"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар әлеуметтік-экономикалық даму, экономиканы мемлекеттік басқару проблемаларын зерттеу бойынша қызметтер көрсетуші болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 10207000 (он миллион екі жүз жеті мың) теңге сомасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес жұмсалатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі