Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 195 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қарашадағы N 1127 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1.»"Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 195  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта»"927200000 (тоғыз жүз жиырма жеті миллион екі жүз мың)" деген сөздер»"678881000" (алты жүз жетпіс сегіз миллион сегіз жүз сексен бір мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші абзацында "103600000 (бір жүз үш миллион алты жүз мың)" деген сөздер»"64681000 (алпыс төрт миллион алты жүз сексен бір мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың үшінші абзацында»"752600000 (жеті жүз елу екі миллион алты жүз мың)" деген сөздер»"543200000 (бес жүз қырық үш миллион екі жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен көктемгі су тасқыны кезеңінде бұзылған қорғау бөгеттерін қалпына келтіруге Қызылорда облысының әкіміне бөлу үшін 33160840 (отыз үш миллион бір жүз алпыс мың сегіз жүз қырық) теңге сомасында мақсатты трансферттер бөлінсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2007 года N 195 и выделении средств из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2007 года N 1127

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 8 декабря 2006 года "О республиканском бюджете на 2007 год",  постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225 "Об утверждении Правил исполнения республиканского и местных бюджетов" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести следующие изменения в  постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2007 года N 195 "О выделении средств из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан и внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2006 года N 1204":
      в пункте 1 слова "927200000 (девятьсот двадцать семь миллионов двести тысяч)" заменить словами "678881000 (шестьсот семьдесят восемь миллионов восемьсот восемьдесят одна тысяча)";
      в абзаце первом пункта 2 слова "103600000 (сто три миллиона шестьсот тысяч)" заменить словами "64681000 (шестьдесят четыре миллиона шестьсот восемьдесят одна тысяча)";
      в абзаце третьем пункта 2 слова "752600000 (семьсот пятьдесят два миллиона шестьсот тысяч)" заменить словами "543200000 (пятьсот сорок три миллиона двести тысяч)".

      2. Выделить Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2007 год, на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, целевые трансферты в сумме 33160840 (тридцать три миллиона сто шестьдесят тысяч восемьсот сорок) тенге для перечисления акиму Кызылординской области на восстановление защитных дамб, разрушенных в период весеннего паводка.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан