Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 249 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
3) тармақшадағы "ұсынатын жабдықтар" деген сөздер "ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар" деген сөздермен ауыстырылсын, "ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 40900000000 (қырық миллиард тоғыз жүз миллион) теңге бөлінсін.";
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
N 478 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік
кешенін дамытудың басым бағыттары бойынша іс-шараларды
қаржыландыру
мың теңге
Іс-шаралардың атауы | Жиыны |
---|---|
Кейіннен еншілес акционерлік қоғамдарының |
40 900 000 |
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" |
10 612 100 |
Тамшылатып суаруды қолдана отырып жеміс-көкөніс |
1 314 100 |
Ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме базарын салу |
3 298 000 |
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, |
6 000 000 |
"ҚазАгроҚаржы" АҚ |
18 487 900 |
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды |
4 700 000 |
Технологиялық жабдықтар мен арнайы техниканы |
2 634 000 |
Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта |
2 400 000 |
Негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру |
8 753 900 |
"Аграрлық кредит беру корпорациясы" АҚ |
5 300 000 |
Ауыл шаруашылығы өндірісіне және ауылдық кредит |
3 200 000 |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіруді |
1 300 000 |
Ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын |
800 000 |
"Мал өнімдері корпорациясы" АҚ |
6 500 000 |
Дамыған инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы |
5 500 000 |
Мал шаруашылығы өнімін сатып алу, қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау |
1 000 000 |