Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Экономиканың стратегиялық маңызы бар
салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы
1-бап.
"Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 21-22, 150-құжат; 2007 ж., N 2, 14-құжат; 2007 ж., N 20, 153-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерін анықтау өлшемдері.
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесіне қосуға жататын объектілер мынадай өлшемдердің біріне сәйкес келуі тиіс:
өңірлер мен республика үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық мәні бар болуы;
олардың меншігінде стратегиялық объектілердің болуы;
ұлттық холдингтерге және (немесе) ұлттық компанияларға тиесілі болуы.";
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) үш жылда бір рет мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін жаңарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;".
2-бап.
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті