіне, көпшілік тәртібіне немесе басқа да өмірлік маңызды мүдделеріне нұқсан келтіреді деп есептесе;
с) егер сұрау салынған Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасы оның органдарына, егер де мұндай қылмыс оның іс жүргізу шектерінде тергеудің, қылмыстық ізге түсудің немесе сотта іс қараудың мәні болса, осындай кез келген ұқсас қылмысқа қатысты сұрау салынған шараларды жүзеге асыруға тыйым салады;
d) егер өтінішті орындау өзара құқықтық көмек мәселелеріне қатысты сұрау салынған Қатысушы мемлекеттің құқықтық жүйесіне қайшы келетін болса.
22. Қатысушы мемлекеттер өзара құқықтық көмек туралы өтінішті орындаудан қылмыс, сонымен бірге салық мәселелерімен байланысты деп есептеледі деген негізде ғана бас тарта алмайды.
23. Өзара құқықтық көмек көрсетуден кез келген ретте бас тарту дәлелденеді.
24. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті оның мүмкін болуы себепті қысқа мерзімдерде орындайды, сұрайтын Қатысушы мемлекет өтініште артық саналатын, ұсынылған кез келген және дәлелді шекті мерзімдерін толық ескереді. Сұрау салушы Қатысушы мемлекет, оның өтінішін қанағаттандыру үшін сұралатын Қатысушы мемлекет қабылдайтын шаралардың статусы мен оларды жүзеге асыру шаралары туралы ақылға қонымды сұрау салулармен жүгінуі мүмкін. Сұрау салушы Қатысушы мемлекет сұрау салынған Қатысушы мемлекеттің ақылға қонымды сұрау салуларына өтініштің статусы мен орындалу барысы туралы жауап қайтарады. Сұрау салушы Қатысушы мемлекет сұрау салынған Қатысушы мемлекетке сұралатын көмек туралы көмектің қажеті жоқ екенін шұғыл хабарлайды.
25. Өзара құқықтық көмек көрсету сұрау салынатын Қатысушы мемлекет жүзеге асырылатын тергеуге, қылмыстық ізге түсуге немесе сотта іс қарауға кедергі келтіреді деген негізді кейінге қалдыруы мүмкін.
26. Өтінішті орындаудан бас тартуға немесе оны орындау мерзімін кейінге қалдыруға дейін сұрау салынған Қатысушы мемлекет дейін, осы баптың 21-тармағына немесе 25-тармағына сәйкес сұрау салушы Қатысушы мемлекет сұрау салынған Қатысушы мемлекетпен көмектің сұрау салынған Қатысушы мемлекет қажет деп есептейтін мерзімдерде және шарттарда берілуін анықтау үшін консультация жүргізеді. Егер сұрау салынған Қатысушы мемлекет осындай шарттарда көмекті қабылдайтын болса, онда ол бұл шарттарды сақтайды.
27. Осы баптың 12-тармағын қолдану үшін нұқсан келтірмей сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің куәгері, сарапшысы немесе өзге де адамы осы мемлекеттің өтініші бойынша іс жүргізу барысында сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің аумағында айғақтар беруге және тергеуді, қылмыстық ізге түсуді немесе сотта іс қарауды жүзеге асыру кезінде көмек көрсетуге келіседі, сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің аумағынан оның кеткеніне дейінгі кезеңге қатысты әрекетімен, әрекетсіздігімен немесе сотталуымен байланысты ол қылмыстық ізге түсуге, күзетпен қамауға, жазалауға немесе қандай да басқа жеке бостандығын шектеуге жатқызылмайды.
Жеке қауіпсіздік кепілдігінің бұндай күші, егер куәгер, сарапшы немесе өзге де адам дерлік он бес күн немесе осындай адамға ресми түрде сот органдары оның болуын бұдан әрі талап етпеуі, сұрау салынған Қатысушы мемлекет аумағынан кетуге мүмкіндіктің болуы, бірақ, соған қарамастан, ерікті түрде осы аумақта қалғаны немесе, оның аумағынан кете отырып, өзінің еркімен кейін қайтып оралғаны туралы хабарланған күннен бастап Қатысушы мемлекеттер арасында келісілген кез келген мерзім ішінде тоқтатылады.
28. Өтінішті орындаумен байланысты қарапайым шығыстарды, егер мүдделі Қатысушы мемлекеттер өзгеше уағдаласпаған болса, сұрау салынған Қатысушы мемлекет өтейді. Егер өтінішті орындау елеулі немесе төтенше шығыстарды талап етсе немесе қажет етсе, онда Қатысушы мемлекеттер өтініш орындалатын шарттарды, сондай-ақ шығыстарды жабу тәртібін анықтау мақсатында кеңестер өткізеді.
29. Сұрау салынған Қатысушы мемлекет:
а) сұрау салушы Қатысушы мемлекетке оның ішкі заңнамасына сәйкес өздерінің қолында бар үкіметтік материалдардың, құжаттардың немесе ақпараттың көшірмелерін береді, олар жария қол жеткізуге ашық болады;
b) өзінің қалауы бойынша сұрау салушы Қатысушы мемлекетке оның қолында бар және оның ішкі заңнамасына сәйкес ол тиісті деп есептейтін жағдайларымен жария қол жеткізуге ашық кез келген үкіметтік материалдардың, құжаттардың немесе ақпараттардың көшірмелерін толық немесе ішінара немесе ол тиісті деп есептейтін шарттарды сақтау жағдайларымен береді.
30. Қатысушы мемлекеттер қажеттілігіне қарай екі жақты немесе көп жақты келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу мүмкіндігін қарастырады, олар осы баптың мақсаттарына жауап берген болар еді, оның тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз немесе оның ережелерін белгілеген болар еді.
47-бап
Қылмыстық өндірісті тапсыру
Қатысушы мемлекеттер бұндай тапсыру тиісті сот билігін іске асыру мүдделеріне сай деп есептеген жағдайларда, бірнеше іс жүргізу құқығын қозғаған жағдайларда, қылмыстық істерді біріктіруді қамтамасыз ету үшін осы Конвенция сәйкес осындай деп танылған қылмыспен байланысты қылмыстық ізге түсу мақсаттарында өндірісті өзара тапсыру мүмкіндігін қарастырады.
48-бап
Құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық
1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенция қамтитын қылмыстарға қарсы күресу үшін құқық қорғау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында өздерінің құқықтық және әкімшілік жүйелеріне сәйкес іс-қимыл жасай отырып, тығыз ынтымақтасады, атап айтқанда, мыналарға бағытталған тиімді шараларды қолданады:
а) осы Конвенциямен қамтылатын, егер мүдделі Қатысушы мемлекеттер қылмыстық қызметтің басқа түрлерімен байланысты бұны тиісті деп есептейтін болса, қылмыстық қызметтің басқа түрлерімен байланысын қоса алғанда, қылмыстардың барлық аспектілері туралы хабарламаны сенімді түрде және алмасуды қамтамасыз ету үшін олардың құзыретті органдары, мекемелері мен қызметтері арасында байланыс арналарын нығайту немесе бұл қажет болған жерлерде нығайту;
b) осы Конвенциямен қамтылатын қылмыстармен байланысты тергеулерді жүргізуде басқа Қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастық мыналарды анықтау мақсатында:
і) осындай қылмыстар жасауға қатысқаны үшін күдікті адамдардың жеке басын, болатын жерін және қызметін немесе басқа да қатысты адамдардың болатын жерін;
іі) қылмыстардан алынған табыстарды немесе осындай қылмыстар жасау нәтижесінде алынған мүлікті кешіруді;
ііі) осындай қылмыстар жасау кезінде пайдаланылған немесе пайдалануға арналған мүлікті, жабдықты немесе басқа да құралдарды кешіріп орналастыруды;
с) тиісті жағдайларда талдау мен тергеу мақсатында қажетті заттар мен қажетті мөлшерде заттарды беру;
d)
тиісті жағдайларда, қызметін жасыру үшін жеке басының жалған куәліктерін, бұрмаланған, өзгерген немесе жалған құжаттарды және басқа да құралдарды пайдалануды қоса алғанда, қылмыстар жасау үшін қолданылатын нақты құралдар мен әдістер туралы ақпараттар алмасу;
е) олардың құзыретті органдары мен мекемелері және қызметтері арасында тиімді үйлестіруге көмектесу және, мүдделі Қатысушы мемлекеттермен екі жақты келісімдер мен уағдаластықтар жасасқан жағдайда байланыстар арқылы қызметкерлер жіберуді қоса алғанда, қызметкерлер мен басқа да сарапшыларды алмасуды ынталандыру;
f) тиісті жағдайларда осы Конвенциямен қамтылатын қылмыстарды уақтылы анықтау мақсатында ақпараттармен алмасу және әкімшілік және басқа да шараларды үйлестіру.
2. Осы Конвенцияны іс жүзінде қолдану мақсатында, Қатысушы мемлекеттер олардың құқық қорғау органдарымен тікелей ынтымақтасу туралы екі жақты немесе көп жақты келісімдер мен уағдаластықтар жасау, ал ондай келісімдер мен уағдаластықтар бұрын болған жағдайларда оларды өзгерту мүмкіндіктерін қарастырады. Мүдделі Қатысушы мемлекеттер арасында мұндай келісімдер мен уағдаластықтар болмаған жағдайда Қатысушы мемлекеттер осы Конвенциямен қарастырылатын қылмыстарға қатысты құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық үшін осы Конвенцияны негіз ретінде қарастыруы мүмкін. Тиісті жағдайларда Қатысушы мемлекеттер келісімдер мен уағдаластықтарды, оның ішінде халықаралық немесе аймақтық ұйымдардың тетіктерін өздерінің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты ұлғайту үшін толықтай пайдаланады.
3. Қатысушы мемлекеттер өздерінің мүмкіндіктері шектерінде осы Конвенциямен қамтылатын осы заманғы технологияны пайдаланып жасалатын қылмыстарға қарсы әрекет жасау мақсатында ынтымақтасуға ұмтылады.
49-бап
Бірлескен тергеулер
Қатысушы мемлекеттер туралы екі жақты немесе көп жақты келісімдер мен уағдаластықтар жасау мүмкіндіктерін қарастырады, осыларға орай бір немесе бірнеше мемлекеттердегі тергеудің, қылмыстық ізге түсудің немесе сотта іс қараудың мәні болып табылатын істермен байланысты мүдделі құзыретті органдар бірлескен тергеулерді өткізу бойынша органдар құруы мүмкін. Осындай келісімдер мен уағдаластықтар болмаған жағдайда, бірлескен тергеулер әрбір жекелеген жағдайда келісу бойынша жүргізілуі мүмкін. Тиісті Қатысушы мемлекеттер аумағында осындай тергеу өткізілуі тиіс Қатысушы мемлекеттің егемендігін толық құрметтеуін қамтамасыз етеді.
50-бап
Тергеудің арнайы әдістері
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресу мақсатында әрбір Қатысушы мемлекет, оның ішкі құқықтық жүйесінің негізгі принциптерінің қандай дәрежеде жол беруіне қарай және оның ішкі заңнамасымен белгіленген жағдайларда өздерінің мүмкіндіктері шектерінде, оның құзыретті органдарының бақылау жеткізілімдерін тиісті пайдалануға және ол бұны ақылға қонымды санайтын жағдайларда байқаудың электронды байқау немесе басқа да нысандарын, сондай-ақ өзінің аумағынан тыңшылық операциялар сияқты тергеудің арнаулы әдістерін пайдалануға рұқсат беру, сонымен бірге осындай әдістердің көмегімен жиналған дәлелдемелерді сотқа жіберу үшін қажет болатын шаралар қолданады.
2. Осы Конвенциямен қамтылатын қылмыстарды тергеу мақсатында Қатысушы мемлекеттер, қажет болғанда, тергеудің мұндай арнайы әдістерін пайдалану үшін халықаралық деңгейдегі тиісті екі жақты немесе көп жақты келісімдер мен уағдаластықтар жасауға ынталандырылады. Бұндай келісімдер (уағдаластықтар) мемлекеттердің егемендік теңдігі принципін толық сақтау жағдайында жасалып, жүзеге асырылады және осы келісімдер мен уағдаластықтардың ережелеріне қатаң сәйкес келуі жағдайында іске асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген келісімдер мен уағдаластықтардың болмауы кезінде тергеудің осындай арнайы әдістерін халықаралық дәрежеде пайдалану туралы шешім әрбір жекелеген жағдайда қабылданады және қажет болған жағдайда, мүдделі Қатысушы мемлекеттердің юрисдикциямен жүзеге асыруға қатысты қаржы уағдаластықтары мен өзара түсіністікті ескеруі мүмкін.
4. Халықаралық деңгейдегі бақыланатын жеткізілімдерді пайдалану туралы шешімге Қатысушы мемлекеттердің келісімімен, жүктерді немесе құралдарды қолға түсіру және оларға тиіспей қалдыру немесе оларды толық немесе ішінара алып қою немесе ауыстыру сияқты әдістер жатуы мүмкін.
V тарау
Активтерді қайтару жөніндегі шаралар
51-бап
Жалпы ереже
Активтерді қайтару, осы тарауға сәйкес осы Конвенцияның негізгі принципі болып табылады және Қатысушы мемлекеттер барынша кең көлемде бір-бірімен ынтымақтасады және осы тұрғыда бір-біріне көмек көрсетеді.
52-бап
Қылмыстардан түскен табыстар аударымдарының алдын алу мен оларды анықтау
1. Осы Конвенцияның 14-бабына нұқсан келтірмей, әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес оның юрисдикциясы қолданылатын қаржы мекемелерінен клиенттердің жеке басын тексеруді талап ету, көп көлемдегі қаражаттардың шоттарда сақталған меншік иелері-бенефициарлардың жеке басын анықтау үшін ақылға қонымды шаралар қолдану және ашуға ұмтылып немесе елеулі жария өкілеттіктерге ие болған немесе иеленетін адамдар, олардың отбасы мүшелері және олармен тығыз байланысты әріптестері немесе кез келген жоғарыда аталған адамдар басшылық ететін шоттарға қатысты бақылаудың қатаң шараларын жүзеге асыру үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолданады. Ондай бақылаудың неғұрлым қатаң шаралары ақылға қонымды деңгейде олар туралы құзыретті органдарға ақпарат беру мақсаттары үшін күдікті операцияларды анықтауға тиіс және олар қаржы мекемелеріне кез келген клиентпен істерді жүргізуге кедергі келтіретін немесе тыйым салатын шаралар ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды жүзеге асыруға көмектесу мақсатында әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес және аймақтық, аймақаралық және көп тарапты ұйымдардың ақша қаражаттарының жылыстатуына қарсы әрекеттер жөніндегі тиісті бастамаларды басшылыққа алып:
а) жеке немесе заңды тұлғалардың санаттарына қолданылатын ұсынымдық нұсқаулар шығарылады, олардың шоттарына қатысты өзінің іс жүргізу құқығы қолданылатын қаржы мекемелерінен бақылаудың неғұрлым қатаң шараларын қолдану күтіледі, ерекше назар аударылатын шоттар мен операциялардың түрлеріне және шоттарды ашу мен жүргізу, сондай-ақ осындай шоттарға қатысты қолданылатын шоттар бойынша есептілікті жүргізу жөніндегі тиісті шараларға ерекше назар аудару керек; және
b) тиісті жағдайларда басқа Қатысушы мемлекеттің немесе өзінің жеке бастамасы бойынша қаржы мекемелері жеке басын өзгеше тәртіпте анықтай алатын адамдарға осындай мекемелер шоттарына неғұрлым қатаң бақылау шаралары қолданылатын нақты жеке немесе заңды тұлғалардың жеке басы туралы жазбаша хабарлайды.
3. Осы баптың 2 (а)-тармағына сәйкес әрбір Қатысушы мемлекет оның қаржы мекемелері тиісті мерзім ішінде осы баптың 1-тармағында айтылған адамдарға қатысты шоттар мен операциялар туралы тиісті есептілікті сақтау шараларын жүзеге асырады, оған кем дегенде, клиенттің, сондай-ақ, мүмкіндігінше, меншік иесі-бенефициардың жеке басына қатысты ақпарат жатуға тиіс.
4. Осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстардың алдын алу мен аударымдарды анықтау мақсатында, әрбір Қатысушы мемлекет күші жағынан қатысуы болмайтын және қандай да бір реттеуші қаржы тобымен аффийлирленбеген өзінің реттеуші және қадағалау органдарының, банк мекемелерінің көмегімен тиісінше және пәрменді шараларды жүзеге асырады. Сонымен бірге Қатысушы мемлекеттер өздерінің қаржы мекемелеріне қатысты осындай мекемелермен корреспондентциялық банк қатынастарына түсуден бас тарту немесе осындай қатынастарын одан әрі жалғастыру, сондай-ақ күші жағынан қатысуы болмайтын немесе қандай да бір реттеуші қаржы тобымен аффийлирленбеген ондағы банктердегі шоттарды пайдалануға рұқсат берген шетелдік қаржы мекемелерімен қатынас орнатудан сақтану талаптарын белгілеу мүмкіндігін қарастыруы мүмкін.
5. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес тиісті жария лауазымды адамдарға қатысты қаржы ақпаратын ашуды көздейтін тиісті жүйелерді құру мүмкіндігін қарастырады және осы талаптарды сақтау үшін тиісінше санкцияларды белгілейді. Әрбір Қатысушы мемлекет сондай-ақ өзінің құзыретті органдарына мұның өзі тергеу, құқықтарды мәлімдеу және осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстарды қайтару жөніндегі шаралар қолдану қажет болған кезде басқа Қатысушы мемлекеттердегі құзыретті органдармен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін шаралар қолдану мүмкіндігін қарастырады.
6. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес мүдделі немесе қол қою құқығы немесе қандай да бір шетелдегі қандай да бір қаржы шотына қатысты басқа да уәкілдігі бар жария лауазымды адамдар үшін бұл туралы тиісті органдарға хабарлау және осы шоттарға қатысты тиісінше есептілік жүргізу талабын белгілеу үшін қажет болатын шаралар қолдану мүмкіндігін қарастырады. Мұндай-шаралар осы талаптарды орындалмағаны үшін тиісінше санкциялар қолдануды көздейді.
53-бап
Мүлікті тікелей қайтаруға арналған шаралар
Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес:
а) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстар жасау нәтижесінде иеленген мүлікке құқықтық титулын немесе меншік құқығын анықтау туралы өзінің соттарына талап қоюын басқа Қатысушы мемлекетке рұқсат ету үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолданады;
b) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстар жасаған адамдарға өздерінің соттарына осындай қылмыстар жасау нәтижесінде зиян шеккен басқа Қатысушы мемлекетке зияндар өтемін немесе орнын толтыруды төлеуге мүмкіндік беруі үшін, қажет болуы мүмкін шаралар қолданады;
с) өздерінің соттарына немесе құзыретті органдарына тәркілеу туралы шешімдер шығарған кезде басқа Қатысушы мемлекеттің талабын осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстар жасау нәтижесінде иеленген мүлікке заңды меншік иесі ретінде тануға мүмкіндік беру үшін қажет болуы мүмкін шаралар қолданады.
54-бап
Тәркілеу ісінде халықаралық ынтымақтастық арқылы мүлікті алып қою тетігі
1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 55-бабына сәйкес осы Конвенцияға орай осындай деп танылған қандай да бір қылмыстар жасау нәтижесінде иеленген, өзінің ішкі заңнамасына сәйкес осындай қылмыстар жасау кезінде пайдаланған мүлікке қатысты өзара көмек беру мақсатында:
а) өзінің құзыретті органдарына басқа Қатысушы мемлекеттің соттары шығарған қаулыны орындауға мүмкіндік беретін, қажет болуы мүмкін шаралар қолданады;
b) өздерінің юрисдикциясы шегінде өзінің құзыретті органдарына ақша қаражаттарын жылыстату қылмыстарымен, немесе өзінің юрисдикциясына жатуы мүмкін немесе басқа оның ішкі заңнамасымен рұқсат етілген басқа да рәсімдерді пайдалану кезіндегі басқа да қылмыстармен байланысты сот шешімін шығару кезінде шығу тегі шетелдік осындай мүлікті тәркілеу туралы қаулы шығаруға мүмкіндік беру үшін қажет болуы мүмкін шаралар қолданады; және
c) қылмыскердің қайтыс болуы, бас сауғалауы немесе болмауы себепті басқа да тиісті жағдайларда ізіне түсу болмаған кезде істер бойынша қылмыстық істер жүргізу ауқымында үкім шығармастан осындай мүлікті тәркілеуге мүмкіндік туғызу үшін қажет болуы мүмкін шаралар қолдану туралы мәселені қарастырады.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 55-бабы 2-тармағына сәйкес, өзінің ішкі заңнамасына сәйкес жіберілген өтініш бойынша өзара құқықтық көмек беру мақсатында:
а) өзінің құзыретті органдарына сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің соты немесе құзыретті органы шығаратын қаулыға сәйкес мүлікті тоқтатуға және оған тыйым салуға мүмкіндік беретін және осы қаулыдағы ақылға қонымды негіздер сұрау салынған Қатысушы мемлекетке шаралар қолдану үшін жеткілікті дәлелдері бар және осы мүлікке қатысты сайып келгенде осы баптың 1(а)-тармағының мақсаты үшін тәркілеу туралы қаулы шығарылатын болады деп ойлауға мүмкіндік беретін қажет болуы ықтимал шаралар қолданады;
b) өзінің құзыретті органдарына мүлікті бөгеп тастауға және оған тыйым салуға мүмкіндік беретін өтініші бойынша және осы қаулыдағы ақылға қонымды негіздер сұралатын Қатысушы мемлекетке шаралар қолдану үшін жеткілікті дәлелдері бар және осы мүлікке қатысты сайып келгенде осы баптың 1(а)-тармағы мақсаты үшін тәркілеу туралы қаулы шығарылатын болады деп ойлауға мүмкіндік беретін қажет болуы ықтимал шаралар қолданады; және
с) өзінің құзыретті органдарына мысалы осындай мүлікті иемденумен байланысты тыйым салу немесе қылмыстық айыптау ұсыну туралы шетелдік қаулы негізінде мүлікті тәркілеу мақсатында қосымша шаралар қолдану туралы мәселені қарастырады.
55-бап
Тәркілеу мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыстар іс жүргізу құқығына жататын басқа Қатысушы мемлекеттен ең жоғары деңгейде, оның ықтимал ішкі құқықтық жүйесі ауқымында оның аумағында болатын, осы Конвенцияның 31-бабының 1-тармағында айтылған қылмыстардан түскен мүліктерді, жабдықтарды немесе қылмыстар жасаудың басқа да құралдарын тәркілеу туралы өтініш алған Қатысушы мемлекет:
а) бұл өтінішті тәркілеу туралы қаулы алу мақсатында өзінің құзыретті органдарына жібереді және осындай қаулы шығарған жағдайда оны орындайды; немесе
b) өзінің құзыретті органдарына осы Конвенцияның 31-бабының 1-тармағына және 54-бабының 1(а)-тармағына сәйкес сұрау салған Қатысушы мемлекеттің аумағындағы сот шығарған тәркілеу туралы қаулыны өтініште көрсетілген көлемде және сұрау салған Қатысушы мемлекеттің аумағында болатын, осы Конвенцияның 31-бабының 1-тармағында айтылған қылмыстардан түскен табыстарға, мүліктер мен жабдықтарға немесе қылмыс жасаудың басқа да құралдарына қандай дәрежеде қатысы болуына қарай оны орындау мақсатында жібереді.
2. Осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс юрисдикцияға жататын басқа Қатысушы мемлекетке жіберілген өтінішті алған бойда кейіннен тәркілеу мақсатында сұрау салынған Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 31-бабының 1-тармағында айтылған қылмыстардан түскен табыстарды, мүліктер мен жабдықтарды немесе қылмыс жасаудың басқа да құралдарын анықтауға, олардың ізіне түсуді тоқтатуға және оған тыйым салуға шаралар қолданады, ол туралы қаулыны өтінішке орай не сұрайтын Қатысушы мемлекет, осы баптың 1-тармағына сәйкес не сұралатын Қатысушы мемлекет шығарады.
3. Осы Конвенцияның 46-бабының ережелері, mutatis mutandis, осы бапқа қолданылады. 46-баптың 15-тармағында көрсетілген хабарламаға толықтыру ретінде осы баптың негізінде жіберілетін өтініште мыналар айтылады:
а) осы баптың 1(а)-тармағында көзделген өтінішке қатысты, - тәркілеуге жататын мүліктің сипаттамасы, оның ішінде, мүмкіндігіне қарай, егер бұл орынды болса, болатын жері туралы деректер, мүліктің құнды бағасы мен сұрау салушы Қатысушы мемлекет сілтеме жасайтын және сұрау салынған Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қаулы шығару үшін қолдана алатын шаралар үшін жеткілікті фактілердің деректері келтіріледі;
b) осы баптың 1 (b)-тармағында көзделген өтінішке қатысты сұрау салушы Қатысушы мемлекет берген заңды түрде жол берілетін тәркілеу туралы қаулының көшірмесі, арыз, өтініш, қаулының сұралатын орындау көлеміне қатысты фактілер мен ақпарат айтыла отырып, адал үшінші тараптарға тиісті жазбаша ақпарат жіберу, тиісті құқықтық рәсімдерді сақтауды қамтамасыз ету үшін сұрау салынатын Қатысушы мемлекет қабылдаған шаралар көрсетілген арыз және тәркілеу туралы қаулы түбегейлі екендігі жөніндегі арыз;
с) осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішке қатысты, - сұрайтын Қатысушы мемлекет сілтеме жасайтын фактілерді мазмұндай отырып, арыз және сұралатын шаралардың сипаттамасы, сондай-ақ, егер ол бар болса, өтініш негізделетін заңды түрде жол берілген қаулының көшірмесі келтіріледі.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шешімдер немесе шаралар оның ішкі заңнамасына және оның рәсімдік нормаларына немесе сұрау салынған Қатысушы мемлекетпен байланысты болуы мүмкін және оларды сақтау жағдайында кез келген екі жақты немесе көп жақты келісімдерге және уағдаластықтарға сәйкес сұрау салынған Қатысушы мемлекет қабылдайды.
