"Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы N 195 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

"Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

       1-бап.  "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 5-6, 35-құжат, N 16, 99-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) инновация - жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыстар, қызметтер), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде іске асыруды алған инновациялық қызметтің нәтижесі, сондай-ақ, өндірістің әртүрлі салаларына және қоғамды басқарудың саласына прогрессивті әсер ететін қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларындағы ұйымдастырушылық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешімдер;
      2) инновациялық грант - технологияларды сатып алуға, инновациялық жобаның тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерін орындауға, техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға, өнеркәсіптік меншік объектісін шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеуге арналған, грант беруші мен грант алушы арасындағы келісімде көзделген шарттардың негізінде ұсынылған бюджеттік қаражаттар;
      3) инновациялық жоба - инновацияларды енгізуге бағытталған және инвестицияларды енгізуді көздейтін, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені;
      4) инновациялық инфрақұрылым - Қазақстан Республикасы инновациялық қызметінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектілерінің жүйесі;
      5) инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтің дамуына жәрдемдесетін заңды тұлға;
      6) инновациялық қызмет - жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін жасауға және өндірістің түрлі салалары мен қоғамды басқару саласына енгізуге бағытталған қызмет, оның нәтижелері экономикалық өсу және бәсекеге қабілеттілік үшін пайдаланылады;
      7) инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектісі - технологиялық бизнес-инкубатор, инновациялық қор;
      8) инновациялық қызметтің субъектілері - инновациялық қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      9) оператор компаниясы - технопаркті дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған жергілікті атқарушы орган анықтаған заңды тұлға;
      10) сенімгер уәкіл - тапсырма шартының негізінде сенім білдіруші атынан және оның есебінен әрі оның нұсқауларына сәйкес инновациялық гранттар берумен байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындайтын заңды тұлға;
      11) тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер - жаңа өнімдерді немесе құрылғыларды, жаңа материалдарды жасауға, жаңа немесе шығарылып жатқан немесе қолданысқа енгізілген процестерді, жүйелер мен қызметтерді енгізуге не жетілдіруге бағытталған жұмыстар;
      12) технология - зияткерлік қызметтің нәтижесі, жүйеленген ғылыми білімдер жиынтығы, ұйымдастырушылық және операцияларды, өндіріс процесіне орындаудың және/немесе өнімді өткізу және сақтаудың, қызметтерді көрсетудің тізбесіне, мерзімдеріне, тәртібі мен сабақтастығына қатысты басқа шешімдер;
      13) технологиялар трансферті - инновациялық қызмет субъектісіне құқықтық иеленушіден алынған технологияларды пайдалануға арналған мүліктік құқықты беру процесі;
      14) технологиялық бизнес-инкубатор - инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді ресімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға;
      15) технологиялық парк (бұдан әрі - технопарк) - инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалатын шектеулі аймақ;
      16) уәкілетті орган - берілген өкілеттіктер шегінде инновациялық қызмет саласындағы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      7) инновациялық жобаға ғылыми-техникалық, экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету.";
      3) 6-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақшадағы "мен технопарктерді" деген сөздер алынып тасталсын;
      9), 10)тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) технопарктерді құру туралы шешім қабылдайды";
      2-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) бюджеттік қаражаттың есебінен инновациялық гранттар беру және өнеркәсіптік меншік объектілерін енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы есептер беру ережелерін, технологиялық бизнес-инкубаторларын аккредиттеу ережелерін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;";
      6) тармақшада "мен технопарктерді" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "10) жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша технопарктерді құру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
      11) бюджет қаражат есебінен инновациялық гранттар беру мақсаттары үшін үлгілік шарттардың нысандарын бекітеді;
