Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы N 63 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-5/576 бұйрығын қараңыз.

      "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 24 қаңтардағы
N 63 қаулысымен   
бекітілген      

  Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына
кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1.   Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      бағалар кестесі - кепілді төлемдер мөлшерлерін айқындау үшін қажетті және сапасына сәйкес белгілі бір кезеңге қор белгілеген мақтаның құнын қамтитын құжат;
      еңсерілмес күш - форс-мажорлық жағдайлар: тараптардың болжауға және болдырмауға күші жетпейтін дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы авариялар;
      кепілді жағдай - мақта өңдеу ұйымында (қорға қатысушыда) мақтаның жеткілікті мөлшерінің және/немесе қажетті сападағы мақтаның болмауынан көрінетін, мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік инспектор мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында сақтаулы және қайта өңделетін мақтаның мөлшерлік-сапалық жағдайын бақылау нәтижелері бойынша жасаған актімен расталған қатысушының міндеттемелерін орындамау фактісі;
      кепілді жағдай болған күн - уәкілетті органның мақта қолхатын ұстаушыға қатысушының міндеттемелерін орындамау фактісін растайтын құжатты берген күн;
      қатысу шарты - қор мен қатысушы арасында жасалатын шарт, соның негізінде соңғысы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысады;
      қатысушы - қор қатысу шартын жасасқан және қолданылатын мақта өңдеу ұйымы.

  2. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына
кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу тәртібі

      3. Кепілді жағдай болған кезде өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілік көтеретін қор мақта қолхатын ұстаушыға осы Ереженің 17 және 18-тармақтарына сәйкес есептелген қорға қатысушы бермеген мақтаның құнын ақшалай төлейді.
      4. Қор кепілдігінің қолданылу мерзімі мақта қолхатында көрсетіледі. Егер мақта қолхатында кепілдік мерзімі көрсетілмесе, онда кепілдіктің қолданылу мерзімі қор мақта қолхатына жазба жасаған күннен бастап он екі айды құрайтын болады.
      5. Осы қорға қатысушылар болып табылмайтын мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерінің орындалуына қор кепілдік бермейді.
      6. Мақта қолхатын ұстаушылар болып табылатын, белгіленген тәртіппен қордың кепілдігін алған адамдарға қатысушылардың мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін өтеуді қор осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      7. Осы Ереженің 5 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілді жағдай болған кезде қор кепілдік берген мақта қолхатын ұстаушы кепілді жағдай болған күннен бастап 10 күн ішінде қорға кепілді төлемді алу үшін өтініш береді.
      Егер мақта қолхаты бойынша қор кепілдік берген мерзім бітпеген жағдайда мақтаны кепілдікке қойылған мақта саудасынан сатып алған мақта иелері кепілді төлемді алу үшін қорға өтініш бере алады.
      8. Кепілді төлемді алу үшін қорға:
      1) кепілді төлемді алу туралы талап еткен өтініш;
      2) мақта қолхатының немесе сауда-саттық нәтижелері туралы құжаттың және кепілдік куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері; егер мақта қолхатын ұстаушы жүгінген жағдайда сақтау шартының көшірмелері ұсынылады. Қор талаптарды қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады;
      3) мақта қолхатын ұстаушының уәкілетті органға жазған өтінішінің (шағымының) көшірмесі және осы өтініш (шағым) бойынша қатысушыны тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган берген құжаттар ұсынылады. Осы тармақшада көрсетілген құжаттар қатысушыны уақытша басқаруды енгізген кезде берілмейді;
      4) егер мақта қолхатын ұстаушы жеке тұлға болып табылса - жеке куәлiгiнiң (паспортының) көшiрмесi, ал егер заңды тұлға болып табылса - мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмесi ұсынылады.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Қор 30 күнтізбелік күн ішінде мақта қолхатын ұстаушының талабын қарайды және оны қанағаттандыру не одан бас тарту туралы шешім шығарады. Қатысушыны уақытша басқаруды енгізген кезеңде мақта қолхатын ұстаушының талабын қарау кезінде қанағаттандыру не бас тарту туралы шешімді қор сақтаулы мақтаға уақытша әкімшілік түгендеу жүргізгеннен кейін шығарады. Талаптарды қарауға кепілді жағдайдың болуына жол берген қатысушы тартылады.
      10. Қор кепілді төлемді жүзеге асыру туралы талапты қанағаттандырудан:
      1) кепілді жағдай болмаған;
      2) кепілді жағдайдың болуы тежеусіз күштен туындаған;
      3) мақта қолхатын ұстаушының талабын қанағаттандыру және қатысушыдан берешекті өндіріп алу туралы сот шешімі болған;
      4) осы Ережеде белгіленген қорға жүгіну мерзімдері өткен;
      5) қордың мақта қолхаты бойынша міндеттемелерді орындауы жөніндегі кепілдігінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін мақта қолхатын ұстаушы жүгінген;
      6) егер талапты қарау мерзімі ішінде қатысушы мақта қолхаты (кепілдік немесе қоймалық куәліктер) бойынша өз міндеттемелерін орындаған;
      7) мақта қолхатында жазба жасалған күн, лауазымды адамның қолы және қордың мөртабаны көрсетіліп, қордың осы мақта қолхатына кепілдік беруі туралы мәліметтер қамтылған жазба болмаған;
      8) мақта қолхатының тек қоймалық куәлігін ғана көрсеткен жағдайларда бас тартады.
      11. Қатысушыдан берешекті өндіріп алу мақсатында мақта қолхаттарын ұстаушылардың сотқа жүгінуі сот шешімі шыққанға дейін кепілді төлемді жүзеге асыру туралы талаптарды қарауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылады. Мақта қолхаттарын ұстаушылар мақта қолхатын ұстаушының талабынан бас тартқаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 10 күн ішінде кепілді төлемді алу үшін қорға жүгінеді.
      12. Қор мақта қолхатын ұстаушының дәлелді өтініші бойынша қорға жүгіну мерзімін қалпына келтіре алады.
      13. Міндеттемелердің орындалмауына жол берген қатысушыны уақытша басқаруды енгізу, қатысушыны қайта ұйымдастыру, қатысушыны мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінен шығарып тастау қордың мақта қолхатын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
      14. Қор мақта қолхатын ұстаушының талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда қор шешім шығарылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мақта қолхатын ұстаушыға кепілді төлемді жүргізеді.
      15. Кепілді төлем мөлшерімен келіспеген жағдайда мақта қолхатын ұстаушы қордың шешіміне шағым жасау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
      16. Мақта қолхатын ұстаушыға қатысушы мақта қолхатын көрсеткенде бермеген мақтаның ғана құны қайтарылады.
      17. Қор жыл сайын өз кепілдіктері қолданылуының бүкіл кезеңіне мақтаға арналған бағалар кестесін бекітеді, сол бойынша кепілді төлемдер жүргізіледі. Қор бағалар кестесіне өзгерістер енгізе алады, бірақ бұрын берілген кепілдіктерге қордың кепілдік беру сәтінде қолданыста болған бағалар кестесі бойынша есептік баға қолданылады. Бағалар кестесін қор мақта нарығында қалыптасқан бағаларды ескере отырып бекітеді және халықаралық мақта биржаларының ресми жарияланған баға белгілеулері назарға алынуы мүмкін.
      18. Кепілді төлем мақта қолхатын ұстаушыға берілмеген мақта көлемінің көрсеткіштері мен қор бекіткен бағалар кестесі бойынша бір тонна мақта құнының туындысы ретінде айқындалады.
      19. Мақта қолхатын ұстаушының қатысушы алдында мақтаны сақтау бойынша берешегі болған жағдайларда кепілді төлемнен мақтаны сақтау бойынша берешектің сомасы шегеріледі.
      20. Кепілді төлем теңгемен жүзеге асырылады. Кепілді төлем қор мен мақта қолхатын ұстаушының өзара келісімі бойынша мақтамен жүзеге асырылуы мүмкін.
      21. Қор мақта қолхатын ұстаушыға кепілдік төлемді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін соңғысы оған тапсыру жазбасын жазу арқылы оны дереу қордың пайдасына қорға береді.
      22. Мақта иесі кепілдікке қойылған мақта саудасының нәтижелері туралы құжаттар бойынша сатып алушының құқықтарын сауда нәтижелері бойынша беру арқылы қорға мақтаға меншік құқығын береді және қор қатысушыға кредит беруші құқығына ие болады.

Об утверждении Правил погашения обязательств фондами гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2008 года N 63. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2016 года № 43

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.01.2016 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 26.06.2015 г. № 4-5/576.


      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила погашения обязательств фондами гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены          
постановлением Правительства  
Республики Казахстан      
от 24 января 2008 года N 63 

Правила
погашения обязательств фондами
гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила погашения обязательств фондами гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" и определяют порядок погашения обязательств фондами гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      таблица цен - документ, необходимый для определения размеров гарантийных выплат и содержащий установленную фондом стоимость хлопка на определенный период в соответствии с его качеством;

      непреодолимая сила - форс-мажорные обстоятельства: стихийные бедствия, аварии природного и техногенного характера, которые стороны не в силах предвидеть и предотвратить;

      гарантийный случай - факт неисполнения обязательств участником, выражающийся в отсутствии достаточного количества хлопка и/или хлопка нужного качества в хлопкоперерабатывающей организации (участнике фонда), подтвержденный актом, составленным государственным инспектором в области развития хлопковой отрасли, по результатам контроля количественно-качественного состояния хранящегося и перерабатываемого хлопка в целях защиты интересов владельцев хлопка на основании официальных обращений (жалоб) участников хлопкового рынка;

      дата наступления гарантийного случая - дата выдачи держателю хлопковой расписки уполномоченным органом документа, подтверждающего факт неисполнения обязательств участником;

      договор участия - договор, заключаемый между фондом и участником, на основе которого последний участвует в системе гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам;

      участник - хлопкоперерабатывающая организация, с которой фондом заключен и действует договор участия.

  2. Порядок погашения обязательств фондами
гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам

      3. При наступлении гарантийного случая фонд, несущий субсидиарную ответственность по обязательствам своих участников, выплачивает держателю хлопковой расписки деньгами стоимость невыданного участником фонда хлопка, рассчитанную в соответствии с пунктами 17 и 18 настоящих Правил.

      4. Срок действия гарантий фонда указывается в хлопковой расписке. Если срок гарантии в хлопковой расписке не указан, то срок действия гарантии будет составлять двенадцать месяцев с даты совершения фондом надписи на хлопковой расписке.

      5. Фонд не гарантирует исполнение обязательств по хлопковым распискам хлопкоперерабатывающих организаций, не являющихся участниками данного фонда.

      6. Погашение обязательств по хлопковым распискам участников осуществляется фондом в соответствии с настоящими Правилами лицам, являющимся держателями хлопковой расписки, получившим в установленном порядке гарантирование фонда.

      7. При наступлении гарантийного случая держатель хлопковой расписки, гарантированной фондом, в течение 10 дней с даты наступления гарантийного случая обращается в фонд для получения гарантийной выплаты за исключением случаев, предусмотренных пунктами 5 и 10 настоящих Правил.

      Для получения гарантийной выплаты в фонд могут обратиться владельцы хлопка, которые его приобрели на торгах заложенного хлопка, в случае если не истекли сроки гарантирования фондом по хлопковой расписке.

      8. Для получения гарантийной выплаты в фонд представляются:
      1) заявление с требованием о получении гарантийной выплаты;
      2) нотариально заверенные копии хлопковой расписки или документа о результатах торгов и залогового свидетельства; копии договора хранения - в случае если обращается держатель хлопковой расписки. В случае принятия решения фондом об удовлетворении требования представляются оригиналы вышеуказанных документов;
      3) копия обращения (жалобы) держателя хлопковой расписки в уполномоченный орган и документы, выданные уполномоченным органом по результатам проверки участника по данному обращению (жалобы). Документы, указанные в настоящем подпункте не представляются при введении временного управления участника;
      4) если держатель хлопковой расписки является физическим лицом - копия удостоверения личности (паспорта), а если юридическим лицом - копия свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации).
      Примечание: *свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица.
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 24.04.2013 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования). 

      9. Фонд в течение 30 календарных дней рассматривает требование держателя хлопковой расписки и выносит решение об его удовлетворении либо отказе. При рассмотрении требования держателя хлопковой расписки в период введения временного управления участника решение об удовлетворении либо отказе выносится фондом после проведения временной администрацией инвентаризации хранящегося хлопка. К рассмотрению требований привлекается участник, допустивший наступление гарантийного случая.

      10. Фонд отказывает в удовлетворении требования об осуществлении гарантийной выплаты в случаях:
      1) ненаступления гарантийного случая;
      2) когда наступление гарантийного случая вызвано непреодолимой силой;
      3) наличия решения суда об удовлетворении требования держателя хлопковой расписки и взыскании задолженности с участника;
      4) истечения установленных настоящими Правилами сроков обращения в фонд;
      5) обращения держателя хлопковой расписки после истечения срока действия гарантии фонда по исполнению обязательств по хлопковой расписке;
      6) если в течение срока рассмотрения требования участник выполнил свои обязательства по хлопковой расписке (залоговому или складскому свидетельствам);
      7) отсутствия на хлопковой расписке надписи, содержащей сведения о гарантировании фондом данной хлопковой расписки с указанием даты совершения надписи, подписи должностного лица и оттиска печати фонда;
      8) предъявления только складского свидетельства хлопковой расписки.

      11. Обращение держателей хлопковых расписок в суд, с целью взыскания задолженности с участника, является основанием для приостановления рассмотрения требований об осуществлении гарантийной выплаты до вынесения решения суда. Держатели хлопковых расписок в течение 10 дней со дня вступления в законную силу решения суда об отказе требования держателя хлопковой расписки обращаются в фонд для получения гарантийной выплаты.

      12. По мотивированному заявлению держателя хлопковой расписки фонд может восстановить срок обращения в фонд.

      13. Не являются основанием для отказа фондом в удовлетворении требований держателей хлопковой расписки введение временного управления участником, допустившим неисполнение обязательств, реорганизация участника, исключение участника из системы гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.

      14. В случае принятия решения фондом об удовлетворении требования держателя хлопковой расписки фонд производит держателю хлопковой расписки гарантийную выплату в течение 10 рабочих дней со дня вынесения решения.

      15. В случае несогласия с размером гарантийной выплаты держатель хлопковой расписки вправе обратиться в суд для обжалования решения фонда.

      16. Держателю хлопковой расписки возмещается стоимость только того хлопка, который не был выдан участником против предъявления хлопковой расписки.

      17. Фонд ежегодно на весь период действия своих гарантий утверждает таблицу цен на хлопок, по которой производятся гарантийные выплаты. Фонд может вносить изменения в таблицу цен, но к ранее выданным гарантиям применяется учетная цена по таблице цен, действовавшей на момент выдачи гарантии фонда. Таблица цен утверждается фондом с учетом цен, сложившихся на рынке хлопка и могут приниматься во внимание официально опубликованные котировки международных хлопковых бирж.

      18. Гарантийная выплата определяется как произведение показателей объема хлопка невыданной держателю хлопковой расписки и стоимости одной тонны хлопка по таблице цен, утвержденной фондом.

      19. В случаях, когда имеется задолженность держателя хлопковой расписки перед участником по хранению хлопка, из гарантийной выплаты вычитается сумма задолженности по хранению хлопка.

      20. Гарантийная выплата осуществляется в тенге. Гарантийная выплата по взаимному согласию фонда и держателя хлопковой расписки может быть осуществлена хлопком.

      21. После исполнения обязательств фондом по осуществлению гарантийной выплаты держателю хлопковой расписки, последний посредством совершения на ней передаточной надписи незамедлительно уступает ее в пользу фонда.

      22. Владелец хлопка по документам о результатах торгов заложенного хлопка передает права собственности на хлопок фонду путем передачи прав приобретателя по результатам торгов, и фонд вступает в права кредитора участника.