5. Әрбір Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы баптың ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін өздерінің заңдары мен ережелерінің мәтіндерін, сондай-ақ осындай заңдар мен ережелерге енгізілген кейінгі кез келген өзгерістердің мәтіндері мен олардың сипаттамасын береді.
6. Егер Қатысушы мемлекет осы баптың 1 және 2-тармақтарында айтылған шараларды қабылдауын тиісті шарттың болуымен байланыстыратын болса, онда бұл Қатысушы мемлекет осы Конвенцияны шарттық-құқықтық қажетті және жеткілікті негіз ретінде қарастырады.
7. Осы бапқа сәйкес ынтымақтастықта, егер сұралатын Қатысушы мемлекет жеткілікті дәлелдемелерді уақтылы алмайтын болса немесе егер мүліктің құны аз болса, сонымен бірге одан бас тартуы немесе қамтамасыз ету шаралары алынып тасталуы мүмкін.
8. Осы бапқа сәйкес қабылданған кез келген қамтамасыз ету шарасы алынып тасталғанға дейін, мүмкін болған кезде, сұрау салушы Қатысушы мемлекет сұрау салынған Қатысушы мемлекетке мұндай шараның одан әрі жалғаса беру пайдасына өзінің дәлелдерін айту мүмкіндігін береді.
9. Осы баптың ережелері адал үшінші тараптардың ережелеріне нұқсан келтіретіндей түсіндірілмейді.
56-бап
Арнайы ынтымақтастық
Өзінің ішкі заңнамасына нұқсан келтірмей, әрбір Қатысушы мемлекет оның өзінің тергеуіне, қылмыстық ізге түсуіне немесе сотта іс қарауына нұқсан келтірместен осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстар туралы хабарламаны, ол мұндай хабарламаны ашу оны алатын Қатысушы мемлекетке тергеуді, қылмыстық ізге түсуді немесе сотта іс қарауды қозғауға немесе өткізуге немесе бұл Қатысушы мемлекеттің осы Конвенцияға сәйкес өтініш жолдауына әкеп соқтырады деп санаған кезде алдын ала өтініш жасамастан басқа Қатысушы мемлекетке оған жіберуге мүмкіндік беретін шаралар қолдануға ұмтылады.
57-бап
Активтерді қайтару және оларға билік ету
1. Осы Конвенцияның 31-бабы немесе 55-бабы негізінде Қатысушы мемлекет тәркілеген мүлікке, осындай мүлікті оның бұрынғы заңды иесіне қайтаруды қоса алғанда, осы баптың 3-тармағына сәйкес осы Конвенцияның ережелеріне және өзінің ішкі заңнамасына сәйкес сол Қатысушы мемлекет билік етеді.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының принциптеріне сәйкес өзінің құзыретті органдарына осы Конвенцияға сәйкес адал үшінші тараптардың құқықтарын ескере отырып, басқа Қатысушы мемлекетке жіберілген өтініші бойынша олар іс-қимыл жасаған кезде тәркіленген мүлікті қайтаруға мүмкіндік беру үшін қажет болуы мүмкін заңдық және басқа да шараларды қолданады.
3. Осы Конвенцияның 46 және 55-баптары мен осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес сұрау салушы Қатысушы мемлекет:
а) осы Конвенцияны 17 және 23-баптарында бұл туралы айтылатындай, жария қаражаттар ұрланған немесе ұрланған жария қаражаттарды жылыстатқан жағдайда, егер тәркілеу 55-бапқа сәйкес және сұрау салушы Қатысушы мемлекет шығарған соттың түбегейлі шешімінің негізінде және де талапты сұрау салынған Қатысушы мемлекет алып тастауы мүмкін, - тәркіленген мүлікті сұрау салушы Қатысушы мемлекетке қайтарады.
b) Егер тәркілеу осы Конвенцияның 55-бабына сәйкес және сұрау салушы Қатысушы мемлекет шығарған түбегейлі сот шешімінің негізінде жүргізілетін болса, және де бұл талапты сұралатын Қатысушы мемлекет алып тастауы мүмкін, - осы Конвенциямен қамтылатын басқа да кез келген қылмыстан түскен табыстар болған жағдайда, егер сұрау салушы Қатысушы мемлекет өзінің осындай тәркіленген мүлкіне өзінің бұрын болған тәркіленген меншік құқығын сұрау салынған Қатысушы мемлекетке ақылға қонымды дәлелдейтін болса немесе егер сұрау салынған Қатысушы мемлекет тәркіленген мүлікті қайтару үшін негіз ретінде сұрау салушы Қатысушы мемлекет шеккен залалды мойындайтын болса, тәркіленген мүлік сұрау салушы Қатысушы мемлекетке қайтарылады.
с) басқа жағдайлардың барлығында бірінші кезектегі тәртіпте сұрастырған Қатысушы мемлекетке тәркіленген мүлікті қайтару, ондай мүлікті оның бұрынғы заңды меншік иесіне қайтару немесе қылмыстан зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселесі қарастырылады.
4. Тиісті жағдайларда, егер тек Қатысушы мемлекет өзгеше шешім қабылдамайтын болса, сұралатын Қатысушы мемлекет тәркіленген мүлікті қайтаруға немесе осы бапқа сәйкес оған билік етуге әкеп соқтыратын тергеу, қылмыстық қудалауға немесе сотта қарау барысында шеккен ақылға қонымды шығындарды шегеруі мүмкін.
5. Тиісті жағдайларда Қатысушы мемлекеттер сондай-ақ әрбір жекелеген жағдайда тәркіленген мүлікке түбегейлі билік жүргізуге қатысты келісімдер немесе өзара тиімді уағдаластықтар жасау мүмкіндігін қарастырады.
58-бап
Жедел қаржы ақпаратын жинауға арналған бөлімшелер
Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстар аударымының алдын алу және онымен күресу мақсатында бір-бірімен ынтымақтасады, сондай-ақ осындай табыстарды алудың жолдары мен әдістеріне көмектесу мақсаттарында құзыретті органдарға күдікті қаржы операциялары туралы хабарламалар алғаны және талдау жасағаны және жібергені үшін жауапты болатын жедел қаржы ақпаратын
жинауға арналған бөлімшелер құру туралы мәселені қарайды.
59-бап
Екі жақты және көп жақты келісімдер мен уағдаластықтар
Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияға сәйкес жүзеге асырылатын халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін екі жақты және көп жақты келісімдер мен уағдаластықтар жасау мүмкіндігін қарастырады.
VI тарау
Техникалық көмек және ақпарат алмасу
60-бап
Кадрлар даярлау және техникалық көмек
1. Әрбір Қатысушы мемлекет, қаншалықты қажет болуына қарай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрес үшін жауапты болатын өзінің қызметкерлер құрамын даярлаудың нақты бағдарламасын жасап, жүзеге асырады немесе жетілдіреді. Кадрларды даярлаудың мұндай бағдарламалары, басқаларымен қатар, мына салаларды қамтуы мүмкін:
а) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу, оларды анықтау мен тергеу, сондай-ақ, дәлелдемелер жинау мен тергеу әдістерін пайдалануды қоса алғанда, олар үшін жазалау мен оларға қарсы күрес жөніндегі тиімді шараларды;
b) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің стратегиялық саясатын жасау мен жоспарлау саласында әлеуетті құруды;
с) осы Конвенцияның талаптарын қанағаттандыратын өзара құқықтық көмек туралы өтініш жасау мәселелері жөнінде құзыретті органдар қызметкерлерін даярлауды;
d) мекемелерді, жария қызмет басқармасын және жария қаржы басқармасын, оның ішінде жария сатып алуларды және жеке секторды бағалау мен нығайтуды;
е) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстар аударымының алдын алу, сондай-ақ осындай табыстарды алып қою;
f) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстар аударымдары жөніндегі операцияларды анықтау және тоқтата тұру;
g) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстардың орын ауыстыруын және аударым үшін пайдаланған әдістерін, жасыру немесе бүгіп қалуын қадағалауды;
һ) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстарды алуға көмектесетін тиісті және әрекетті құқықтық және әкімшілік тетіктер әдістерін;
і) сот органдарымен ынтымақтасатын, жәбірленушілер мен куәгерлерді қорғауда қолданылатын әдістерді;
j) ұлттық және халықаралық құқықтарға қатысты мәселелер бойынша қызметкерлерді даярлауды және тілдерді оқып-үйренуді.
2. Қатысушы мемлекеттер өздерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, әсіресе дамушы елдердің мүдделері үшін сыбайлас жемқорлыққа күрес жөніндегі олардың, осы баптың 1-тармағында көрсетілген салалардағы материалдық жағынан қолдау мен кадрлар даярлауды, сондай-ақ кадрлар даярлауды және көмек көрсетуді, тиісті тәжірибе, арнаулы білімдерді алмасуды қоса алғанда, тиісті жоспарлары мен бағдарламаға байланысты бір-біріне кең көлемді техникалық көмек беру туралы мәселені қарастырады, мұның өзі Қатысушы мемлекеттер арасындағы қылмыскерлерді беру мен өзара құқықтық көмек мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа көмектесетін болады.
3. Қатысушы мемлекеттер, қажет болуына қарай, халықаралық және аймақтық ұйымдардағы және тиісті екі жақты және көп жақты келісімдер мен уағдаластықтар ауқымында практикалық және оқу шараларының тиімділігін барынша арттыруға бағытталған күш-жігерді әрекетті түрде арттыра түседі.
4. Қатысушы мемлекеттер құзыретті органдар мен қоғамның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа күрес жөніндегі іс-әрекеттердің стратегиялары мен жоспарларын жасау мақсатында өздерінің тиісті елдеріндегі сыбайлас жемқорлықтың түрлеріне, себептеріне, салдарлары мен іркілістеріне қатысты бағалауларды, зерттеулер мен талдамаларды жүргізуге бір-біріне жәрдемдесу өтініші бойынша мүмкіндіктерді қарастырады.
5. Осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстарды алып қоюға көмектесу үшін Қатысушы мемлекет бір-біріне сарапшы атақтарын беруде ынтымақтаса алады, олар осы мақсатқа жетуде көмек көрсетеді.
6. Қатысушы мемлекеттер ынтымақтастыққа, өзара мүдделер проблемаларын, оның ішінде айрықша проблемаларды және дамушы елдердің және көшпелі экономикасы бар елдердің қажеттерін талқылауға техникалық көмекке және ынталандыруға жәрдемдесу үшін кіші аймақтық, аймақтық және халықаралық конференциялар мен семинарларда пайдалану мүмкіндігін қарастырады.
7. Қатысушы мемлекеттер техникалық көмек саласындағы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы осы Конвенцияны қолдану жөніндегі дамушы елдердің және көшпелі экономикасы бар елдердің күш-жігерлерін қаржылық көмек көрсету мақсатында ерікті түрде тетіктер құру мүмкіндігін қарастырады.
8. Әрбір Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыстар жөніндегі Басқармасының мұқтаждарына осы Конвенцияны жүзеге асыру үшін дамушы елдердегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыру Басқармасы арқылы жәрдемдесу мақсатында ерікті жарналар салу мүмкіндігін қарастырады.
61-бап
Сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты жинау мен талдау және осындай ақпаратпен алмасу
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің аумағындағы сыбайлас жемқорлық саласындағы үрдістерге, сондай-ақ оларда жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жағдайларына талдау сарапшыларымен кеңес жүргізу мүмкіндігін қарастырады.
2. Қатысушы мемлекеттер, мүмкіндігіне қарай, жалпы анықтамаларды, стандарттарды талдап жасау мақсатында сыбайлас жемқорлық пен ақпаратқа қатысты статистикалық деректерді, талдамалық білімдерді, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес ісінде практиканың оңтайлы түрлері туралы және оларды өзара, халықаралық және аймақтық ұйымдарының өкілдігі арқылы алмасуын күшейту мүмкіндігін қарастырады.
3. Әрбір Қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өзінің саясаты мен практикалық шараларына бақылауды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырады.
62-бап
Басқа шаралар: осы Конвенцияны экономикалық даму мен техникалық көмек арқылы жүзеге асыру
1. Қатысушы мемлекеттер, мүмкіндігіне қарай, тұтастай алғанда, оның ішінде тұрақты даму үшін сыбайлас жемқорлықтың келеңсіз салдарларын ескере отырып, халықаралық ынтымақтастық арқылы осы Конвенцияны оңтайлы жүзеге асыруға жәрдемдесетін шараларды қолданады.
2. Қатысушы мемлекеттер, мүмкіндігіне қарай, бір-бірімен үйлестіруге, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдармен үйлестіруге мыналар үшін нақты күш-жігер жұмсайды:
а) сыбайлас жемқорлық алдын алу мен оған қарсы күрес саласындағы осы елдердің мүмкіндіктерін нығайту мақсатында дамушы елдермен әр түрлі деңгейде өзінің ынтымақтастығын күшейту;
b) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрес тиімділігі жөнінде дамушы елдердің күш-жігерін қолдау мақсатында қаржылық және материалдық көмекті ұлғайту және оларға осы Конвенцияны табысты жүзеге асыруға көмек көрсету;
с) осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты олардың қажеттерін қанағаттандыруға жәрдемдесу мақсатында дамушы елдер мен көшпелі экономикасы бар елдерге техникалық көмек көрсету. Бұл үшін Қатысушы мемлекеттер ұдайы негізде Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған қаржыландыру тетігіне, нақты осы мақсатқа арналған шотқа ерікті түрдегі жарналарды салуға ұмтылады. Қатысушы мемлекеттер сонымен бірге өздерінің ішкі заңнамаларына және осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес жоғарыда айтылған шотқа ақша қаражаттарының белгілі бір үлесін немесе қылмыстардан түскен табыстардың немесе осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес мүліктің тиісті құнын аудару мүмкіндігін ерекше қарастырады.
d) басқа мемлекеттер мен қаржы мекемелерінің ынталандырулары мен сенім білдіруі, тиісті жағдайларда, осы бапқа сәйкес жұмсайтын күш-жігеріне, оның ішінде, оларға осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізуде көмектесу үшін дамушы елдер үшін кадрлар даярлаудың барынша ауқымды бағдарламаларын қамтамасыз ету арқылы қосылады.
3. Мүмкіндігіне қарай, бұл шаралар қазіргі шетелдік көмекке қатысты міндеттемелерге немесе екі жақты, аймақтық немесе халықаралық деңгейдегі қаржы ынтымақтастығы туралы басқа да уағдаластықтарға нұқсан келтірмейді.
4. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда көзделген халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес үшін қажетті қаржы уағдаластықтарын назарға ала отырып, екі жақты келісімдер немесе уағдаластықтар жасаса алады.
VII тарау
Жүзеге асыру тетігі
63-бап
Конвенцияға Қатысушы мемлекеттердің конференциясы
1. Осымен Қатысушы мемлекеттердің мүмкіндіктерін және осы Конвенциямен белгіленген мақсаттарға жету үшін олардың арасындағы ынтымақтастықты ұлғайту, сондай-ақ осы Конвенцияны жүзеге асыруға көмектесу және оны жүзеге асыру барысына шолу жасау мақсаттарында Конвенцияға Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы құрылады.
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қатысушы мемлекеттердің Конференциясын осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бір жылдан кешіктірмей шақырады. Кейіннен Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы қабылдаған рәсім ережелеріне сәйкес Конференцияның кезекті кеңесі өткізіледі.
3. Қатысушы мемлекеттердің конференциясы рәсім ережелерін және осы бапта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруды реттейтін ережелерді, оның ішінде байқаушыларды жіберу мен олардың қатысуына және қызметтің осы түрлерін жүзеге асыру кезінде шеккен шығындарды өтеуге қатысты ережелерді қабылдайды.
4. Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы осы баптың 1-тармағында айтылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мыналарды қоса алғанда, қызметтің түрлерін, жұмыстың рәсімі мен әдістерін келіседі:
а) 60 және 62-баптарға және осы Конвенцияның II-V тарауларына сәйкес, оның ішінде Ерікті жарналарды жұмылдыруын ынталандыру арқылы Қатысушы мемлекеттер қызметіне көмектесу;
b) Қатысушы мемлекеттер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың нысандары мен осы саладағы үрдістер туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрестің табысты өндірістері мен қылмыстардан түскен табыстарды қайтару, өзгелерімен қатар, осы бапта айтылған тиісті ақпаратты жариялау туралы ақпарат алмасуға көмектесу;
с) тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен және тетіктермен, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық;
d) басқа халықаралық және аймақтық тетіктер әзірлеген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес, жұмыстың артық қайталануын болдырмау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес үшін тиісті ақпаратты тиісті пайдалану;
е) осы Конвенцияны оның Қатысушы мемлекеттерінің жүзеге асыруы туралы мезгілді түрде қарау;
f) осы Конвенцияны жетілдіру мен жүзеге асыруға қатысты ұсынымдар шығару;
g) осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты Қатысушы мемлекеттердің техникалық қажеттерінің есебі мен онымен байланысты қажетті деп есептейтін кез келген әрекеттерге қатысты ұсынымдар шығару.
5. Осы баптың 4-тармағының мақсаттары үшін Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы осы Конвенцияны жүзеге асыру барысында қабылдаған шаралар, өздері берген хабарламалар негізінде бұл орайда олар кездескен қиындықтар және Қатысушы мемлекеттер Конференциясы құруы мүмкін осындай қосымша тетіктер арқылы талдау өткізу туралы деректерді Қатысушы мемлекет алады.
6. Әрбір Қатысушы мемлекеттердің Конференциясына өздерінің бағдарламалары, жоспарлары мен тәжірибелері, сондай-ақ Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы талап ететіндей осы Конвенцияны жүзеге асыруға бағытталған заң шығару және әкімшілік шаралар туралы хабарламаны береді. Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы осындай ақпаратты алудың және оның негізінде, басқаларымен қатар, Қатысушы мемлекеттерден және құзыретті мемлекеттік ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, тиісті шешімдер қабылдаудың неғұрлым тиімді жолдары туралы мәселені зерттейді. Сонымен қатар, Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы шешімімен анықталатын рәсімдерге сәйкес тиісті түрде тіркелген мемлекеттік емес ұйымдардан алынған материалдардың қаралуы мүмкін.
7. Осы баптың 4 - 6-тармақтарына сәйкес Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы, егер ол оны қажет деп санайтын болса, Конвенцияны тиімді жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін кез-келген тиісті тетікке немесе органға құрылтайшылық етеді.
64-бап
Хатшылық
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қатысушы мемлекеттер Конференциясына қажетті хатшылық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
2. Хатшылық:
а) Қатысушы мемлекет Конференциясына осы Конвенцияның 63-бабында айтылатын қызметті жүзеге асыруға көмек көрсетеді, сондай-ақ Қатысушы мемлекеттер Конференциясының сессиясын ұйымдастырады және оларды қажетті қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді;
b) осы Конвенцияның 63-бабының 5 және 6-тармақтарында көзделгендей сұрау салу арқылы Қатысушы мемлекеттерге, Қатысушы мемлекеттер Конференциясына ақпарат беруге көмек көрсетеді; және
с) басқа да тиісті халықаралық және аумақтық ұйымдардың хатшылықтарымен қажетті үйлестіруді қамтамасыз етеді.
VIII тарау
Қорытынды ережелер
65-бап
Конвенцияны жүзеге асыру
1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының ережелеріне сәйкес, заңдық және әкімшілік шараларын қоса алғанда, осы Конвенцияға сәйкес өздерінің міндеттемелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолданады.
2. Әрбір Қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрес үшін осы Конвенцияда көзделгендерден басқа барынша қатаң немесе қатал шараларын қолдануы мүмкін.
66-бап
Дауларды реттеу
1.
Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты дауларды келіссөздер арқылы реттеуге ұмтылады.
2. Екі немесе одан да көп Қатысушы мемлекеттер арасындағы ақылға қонымды уақыт ішінде осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты келіссөздер арқылы реттелмейтін кез келген дау осы Қатысушы мемлекеттердің бірінің өтініші бойынша төрелік соттың қарауына беріледі. Төрелік сот туралы өтінішпен жүгінген күннен бастап алты ай ішінде осы Қатысушы мемлекеттер оны ұйымдастыру туралы уағдаласа алмайтын болса, осы Қатысушы мемлекеттердің кез келгені дауды Соттың Мәртебесіне сәйкес өтінішпен жүгіне отырып, Халықаралық Сотқа береді.
3. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға қол қойған, бекіткен, оны қабылдаған немесе бекіткен кезде немесе оған қосылған кезде ол өзін осы баптың 2-тармағының ережелеріне байланысты емес деп мәлімдей алады. Басқа Қатысушы мемлекеттер осындай ескерту жасаған кез келген Қатысушы мемлекеттерге қатысты осы баптың 2-тармағымен байланысты болмайды.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес ескерту жасаған Қатысушы мемлекет кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымына жазбаша ақпарат жіберу арқылы осы ескертуді алып тастай алады.
67-бап
Қол қою, бекіту, қабылдау, бекіту және қосылу
1. Осы Конвенция 2003 жылғы 9-11 желтоқсан аралығында Меридада, Мексикада, содан соң 2005 жылғы 9 желтоқсанға дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық ұйымдарында барлық мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық болады.
2. Осы Конвенция, сондай-ақ, әрі кеткенде, осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Конвенцияға осындай ұйымға мүше елдердің бірінің қол қоюы жағдайында экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымдарының қол қою үшін ашық болады.
3. Осы Конвенция ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге жатады. Қабылдау немесе бекіту туралы Бекіту грамоталары мен құжаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға өткізіледі. Экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымы, әрі кеткенде, егер оған мүше мемлекеттердің бірі осылайша жасайтын болса, өзінің бекіту грамотасын немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжатын сақтауға өткізе алады. Қабылдау немесе бекіту туралы бұл бекіту грамотасында немесе құжаттамада мұндай ұйым осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге қатысты өзі құзыретінің саласы туралы мәлімдейді.
Мұндай ұйым сондай-ақ өз құзыреті саласының тиісті кез келген өзгеруі туралы депозитарийге хабарлайды.
4. Осы Конвенция кез келген мемлекеттің немесе кез келген экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымның, әрі кеткенде, осы Конвенцияның Қатысушысы болып табылатын мүше мемлекеттердің бірінің қосылуы үшін ашық болады. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға өткізіледі. Қосылу кезінде экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымы осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің саласы туралы мәлімдейді. Мұндай ұйым сондай-ақ өз құзыреті саласының тиісті кез келген өзгеруі туралы депозитарийге хабарлайды.
68-бап
Күшіне ену
1. Осы Конвенция қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы отызыншы бекіту грамотасын немесе құжатын сақтауға тапсырған күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді. Осы тармақтың мақсаты үшін экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымына сақтауға тапсырылған кез-келген осындай грамота немесе құжат осындай ұйымның мүше мемлекеттерінің сақтауына тапсырылған грамоталарға немесе құжаттарға қосымша ретінде қарастырылмайды.
2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекітетін осындай әрекет туралы отызыншы бекіту грамотасын немесе құжатын сақтауға тапсырғаннан кейін оған қосылатын әрбір мемлекет немесе экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымы үшін осы Конвенция тиісті грамотаны немесе құжатты мемлекеттің немесе ұйымның сақтауына өткізген күнінен кейін отызыншы күні немесе кейінірек басталуына қарай, осы Конвенцияның күшіне енген күні осы баптың 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.
69-бап
Түзетулер
1. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бес жыл өткен соң Қатысушы мемлекет түзету енгізуі және оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберуі мүмкін, ол содан соң ұсынылған түзетуді Қатысушы мемлекеттерге және Конвенцияға Қатысушы мемлекеттердің Конференциясына осы ұсынысты қарау және ол бойынша шешім қабылдау үшін одан әрі жөнелтеді. Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы әрбір түзетуге қатысты келісімге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Егер келісімге қол жеткізу жөніндегі барлық күш-жігері сарқылатын болса және келісімге қол жеткізілмеген болса, онда түзетуді қабылдау үшін ең соңғы шара ретінде Қатысушы мемлекеттердің Конференциясының мәжілісінде дауыс беруге қатысқан немесе қатысатын Қатысушы мемлекеттердің үштен екі көпшілік дауысы қажет болады.
2. Олардың құзыретіне кіретін салаға жататын мәселелерде экономикалық ықпалдасудың аймақтық Ұйымы осы Конвенцияға Қатысушылар болып табылатын оған мүше мемлекеттердің санына тең дауыс санына ие бола отырып, осы бапқа сәйкес өзінің дауыс құқығын жүзеге асырады. Мұндай ұйымдар, егер олардың мүше мемлекеттері өзінің дауысын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырмайтын болса, өзінің дауыс құқығын жүзеге асырады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Қатысушы мемлекеттің ратификациялануына, бекітілуіне, қабылдауына жатады.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Қатысушы мемлекетке қатысты оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына бекітілген грамотаны немесе осы түзетуді қабылдау мен бекіту туралы құжатты сақтауға тапсырған күннен кейін тоқсан күн өткен соң күшіне енеді.
5. Түзету күшіне енген кезде ол онымен байланысты болуға келісімін білдірген Қатысушы мемлекеттер үшін міндетті болады. Басқа Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның, олар бұрын ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен кез келген түзетудің ережелерімен одан әрі байланысты болады.
70-бап
Күшін жою
1. Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның күшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша ақпарат жіберу арқылы жоя алады. Мұндай күшін жою Бас хатшы хабарламаны алғаннан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.
2. Экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымы оның барлық Қатысушы мемлекеттері осы Конвенцияның күшін жойған кезде осы Конвенцияға Қатысушы болудан шығады.
71-бап
Депозитарийлер мен тілдер
1. Осы Конвенцияның депозитарийі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болып тағайындалады.
2. Осы Конвенцияның түпнұсқасы, ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтінде тең түпнұсқаулықта болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН осыған өздерінің үкіметтерімен тиісті түрде уәкілдік алған төменде қол қойған уәкілетті өкілдер осы Конвенцияға қолдарын қойды.