Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 483 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1401 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 483  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасында:
      "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың миссиясы, міндеттері мен функциялары" деген 3-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "рентабельділігінің төмендігіне және (немесе) көлемдік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты дамымай қалған қоғамдық маңызды салаларда кәсіпкерлікті дамыту;
      кооперацияны макроөңір ішінде дамыту.";
      мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "жер қойнауын пайдалануға арналған құқықтарды іске асыру.";
      "Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру тұжырымдамасын іске асырудың негізі бағыттары мен тетігі" деген 4-бөлімде:
      "Параграф 1. ӘКК-ні құрудың тетігі" деген параграф мынадай мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ӘКК-ге жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін болады.";
      мынадай мазмұндағы 5-параграфпен толықтырылсын:
      "Параграф 5. ӘКК-нің қызметін реттеу, бағдарламалық құжаттарды қабылдаудың қажеттілігі
      ӘКК жоғарыда аталған мақсаттармен және міндеттермен бизнес-құрылымның жаңа және жеткілікті айрықша нысаны ретінде белгілі бір бағдарлама бойынша қызметті жүзеге асыруы тиіс, әрі билік органдары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимыл қағидаттарын, шешімдер қабылдаудың негізгі қағидаттарын және өзге де мәселелерді заңнамалық актімен және өзге де құқықтық актілермен реттеу болжанып отыр.
      Жоғарыда айтылғанға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ӘКК-ны дамытудың орта мерзімді кезеңге арналған бағдарламасының жобасын, сондай-ақ бұдан басқа, ӘКК мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының қағидаттары айқындалатын "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлейді.
      Осы Заңның жобасында сол сияқты мынадай ережелерді ескере отырып айқындылық және ашықтық қағидаттарына сәйкес келуге тиіс ӘКК қызметінің негізгі қағидаттарын айқындау қажет:
      1) ӘКК мүлкі одан кейін әзірленетін жекешелендіру туралы заңнамаға ұқсас ережеге сәйкес иеліктен шығарылады;
      2) ӘКК жеке кәсіпкерлік субъектілерімен жасасатын жаңа заңды тұлғалар құру туралы құрылтай шарттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен келісіледі.
      Бағдарламаның жобасы заң жобасы сияқты ӘКК қызметінің шеңберінде алынған тәжірибені ескере отырып әзірленуге тиіс.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуды көздейтін нормативтік құқықтық актілер кешенін әзірлейді.
      Перспективада жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағдарланатын болады, кәсіпкерлікті дамыту ӘКК-нің жалпы басым міндеттерінің бірі болады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2006 года N 483

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года N 1401. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года N 302

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 14.04.2010 N 302.

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2006 года N 483 "О Концепции создания региональных социально-предпринимательских корпораций" следующие дополнения:
      в Концепции создания региональных социально-предпринимательских корпораций, одобренной указанным постановлением:
      в разделе 3. "Миссия социально-предпринимательских корпораций, задачи и функций":
      дополнить абзацами третьим и четвертым следующего содержания:
      "развитие предпринимательства в общественно значимых сферах, не получивших развития в связи с низкой рентабельностью и (или) необходимостью объемных инвестиций;
      развитие кооперации внутри макрорегиона.";
      дополнить абзацем двадцать третьим следующего содержания:
      "реализация прав на недропользование.";
      в разделе 4. "Основные направления и механизм реализации Концепции создания региональных социально-предпринимательских корпораций":
      параграф "§ 1. Механизм создания СПК" дополнить абзацем тридцать вторым следующего содержания;
      "В соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан СПК будут предоставлены права недропользования.";
      дополнить параграфом 5 следующего содержания:
      "§ 5. Урегулирование деятельности СПК, необходимость принятия программных документов
      СПК как новая и достаточно специфичная форма бизнес-структуры с названными выше целями и задачами должны осуществлять деятельность по определенной программе, причем принципы взаимодействия с органами власти и субъектами частного предпринимательства, основные принципы принятия решений и иные вопросы предполагается урегулировать законодательным актом и иными правовыми актами.
      В связи с вышеизложенным Правительство Республики Казахстан разработает проект Программы развития СПК на среднесрочный период, а также проект Закона Республики Казахстан "О социально-предпринимательских корпорациях", которым помимо прочего будут определены принципы совместной работы СПК и местных исполнительных органов.
      Проектом данного Закона также необходимо определить основные принципы деятельности СПК, которые должны соответствовать принципам гласности и транспарентности, с учетом следующих положений:
      1) имущество СПК отчуждается в соответствии с разрабатываемыми в последствии правилами аналогично законодательству о приватизации;
      2) учредительные договоры о создании новых юридических лиц, заключаемые СПК с субъектами частного предпринимательства, будут согласовываться с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан и Министерством индустрии и торговли Республики Казахстан.
      Проект Программы, равно как и проект Закона, должны быть разработаны с учетом опыта, полученного в рамках деятельности СПК.
      Кроме того, Правительство Республики Казахстан разработает комплекс нормативных правовых актов, предусматривающих развитие государственно-частного партнерства.
      В перспективе местные исполнительные органы будут ориентированы на предоставление государственных услуг, развитие же предпринимательства будет в целом прерогативой СПК.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан