Қазақстан Республикасының " Мақта саласын дамыту туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі және " 2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2007 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 172 қаулысымен бекітілген |
Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2008 жылғы
республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына
сараптама жасауға пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бюджеттік бағдарламасының 108 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасын сараптауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражатының есебінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
3. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған қаражат (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (мақта талшығының иелері) бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген көлемде мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындардың құнын толық өтеуге арналады.
2. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға
арналған шығынды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды
пайдалану тәртібі
4. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді көрсетуші Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын сарапшы ұйым (бұдан әрі - қызметтер көрсетуші) болып табылады.
5. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (мақта-талшығы иелері) (бұдан әрі - қызметтерді сатып алушы) болып табылады.
6. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес қызметтер көрсетуші жүзеге асырады.
7. Мақта өңдеу ұйымдары қызметтер көрсетушіге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді сатып алушылардың тізілімін ұсынады.
8. Қызметтер көрсетуші, мақта өңдеу ұйымы мен Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (бұдан әрі - Ауыл шаруашылығы департаменті) арасында мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі қызметтер көрсетудің үш жақты шарты жасалады.
9. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсету фактісі бойынша қызметтер көрсетуші мақта өңдеу ұйымдары ұсынған қызметтерді сатып алушылар тізілімдерінің негізінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісін жасайды.
10. Қызметтер көрсетуші бюджеттік субсидиялар алу үшін ай сайын есептіден кейінгі айдың 10-күніне Ауыл шаруашылығы департаментіне мынадай құжаттарды ұсынады:
мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі;
мақта талшығының сапасы паспорттарының көшірмелері.
11. Ауыл шаруашылығы департаменті он жұмыс күні ішінде бюджеттік субсидиялар алу үшін қызметтер көрсетуші ұсынған құжаттарды тексереді. Ауыл шаруашылығы департаменті қызметтер көрсетуші ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомосты қалыптастырады.
12. Ауыл шаруашылығы департаменті үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шотын ұсынады.
13. Ауыл шаруашылығы департаменті бюджеттік субсидиялар төлеу үшін берілетін құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
14. Ауыл шаруашылығы департаменті Ауылшарминіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде бюджеттік кіші бағдарламаның іске асырылуы туралы есеп береді.
15. Ауылшармині және Ауыл шаруашылығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуы үшін жауапты болады.
__________________________________________________
(мақта өңдеу ұйымының атауы)
__________________ кезеңдегі
мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі
қызметтерді сатып алушылардың тізілімі
Р/с N | Қызметтерді сатып алушының атауы | Будалар (сынамалар) саны, дана |
1 | 2 | 3 |
Жиыны: |
Басшы ___________________
(Т.А.Ә., қолы)
Бас бухгалтер ___________________
(ТА.Ә., қолы)
М.О.
Күні __________
Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі
Р/с N | Мақта өңдеу ұйымының атауы, заңды мекен-жайы | Қызметтер- ді сатып алушының атауы | Будалар (сынамалар) саны, дана | Қызметтер- дің бір бірлігінің бағасы, теңге | Сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жиыны: |
Қызметтер көрсетуші
_______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Күні __________
_____________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200___ж. "___"______________
200___ж. __________________ кезеңдегі
мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер
көрсетушіге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған
N _________ ведомость
Р/с N № | Қызмет- тер көрсету- шінің атауы | Нақты көрсетілген қызметтер, дана | Жыл басынан бастап тиесілі бюджет- тік субси- диялар сомасы, теңге | Жыл басынан бастап төлен- гені, теңге | Тиесілі бюджеттік субсидия- лар сомасының қалдығы, теңге | Төлеуге жатады, теңге | |
жыл басынан бастап, дана | _______ кезең- де, дана | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны: |
Теленетін сома _____________________________________
(жазумен)
Ауыл шаруашылығы департаменті
құрылымдық бөлімшесінің басшысы ___________________________
(Т.А.Ә., қолы)