"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне үлескерлер қатысқан аяқталмаған тұрғын үй объектілерін салуға қатысу үшін Астана қаласының бюджетіне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 17200000000 (он жеті миллиард екі жүз миллион) теңге бөлінсін.
2. Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.