Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 308 Қаулысымен
Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы»18 наурыздағы
N 259 қаулысына
қосымша
Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі комиссияның құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрі, төраға
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрі, төрағаның
орынбасары
Әбілезов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Кәрібай Тілеубергенұлы және сауда вице-министрі, хатшы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әділет
Зағипа Яхянқызы министрі
Есенбаев - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Төлеубекұлы қорғау агенттігінің төрағасы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Баталов - Қазақстан кәсіпкерлері форумының
Райымбек Әнуарұлы басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Құрбанбаева - Қарағанды облысы кәсіпкерлер
Гүлнәр Төретайқызы қауымдастығының атқарушы директоры
(келісім бойынша)
Перуашев - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы экономикалық палатасының төрағасы
(келісім бойынша)
Пизиков - USAID Прагма корпорациясының
Сергей Вальерьевич Қазақстан бойынша жобасының
директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 259 қаулысына
қосымша
Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) шағын және орта бизнеске әкімшілік жүктемелерді азайту мәселелері;
2) рұқсат беру жүйесін, оның ішінде лицензиялауды жетілдіру;
3) шағын және орта бизнесті қаржылық қамтамасыз ету жағдайларын жақсарту;
4) шағын және орта бизнесті тексерулерді қысқарту және реттеу мақсатында бақылаушы органдардың қызметін оңтайландыру;
5) шағын және орта бизнестің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары;
6) шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес-ахуалды жақсарту;
7) жылжымайтын мүлікке арналған құқықтарды тіркеу мәселелері;
8) "Doing Business" (бизнесті жүргізу жеңілдігі) Дүниежүзілік Банкінің есебінде ұсынылған көрсеткіштерді жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өз құзыреті шегінде оған жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
1) шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік органдармен, республикалық, облыстық және салалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
2) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыс тобын ұйымдастыруға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - төраға басқарады.
7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі болып табылады.
8. Комиссияның жұмыс органы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
2) Комиссияның шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді және бақылайды;
3) Комиссия мүшелерінің жұмысын және оның қызметіне тартылған мамандардың қызметін үйлестіреді.
9. Комиссияның мәжілістерінде қарау үшін мәселелердің тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады.
10. Бекітілген тізбе Комиссия мүшелеріне таратылады.
11. Комиссия мәжілістерінің нәтижелері бойынша төраға қол қоятын хаттама жасалады. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және, егер оған Комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
12. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатқа ие.
13. Комиссияның мүшелерінің ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс ерекше пікір білдіруге құқығы бар.
14. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі. Шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда төрағаның шақыруымен Комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.