      12) бюджеттік қаражаттың есебінен инновациялық гранттарды ұсынудың және өнеркәсіптік меншік объектілерін енгізу жөніндегі қабылданған шаралар туралы есептерді ұсынудың ережелеріне сәйкес инновациялық гранттарды берудің мақсаттары үшін сенімгер уәкілді және оның сыйақы мөлшерін айқындайды;
      13) оператор-компанияны айқындау тәртібін бекітеді;
      14) инновациялық гранттарды беру туралы шешім қабылдайды.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "3) өз өкілеттіктерінің шегінде өңірлердегі инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
      4) технопарктерді құру үшін жер телімдерін айқындайды;
      5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оператор-компанияны айқындайды.";
      4) 7-баптың 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Технологиялық бизнес-инкубаторлар қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
      1) шарт жағдайында зияткерлік меншік объектілерін қорғау құжаттарын алуға арналған өтінімдерді ресімдеуге қажетті жұмыстар мен қызметтер ұсыну;
      2) инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін және инновациялық жобаны қаржыландыруға арналған құжаттарды дайындауға жәрдем көрсетуді қоса алғанда, шарт жағдайында инновациялық жобаны әзірлеу үшін қажетті жұмыстар мен қызметтер ұсыну;
      3) инновациялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тартуға жәрдем көрсету;
      4) инновациялық қызметті жүзеге асырушы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
      5) офистік үй-жайлар мен өндірістік базаларды ұсынуды, зертханалық жабдықтарға, коммуникацияларға және жаңа технологиялық процестерді, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сертификаттау мен стандарттау және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жаппай өндіруді бастау мақсатында тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер, сынақтар жүргізуді қоса алғанда инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті басқа да объектілерге рұқсат беруді қоса алғанда, шарт жағдайында материалдық-техникалық база ұсыну;
      7) инновациялық менеджмент негіздерін оқыту;
      8) технопарк аумағында орналасқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық қызметтер ұсынатын ұйымдарды тарту үшін жағдайлар жасау;
      9) кәсіпкерлік субъектілеріне отандық және шетелдік ғылыми және технологиялық ақпаратты тарату.
      Технологиялық бизнес-инкубаторлардың инновациялық қызмет субъектілеріне жұмыстар мен қызметтер ұсыну үшін тиісті біліктілігі бар персоналы, сондай-ақ инновацияларды құру үшін жеткілікті офистік және өндіріс үй-жайлары болуға тиіс.
      4. Технологиялық бизнес-инкубаторлар жанынан сараптау кеңестері құрылады.
      Сараптау кеңесінің құрамына өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының, жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, технологиялық бизнес-инкубаторлар құрылтайшыларының өкілдері кіруі мүмкін.
      Сараптау кеңесі:
      1) инновацияларды әзірлеушілерден, кәсіпкерлерден түсетін өтінімдер мен жобаларды алдын ала талдауды жүзеге асырады;
      2) жобаның жаңалығын және техникалық орындалуын, құрылатын инновацияның нарықтық тартымдылығын, оның экономикалық орындылығын бағалайды;
      3) оператор-компанияға технопарк аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларды жіберу бойынша қорытынды береді.".
      5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
      "7-1-бап. Технопарктер
      1. Технопарктер жергілікті атқарушы органдармен келісілген уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімен құрылады.
      2. Технопарктің аумағында орналасқан инновациялық қызметтің барлық субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жергілікті атқарушы орган мынадай функцияларды жүзеге асыратын оператор-компанияны айқындайды:
      1) технопарктің аумағында орналасқан инновациялық қызметтің барлық субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы технопаркті басқару;
      2) инновациялық қызметті қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;
      3) технопаркті салу жобасын уәкілетті органмен келісу;
      4) технопаркті дамытуға қатысу үшін инновациялық қызметтің әлеуетті субъектілерін тарту;
      5) инфрақұрылымдық ресурстарға пайдалану қызмет көрсетуін жүзеге асыру, технопарктің аумағында орналасқан инновациялық қызмет субъектілеріне қызмет көрсету;
      6) мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда технопарктің аумағында орналасқан инновациялық қызмет субъектілерінің мүдделерін білдіру;
      7) ғылыми-зерттеу, білім беру ұйымдары мен технопарктің аумағында орналасқан басқа да заңды және жеке тұлғалар арасында технологияларды беруде және ақпарат алмасуда жәрдем көрсету;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру.
      4. Технопарктің аумағында аккредиттелген технологиялық бизнес-инкубаторлар және білім беру немесе ғылыми-зерттеу ұйымдардың орналасуы технопаркті құрудың міндетті талабы болып табылады.";
      6) 8-бапта:
      "мен технопарктерді" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақта "инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілері" деген сөздер "технологиялық бизнес-инкубаторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 18-бапта:
      1-тармақта "бюджеттік заң шығаруға сәйкес" деген сөздер "Үкімет белгілеген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) технологияларды сатып алу.";
      8) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер жұмыстардың мынадай түрлерін қамтуы мүмкін:
      1) инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің (конструкторлық жұмыстар) конструкциясын әзірлеу;
      2) тәжірибелік (жасалатын жаңашылдықтың қағидатты ерекшеліктеріне ие бірегей моделдер) үлгілерді жасау;
      3) техникалық және басқа да деректерді алу, тәжірибені жинақтау және жаңашылдықтарды қолдану жөніндегі техникалық құжаттамада алынған нәтижелерді көрсету үшін тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын ұйымдастыру және өткізу.".
      9) 20-баптың 3-тармағындағы
      "және (немесе) технопарк" деген сөздер алынып тасталсын;
      10) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
      "20-1-бап. Технологияларды сатып алуға арналған грант
      1. Технологияларды сатып алуға арналған грант беру конкурстық негізде жүргізіледі.
      2. Технологияларды сатып алуға арналған грант мынадай шарттармен беріледі:
      1) технологияларды сатып алған сәтінен бастап екі жыл ішінде грант алушының кәсіпорында технологияны міндетті түрде енгізу;
      2) технологияны енгізу жөнінде қабылданған іс-шаралар туралы уәкілетті органға немесе тиісті жергілікті атқарушы органға мезгілді есеп ұсыну."
       2-бап.  Осы Заң ол ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Осы Заңды қолданысқа енгізгенге дейін құрылған технологиялық парктер оларды тарату немесе атауын өзгертумен байланысты қайта тіркеу туралы шешім қабылданғанға дейін өз мәртебесін сақтайды.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О государственной поддержке инновационной деятельности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2008 года N 195

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О государственной поддержке инновационной деятельности".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект  

Закон Республики Казахстан
О внесении изменений и дополнений
в Закон Республики Казахстан "О государственной
поддержке инновационной деятельности"

       Статья 1.  Внести в  Закон  Республики Казахстан от 23 марта 2006 г. "О государственной поддержке инновационной деятельности" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., N 5-6, ст. 35, N 16, ст. 99) следующие изменения и дополнения:
      1) статью 1 изложить в следующей редакции:
      "1) инновация - результат инновационной деятельности, получивший реализацию в виде новой или усовершенствованной продукции (работы, услуги), нового или усовершенствованного технологического процесса, а также организационно-технические, финансово-экономические и другие решения в различных сферах общественных отношений, оказывающие прогрессивное влияние на различные области производства и сферы управления обществом;
      2) инновационный грант - бюджетные средства, предоставляемые на условиях, предусмотренных договором между грантодателем и грантополучателем для приобретения технологий, выполнения опытно-конструкторских разработок, подготовки технико-экономического обоснования инновационного проекта, патентования объекта промышленной собственности в иностранных государствах и (или) международных патентных организациях;
      3) инновационный проект - комплекс мероприятий, направленных на внедрение инноваций и предусматривающих инвестиции, а также реализуемых в течение определенного срока времени и имеющих завершенный характер;
      4) инновационная инфраструктура - система взаимодействующих между собой специализированных субъектов инновационной деятельности Республики Казахстан;
      5) инновационный фонд - юридическое лицо, содействующее развитию инновационной деятельности путем финансирования инновационных проектов и инфраструктуры, а также оказания услуг в сфере инновационной деятельности;
      6) инновационная деятельность - деятельность, направленная на создание и внедрение новых идей, научных знаний, технологий и видов продукции в различные области производства и сферы управления обществом, результаты которой используются для экономического роста и конкурентоспособности;
      7) специализированный субъект инновационной деятельности - технологический бизнес-инкубатор, инновационный фонд;
      8) субъекты инновационной деятельности - физические и (или) юридические лица, осуществляющие инновационную деятельность;
      9) компания-оператор - юридическое лицо, определяемое местным исполнительным органом для осуществления деятельности по развитию технопарка;
      10) поверенный - юридическое лицо, которое на основе договора поручения совершает от имени и за счет доверителя и в соответствии с его указаниями определенные поручения, связанные с предоставлением инновационных грантов;
      11) опытно-конструкторские разработки - работы, направленные на создание новых продуктов или устройств, новых материалов, внедрение новых или усовершенствование уже выпускаемых или введенных в действие процессов, систем и услуг;
      12) технология - результат интеллектуальной деятельности, совокупность систематизированных научных знаний, организационных и других решений относительно перечня, сроков, порядка и последовательности выполнения операций, процесса производства и/или реализации и хранения продукции, оказания услуг;
      13) трансферт технологий - процесс передачи имущественных прав на использование технологий от правообладателя субъектам инновационной деятельности;
      14) технологический бизнес-инкубатор - юридическое лицо, осуществляющее деятельность по предоставлению физическим и (или) юридическим лицам правовых, организационных, информационных и иных услуг для создания инновации, оформления заявок на получение охранных документов и подготовки инновационного проекта;
      15) технологический парк (далее - технопарк) - ограниченная территория, на которой создаются необходимые условия для осуществления инновационной деятельности;
      16) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий в пределах предоставленных полномочий руководство и координацию в области инновационной деятельности;";
      2) статью 5 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      7) обеспечение проведения научно-технической, экономической экспертизы инновационного проекта.";
      3) в статье 6:
      в пункте 1:
      в подпункте 5) слова "и технопарков" исключить;
      подпункты 9), 10) исключить;
      дополнить подпунктом 11) следующего содержания:
      "11) принимает решение о создании технопарков.";
      в пункте 2:
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      "4) разрабатывает правила предоставления инновационных грантов за счет бюджетных средств и представления отчетов о мерах, принятых по внедрению объектов промышленной собственности, правила аккредитации технологических бизнес-инкубаторов и квалификационные требования, предъявляемые к ним;";
      в подпункте 6) слова "и технопарков" исключить;
      подпункт 7) исключить;
      дополнить подпунктами 10), 11), 12), 13), 14) следующего содержания:
      "10) вносит предложения в Правительство Республики Казахстан по созданию технопарков по согласованию с местными исполнительными органами;
      11) утверждает формы типовых договоров для целей предоставления инновационных грантов за счет бюджетных средств;
      12) определяет поверенного и размер его вознаграждения для целей предоставления инновационных грантов в соответствии с правилами предоставления инновационных грантов за счет бюджетных средств и предоставления отчетов о мерах, принятых по внедрению объектов промышленной собственности;
      13) утверждает порядок определения компании-оператора;
      14) принимает решение о предоставлении инновационных грантов.";
      пункт 4 дополнить подпунктами 3), 4), 5) следующего содержания:
      "3) обеспечивают в пределах своих полномочий реализацию государственной политики в области инновационной деятельности в регионах;
      4) определяют земельные участки для создания технопарков;
      5) определяют компанию-оператора в порядке, установленном уполномоченным органом.";
      4) пункты 3, 4 статьи 7 изложить в следующей редакции:
      "3. Технологические бизнес-инкубаторы осуществляют следующие виды деятельности:
      1) предоставление на условиях договора работ и услуг, необходимых для оформления заявок на получение охранных документов на объекты интеллектуальной собственности;
      2) предоставление на условиях договора работ и услуг, необходимых для подготовки инновационного проекта, включая оказание содействия в подготовке технико-экономического обоснования инновационного проекта и документов на финансирование инновационного проекта;
      3) оказание содействия в привлечении инвестиций для реализации инновационных проектов;
      4) оказание содействия в организации субъектов малого и среднего предпринимательства, осуществляющих инновационную деятельность;
      5) предоставление на условиях договора материально-технической базы, включая предоставление офисных помещений и производственных баз, доступ к лабораторному оборудованию, коммуникациям и другим объектам, необходимым для реализации инновационного проекта, включая стадии проведения опытно-конструкторских разработок, испытаний в целях сертификации и стандартизации новых технологических процессов, товаров (работ, услуг) и начала серийного производства товаров (работ, услуг);
      6) предоставление физическим и юридическим лицам на условиях договора правовых, организационных, информационных услуг для реализации инновационного проекта;
      7) обучение основам инновационного менеджмента;
      8) создание условий для привлечения организаций, предоставляющих консультационные услуги субъектам малого и среднего предпринимательства, расположенным на территории технопарка;
      9) распространение отечественной и зарубежной научной и технологической информации субъектам предпринимательства.
      Технологические бизнес-инкубаторы должны располагать персоналом, обладающим соответствующей квалификацией для предоставления работ и услуг субъектам инновационной деятельности, а также офисными и производственными помещениями, достаточными для создания инноваций.
      4. При технологических бизнес-инкубаторах создаются экспертные советы.
      В состав экспертного совета могут входить представители промышленных предприятий, высших учебных заведений и научно-исследовательских организаций региона, представители учредителей технологического бизнес инкубатора.
      Экспертный совет:
      1) осуществляет предварительный анализ заявок и проектов, поступающих от разработчиков инноваций, предпринимателей;
      2) оценивает новизну и техническую исполнимость проекта, рыночную привлекательность создаваемой инновации, ее экономическую целесообразность;
      3) дает заключение технологическому бизнес-инкубатору по допуску физических и юридических лиц к услугам технологического бизнес-инкубатора.";
      5) дополнить статьей 7-1 следующего содержания:
      "Статья 7-1. Технопарки
      1. Технопарки создаются решением Правительства Республики Казахстан по предложению уполномоченного органа, согласованному с местными исполнительными органами.
      2. Для организации взаимодействия всех субъектов инновационной деятельности, расположенных на территории технопарка, местным исполнительным органом в порядке, установленном уполномоченным органом, определяется компания-оператор, осуществляющая следующие функции:
      1) управление технопарком посредством организации взаимодействия всех субъектов инновационной деятельности, расположенных на территории технопарка;
      2) создание необходимых условий для формирования и развития инновационной деятельности;
      3) согласование с уполномоченным органом проекта застройки технопарка;
      4) привлечение потенциальных субъектов инновационной деятельности для участия в развитии технопарка;
      5) осуществление эксплуатационного обслуживания инфраструктурных ресурсов, оказание услуг субъектам инновационной деятельности, расположенных на территории технопарка;
      6) представление интересов субъектов инновационной деятельности, расположенных на территории технопарка в отношениях с государственными органами;
      7) оказание содействия в передаче технологий и обмене информацией между научно-исследовательскими, образовательными организациями и другими юридическими и физическими лицами, осуществляющими деятельность на территории технопарка;
      8) осуществление иной хозяйственной деятельности, не противоречащей действующему законодательству Республики Казахстан.
      Компания-оператор вправе оказывать услуги на платной основе.
      4. Обязательным условием создания технопарка является расположение на его территории аккредитованного технологического бизнес-инкубатора, организации образования или научно-исследовательской организации.";
      6) в статье 8:
      в заголовке и тексте слова "и технопарков" исключить;
      в пункте 4 слова "специализированных субъектах инновационной деятельности" заменить словами "технологических бизнес-инкубаторах";
      7) в статье 18:
      в пункте 1 слова "соответствии с бюджетным законодательством" заменить словами "порядке, определенном Правительством";
      пункт 2 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) приобретение технологий.";
      8) пункт 3 статьи 19 изложить в следующей редакции:
      "3. Опытно-конструкторские разработки могут включать в себя следующие виды работ:
      1) разработка конструкции инженерного объекта или технической системы (конструкторские работы);
      2) создание опытных образцов (оригинальных моделей, обладающих принципиальными особенностями создаваемого новшества);
      3) организация и проведение опытно-промышленных испытаний опытно-конструкторской разработки для получения технических и других данных, накопления опыта и отражения полученных результатов в технической документации по применению нововведений.".
      9) в пункте 3 статьи 20 слова "и (или) технопарком" исключить;
      10) дополнить статьей 20-1 следующего содержания:
      "Статья 20-1. Грант на приобретение технологий
      1. Предоставление гранта на приобретение технологий производится на конкурсной основе.
      2. Грант на приобретение технологий предоставляется на следующих условиях:
      1) обязательного внедрения технологии на предприятии грантополучателя в течение двух лет с момента приобретения технологии;
      2) представления в уполномоченный орган или соответствующий местный исполнительный орган периодических отчетов о мерах, принятых по внедрению технологии.".

       Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования. Технологические парки, созданные до введения в действие настоящего Закона, сохраняют свой статус до принятия решения об их ликвидации либо перерегистрации, в связи с изменением наименования.

       Президент
      Республики Казахстан