Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін "Достық Энерго" акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредиттік ресурстар беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы N 284 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін "Достық Энерго" акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредиттік ресурстар беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 25 наурыздағы 
N 284 қаулысымен   
бекітілген       

Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін "Достық Энерго" акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредиттік ресурстар беру ережесі

      1. Осы Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін "Достық Энерго" акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредиттік ресурстар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 22-бабына сәйкес әзірленді.

      2. "Достық Энерго" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кредиттік шартты жасасу арқылы және қарыз алушыға кредитті қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда 21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы мөлшерде кредит (бұдан әрі - кредит) беріледі.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 893 Қаулысымен.

      3. Кредит берудің мақсаты ресейлік кредит берушілердің 1998-1999 жылдары Ресей Федерациясынан Батыс Қазақстан облысының тұтынушыларына электр энергиясын жеткізгені үшін "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамына талаптар қою құқығын сатып алу болып табылады.

      4. Кредитті қайтару заңнамада белгіленген тәртіппен талаптар құқықтарын беру жолымен қамтамасыз етіледі.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - кредит беруші), Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (бұдан әрі - Әкімші) және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - сенім білдірілген (агент) заңнамада белгіленген тәртіппен қарыз алушымен кредиттік шарт жасасады.

      6. Сенім білдірілген (агент) кредит қызметін көрсетеді, қарыз алушымен есеп айырысу жүргізеді, қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізеді, заңнамада белгіленген тәртіппен берешекті өндіріп алады және қажеттілігіне қарай бюджет заңнамасына сәйкес кредит берушінің өзге де тапсырмаларын орындайды.

      7. 6-тармақта көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін сенім білдірілген (агентке) сыйақы төлемін Әкімші тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады, төлем талаптары кредиттік шартпен белгіленеді.

      8. Әкімші Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы энергетикадағы өзара берешектерді өтеу схемасында көзделген іс-шаралардың орындалуын және құжаттардың ресімделуін қамтамасыз етеді.

      9. Қарыз алушыға кредит берудің негізгі шарттары:
      1) кредит мерзімділік, төлем және қайтарымдылық шартымен  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне сәйкес белгіленетін сыйақы ставкасы бойынша негізгі борышты өтеудің он жыл жеңілдік кезеңімен отыз жыл мерзімге теңгемен беріледі;
      2) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылдық мерзімділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақының алғашқы төлемі кредит берушінің шотынан кредитті аударған күнінен бастап бір жыл өткен соң жүргізіледі;
      3) кредит сомасын республикалық бюджеттен аударуды Әкімші Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы энергетикадағы өзара берешектерді кредиттің барлық сомасын бір мезгілде аудару жолымен өтеу схемасында көзделген іс-шаралардың орындалуын растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырады.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 893 Қаулысымен.

      10. Кредитті беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі өзге де талаптар кредиттік шартта белгіленеді.

      11. Кредит беруші мен Әкімші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.

Об утверждении Правил предоставления кредитных ресурсов из республиканского бюджета на 2008 год акционерному обществу "Достык Энерго" для урегулирования задолженности акционерного общества "Западно-Казахстанская распределительная электросетевая компания" перед хозяйствующими субъектами Российской Федерации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2008 года N 284

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2007 года N 1223 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2008 год" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления кредитных ресурсов из республиканского бюджета на 2008 год акционерному обществу "Достык Энерго" для урегулирования задолженности акционерного общества "Западно-Казахстанская распределительная электросетевая компания" перед хозяйствующими субъектами Российской Федерации.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 25 марта 2008 года N 284 

Правила
предоставления кредитных ресурсов из республиканского
бюджета на 2008 год акционерному обществу "Достык Энерго"
для урегулирования задолженности акционерного общества
"Западно-Казахстанская распределительная электросетевая
компания" перед хозяйствующими субъектами Российской Федерации

      1. Настоящие Правила предоставления кредитных ресурсов из республиканского бюджета на 2008 год акционерному обществу "Достык Энерго" для урегулирования задолженности акционерного общества "Западно-Казахстанская распределительная электросетевая компания" перед хозяйствующими субъектами Российской Федерации (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 22 Закона Республики Казахстан от 6 декабря 2007 года "О республиканском бюджете на 2008 год".

      2. Акционерному обществу "Достык Энерго" (далее - заемщик) предоставляется кредит в размере эквивалентном 21000000 (двадцать один миллион) долларам США (далее - кредит) посредством заключения кредитного договора и при условии предоставления заемщиком обеспечения исполнения обязательств по возврату кредита.
       Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 26.09.2008 N 893 .

      3. Целью предоставления кредита является приобретение прав требований российских кредиторов к акционерному обществу "Западно-Казахстанская распределительная электросетевая компания" за поставленную электроэнергию в 1998-1999 годах из Российской Федерации потребителям Западно-Казахстанской области.

      4. Возврат кредита обеспечивается в установленном законодательством порядке путем предоставления прав требований.

      5. Министерство финансов Республики Казахстан (далее - кредитор), Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан (далее - Администратор) и акционерное общество "Банк Развития Казахстана" (далее - поверенный (агент) в установленном законодательством порядке заключают с заемщиком кредитный договор.

      6. Поверенный (агент) обслуживает кредит, проводит расчеты с заемщиком, проводит мониторинг финансового состояния заемщика, взыскивает задолженность в установленном законодательством порядке и выполняет по мере необходимости иные поручения кредитора в соответствии с бюджетным законодательством.

      7. Оплата поверенному (агенту) вознаграждения за выполнение указанных в пункте 6 действий осуществляется Администратором за счет средств, предусмотренных в бюджете на соответствующий финансовый год, условия оплаты которых определяются кредитным договором.

      8. Администратор обеспечивает выполнение мероприятий и оформление документов, предусмотренных схемой погашения взаимных задолженностей в энергетике между хозяйствующими субъектами Республики Казахстан и Российской Федерации.

      9. Основные условия предоставления кредита заемщику:

      1) кредит предоставляется в тенге на условиях срочности, платности и возвратности на срок тридцать лет с десятилетним льготным периодом погашения основного долга по ставке вознаграждения, устанавливаемой в соответствии с Правилами исполнения республиканского и местных бюджетов, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года № 225;

      2) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется с годовой периодичностью. Первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении года с даты перечисления кредита со счета кредитора;

      3) перечисление из республиканского бюджета суммы кредита осуществляется после предоставления Администратором документов, подтверждающих выполнение мероприятий, предусмотренных схемой погашения взаимных задолженностей в энергетике между хозяйствующими субъектами Республики Казахстан и Российской Федерации путем единовременного перечисления всей суммы кредита.
       Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 26.09.2008 N 893 .

      10. Прочие условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредита устанавливаются в кредитном договоре.

      11. Кредитор и Администратор осуществляют контроль за целевым и эффективным использованием Кредита в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.