Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2023 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген |
"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары 1-тарау. Жалпы қағидалар
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.02.2019 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранты – "бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген білім алушыға берілетін нысаналы ақша сомасы;
2) білім беру бағдарламаларының топтары – даярлау бағыттары бейінінің ортақтығымен біріктірілген және белгілі білім беру саласы шеңберінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының жиынтығы;
3) білім беру гранты – "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен берілетін нысаналы ақша сомасы;
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
5) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) конкурстық комиссиясы – жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін ЖАО құратын комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы);
6) республикалық конкурстық комиссия – білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – республикалық комиссия);
7) электрондық форматтағы білім беру грантын тағайындау туралы куәлік – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын, Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) балын ресми түрде растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – куәлік).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Республикалық бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық комиссия, ал жергілікті бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты ЖАО комиссиясы өткізеді.
Республикалық бюджеттен өңірлер бөлінісінде батыс және халық тығыз орналасқан өңірлердің адамдарына бөлінген білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты республикалық комиссия өткізеді. Білім беру гранттарын беру бойынша конкурс өткізілетін өңірлердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Республикалық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар қызметкерлерінің, азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің өкілдері қатарынан құрылады.
Республикалық комиссия мүшелерінің қатарынан басым дауыспен төраға, оның орынбасары және хатшы сайланады. Республикалық комиссияның құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ болуға тиіс. Республикалық комиссияның отырыстары оның құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 1 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 24 тамызға дейін өткізіледі.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде республикалық комиссия отырыстарын өткізу мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.08.2021 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. ЖАО комиссиясы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.
ЖАО комиссиясы туралы ереже облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
ЖАО комиссиясының құрамы облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі.
Комиссия мүшелерінің қатарынан басым дауыспен төраға, оның орынбасары және хатшы тағайындалады.
ЖАО комиссиясы мүшелерінің саны тақ болуға тиіс. ЖАО комиссиясының отырыстары оның құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және республикалық бюджеттен білім беру гранттарын тағайындау қорытындылары жарияланғаннан кейін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 15 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 27 тамызға дейін өткізіледі.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ЖАО комиссиясы отырыстарын өткізу мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.08.2021 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі
6. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 8-1-тармағында көзделген жағдайды және осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, оқуға түсушілер өтініш берген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік табыс етіліп, ҰБТ нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) мен бейіндік екі пән бойынша балдар ескеріледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар және шығармашылық екі емтиханның нәтижелері ескеріледі.
Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жалпыкәсіптік пән және арнайы пән бойынша балдар ескеріледі.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.
Оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламалары топтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген жастарды жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқыту үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін көрсете отырып, ЖЖОКБҰ тізбесін республикалық комиссия айқындайды.
Батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, оқуға түсушілер өтініш берген өңірлер мен білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес ҰБТ нәтижелеріне сәйкес нақты өңірлер мен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сай жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) өздері таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келуі шартымен білім беру гранты беріліп, өздерінің өтініштері негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылданады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Жоғары білімнің білім беру грантын, оның ішінде батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖОКБҰ-ның тілдік даярлық күшейтілген даярлық бөлімдерін бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ-ның ректоры қол қойған бітіргені туралы транскрипт ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісті мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.
Батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға бөлінген жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.
ЖЖОКБҰ-ға түсетін батыс және халық тығыз орналасқан өңірлердің адамдары төрт өңірге дейін, білім беру бағдарламаларының төрт тобын және республикалық комиссия бекіткен тізбеге кіретін ЖЖОКБҰ тізбесін көрсете алады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.
Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда республикалық бюджет есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімдердің өзгергені туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Шет тілдегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификатталады.
9. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы бойынша оқуға қарсы айғақтардың жоқ екені туралы медициналық қорытындыны береді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Балдар тең болған болған жағдайда, осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жоғары білімнің білім беру грантын беруге басым құқығы бар оқуға түсушілер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына осы құқықты растайтын құжатты тапсырады.
11. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың қысқартылған оқу мерзімдері көзделетін ұқсас бағыттар бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:
ұлттық ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 65 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" салалары бойынша – кемінде 60 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;
басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде 70 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Бұл ретте ҰБТ-ның және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың қысқартылған оқытудың мерзімі көзделетін ұқсас бағыттары бойынша оқуға жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың қысқартылған оқыту мерзімдері көзделетін ұқсас бағыттар бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:
ұлттық ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 60 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" салалары бойынша – кемінде 60 балл;
басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде 70 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Бұл ретте ҰБТ-ның және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсушілер жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа білім беру бағдарламасының бір тобы бойынша қатысады және өтініште шығармашылық емтихан тапсырған ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
"Педагогикалық ғылымдар" "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша білім беру бағдарламаларына түсушілер және арнайы емтиханнан өтіп, рұқсат алғандар білім беру грантын беруге арналған конкурста ЖЖОКБҰ және арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының төрт тобын таңдау құқығына ие.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.08.2021 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Білім беру грантын алуға арналған конкурс өткізілген, сондай-ақ жоғары бiлiмі бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдаған кезде балдар тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:
1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар;
2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
4) осы Қағидалардың 6-тармағының тоғызыншы бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;
5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар.
Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестатының, куәлігінің немесе дипломының орташа балдары жоғары адамдарға беріледі.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Жоғары білімнің білім беру грантын беру бойынша басым құқық болмағанда, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.
Балдардың көрсеткіштері бірдей және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болғанда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.
15. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар, бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.
Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін қабылдаудың көрсетілген квоталары барлық мәлімделген білім беру бағдарламалары тобына таратылады.
Квота бөлінген даярлық бағыттарында шығармашылық емтиханы бар білім беру бағдарламаларының тобы болған жағдайда, білім беру грантын беру кезінде ҰБТ-ға қатысушының тестілеу нәтижелері үтірден кейінгі бір белгіге дейін дөңгелектелген ең жоғары ықтимал балға пайыздық қатынаста салыстырылатын болады.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестатының, куәлігінің немесе дипломының орташа балы жоғары тұлғаларға беріледі.
Аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болған жағдайда бейіндік пән немесе шығармашылық емтихан бойынша алған балдары ескеріледі.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.08.2021 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65 %-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35 %-ына конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі.
Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын, Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ-ға қабылдау квотасы белгіленген білім беру бағдарламалары тобының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Ағылшын тілінде білім алу үшін жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (Физика, Химия, Биология және Информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім беру грантын беруге арналған конкурсқа мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде тілдік даярлығын күшейту үшін ЖЖОКБҰ-ның даярлық бөлімін бітірген тұлғалар және ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырған тұлғалар, сондай-ақ, ҰБТ-ны қазақ (орыс) тілінде тапсырған және ағылшын тілін білу бойынша тестілеуден өткен немесе ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 59), (TOEFL, шекті балл – кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 5.0) ағылшын тілінде оқуға ниет білдірген тұлғалар қатысады.
Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде тілдік даярлығын күшейту үшін ЖЖОКБҰ-ның даярлық бөлімін бітірген тұлғалар, сондай-ақ ҰБТ-ны қазақ (орыс) тілінде тапсырған және ағылшын тілінде оқуға ниет білдірген тұлғалар шет тілін (ағылшын) білуге арналған тестілеу тапсырады, ондағы шекті балл жоғары балдың 50 пайызынан төмен болмауға тиіс.
Шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеуді базалық ЖЖОКБҰ-да 12 шілдеге дейін Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) өткізеді.
Оқуға түсушілердің көрсетілген санаттарына арналған конкурс өткізілгеннен кейін қалған білім беру гранттары "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария", "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша 1 немесе 2-курсты аяқтаған және ағылшын тілінде жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (физика, химия, биология және информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алуды жалғастыруға ниет білдірген тұлғаларға беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаты: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 59), (TOEFL, шекті балл – кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 5.0), үлгерімінің орташа балы кемінде 2,67 балл GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) болуы тиіс. Шет тілін меңгергендігін растайтын көрсетілген сертификаттары жоқ білім алушы жоғары балдың 50 пайызынан төмен емес шекті балмен шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеуді тапсырады. Шет (ағылшын) тілі білімін тестілеуді базалық ЖЖОКБҰ-да 12 тамызға дейін ҰТО өткізеді.
Жоғары білімнің білім беру гранттарын беру жазғы демалыс кезеңінде 1 немесе 2-курстың білім беру бағдарламасын табысты аяқтағаннан кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алушылар жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (физика, химия, биология және информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы және ЖЖОКБҰ көрсетілген кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу туралы өтініш береді;
2) ЖЖОКБҰ-лар білім алушылар өтініштерінің деректер базасын ҰТО-ға береді;
3) ҰТО шет тілін меңгеру сертификаттарының балдарына немесе ағылшын тілін білуге арналған тестілеу нәтижелері және үлгерімнің орташа балдарына сәйкес жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (Физика, Химия, Биология және Информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бөлінісінде ведомостарды қалыптастырады және республикалық комиссияға жібереді;
4) республикалық комиссия білім беру грантын шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың балдарына немесе ағылшын тілін білуге арналған тестілеудің нәтижелеріне және үлгерімінің орташа балына сәйкес береді.
Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда ағылшын тілін білуге арналған сертификатының балы жоғары тұлғаларға басым құқық беріледі.
Сертификаттың балдық көрсеткіштері бірдей болған жағдайда үлгерімінің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж), одан кейін жалпы орта білім туралы аттестаттың орташа балы есептеледі;
5) республикалық комиссияның шешімі негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган 15 тамызға дейін Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы бұйрық шығарады;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы куәлікті ресімдейді.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы берілген куәлік негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы білім алушының білім беру гранты бойынша осы ЖЖОКБҰ-да 2 немесе 3-курстан бастап өтініш білдірген білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім алуын жалғастыру туралы бұйрық шығарады.
Бұл ретте Қағидалардың осы тармақта көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған жоғары білімнің білім беру гранттарына қабылдау кезінде міндетті құрамдас пәндердегі академиялық айырмашылық түріндегі пререквизиттер курстың жоғалуына әкелмейді және тегін негізде меңгеріледі.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.08.2021 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын, оның ішінде батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттарын, сондай-ақ бас тартылған білім беру гранттарын республикалық комиссия бір білім беру саласы ішінде өту балы жоғары адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мәлімделген тобы бойынша осы Қағидалардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.
Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік тұлғаларға, резервте көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын, сондай-ақ жекелеген ЖЖОКБҰ-ға көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын беру туралы шешімді республикалық комиссия қабылдайды.
Педагогикалық және медициналық бағыттарды қоспағанда, білімі туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-на ауысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына бос және бас тартылған білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша республикалық комиссияның шешімімен конкурстық негізде беріледі.
Конкурс үлгерімнің орташа балы Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж (бұдан әрі – GPA) негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша куәлік беріле отырып өткізіледі.
Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- ("өте жақсы") білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Білім беру саласындағы уәкілетті орган республикалық комиссия шешімінің негізінде бұйрық шығарады және оқуға түсушілерге куәлік береді.
Жоғары білімнің білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Грант иегері жоғары білімнің білім беру грантынан оқуға қабылданғанға дейін бас тартқан жағдайда куәлік және талапкердің өтініші білім саласындағы уәкілетті органға 15 қыркүйекке дейін тапсырылады.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде білім беру грантын тағайындау, куәлікті беру, білім беру грантын қайтару мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.08.2021 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. "Магистр" дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі
20. "Магистр" дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламаларының бір тобы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде беріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурста – КТ нәтижелерінің балдары, шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша КТ нәтижелерінің балдары, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін КТ нәтижесі бойынша:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратураға, оның ішінде шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша – кемінде 75 балл;
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға – кемінде 50 балл жинау қажет.
КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламаларының бейіндік тобы бойынша тестілеу нәтижесі бойынша балы жоғары адамға басым құқық беріледі, одан кейін білім алуға әзірлігін айқындау бойынша тест нәтижесі, бұдан әрі – шет тілі бойынша тестілеу нәтижесі, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) ескеріледі.
"Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының топтары, сондай-ақ "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар стандартталған GRE (Graduate Record Examinations – Грэдуэйт Рекорд Экзэминейшнс) тестілеуінің халықаралық сертификаты болған жағдайда оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуге арналған КТ-ден босатылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 04.07.2019 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 15.08.2019 № 599 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші 20 тамызға дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.
Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.08.2021 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.23. Республикалық комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге куәлік беріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жарияланады.
Грант иегері жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантынан оқуға қабылданғанға дейін бас тартқан жағдайда куәлік білім саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде куәлікті беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын қайтару мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.08.2021 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-тарау. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі
24. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары, оның ішінде батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша куәлік беріле отырып өткізіледі.
ЖЖОКБҰ ұйымның сайтында (білім беру порталында) босаған білім беру гранттарының санын көрсете отырып, ашық конкурс туралы хабарландыру орналастырады.
Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- ("өте жақсы") білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар.";
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына өзінің GPA балын ашық қолжетімді болатындай жариялауға келісімін көрсете отырып, одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
2) ЖЖОКБҰ кадрларды даярлау бағыттары, курстар мен білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде GPA балын көрсете отырып, босаған гранттарға үміткерлердің деректерін ұйымның сайтында (білім беру порталында) орналастырады;
3) келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қаралады;
4) ЖЖОКБҰ ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде босаған білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды. Тізімге білім алушы өтінішінің, ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесі шешімдерінің көшірмесі, білім алушының транскриптінен үзінді, оның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және үміткерлердің болмауына байланысты білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылған босаған білім беру гранттарын комиссия конкурстық негізде қайта бөледі;
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және үміткерлердің болмауына байланысты ЖЖОКБҰ-ға ұсынылған босаған білім беру гранттарының тізімі білім беру саласындағы уәкілетті органның сайтында жарияланады;
7) конкурс басқа ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алып жатқан, конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған адамдардың арасында білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша өткізіледі;
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және шешім оң болған жағдайда босаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары даярлық бағытының немесе білім беру саласының ішінде қайта бөлінеді);
9) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО куәлікті ресімдейді және деректерді үш жұмыс күні ішінде тиісті ЖЖОКБҰ-ға жібереді;
10) куәліктің негізінде ЖЖОКБҰ басшысы одан әрі білім беру гранты бойынша оқу туралы бұйрық шығарады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.25. ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған, пайдаланылмаған бос білім беру гранттары куәліктерінің білім беру саласындағы уәкілетті органға уақтылы қайтарылуына жауапты болады.
5-тарау. "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру тәртібі
26. "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты (бұдан әрі – ЖАО білім беру гранттары) тиісті облыс және (немесе) республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылатын ЖАО конкурстық комиссиясы өткізеді.
27. ЖАО білім беру гранттары өңірдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі есебімен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріліп, ҰБТ немесе КТ нәтижелеріне сәйкес беріледі.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. ЖАО білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 5-10 тамыз аралығында осы Қағидалардың 7-10-тармақтарына сәйкес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін 24-25 тамыз аралығында осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
ЖАО білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурс осы Қағидалардың 13-16, 21 және 23-тармақтарында көзделген тәртіппен өткізіледі.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.29. ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе әкім орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріледі.
ЖАО білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланады.
30. ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәліктің негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы ЖАО білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
ЖАО білім беру гранты иегерімен "ЖАО-студент-ЖЖОКБҰ" үш жақты шарт жасалады.
Грант иегері ЖАО білім беру грантынан бас тартқан жағдайда ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік жойылады, білім беру гранты осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде беріледі.
ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы күнді және ЖАО білім беру грантынан бас тартқан тұлғаның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акт жасайды және ЖЖОКБҰ-ның мөрімен бекітілген актіні күнтізбелік үш күн ішінде ЖАО-ға тапсырады.
ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлікті азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді.
31. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған ЖАО білім беру гранттарын беруді жазғы және қысқы демалыс кезінде осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде бос орындарға беруді ЖАО комиссиясы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мемлекеттік білім гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 52, 512-құжат);
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы N 807 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 24, 206-құжат);
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы N 1517 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 40, 522-құжат);
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 20, 214-құжат).