Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы N 1125 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 N 1173 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 135 қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Комиссияның құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2007 жылғы 23 қарашадағы
                                                N 1125 қаулысымен
                                                    бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық
объектілер жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры, хатшы
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 23 қарашадағы
N 1125 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы стратегиялық
объектілер жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарынҚазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) мыналар:
      стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу;
      стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және оларды стратегиялық объект меншігінде немесе кепілінде тұрған жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттің сатып алуы;
      жеке және заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілермен Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесіне қауіп төндіруі мүмкін азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту;
      иеліктен шығарудың ерекше шарттары және стратегиялық объектіні сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
      2) ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына берілген және (немесе) олардың меншігіндегі стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігіндегі стратегиялық объектілердің тізбелерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсыныстар енгізу болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.19 № 448 Қаулысымен.
      4. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссия:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
      2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларын шақыруға және тыңдауға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басқарады.
      Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық және ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
      7. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      8. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
      9. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      10. Жұмыс органы Комиссия отырысының хаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      10-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      11. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

О создании Комиссии по стратегическим объектам при Правительстве Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2007 года N 1125. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1173

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2015 № 1173.

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О национальной безопасности Республики Казахстан» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 24.02.2014 № 135.

      1. Создать Комиссию по стратегическим объектам при Правительстве Республики Казахстан (далее - Комиссия).

      2. Утвердить прилагаемые:
      1) состав Комиссии;
      2) Положение о Комиссии.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утвержден          
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 23 ноября 2007 года N 1125

Состав
Комиссии по стратегическим объектам
при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Состав в редакции постановления Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

      Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель
      первый вице-министр национальной экономики Республики Казахстан, заместитель председателя
      директор Департамента Министерства национальной экономики Республики Казахстан, секретарь
      заместитель Министра внутренних дел Республики Казахстан
      член Комитета по конституционному законодательству, судебной системе и правоохранительным органам Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)
      член Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)
      секретарь Комитета по вопросам экологии и природопользованию Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)
      член Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)
      управляющий директор акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» (по согласованию)
      заместитель Министра юстиции Республики Казахстан
      вице-министр финансов Республики Казахстан
      вице-министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан
      вице-министр энергетики Республики Казахстан
      вице-министр образования и науки Республики Казахстан
      заместитель Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию)

Утвержден        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 23 ноября 2007 года N 1125

Положение
о Комиссии по стратегическим объектам при
Правительстве Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Комиссия по стратегическим объектам при Правительстве Республики Казахстан (далее - Комиссия), является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией и  законами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

2. Задачи и права Комиссии

      3. Основными задачами Комиссии являются:
      1) выработка рекомендаций и предложений по:
      обременению стратегических объектов правами третьих лиц;
      отчуждению и приобретению государством стратегических объектов у физических и юридических лиц, в собственности или в залоге которых находится стратегический объект;
      выдаче разрешения или отказе в выдаче разрешения на совершение гражданско-правовых сделок, которые могут создать угрозу для национальных интересов Республики Казахстан, со стратегическими объектами, принадлежащими физическим и юридическим лицам;
      особым условиям отчуждения и дополнительным требованиям к приобретателям стратегического объекта;
      2) выработка предложений по формированию перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц;
      3) внесение рекомендаций на рассмотрение Правительства Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 19.05.2010 № 448.

      4. В соответствии со своими задачами Комиссия имеет право:
      1) взаимодействовать с центральными исполнительными и другими государственными органами и организациями;
      2) приглашать на заседания Комиссии и заслушивать представителей государственных органов и организаций, а также физических лиц Республики Казахстан по вопросам, входящим в компетенцию Комиссии;
      3) в установленном законодательством порядке запрашивать и получать от государственных и других организаций, а также физических лиц материалы, необходимые для реализации задач Комиссии.

3. Организация деятельности Комиссии

      5. Комиссию возглавляет председатель - Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан.
      Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.
      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

      6. Рабочим органом Комиссии является Министерство национальной экономики Республики Казахстан.
      Рабочий орган Комиссии осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам Комиссии за три рабочих дня до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола.
      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

      7. После проведения заседания Комиссии секретарь Комиссии оформляет протокол.
      Сноска. Пункт 7 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      8. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости. Заседание Комиссии считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.

      9. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. Голосование проводится путем заполнения на заседании Комиссии листа голосования по форме согласно приложению к Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп (далее – Инструкция), утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.
      Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму-отчету Комиссии, предусмотренному пунктом 24 Инструкции.
      По результатам проведения заседаний Комиссии и на основании листов голосования в течение трех рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.
      При изменении по итогам голосования содержания проекта протокола секретарь Комиссии направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам Комиссии для согласования.
      Члены Комиссии после получения листа голосования направляют в течение одного рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.
      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      10. Протокол заседания Комиссии направляется рабочим органом в Правительство Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      10-1. Учет и хранение материалов и протокольных решений Комиссии с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Комиссии.
      Сноска. Положение дополнено пунктом 10-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      11. Комиссия прекращает свою деятельность на основании решения Правительства Республики Казахстан.