Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19
маусымдағы N 346 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 20, 227-құжат, N 39, 445-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 және 5-тармақтардың 1) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев