"Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының қайта аталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 395 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-102-жолмен толықтырылсын:
"21-102. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ";
"Алматы қаласы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 123-96-жол алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 282-жолдағы "Қазғарыш" деген сөз "Қазақстан Ғарыш Сапары" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.4. (4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен).
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 377 Қаулысымен.
6. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
"Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
"Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар" деген кестеде:
реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанындағы "Қазғарыш" деген сөз "Қазақстан Ғарыш Сапары" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен назарға алынған "Ұлттық компанияларды дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімде:
"2007-2009 жылдарға арналған перспективалар" деген бөліктегі мазмұнда:
он екінші абзацтағы "Қазғарыш" деген сөз "Қазақстан Ғарыш Сапары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2007-2009 жылдарға арналған перспективалар" деген кіші бөлімдегі:
"Қазғарыш" ҰК" АҚ деген тараудың тақырыбындағы "Қазғарыш" деген сөз "Қазақстан Ғарыш Сапары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ұлттық компанияларды дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері" деген кестенің мәтініндегі "Қазғарыш" деген сөз "Қазақстан Ғарыш Сапары" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "2007-2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенінің инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 954 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 36, 406-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенінің инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасында:
"Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі" деген 5-бөлімде:
"Байқоңыр қаласында тұрғын үйлер мен қонақ үй кешенін салу" деген 5.7-кіші бөлімде:
төртінші абзацтағы "Қазғарыш" деген сөз "Қазақстан Ғарыш Сапары" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен..
11. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
көрсетілген қаулымен назарға алынған "Ұлттық компаниялардың 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімде:
он үшінші абзацтағы "Қазғарыш" деген сөз "Қазақстан Ғарыш Сапары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2008-2010 жылдарға арналған перспективалар" деген кіші бөлімдегі:
"Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ деген тараудың тақырыбындағы "Қазғарыш" деген сөз "Қазақстан Ғарыш Сапары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ұлттық компанияларды дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері" деген кестенің мәтініндегі "Қазғарыш" деген сөз "Қазақстан Ғарыш Сапары" деген сөздермен ауыстырылсын.