Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.06.19 N 940 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 687 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 281-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы вице-министрі, төрайымның орынбасары
Юрченко - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Раиса Николаевна Қылмыстық істер жөніндегі алқасының
судьясы (келісім бойынша)
Әшітов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Батыржан Зайырханұлы министрлігі Заң департаментінің бастығы
Дандыбаев - Қазақстан Республикасы Қарулы
Тимур Тұрарұлы Күштерінің Әскери полициясы бас
басқарма бастығының орынбасары
Иванета Добичина - "Қазақстан Республикасындағы»Фридом
Хаус, Инк." Өкілдігінің өкілі (келісім
бойынша)
Тарабаева - "Қазақстандық криминологиялық
Ольга Михайловна қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің
атқарушы директоры (келісім бойынша)
Тұрмағамбетова - "Адам құқықтары үшін хартиясы" қоғамдық
Жеміс Өтегенқызы« бірлестігінің атқарушы директоры
(келісім бойынша)
мына:
Турецкий - "Қазақстандық криминологиялық
Николай Николаевич қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің
атқарушы директоры
Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы министрлігі Халықаралық құқық және
мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау
департаментінің директоры»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
Турецкий - Қазақстан Республикасының Парламенті
Николай Николаевич Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы министрлігі Халықаралық құқық және
мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау
департаментінің директоры, хатшы"
көрсетілген құрамнан Құсетов Сұлтан Тұрлыұлы, Тезекбаев Ерік Асылбекұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
11-тармақтың бірінші абзацындағы "қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет" деген сөздер "күнтізбелік жылдың әрбір айының әрбір екінші жұмасында, қажеттілігіне қарай Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндері" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі