Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аэронавигация саласында:
әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.";
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әуежайлардың қызметтері:
әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру;
әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру;
жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов