Қазақстан Республикасың Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 37-құжат):
осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 21-жолдағы 6-бағанда "Қараша" деген сөз "Желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат):
осы қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 52-жолдағы, 3-бағанда "қараша" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі