"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 11 және 16-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекітілген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
2) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану туралы есептерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 қаңтардағы
N 67 қаулысымен
бекітілген
2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық
бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесі
1. Осы 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
1) 027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
2) 028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
3) 038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын жергілікті деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
4) 041 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде қан орталығын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер".
2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде:
1) 2008 жылға арналған болжамды бағаларды ескере отырып, аурулар түрлерінің тізбесі мен амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде дәрілік заттардың, вакциналардың және басқа медициналық иммундық-биологиялық препараттардың бірыңғай номенклатурасын, сондай-ақ олардың көлемін айқындайды;
2) уәкілетті орган бекіткен медицина техникасымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативтерінің (стандарттарының) шеңберінде жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдары мен мемлекеттік қан орталықтарына арналған медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келіседі.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, онкологиялық сырқаттарға химиялық препараттарды сатып алу жөнінде, облыстық және қалалық ауруханалар, аудандық және қалалық емханалар, бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, туберкулезге қарсы қызмет, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшін рентген флюорографиялық стационарлық цифрлық, рентген диагностикалық стационарлық цифрлық, көп функциялы рентген диагностикалық, өкпені жасанды желдету, ингаляциялық наркозға арналған, ультрадыбыстық диагностика аппараттарын, ультрадыбыстық диагностикалық сканерлерді, инкубаторларды (кювездерді), операциялық микроскоптарды, магнитті резонансты томографтарды, компьютерлік томографтарды, кардиохирургиялық орталықтар (бөлімшелер) үшін жабдықтарды, онкологиялық ұйымдар үшін рентген-сәулелі аппараттарын, сондай-ақ жедел медициналық көмек қызметі үшін қымбат тұратын реанимобильдерді, санитарлық авиация қызметі үшін неонаталдық реанимобильдерді сатып алу жөніндегі конкурстардың бірыңғай ұйымдастырушысы болады.
Конкурстық комиссияның құрамына облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды басқару (диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, онкологиялық сырқаттарға химиялық препараттарды сатып алу кезінде, облыстық және қалалық ауруханалар, аудандық және қалалық емханалар, бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, туберкулезге қарсы қызмет, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшін рентген флюорографиялық стационарлық цифрлық, рентген диагностикалық стационарлық цифрлық, көп функциялы рентген диагностикалық, өкпені жасанды желдету, ингаляциялық наркозға арналған, ультрадыбыстық диагностика аппараттарын, ультрадыбыстық диагностикалық сканерлерді, инкубаторларды (кювездерді), операциялық микроскоптарды, магнитті резонансты томографтарды, компьютерлік томографтарды, кардиохирургиялық орталықтар (бөлімшелер) үшін жабдықтарды, онкологиялық ұйымдар үшін рентген-сәулелі аппараттарын, сондай-ақ жедел медициналық көмек қызметі үшін қымбат тұратын реанимобильдерді, санитарлық авиация қызметі үшін неонаталдық реанимобильдерді мемлекеттік сатып алу кезінде) және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алу кезінде) органдарының өкілдері кіреді.
5. Денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары облыстық және қалалық ауруханалар, аудандық және қалалық емханалар, бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, туберкулезге қарсы қызмет, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшін рентген флюорографиялық стационарлық цифрлық, рентген диагностикалық стационарлық цифрлық, көп функциялы рентген диагностикалық, өкпені жасанды желдету, ингаляциялық наркозға арналған, ультрадыбыстық диагностика аппараттарынан, ультрадыбыстық диагностикалық сканерлерден, инкубаторлардан (кювездерден), операциялық микроскоптардан, магнитті резонансты томографтардан, компьютерлік томографтардан, кардиохирургиялық орталықтар (бөлімшелер) үшін жабдықтардан, онкологиялық ұйымдар үшін рентген-сәулелі аппараттарынан, жедел медициналық көмек қызметі үшін қымбат тұратын реанимобильдерден, санитарлық авиация қызметі үшін неонаталдық реанимобильдерден басқа, АИТВ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды емдеу үшін, лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды сатып алу жөніндегі, қан орталықтары үшін жабдықтарды, жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары үшін жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың ұйымдастырушылары болып әрекет етеді.
5-1. Гемофилиямен ауыратын ересектерді емдеу кезінде қанды ұйытатын VIII факторды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары болады.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.11.27.
N 1097
Қаулысымен.
6. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні пайдалануға беруінің бекітілген актісі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшін шарт болып табылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.
Денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары объектіні пайдалануға беру кешіктірілген жағдайда 2008 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті қаржы жылына арнап бекітілген сома шегінде қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныстар енгізуі мүмкін.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес аударуды жүргізеді.
8. Осы Ережеге қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медицина ұйымдарының арасында медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілік береді.
2008 жылға арналған республикалық
бюджеттен облыстық бюджеттерге,
Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне денсаулық сақтауға
бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесіне
қосымша
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.27. N 1097 Қаулысымен.
2008 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу
мың теңге
Өңірлердің
|
Ауылдық дәрігерлік амбулаторияларды, БМСК
|
||||
Оның ішінде |
|||||
ауылдық
|
БМСК
|
ауылдық
|
қалалық
|
БМСК
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ақмола |
20 830 |
76 958 |
27 560 |
13 780 |
139 128 |
Ақтөбе |
3 800 |
0 |
41 340 |
13 780 |
58 920 |
Алматы |
3 690 |
50 072 |
0 |
0 |
53 762 |
Атырау |
37 576 |
8 949 |
0 |
0 |
46 525 |
ШҚО |
9 992 |
7 420 |
0 |
0 |
17 412 |
Жамбыл |
17 345 |
170 296 |
0 |
13 780 |
201 421 |
БҚО |
7 768 |
33 757 |
13 780 |
13 780 |
69 085 |
Қарағанды |
5 130 |
10 388 |
0 |
41 340 |
56 858 |
Қостанай |
51 768 |
0 |
68 900 |
41 340 |
162 008 |
Қызылорда |
107 414 |
112 092 |
55 120 |
13 780 |
288 406 |
Маңғыстау |
2 103 |
113 585 |
13 780 |
0 |
129 468 |
Павлодар |
4 172 |
0 |
0 |
0 |
4 172 |
СҚО |
71 967 |
18 493 |
27 560 |
13 780 |
131 800 |
ОҚО |
0 |
0 |
68 900 |
68 900 |
137 800 |
Алматы қаласы |
0 |
64 546 |
0 |
0 |
64 546 |
Астана қаласы |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Жиыны |
343 555 |
666 556 |
316 940 |
234 260 |
1561311 |
кестенің жалғасы
Өңірлер-
|
БМСК ұйммдарын санитарлық автокөлікпен
|
||||||
оның ішінде |
БМСК
|
||||||
ауыл-
|
қала-
|
БМСК
|
ауыл
|
қала-
|
жедел
|
||
1 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Ақмола |
16 100 |
|
0 |
11270 |
9 660 |
60128 |
97 158 |
Ақтөбе |
16 100 |
|
0 |
11270 |
8 400 |
0 |
35 770 |
Алматы |
8 050 |
|
20930 |
16100 |
16100 |
44000 |
105 180 |
Атырау |
8 050 |
|
8 050 |
8 050 |
8 050 |
22000 |
54 200 |
ШҚО |
24 150 |
16335 |
0 |
16100 |
7425 |
10080 |
74 090 |
Жамбыл |
24 150 |
|
17 820 |
17210 |
12 880 |
22000 |
94 060 |
БҚО |
16 100 |
14 850 |
8 910 |
11270 |
14 850 |
15180 |
81 160 |
Қарағанды |
22 540 |
22 275 |
0 |
16100 |
17 820 |
0 |
78 735 |
Қостанай |
21 000 |
|
2 300 |
2 970 |
10 500 |
94600 |
131 370 |
Қызылорда |
16 100 |
|
4 830 |
3 220 |
1 610 |
52064 |
77 824 |
Маңғыстау |
0 |
4 455 |
5 520 |
8 050 |
0 |
44000 |
62 025 |
Павлодар |
1 610 |
4 455 |
2016 |
10080 |
10 395 |
6 048 |
34 604 |
СҚО |
16 100 |
|
1 610 |
7 002 |
10 395 |
78352 |
113 459 |
ОҚО |
24 150 |
7 425 |
0 |
16100 |
10 395 |
40360 |
98 430 |
Алматы
|
0 |
|
11 750 |
0 |
41060 |
45540 |
98 350 |
Астана
|
0 |
5 940 |
0 |
0 |
31 650 |
54080 |
91 670 |
Жиыны |
214200 |
75735 |
83736 |
154792 |
211190 |
588432 |
1328085 |
кестенің жалғасы
Өңірлердің
|
Туберку-
|
Балалар мен босандыру
|
Қалалық
|
||
оның ішінде |
|||||
бала-
|
перина-
|
Барлығы |
|||
1 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Ақмола |
0 |
59 300 |
130 500 |
189 800 |
62 020 |
Ақтөбе |
119 135 |
80 100 |
286 380 |
366 480 |
74 970 |
Алматы |
0 |
39 000 |
123 500 |
162 500 |
18 200 |
Атырау |
151 635 |
54 200 |
134 860 |
189 060 |
74 720 |
ШҚО |
0 |
92 600 |
267 980 |
360 580 |
74 720 |
Жамбыл |
156 000 |
59 300 |
146 100 |
205 400 |
104 670 |
БҚО |
349 135 |
27 030 |
141 960 |
168 990 |
73 950 |
Қарағанды |
257 235 |
61 600 |
137 700 |
199 300 |
44 970 |
Қостанай |
0 |
66 700 |
141 250 |
207 950 |
16 500 |
Қызылорда |
519 633 |
18 030 |
151 050 |
169 080 |
104 420 |
Маңғыстау |
113 435 |
46 330 |
146 100 |
192 430 |
18 020 |
Павлодар |
0 |
54 600 |
133 440 |
188 040 |
62 020 |
СҚО |
0 |
50 330 |
135 570 |
185 900 |
0 |
ОҚО |
0 |
42 370 |
218 620 |
260 990 |
55 350 |
Алматы
|
0 |
54 270 |
171 260 |
225 530 |
62 020 |
Астана
|
0 |
40 400 |
114 730 |
155 130 |
11 000 |
Жиыны |
1666208 |
846160 |
2581000 |
3427160 |
857 550 |
кестенің жалғасы
Өңірлер-
|
Онко-
|
МРТ,
|
Кар-
|
Шунт-
|
Сани-
|
Барлығы |
1 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
Ақмола |
360400 |
0 |
261574 |
0 |
22 000 |
1132080 |
Ақтөбе |
0 |
0 |
0 |
0 |
22 000 |
677 275 |
Алматы |
0 |
0 |
484914 |
0 |
22 000 |
846556 |
Атырау |
69 960 |
0 |
258864 |
0 |
22 000 |
866964 |
ШҚО |
0 |
467500 |
297674 |
0 |
22 000 |
1313976 |
Жамбыл |
217300 |
0 |
0 |
0 |
22 000 |
1000851 |
БҚО |
0 |
0 |
484913 |
0 |
22 000 |
1249233 |
Қарағанды |
69 960 |
350000 |
421429 |
0 |
22 000 |
1500487 |
Қостанай |
143100 |
376000 |
261574 |
0 |
22 000 |
1320502 |
Қызылорда |
143100 |
0 |
0 |
0 |
22 000 |
1324463 |
Маңғыстау |
143100 |
0 |
0 |
0 |
22 000 |
680478 |
Павлодар |
0 |
0 |
261574 |
0 |
22 000 |
572410 |
СҚО |
0 |
467500 |
484913 |
0 |
22 000 |
1405572 |
ОҚО |
174900 |
467500 |
297674 |
0 |
22 000 |
1514644 |
Алматы
|
0 |
0 |
226050 |
6 500 |
0 |
682996 |
Астана
|
143000 |
0 |
0 |
0 |
0 |
400800 |
Жиыны |
1464820 |
2128500 |
374115
|
6 500 |
308 000 |
16489287 |