Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 260 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 14 және 15-жолдармен толықтырылсын:
      "14 Күнбағыс тұқымы 1206 00**
      15 Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген күнбағыс, мақсары немесе мақта майлары және олардың фракциялары 1512**";
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "** 2008 жылғы 1 қазанға дейін қолданылады".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2008 года N 260. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2011 года № 272

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.03.2011 № 272.

      В целях обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681 "Об утверждении запретов на ввоз в Республику Казахстан и вывоз из Республики Казахстан товаров и транспортных средств, перечней товаров, запрещенных к помещению под некоторые таможенные режимы, а также запретов и ограничений на проведение операций с товарами, помещенными под отдельные таможенные режимы" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 29, ст. 284) следующие дополнения:
      перечень товаров, запрещенных к помещению под таможенный режим экспорта товаров, утвержденный указанным постановлением:
      дополнить строками, порядковые номера 14 и 15, следующего содержания:
      "14 Семена подсолнечника 1206 00**
      15 Масло подсолнечное, сафлоровое или хлопковое и их фракции, нерафинированные или рафинированные, но без изменения химического состава 1512**";
      дополнить примечанием следующего содержания:
      "** действует до 1 октября 2008 года".

      2. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан принять необходимые меры по выполнению пункта 1 настоящего постановления.

      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить в двухнедельный срок Секретариат Интеграционного Комитета Евразийского экономического сообщества о принимаемых Правительством Республики Казахстан мерах по регулированию внешнеторговой деятельности.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан