Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 579 қаулысымен.
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 17-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 қарашадағы
N 1032 қаулысымен
бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу,
оларға мәртебе беру мен одан айыру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 17-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген әрі тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
алдын ала есепке алу тізімі - тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;
есепке алу карточкасы - тарихи-мәдени мұра объектісінің алғашқы мәліметтерін, қысқаша сипаттамасы мен иллюстрациялық материалын қамтитын құжат;
қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп ұстау шарттары тіркелетін құжат;
тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты (бұдан әрі - паспорт) - тарих және мәдениет ескерткіші туралы ғылыми және нақты мәліметтерді қамтитын, ескерткіштің негізгі құжаты болып табылатын құжат;
меншік иесі - оларды өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, тарих және мәдениет ескерткішіне қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті орган) - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
тарихи-мәдени мұра объектілері - тарихи оқиғалар нәтижесінде пайда болған тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері;
тарихи-мәдени сараптама - тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды.
2. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтау және есепке алу тәртібі
3. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қамтамасыз етеді.
4. Анықтау мыналарды қамтиды:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мақсатында тиісті аумақтарда зерттеу жұмыстарын жүргізу;
2) анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізіміне енгізу.
5. Тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
6. Есепке алу осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектісінің есепке алу карточкасын жасау жолымен жүзеге асырылады.
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің кешені ретінде ансамбль үшін есепке алу карточкасы әрбір объект бойынша жеке жасалады.
7. Тарихи-мәдени мұра объектісін есепке алу карточкасы жеке қосымша бетпен ресімделетін жаңа деректер алынған кезде толықтырылуы тиіс.
8. Тарихи-мәдени мұраның анықталған объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалуы тиіс.
3. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мәртебе беру
және одан айыру тәртібі
9. Тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану оларды міндетті түрде ресми жариялануға тиісті халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде бекіту арқылы баянды етіледі. Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін алады.
10. Тарихи-мәдени мұра объектісі тарих және мәдениет ескерткіші деп танылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспортты ресімдейді.
11. Ескерткіштің паспорты жекелеген қосымша бетпен ресімделетін жаңа дерек алынған кезде толықтырылуы тиіс.
12. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мәдени және Табиғи Мұра тізіміне енгізу үшін ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынады.
13. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің мәртебесін беру тарихи-мәдени мұра объектісін республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу болып табылады.
14. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді .
Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мынадай құжаттармен қоса енгізіледі:
1) есепке алу карточкасының көшірмесі;
2) тарихи-мәдени сараптаманың оң қорытындысы;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану туралы, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөніндегі уәкілетті органның арнайы комиссиясының (бұдан әрі - арнайы комиссия) шешімі.
15. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру тарихи-мәдени мұра объектісін уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы бекітетін жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға мыналарды келісу үшін ұсынады:
1) қолдаухат;
2) жергілікті атқарушы органның шешімі;
3) есепке алу карточкасының көшірмесі;
4) тарихи-мәдени сараптаманың оң қорытындысы.
16. Жергілікті атқарушы органның шешімімен келісу уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұрыштамасымен ресімделеді және мөрмен куәландырылады.
Бұрыштамада орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адам лауазымының атауы, бұрыштама соғушының жеке қолы, қолдың толық жазылуы, күні мен елтаңбалық мөр қамтылады.
Келісім белгісі шешімнің соңғы парағының сол жақ төменгі бұрышына орналастырылады және "КЕЛІСІЛДІ" деген сөзден тұрады.
17. Тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыруға әрі Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісілген ұсынысы бойынша тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жол беріледі.
18. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру және республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау үшін уәкілетті орган арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) паспорттың көшірмесі;
2) есепке алу карточкасының көшірмесі;
3) мөлшері 15x20 сантиметр фотосуреті;
4) қорғау міндеттемесінің көшірмесі;
5) объектінің толық түгел жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқандығы туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы.
19. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімнен шығарып тастау үшін жергілікті атқарушы орган арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) паспорттың көшірмесі;
2) есепке алу карточкасының көшірмесі;
3) мөлшері 15x20 сантиметр фотосуреті;
4) қорғау міндеттемесінің көшірмесі;
5) объектінің толық түгел жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқандығы туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы.
20. Арнайы комиссия республикалық және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік тізімнен шығарып тастау туралы шешімді хаттамамен ресімделетін тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде қабылдайды.
21. Республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айыру әрі республикалық және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімнен шығарып тастау үшін уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын мынадай құжаттармен қоса Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады:
1) паспорттың көшірмесі;
2) есепке алу карточкасының көшірмесі;
3) мөлшері 15x20 сантиметр фотосуреті;
4) қорғау міндеттемесінің көшірмесі;
5) объектінің толық нақты жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқандығы туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы;
6) уәкілетті органның арнайы комиссиясы отырысының Тарих және мәдениет ескерткішін мемлекеттік тізімнен шығарып тастау туралы шешімі бар хаттамасы.
22. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ережеге
1-қосымша
ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІСІ
ОБЪЕКТ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
УЧЕТНАЯ КАРТОЧКА
Алғашқы деректер |
||||
1. |
Объектінің атауы |
|||
2. |
Типологиялық |
Археология |
Қала |
Ансамбль |
3. |
Объектінің |
|||
4. |
Техникалық |
Жақсы |
Қанағат- |
Қанағат- |
Объектінің қысқаша сипаттамасы |
||||
Объектінің иллюстрациялық материалы |
||||
Қосымша |
Жалпы көрінісінің суреті - |
|||
Карточканың жасалған |
Құрастырушы_________________________________________ МО
Составитель МП
Ережеге
2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШІ
ПАМЯТНИК ИСТОРИИ И КУЛЬТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ПАСПОРТ
ПАСПОРТ
1. |
Ескерт- |
|||||||
2. |
Типоло- |
Археология |
Қала құрылысы және |
Ансамбль |
||||
3. |
Ескерт- |
|||||||
4. |
Ескерт- |
___________________________________________ |
||||||
5. |
Қазіргі |
Бас- |
Мәдени |
Турис- |
Емдеу- |
Үй- |
Шаруа- |
Қол- |
6. |
Қосымша |
Жалпы көрінісінің |
||||||
7. |
Тарихи мәліметтер: |
|||||||
а) ескерткіштің бастапқы келбетін өзгерткен қайта |
||||||||
б) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары (жалпы сипаттамасы, |
||||||||
8. |
Ескерткіштің сипаттамасы: |
|||||||
9. |
Негізгі библиография, мұрағаттық түпнұсқалар, |
|||||||
10. |
Техни- |
жақсы |
қанағатта- |
қанағаттанар- |
авариялық |
|||
11. |
Техникалық жай-күйіне сипаттама: |
|||||||
12. |
а) ескерткіш |
|||||||
б) қорғау аймағы |
||||||||
в) меншік түрі: |
||||||||
г) қорғау |
||||||||
13. |
Паспорттың |
200__ж."___"________________________ |
Құрастырушы: МО
Составитель: МП
Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органының өкілі:
Представитель местного исполнительного органа области (города республиканского значения, столицы):
_______________________________________________________ (қолы)
(подпись)