"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін дамуға арналған нысаналы трансферттер түрінде Орал қаласының кәріздік коллекторларының авариялық учаскелерін қайта жаңарту мен жөндеуге 690000000 (алты жүз тоқсан миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.